- •М. Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан Мемлекеттік университеті
- •Информатика кафедрасы «12 жылдық білім беру негіздері» пәні бойынша оқу-әдістемелік кешен
- •5В050111 - «Информатика»
- •Орал 2011
- •2011- 2012 Оқу жылының _5_ семестрі _2_кредит.
- •2. Пән туралы мәлімет:
- •Информатика маманына курсты оқыту барысын ұйымдастырумен байланысты кәсіби білім мен біліктер қалыптастыру;
- •Студенттердің бағдарламаны терең және логикалық ойлауын қалыптастырудың барысы мен оның нәтижелерін зерттеу.
- •4. Пәннің оқу-әдістемелік қамтылу картасы.
- •5. Пән бойынша дәрістердің конспектісі және мазмұны
- •7. Практикалық, семинарлық және зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар.
- •8.Типтік есептеу, графикалық жұмыс, лабораторлық жұмыс, курстық проект (жұмыс) орындалуы жоспарланбаған.
- •9. Студенттердің өзіндік жұмысына(сөж) арналған материалдар.
- •10. Оқу, өндірістік және диплом алдындағы практика жоспарланбаған.
- •11. Білімді бағалауға арналған материалдар. Білімді бағалау схемасы
- •Курс саясаты.
- •Сабаққа қатысу.
- •Дәрісханадағы тәртіп
- •Білімді бақылау..
- •Әңгімелесу.
- •12. Оқу сабақтарының бағдарламалық және мультимедийлік қамтамасыздандыруы (пәннің мазмұнына қарай).
- •13. Арнайы мамандандырылған аудиториялар, кабинеттер, лабораториялар.
Курс саясаты.
Курс саясаты оқу процесінің жоғарғы тиімділігін қамтамасыз етуге тиісті және барлық студенттер үшін міндетті. Әрбір оқытушы студенттерге сабақ барысында тәртіп ережелерін, оқытушымен және басқа студенттермен өзара қатынастарын ұстаудағы өзіндік жүйесін талап етеді.
Студенттер міндетті:
Сабаққа кешікпеуге.
Сабақ үстінде қатты сөйлемеуге.
Сабаққа таза келуге.
Себепсіз сабақ жібермеуге, ауырып қалған жағдайда ол жөнінде анықтама қағаз әкелуге.
Жіберілген сабақты оқытушы белгілеген уақытта тапсыруға.
Оқу процесіне белсенді араласуға.
Тапсырмаларды ұқыпты орындауға.
Оқытушылар мен курстастарына сыйлы, шыдамды, байсалды болуға.
Барлық сабақтарда кері байланысты жүзеге асыруға.
Пунктуальді және жауапты болуға.
Сабақ үстінде ұялы телефонмен сөйлеспеуге.
Студенттерге қойылатын талаптар:
Сабаққа қатысу.
Студент сабаққа қатысуға міндетті. Әрбір қатыспаған сабақ оқу-әдістемелік кешенде көрсетілгендей көлемде тапсырылады. Курстың үштен бір бөлігіндей көлемінде себепсіз сабақ қалдырған студент курстан шығарылады.
Дәрісханадағы тәртіп
Студент сабаққа кешікпей келуі, сабаққа белсенді қатысуы тиіс. Сабақты қабылдауға бөгет болатын нәрселерді ұстамауы (телефон, газет, журнал, фотосуреттер) керек.
Жеке тапсырмалар
Семестрде жеке тапсырмаларды орындау міндетті болып есептеледі. Ол реферат түрінде орындалып немесе электрондық нұсқада құрылып, студенттер алдында қорғалады. Әрбір жеке тапсырма бағаланады және ол қорытынды бағалауға әсер етеді.
Өзіндік жұмыс
СОБӨЖ сабақ кестесінде бөлінген уақытта орындалады және сабақ соңында тапсырылады. Сабақтан кейін қабылданбайды, бағаланбайды.
Қосымша материалдарды іздеу, берілген тақырыптың мазмұнын тереңдету, практикалық мәнділігін анықтау, т.с.с. тапсырмалар студентке жүктеледі. СӨЖ тапсырмаларды орындау мен тапсыру графигіне сәйкес қабылданады.
Білімді бақылау..
Оқу материалын меңгергендігін практикалық тапсырмаларды орындау, тестілеуден өту, тақырып бойынша жазбаша жауап арқылы тексеріледі.
Бақылау сабақта жүргізіледі, сабақ соңында тапсырылады, сабақ соңынан қабылданбайды және бағаланбайды.
Әңгімелесу.
Әңгімелесу әр топ үшін кесте бойынша жүргізіледі.
БІЛІМДІ БАҒАЛАУҒА АРНАЛҒАН МАТЕРИАЛДАР
Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты
12 жылдық білім берудің нормативтік-Құқықтық құжаттары
Қазақстан Республикасындағы 12 жылдық жалпы орта білім беру тұжырымдамасы
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы
12 жылдық мектепте информатика пәнін оқыту ерекшеліктері
12 жылдық білім беру жүйесі: технологиялық ерекшеліктер
12 жылдық мектептің бастауыш сынып информатикасын оқытудағы ақпараттық технологияның ролі
12-жылдық білім беру жағдайында кәсіби педагог даярлау
12 жылдық білім беру жүйесінде педагогикалық технологияларды оқу үдерісінде қолданудың тиімділігі
12 жылдық білім беру жағдайында деңгейлеп, саралап оқытуды пайдалану арқылы білім сапасын арттыру жолдары
