Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ЭВОЛЮЦИЯ жауаптар-1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
182.22 Кб
Скачать

1.1.7 Эволюциялық прогресске сипаттама беріңіз

Эволюция (лат. evolutіo – өрлеу, өркендеу), биологияда – тірі табиғаттың қайта айналып келмейтін және тура бағытталған тарихи дамуы. Эволюциялық ілім жасауда Чарльз Дарвинның еңбегі зор. Ол ашқан ең маңызды жаңалыққа дейін көптеген ғалымдардың еңбегі болды. Эволюциялық үдерістер зандылығы өте күрделі және ғалымдар күні бүгінге дейін толық анықтай алған жоқ. Алайда эволюцияның неге жүретіні бізге нақтылы белгілі.

Эволюция терминін алғашқы рет швейцарлық табиғаттанушы және философы Шарль Бонне 1762 жылы эмбриологияға арналған еңбектерінде пайдаланды. Эволюция құбылысы тіршілік деңгейлерінің барлық сатыларында (молекула деңгейден биосфералық деңгейге дейін) байқалып, үнемі құрылысы мен атқаратын қызметтерінде бұрын болмаған жаңа құрылымдар мен олардың жаңа қызметімен ерекшеленеді. Эволюцияның ең қарапайым деңгейі – мутациялық өзгерістер болып есептелінеді. Табиғи сұрыпталу кезінде мутацияарқылы пайда болған жаңа белгілер мен қасиеттер организмдердің жаңа орта жағдайларына бейімделуіне жағдай жасайды. Ең алғашқы Эволюциялық процестер тіршіліктің популяция деңгейінде пайда болады. Бұл кезде организмдердің генотипі өзгереді.

Эволюциялық табыс негізінде екі ұғымды: биологиялық алға басу және биологиялық кері кету ұғымдарын бөліп керсету макұлданды.

Прогресс Биологиялық алға басу (прогресс) - дарақтар санының, жүйеленген сан алуандықтың (едәуір усақ жүйеленген. топтар санының) артуы және аймақтың кеңеюі. Мөселен, мезозой кезеңінде сұмпайы кесірткелер (динозаврлар) үстем болды. Бұл олардың «биологиялық алға басу» кезі еді, яғни дарақтар көп болды, жүйеленген топтар (сан алуан ұшқыш, жыртқыш, теңізде тіршілік ететін және шөпқоректі динозаврлар) көп бөлды. Сөйтіп осы түрлер бүкіл ғаламшарды іс жүзінде жайлап алды.

Регресс Биологиялық кері кету (регресс) - дарақтар саны мен олардың жуйеленген топтары санының кемуі және аймақтың тарылуы. Кері кету дегеніміз - алға басуға кері үдеріс, яғни эволюциялық сәтсіздік. Биологиялық кері кету кезінде санын қалпына келтіріп, алға басуға мүмкіндігі бар өкілдер жеткілікті мөлшерде сақталады.

Мәселен, тірі ағзалар тобы, әр түрлі уақыт аралығында биологиялық алға басу ретінде де, биологиялық кері кету ретінде де өмір сүре алады. Жорғалаушылар мезозой дәуірінде үстемдік етсе де, соңынан сүтқоректілерге, бунакденелілер мен құстарға орын берді. Алға басу үдерісінің жолдары да әр түрлі болады. Ағзалардың біреуі жоғары сатыға көтеріліп, бұрынғысынан күрделілене түседі. Сөйтіп құстар мен сүтқоректілер де биологиялық алға басуға жетті. Ал оған керісінше, езге ағзалар қарапайымдалып, бірсыпыра маңызды мүшелерін жоғалтты. Бұл түрлер паразиттік жолмен тіршілік ете бастағанда байкалады. Кейбір құрттар (эхинококк (жылауық), ішексорғы (аскарида) және т.б. және бунакденелілер (бітелер, көдімгі және төсек кандалалары) осындай жолдан өтті.

Адамзатқа органикалық өлемнің 5 - 6 миллион жылдардан кейін қандай болатыны, сондай-ақ ол сол қалпында сақталып қала ма, жоқ па - беймәлім.

2

1

2

Материалистік көзқарастарға түсінік беріп, сипаттаңыз.

Материализм - материя, табиғат, болмыс алғышқы, ал сана, рух, ой - материяның қасиеті болғандықтан туынды деп санайтын, идеализмге түбірінен қарама-қарсы ғылыми-философиялық бағыт.

Материалисттік ілім бойынша дүние, табиғат мәңгілік, ол жаралмайды да, уақыт пен кеңістікте шексіз-шетсіз өмір сүреді. Материализм адам санасын , ойын сыртқы дүниенің бейнесі деп қарастырып, дүниені танып білуге болатынын дәлелдейді.

Матералистік философияның дамуы ұлы эфис ойшылы Гераклит ілімімен байланысты(б.э.д. 530-470 жылдар). Оның түсінігінше дүниені ешбір құдайда адамда жаратқан жоқ, бәрі өзгереді, бәрі ағымда болады. Галактикада от, су, ауа, топырақ уздіксіз қозғалыста болады. Нәтижесінде үздіксіз өзгеріп отырады деп түсіндірді.

Эволюциялық ұғымның ары қарайғы қарқынды дамуын көне грек ғалымдарының еңбектерімен тікелей байланысты. Фалес, Анаксимендр және Анаксимен де дүниенің табиғи жолмен пайда болғандығын уағыздады. Фалес бар нәрсе алғаш судан пайда болады деп түсінді. Анаксимендр болса бар нәрсе су мен топырақтан жылудың әсерінен пайда болды деп түсінді. Анаксимен бойынша бар нәрсе ауадан пайда болған. Ауа аздап сығылса су, күшті сығылса қатты заттар пайда болған. Сондықтанда, бар материя үш - сұйық, газ және қатты қалыпта кездеседі деп түсіндірді. Анаксименнің ойынша, жануарлар мен адамдар топырақ сілекейінен пайда болған. Механикалық матерализм өкілдерінің бірі Демокрит (б.э.д. 460-370 жылдар) дүние есепсіз атомдардан тұрады, шексіз кеңістікте орналасқан деп түсінді. Атомдар үздіксіз қосылыстар түзіп, үздіксіз ажырасып отырады. Ол қосылыстардың көлемі, массасы, формасы бойынша әртүрлі болады. Бұл идеяны грек ғалымы Демокрит жалғастырды. Ол тіршіліктің пайда болуын осы тұрғыдан түсіндіруге тырысты. Атомдардың ұсақтары, жеңілдері бетіне көтеріліп одан ауа, ауырлары астына түсіп, одан топырақ пен су пайда болған. Кейіннен су ішіне балықтар, басқа да жануарлар мен құстар құрылықта пайда болган деп түсіндірді.

Біздің эрамызға дейінгі 490-430 жылдары өмір сүрген Сицилия ойшылы Эмпедокл Демокриттің ойын одан әрі қарай дамытты. Атомдар араласып әртүрлі комбинациялар, үйлестіктер түзеді, ол үйлестіктердің әлсіздері бұзылып, күштілері қалып отырады. Комбинациялардың бірқатарынан жануарлардың органдары, ал органдар бір-бірімен қосылып жануарлар түзіледі. Эмпедоклдің идеясы бойынша барлық ағзалардың алғашында белгілі мүшелері пайда болады, содан кейін олар өзара бірігіп біртұтас ағза құрады. Бұл кезде эмбриология ғылымы жетілмеген еді.

2

1

3

Мәдени формалардың эволюциясына дәлел келтіріп, сипаттаңыз.

Мәдени түрлердің шығу тегі. Дарвин заманында үй жануарлары мен өсімдіктер жабайы түрден шыққаны белгілі болатын. Себебі, жабайы және үй жануарлары арасындағы  ұқсастық  адамдарды таң қалдырмайтын. Дарвин жабайы жануарлардың қолға үйретілуін, жабайы өсімдіктердің қолда егіле бастауын терең зерттей отырып, доместикация ілімінің негізін қалады. Доместикация немесе жануарларды қолға үйрету кезінде жабайы түрлер тек қолға үйретіліп қана қоймай адамзат қалауымен көптеген өзгерістерге де ұшырайды. Дарвин ол өзгерістер ішіндегі екі ерекшелікке тоқталады. Біріншіден, үй тауықтары, сиырлар немесе бір бақшада өсірілген орамжапырақ, қарбыз болсын бәрі біркелкі болмайды. Олардың ішінен көзге көрінетін де, байқала бермейтін де өзгерістері  бар дараларды кездестіруге болады. ХІХ ғасырдың ортасында қара малдың бір-екі түрінен шыққан  бірнеше жүз тұқымы, иттердің бірнеше түрден шыққан жүзден астам тұқымы болды. Екіншіден, бір тұқымға жататын жануарлардың өзі бір-бірінен де, тегінен де өзгешіліктері көп болады.

Қолдан сұрыптау ілімі. Қазіргі үй жануарларының  барлық тұқымдары және мәдени өсімдіктердің барлық іріктемелері адам баласының  творчестволық  іс-әрекеттерімен, қолдан сұрыптау әдісін қолдануының нәтижесінде пайда болды. Дарвин өз еңбегінде қолдан сұрыптаудың екі түрін көрсетеді. 1. Санасыз сұрыптау – алдына мақсат қоймай, еш жоспарсыз тек жануарлардың етті немесе сүтті, өсімдіктердің жақсы өсіп, мол өнім беретін дараларын сақтап қалу мақсатында  адамзат тарихында мыңдаған жылдардан бері жүргізіліп келе жатқан әрекеті. 2.Әдістемелік сұрыптау – сұрыптаушы алдына пайдалы бегілері мен қасиеттері бар тұқым және іріктеме шығаруды мақсат етіп қойып, сұрыптауға тиімді әдістерді қолдана отырып, көздеген нәтижеге жетуі. Мұнда ол бір тұқымдардың ұнаған пайдалы  белгілерін жетілдіретін болса, сол түрге жататын басқа тұқымдарға басқа талап қояды. Нәтижесінде белгілердің дивергенциясына әкеліп соғады.

Өзгергіштік және оның түрлері. Мәдени формалар эволюциясының факторлары.   Дарвин теориясының негізгі қағидасы – адамның  мәдени түрге айналдырған өсімдіктері мен жануарларының елеулі өзгеріске ұшырады деп тануы еді. Мұны жер шарының әр жерінде шығарған үй жануарлары мен құстардың көптеген тұқымдарымен, өсімдік іріктемелерінен көруге болатын еді. Жануарлар мен өсімдіктердің қай түрін алсақ та әрбір дара бір – біріне ұқсамайды. Жануарлар мен өсімдіктердің өзгергіштіктері жайындағы нақтылы материалдарын талдай келіп, Дарвин тіршілік жағдайындағы өзгерістердің қандайы болса да ағзада өзгеріс туғызады, және де  әсер етуші факторлар әр түрлі ағзаға түрліше әсер етеді деген қортындыға келді. Бұл өзгерістер кейде көмескі түрде болады, кейде айқын көрінетіндей болады. Осыған орай өзгергіштікті: айқын (топтық) және айқын емес (жеке) деп екіге бөлді. Айқын немесе топтық өзгергіштікте белгілі жануар тұқымының немесе өсімдік іріктемелерінің даралары белгілі бір себептің әсерімен біркелкі өзгереді.