Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
geodezia.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
79.83 Кб
Скачать

2.Меридиандардың жақындасуы дегеніміз не? Және ол нүктенің ендігіне қалай тәуелді және өстік меридианға қатысты қалай тәуелді?

3.Топографиялық карталар мен пландардың номенклатурасы. Пландар мен карталарды пайдалану қолайлы болу үшін олар белгілі бір жүйемен белгіленеді. Әрбір планды, картаны белгілеу жүйесін – номенклатура дейді. Карта бетінің номенклатурасы рамканың солтүстік қабырғасының үстінде орналасқан. Картаның номенклатурасы негізінен 1:1000 000 масштабтағы карта құрады, оның рамкасының өлшемі бойлықта 6°, ал ендікте 4°. Осы масштаб бетінің номенклатурасы белдеуді білдіретін латын алфавитінің бас әрпінен және реттік нөмірін көрсететін цифралардан тұрады. Осы бөлуден зона шығады.

1.Негізгі және магниттік азимуттар арасындағы байланыс. Берілген нүктеде меридианды астрономия тәсілімен тапсақ меридиан негізгі (геогр.), ал магнит стрелкасы арқылы тапсақ магнитік меридиан.

Меридианның солт. басынан бір затқа қарай сағат тілінің бағытымен есептелген жергілікті н/е картадағы горизонталь бұрышты азимут (араб.- бағыт) деп атайды. Магниттік азимут 0тан 360 0 дейін өзгереді. Магниттік меридиан мен географиялық меридианның бағыттары сәйкес келмейді, олардың арасында пайда болған бұрыш магнит тілінің бұрылу бұрышы (δ) деп аталады. Егер стрелканы ұшы негізгі меридианнан шығысқа қарай бұрылса, бұрылу бұрышы-шығыстық, батысқа қарай бұрылса-батыстық бұрылу болады. Шығыстық бұрылу оң (+δ), ал батыстық бұрылу (-δ) теріс болады. Егер магнит стрелкасының бұрылу шамасын білсек, онда магниттік азимуттан негізгі азимутты төмендегі формула арқылы табуға болады: А=Ам + δ Геодезияда жер бетіндегі сызықтардың тура және кері бағыттарын анықтайды. Тура және кері азимуттар арсындағы байланыс келесі формуламен өрнектеледі.

Акт + 180˚+ γ, γ – меридианның жақындасуы; γ=αAB – АН. Дирекциондық бұрыш деп сағат тілінің айналу бағытымен алынған, осьтік меридианның солтүстік жағы мен бағдарлауыш сызық арасындағы жазық бұрышты айтады. Дирекциондық бұрыш шамасы 0тан 360 0 дейін болады. Бұл жағдайда шын азимут мынаған тең болады: А=α+γ, Мұндағы α – АВ сызығының дирекциондық бұрышы; γ дегеніміз – осьтік меридиан мен негізгі меридианның жақындасуы. γ – шығыста оң, батыста теріс таңбамен алынады. Дирекциондық бұрыштар тура және кері болып бөлінеді. Екеуінің арасындағы қатынас мынадай түрде көрсетіледі:

α = α′ +180˚ , мұндағы α′ - кері дирекциондық бұрыш; α – тура дирекциондық бұрыш.

Сызықтың бағытын сүйір бұрышпен де анықтауға болады. Шамасы 0˚-тан 90˚-қа дейін өзгеретін меридианның солтүстік не оңтүстік жағымен берілген сызық арасындағы сүйір бұрышты румб дейміз. Бағытты румб арқылы табу үшін румбтың сан мәнінен басқа сызықтың қай ширекте жатқанын білу қажет. Берілген дирекциондық бұрыштар арқылы румбтарды анықтайды:

І ширекте СШ r1 = α1; ∆х+; ∆у+;

ІІ ширекте ОШ r= 180˚ - α2 ; ∆х-; ∆у+;

ІІІ ширекте ОБ r3 = α- 180˚; ∆х-; ∆у-;

ІV ширекте СБ r= 360˚- α4; ∆х+; ∆у-;

Кез-келген топографиялық карталардың төменгі жағында аймаққа тән магнит стрелкасының бұрылу бұрышы (δ)және меридиандардың (γ)жақындасуы көрсетіледі.

2.Рельефтің қима биіктігі деп нені айтамыз?

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]