- •Өсімдіктердің табиғаттағы маңызы
- •К.А. Тимирязев. Избр. Соч., т.1. М.: Сельхозгиз, 1948, с. 203
- •Жолио-Кюри. Об организации науки во франции. Вестник ан ссср, 1950,
- •Ботаниканың бөлімдері
- •Белгілі бір экологиялық жағдайдың әсерінен қалыптасқан, өсімдіктің сыртқы формасы
- •Ботаниканың агрономиямен байланысы
- •Маркс к. Энгельс ф. Сочинение, изд. 2-е,т.З, м.: Политиздат, 1955.С.26
- •Пысықтау сұрақтары
- •Клетканы зерттеудің тәсілдері
- •Клетканың алуан түрлілігі
- •Клетканың компоненттері
- •14. Екі фазадан: дисперсионды- тұтас сұйық ортадан және дисперсті – дисперсионды ортада біркелкі бөлінген, мейлінше ұсақталған заттардан тұратын система.
- •18. Энергияға бай байланыстар атф-дан фосфор қышқылынын калдықтарын тазартқанда және осы байланыстар узілгеңде эпергия бөлініп шығады.
Ботаниканың агрономиямен байланысы
Ботаника мен агрономия бір-бірімен тыңыз байланысты, өйткені олардың зерттейтін объектісі де, зерттеудің тәсілдері де және даму тарихы да екеуіне ортақ бірдей болып келеді. Ботаниктер табиғи (жабайы өсетін) өсімдіктердің және олардың жекеленген топтарының түрлік құрамын, құрылысымен дамуының заңдылықтарын зерттейді, ал агрономда болса мәдени өсімдіктермен ғана айналысады. Бірақта көп жағдайда ботаниктердің зерттейтін объектісі ауылшаруашылық өсімдіктері, оның ішінде әсіресе мәдени жағдайда жаңа көшірілген өсімдіктер болып келеді, ал агронмдардың зерттейтін объектісі жабайы өсетін өсімдіктер, мысалы, жайылымдар мен шабындықтардың өсімдіктері болып келеді. Бұл кездейсоқ нәрсе емес, өйткені агрономия ботаникадан бөлініп шаққан. Сондықтанда агрономия сөз жоқ ботаниканың бір саласы болып табылады, дәлірек айтсақ өсімдіктер шаруашылығы ғылымын толықтыра түсетін ботаниканың бір саласы. Агономдар мен ботаниктердің алдында бір ғана мақсат тұрады. Ол мақсат шамамен өсімдіктерді адамның практикалық қажеттілігіне толық пайдалану, басқаша айтқанда дәннен, жемістерден, көк балаусадан мол өнім алу болып табылады.
Ботаниктердің топырақтану және агрохимия ғылымдарымен де байланыстары аса тығыз болып келеді. Әсіресе олардың зерттеу жүргізу тәсілдері бір-біріне ауысып және бірін-бірі толықтырып отырады. Мысалы, индикационная геоботаника* топырықтанушылар мен агрохимиктерге топырақтың және жердің (грунттың) сапасы, физико-химиялық құрамы, гидрологиялық жағдайы және т.б. жөнінде сипаттамалар беруге мүмкіндік беретін тәсілдердің бірі болып табылады.
Ботаниктер
құрлықта, суда және ауада өсетін 500 мың
өсімдіктердің түрлерімен жұмыс істейді,
ал агрономдардың еншісіне құрлыұтң жер
көлемінің 10% -не себілетін екпелі
өсімдіктердің 15 мыңдай түрлері тиеді.
Бірақ агрономдардың алдында жауапкершілігі
аса жоғары міндет тұрады. Ол барлық
адамзатқа қажетті тамақ өнімдерін және
әртүрлі өсімдіктерден алынатын
шикізаттардың өнімділігін арттыру
болып табылады. Тамақ өнімдері жоғарғ
мәдениет пен дамудың қажетті негізінің
бірі болып қана қоймайды, сонымен бірге
тіршіліктің де негізі болып табылады.
Сондықтанда адам баласының алдында
одан асқан жауапты міндет жоқ. Бұл жерде
Ф. Энгельстің бір айтқан сөзін келтіре
кеткен жөн: « тарихты жасайтындай
жағдайда болу үшін, адамдардың өмір
сүруге мүмкіндіктері болуға тиісті.»
Ол үшін алдымен тамақ пен ішетін су,
баспана, киім және тағы басқалар қажет
Агроном әрбір экологиялық тұрғыдан оқшауланған өндірістік учаскедегі өсімдіктердің органдарының пада болып қалыптасуы мен дамуының кезеңдері жөнінде толық мәліметтерді де кезінде және тұрақты түрде алып отыруға тиіс.
Ол үшін агроном кез келген ауылшаруашылық дақылдарының түсімділігінің (өнімділігінің) қалыптасу процестерін бақылаудың тәсілдерін жете меңгерген болуға тиісті. Мұндай бақылау оргоногенездің барлық кезеңдерін тұқымның, пиязшықтардың және басқа да вегетативтік көбею органдарының өсуінен бастап, өргендерінің пайда болуына, гүлденуіне және жемістерінің түзілуіне дейінгі аралықты қамтиды. Бір жағдайларда бұл кезеңдер өте баяу жүреді, ал екіні жағдайларда керісінше шамадан тыс жылдам жүруі мүмкін. Алғашқысы өсімдіктің бұл жерде нашар өсетіндігін, ал соңғысы керісінше өсімдіктердің аса жақсы өсуіне қолайлы жағдайдың бар екендігінің бірден бір белгісі болып табылады. Егерде өсімдіктің шамадан тыс жақс өсуі, оның өркен беру немесе түптену кезеңдеріне сәйкес келсе, онда гүлдеу, дін бақлау және жеміс түзу кезеңдерінде депрессия болуы мүмкін. Сондықтанда әрбір нақтылы жағдайда агротехникалық шараларды дұрыс және дер кезінде жүргізіп отыру керек.
Өсімдіктердің өсуі мен дамуын боилогиялық тәсілмен бақылап отыру, толығымен дерлің өсімдіктердің морфолгиясына негізділген.
Жер бетінде адамдардың саны күн санап артып келеді.
Мысалы, 10 жылда, 1921-ден 1930 жылға дейін жер шарындағы адамдардың саны 11%-ке, ал 1951-ден 1960 жылға дейін 19%-ке көбейген. 1981 жылы біздің планетамызды мекендейтін адамдардың саны 4 млрд.-қа дейін өседі деген жорамал бар. Сондықтанда, алдағы 20 жылдың ішінде, тамақ өнімдерін кем дегенде екі есе арттыру қажет. Бұл проблемны шешу үшін ботаниктер мен агрономдардың және басқа да биолгиялық ғылымдардың комплексінің арасында творчествалық байланыстар орнату қажет. Дүние жүзі ғалымдарының ассоциациясы (оның ішінде бұрынғы одақтас ресубликалардың және қазақстанның да ғалымдары бар), бірлесе отырып өсімдіктер мен жануарлардың биологиялық өнімділігін зерттеу мақсатында ортақ бағдарлама жасау үстінде.
