Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
этнопсихология.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
63.07 Кб
Скачать
  1. А.Құнанбаев қазақ халқының этнопсихологиялық ерекшеліктері туралы жазыңыз

Абай Құнанбаев (1845—1904) Ақын творчествссында психологияның негізгі мәселесі — жан мен тәннің арақатынасы, адамның психологиялық даму жолындағы тәрбие мен білімнің атқаратын қызметі, сондай-ақ бала психологиясы мен қоғамдық, ұлттық психологияның жекелеген мәселелері де (адамның жеке басына және деңгейіне байланысты ерекшеліктер, әдеп, үлгі-өнеге, өзін-өзі тәрбиелеу жайлы оқу мен үйретудің психологиялық негіздері, ұлттық мінез-қүлық, т. б.) көрініс тапқан. Абайдың психологиялық көзқарастары жалпы және педагогикалық психология мәселелерімен ғана шектелмейді. Ақын туған халқының әлеуметтік жағдайымен, оның әр түрлі топтарының мінез-құлыктарына да ерекше зейін қояды. Ол өз жүртының мінез-қүлкын, көңіл-күйін, іс-әрекеттерін, күйініш-сүйінішін, талап-талғамын, салт-санасын жақсы білді. Оның шығармаларынан мінез-қүлықтары сан алуан адамдардың (бай, болыс, атқамінер, т. б.) психологиялық бейнесі тамаша көрініс тапқан. Ол қазақтың қоғамдық ой-пікірінің қалыптасуы тарихында алғаш рет ақындық шабытты халқыың психологиялық астарына терең үңіліп, оны адам рухының ерекше күйі, жүректің лүпілдей соғып, қанды қыздыратын көзі деп сипаттады.

  1. Ы.Алтынсарин қазақтардың этностық ерекшеліктері жайлы суреттеңіз

Ыбырай Алтынсарин (1841 — 1889) Шоқан сияқты арнаулы психологиялық еңбектер жазып қалдырмаған кісі, әйтсе де оның сан алуан ойға толы шығармаларынан (оку құралдары, хаттары мен жазбалары, т. б.) қоғамдық және педагогикалық психология мәселелеріне орайлас айтылған көптеген қызықты деректер табылады. Бұл пікірлер оның өзі айналысқан практиқалық істерінен туындаған сияқты. Ой қозғаған осындай түйіндерге: бала және оны тәрбиелеу жолдары, оқыту процесінің психологиялық, педагогикалық негіздері, мүғалім-ұстаз проблемалары, қоғамдық психология мәселелері, т. б. жатқызуға болады.

  1. Қ.Жарықбаевтың этнопсихологиялық көзқарастарын жаңғыртыңыз

Жарықбаев Құбығұл Бозайұлы - 1929 жылы Ақтөбе облысы Алға ауданы Көкбұлақ ауылында дүниеге келген. Ғалым, педагогика ғылымдарының докторы, профессорҚазақстанның еңбек сіңірген ғылым және техника қайраткері. 1946 жылы Ақтөбе мұғалімдер институтын және 1951 жылы ҚазМУ-ды бітірген. 1951- 1958 жылдар аралығында Қызылорда педагогикалық институтында ассистент, 1958-1977 жылдар аралығында Шымкент педагогикалық институтында аға оқытушы, доцент, кафедра меңгерушісі, 1977-1987 жылдары ҚазМУ- де доцент, кафедра меңгерушісі болды. 1987 жылдан ҚазҰУ-де профессор, 1998 жылдан Этнопедагогика және этнопсихология орталығының директоры қызметтерін атқарады. Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихыэтнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған.

ұылы-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған. Шығармалары: Краткий библиографический указатель по психологии (1917 — 1967), А.-А., 1967Развитие психологической мысли в Казахстане, А.-А., 1968Тұрмыс және денсаулық, А., 1970Әдеп және жантану, А., 1996Қазақ психологиясының тарихы, А., 1996Этнопсихология, А., 1998Жүсіпбек Аймауытұлының психологиялық көзқарастары, А.,

Ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандагы психологиялық және педагогикалық ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Ол Алаш қайраткерлерінің психологиялық және педагогикалық мұралары жөнінде бірқатар ғылыми еңбектер жазған. Зерттеу жұмыстарының негізгі бағыты: Қазақстандағы психология және педагогика ой-пікірлердің даму тарихы, этнопсихология мәселелері. Оның еңбектерінде қазақ халқының сан ғасырлық психология ұғым-түсініктері жан-жақты талданған.

Материалды көшіріп жариялау үшін редакцияның немесе автордың жазбаша, ауызша рұқсаты қажет және «Әдебиет порталына» гиперсілтеме берілуі тиіс. Авторлық құқық сақталмаған жағдайда ҚР Авторлық құқық және сабақтас құқықтар туралы заңымен қорғалады.