Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

02-06-2014_21-54-37 / рецензия

.docx
Скачиваний:
40
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
19.54 Кб
Скачать

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институтының 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Тұрашева Жанеркенің «Ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебі» атты диплом жұмысына

ПІКІР

Жұмыстың кіріспе бөлімі қазақ тіл білімінің жаңа ғылыми парадигмаларын сипаттаудан басталады. Соңғы тәжірибелерге сүйенсек, қазіргі қазақ тіл білімінің кең қолданысқа ие бағыты – антропоөзектік бағыт екендігі айрықша аталып өтіледі. Студент осы арқылы диплом жұмысының зерттеу парадигмаларын одан әрі қарай аша түседі.

Диплом жұмысының бірінші бөлімінде тіл біліміндегі қарым-қатынас пен тілдік қатысымның негізгі теориялық әрі практикалық қырлары танылады да, оның ішінде ауызша қатынас тілінің ерекшеліктері тұжырымдалады. Оның соңынан этикалық норма мен тілдік норманың бір-бірінен айырым белгілері мен ұқсас және ортақ тұстары көрсетіледі. Бірінші бөлімнің екінші тараушасында ауызша іскери қатынас тілі мен жазбаша іскери қатынас тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктері айтылады. Соның негізінде ауызша іскери қатынас тілінің теориялық негіздері мен ұстанымдары айқындалады. Сөйлеу әрекетінің психологиялық-прагматикалық әлеуетіне байланысты ауызша іскери қатынас тілінің этикеттік, стереотиптік формаларына шолу жасалады.

Жұмыстың екінші бөлімінде ауызша іскери сөзде жиі кездесетін сөз орамдарына нақты ситуацияларды келтіре отырып, салыстыра-талдау әдісі кең қолданылған. Ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебіне кіретін негізгі құрамдас бірліктері жеке-жеке тараушаларда қарастырылған. Іскери сөздегі қаратпа атауыштар, сәлемдесу, танысу формалары, қоштасу, өтініш, алғыс формаларының өзіндік ерекшеліктерін ашуда нақты зерттеушілердің еңбектері мен зерттеу мақалалары пайдаланылған. Әрбір сөз орамдарының семантикалық белгілеріне нақты мысалдар келтірілген.

Диплом жұмысының үшінші тарауында зерттеуші ауызша іскери қатынас тілінде қолданылатын бейвербалды амалдарды жан-жақты талқылайды.

Жалпы алғанда, студент ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебіне қатысты басты-басты теориялық ерекшеліктерді атай отырып, олардың мазмұнын нақты мысалдармен аша алған.

Қол жеткізілген осындай жетістіктерін ескере отырып, диплом жұмысы талапқа сай жазылған, жұмыстың алдына қойған міндеттері орындалған, мақсатына жеткен, диплом жұмысы А (4,0) балдық деңгейде жазылған, ал диплом жұмысын орындаушы Ж. Тұрашева бакалавр академиялық дәрежесіне лайық деп бағалаймыз.

Рецезент

Ф. ғ. д., профессор Әлкебаева Д.

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Филология және көптілді білім беру институтының 5В011700 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығының 4-курс студенті Тұрашева Жанеркенің «Ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебі» атты диплом жұмысына

ПІКІР

«Ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебі» деп аталатын бұл жұмыстың ерекшелігі – іскери қатынас тілінің ауызша формаларын жинақтап, оларды жан-жақты талқылап, жүйелеуге талпыныс жасалуында. Осыған дейін қазақ тіл білімінде іскери қатынас тіліне қатысты зерттеу жұмыстарының ішінде ресми іс-қағаздарының қалыптасу және жасалу жолдары бір жүйеге түсті. Дәлірек айтқанда ресми іс-қағаздарының нақты тілдік бірліктері мен мазмұны бекітілді.

Ал, зерттеу жұмысының нысаны болып отырған ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебі туралы зерттеулер тек орыс және шетел тіл білімінде терең талданды да, керісінше қазақ тіл білімінде ол зерттеулердің жұрнағы ғана айтылып жүрді. Өйткені іскери қатынас тіліне қатысты сөз әдебінен бұрын қазақ сөз әдебінің өзі енді ғана қанатын жайып келе жатқан сала болатын. Дегенмен, ауызша іскери қатынас тілінің лексика-грамматикалық ерекшеліктеріне жалпылама шолу жасалған диссертациялық еңбектер мен зерттеу мақалалары жарыққа шығып отырғанын айтып өткен жөн. Осы тұрғыдан келгенде, ауызша іскери қатынас тілінің сөз әдебі және оның басты сөз орамдары теориялық деңгейде жеке қарастырылмағандығы осы жұмысты қарастыруымызға себеп болып отыр.

Зерттеуші студент жұмыстың мақсатына сай алға қойылған міндеттердің бәрін мүлтіксіз орындауға тырысты. Атап айтқанда, іскери қатынас тіліндегі сөз әдебі орамдарының барлық түрін түгел қамти отырып, олардың әрқайсысына нақты мысалдармен анықтама берді. Сол арқылы іскери қатынаста жиі кездесетін сөз орамдарын бір-бірінен ажыратып, ситуациялар құра білді.

Қазақ тілінің табиғи заңдылықтарына сәйкес іскери қатынастың менталдық белгілері де зерттеу жұмысынан тыс қалмаған. Әсіресе, сәлемдесу, қоштасу, алғыс және өтініш білдіру қатынастары этнолингвистикалық тұрғыдан талданған.

Студенттің тақырыпты таңдаудағы негізгі міндеттерін орындай білгендігін ескере отырып, бұл жұмысты жоғары деңгейде жазылған еңбек деп бағалаймын.

Рецезент

Ф. ғ. д., профессор________________________________ Тебегенов Т. С.

Соседние файлы в папке 02-06-2014_21-54-37