Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:

02-06-2014_21-54-37 / Диалог__а сырт__ы пкр

.docx
Скачиваний:
26
Добавлен:
24.03.2015
Размер:
12.82 Кб
Скачать

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті

Филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультеті

6M050200 – Филология: қазақ филологиясы мамандығының

ІІ курс магистранты Гу Джи Юнның «Диалог функционалдық-прагмастилистикалық аспектісі» атты магистрлік диссертация жұмысына

ПІКІР

Магистр Гу Джи Юнның «Диалог: функционалдық-прагмастилистикалық аспектісі» деп аталатын магистрлік диссертациясы бүгінгі таңда қазақ тіл білімінде қарастырылып жатқан өзекті де өміршең тақырып. Сондықтан тақырыптың таңдалуы мен жетекшінің нұсқауы өте ұтымды берілген деп блемін.

Гу Джи Юн әдеттегі зерттеушілердей әуелі «диалог» түсінігіне тілдік анықтамалар бере отырып, диалог түрлерін ажыратып алған.

Екінші және үшінші тараулардан байқайтынымыз – зерттеуші диалогты функционалдық-прагмастилистикалық аспектіде жан-жақты талдап ашуға тырысқан. Атап айтқанда, магистр прагмастилистикалық аспекті негізінде диалог түрлерінің әрқайсысын бөлек-бөлек тараушаларда қарастырады. Ауызекі сөйлеу кезіндегі диалогтың лексикалық, синтаксистік және стилистикалық ерекшеліктеріне тоқталады.

Гу Джи Юн өзінің корей ұлтының өкілі екендігін ескере келе, екінші тарауда қазақ және корей тілдерінің диалог құрудағы ұқсастықтары мен айырмашылықтарына шолу жасағандығы көрініп тұр.

Тіпті, зерттеуші көркем әдебиет мәтініндегі диалог қызметіне арнайы тоқталады.

Қорытындылай келгенде, тақырып магистр Гу Джи Юн тарапынан үлкен ізденіс пен зерттеу жұмыстарына жол ашқан. Жұмыстың ғылыми аппараты жеткілікті дәрежеде. Бітірушінің қолданған әдіс-тәсілдері мен зерттеу бағыты толық қанағаттандырады. Өз тарапымнан магистрлік диссертацияны өте жоғары деңгейде жазылған деп бағалаймын.

Пікір білдіруші:

Фил.ғыл.канд., доцент

Соседние файлы в папке 02-06-2014_21-54-37