- •Құнды қағаздар нарығы. Құнды қағаздар – қарыз міндеттемесі
- •1.2 Құнды қағаздарды шығару және олардың эмитенттері
- •1.3 Құнды қағаздар нарығының қызметі және оның маңызы
- •2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығы
- •2.1 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының пайда болуы
- •2.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері
- •2.3 Құнды қағаздар туралы Қазақстан Республикасының қазіргі заңдары
- •2.4 Құнды қағаздар нарығын реттейтін жүйелер
2.2 Қазақстан Республикасындағы құнды қағаздар нарығының құқықтық негіздері
Құнды қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету деген мемлекеттік органдардың құнды қағаздар айналымы тиімді және мағыналы болуы үшін белгілі – бір жағдай жасайтын заңдар шығару. Және сол заңдардың мемлекет мүддесі мен халық керегін қанағаттандырып, нарық қатынастарына бет алған қоғамның объективті экономикалық заңдарына сай келуі. Қазіргі кезде Қазақстанның мемлекеттік заңдарына мемлекетіміздің егемендік алғаннан бергі шыққан заңдар, Президенттің жарлықтары және үкіметтің қаулылары, сонымен қатар Бағалы қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияның құқықтық актілері жатады. Құнды қағаздар нарығын құқықтық ережелермен қамтамасыз ету мәселесіне ақшалы қарыз міндеттемелерінің айналысы және белгілі бір ұйымдық-құқықтық түрде құрылған шаруашылық субъектілерін басқар мен олардың меншігіне қатынасу құқығы кіреді. Айтылып отырған құнды қағаздар нарығындағы мүліктік құқық олар туралы шыққан заңдарда көрсетілген ерекше құжатпен расталады. Ол құжат құнды қағаздар деп аталады. Бірақ, азаматтық құқық қатынастарымен расталғанымен кейбір қағаздар құнды қағаздар нарығына айналысқа кірмейді. Мыс: Қазақстан заңдары бекіткен – ипотекалық куәліктер, сол сияқты коносамент және тауарларды орналастыру құжаттары тауарлар нарығында, яғни тауар биржасында айналымға түседі.ал құнды қағаздар нарығы қаржы нарығының құрамдас бөлігі. Қаржы нарығының капитал нарығы мен ақша нарығынан құралатындықтан бұл жерде осы аталған екі нарықтың құқықтық қамтамасыз етілуі сөз болады.
Құнды қағаздар туралы Қазақстан заңдары орыстың азаматтық құқытарына негізделініп шығарылады. Қазіргі кезде заң шығару біраз кезеңдерден өтті.
1917 жылғы Қазан революциясына дейін Қазақстан Ресей империясының бір бөлігі болғандықтан XVIII-XIX ғасырларда қазақ даласында азаматтық және саудалық құқықтық ережелермен реттеледі.революциядан кейінгі Кеңес үкіметтің алғашқы онжылдықтарында аталған қатынастар РСФСР-дың азаматтық заңдарымен жүргізілді. Сол кезде құнды қағаздардың айналуына толық құқықтық мүміндіктер туғызған жаңа экономикалық саясатқа байланысты шығарылған заңдар болды. Атап айтатын болсам, ақша нарығында вексель және чектер, яғни қысқа мерзімді төлем құралдары сауда келісімінде кеңінен қолданылады.
Сол уақытта, яғни 1922 жылы РСФСР-дың Азаматтық кодексі төмендегі ережелерді біріктірді:
1. 1937 жылы 7 тамызда Ресей Федеративтік республикасының Орталық атқар комитеті мен Халық комиссиялары кеңесі бекіткен «Аудармалы және жай вексель туралы ереже»;
2.1929 жылы 6 қарашада Ресей Федеративтік республикасының Орталық атқару комитеті мен Халық комиссиялары кеңесі бекіткен «Чектер туралы ереже» және сол сияқты заң күшндегі актілер.
Ол кезде вексельдер және чектермен қатар тауарларды сақтау, жылжымайтын мүліктерді сатып алу-сату келісімлдеріне қоймалық, кепілдік куәліктер және т.б бағалы қағаздар қолданылады. Заң жүзінде құнды қағаздар туралы жалпы ұғым болғанымен, бұл айтылған қағаздар құнды қағаздар нарығын құрай алған жоқ. Себебі, айтылған құнды қағаздардың ұлттық экономиканы дамыту мақсатында өндірісті ұйымдастыру үшін қаражат жинауына мүмкіндігі жоқ. Ал инвестициялық құнды қағаздарды, яғни акциялар, заңды тұлғалардың облигацияларын шығаратын және оларды айналымға түсіретін механизм тіпті болған жоқ. Қор биржалары мен құнды қағаздар нарығының кәсіпкер делдалдары жұмыс істейтін құқықтық негіз болмады. Себебі, делдалдар социализм және коммунизм идеяларына жат элементтер деп есептелді [12].
Заң шығарудың келесі кезеңінің негізі – 1977 жылы шыққан КСРО Конституциясы мен 1962 жылы шыққан КСРО және Одақтас республикалардың азаматтық заңдарының негіздері КСРО-да, оның ішінде Қазақстанда, жалпы «ішкі нарықта» қандай да болса да құнды қағаздар айналымын тоқтатты. КСРО Конституциясында жеке меншік, еркін кәсіпшілік іс- әрекеттері қаралмағандықтан айналымға акциялар, облигациялар шығаратын акционерлік қоғамдар және басқа шаруашылық қоғамдары мен серіктестіктер құру туралы құқық болған жоқ.
Мемлекеттің «өз ішінде» айналымға түсетін мемелкеттік облигациялар шығарылады. Олар құнды қағаздар деп аталады. Мемлекетке облигация сатып, ақша тарут тиімді болса, ал халыққа облигацияны сатып алып, аз болса да не проценттік өсім, не ұтыс алу тиімді болды. Бірақ, ол облигациялардың қолдан-қолға өтіп, сату-сатып алу айналысы, яғни құнды қағаздармен «ойын» ұйымдастыратын қызығушылық ынта болмады. Себебі, мұнда азаматтық құқықтың негізі – келісім еркіндігі сақталған жоқ, яғни облигациялар міндетті түрде күшпен жалақының бір бөлігінің орнына берілді.
Дегенмен, КСРО халықаралық сауда-есеп айырысуында төлем қаржысы ретінде вексельдер, чектер және сол сияқты төлем құралдарын кеңінен пайдаланды. Оған дәлел 1936 жылы Кеңес Одағы 1930 жылы Халықаралық конвенция бекіткен аудармалы және жай вексельдер туралы біркелкі заңға қосылып, 1937 жылы «Аудармалы және жай вексельдер туралы Ережені енгізу туралы» , жоғарыда айтылған, қаулы қабылданды. Ол Ереже Кеңес Одағы ыдырағанша пайдаланылды. Қазіргі кезде оны пайдаланбау туралы ешбір шешім қабылданған жоқ. Ал чектер, жоғарыда көрсетілген, 1929 жылғы «Чектер туралы ереже» бойынша қазір де пайдаланылуда.
Экономиканы қайта құру идеясы өндірісті қосымша инвестициялау көздерін табу, кәсіпшіліктің тиімділігін арттыру, сол сияқты азаматтардың өз бетімен шаруашылық жүргізуге қызығушылығын арттыратын механизмін құру жолдарын табу керектігін меңзеді. Осы кезде КСРО Министрлер Кеңесінің 1990 жылғы 19 маусымындағы шешімі «Бағалы қағаздар туралы Ережені» бектті, одан кейін 1991 жылғы 31 мамырда Кеңес Одағының және Одақтас республикалардың жаңа Азаматтық заңдарының Негіздері қабылданды. Оның толық түрлеріне, сол сияқты құнды қағаздардың басқа біреуге беру ережеснің негіздерін бекітуге арналған. Құнды қағаздар туралы дәл осы Негіздер 1993 жылдың 30 қаңтарында Қазақстан Ресубликасы Жоғарғы Кеңесінің Қаулысы «Экономикалық реформа жүргізу кезінде азматтық құқық қатынастарын реттеу туралы» және Қазақстан Республикасының Азматтық кодексін қабылдағанша өз күшінде болды.
Қазақстан Республикасында 1990-1994 жылдары құнды қағаздар шығарып және оларды кейбір нарықта сатуға мүмкіндік беретін бірқатар құқықтық негіздер құрылды. Оларды атап өтетін болсам:
1.Жоғарыда айтылған Азаматтық заңдардың Негіздері;
2.1991 жылдың 21 маусымындағы «Шаруашылық серіктестіктері және акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Бұл заң – акционерлік қоғамдар және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер құрып, олардың өз жұмысын қаржыландыру үшін акциялар мен облигациялар шығаруына мүмкіндік беретін заң;
3.1991 жылдың 11 маусымындағы «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» Қазақстан Республикасының заңы. Бұлзаң құнды қағаздарды шығаруды реттеуге, оларды тіркеуге, құнды қағаздар нарығын делдалдық қызметті лицензиялауға, қор биржасын құруға және оның жұмысын істеуіне рұқсат беретін заң;
4.1991 жылдың 13 қарашасындағы Қазақ КСР-ның Министрлер Кабинетінің қаулысы бекіткен «Құнды қағаздар туралы Ереже». Ол ереже шығарылатын құнды қағаздардың түрлерін және олардың әрқайсысында жазылатын міндетті мағұлматтарды белгіледі;
5.Жоғарыда аталған заңдар негізінде шығарлыған басқа ережелер жиынтығы. Олар да мемлекеттік құнды қағаздарды шығару, заңды тұлғалар шығарған құнды қағаздардың эмиссиясын мемлекеттік тіркеу және басқа да құжаттарды шығару тәртібі белгіленген;
6.Мүлікті мемлекет меншігінен алу және жекемншіктендіру арқылы акцияландыру, сол сияқты инвестициялық жекеменшіктендіру қорларының жұмысын реттеу туралы бірқатар заңдар мен заң күші бар ережелер;
7.Вексельдер, банктік сертификаттарды шығаруды және оларды айналымға түсіруді, сондай-ақ банктік қызмет көрсетуді реттейтін Қазақстан Ұлттық банкісінің ережелері.
Сол жылдары акционерлік қоғамдар, оның ішінде жекеменшіктендірілген қоғамдар, акциялар шығарып, оларды айналымға түсірді. Сонымен бірге қор биржалары, ия болмасы тауарлы-қор биржалары құрылды. Жергілікті мемлекеттік басқару органдары құнды қағаздар шығаруға талаптанды. Құнды қағаздар нарығының алғашқы кәсіби мамандары пайда бола бастады. Қазақстандағы құнды қағаздар туралы бұрынғы шығарылған заңдардың жетілмегендігіне қарамастан олардықолданудың нәтижесінде Қазақстанда құнды қағаздар нарығын қалыптастыру идеясын іске асырудың алғашқы қадамдары жасалып, бұл жүйеде өз тәжірибемізді жинақтап және оның мәнін түсінуге мүмкіндік туды .
Өз тәжірибеміз құнды қағаздар нарығында мемлекеттің атқаратын рөлін көрсетті. Бір уақытта ол әрі құнды қағаздар эмитенті, әрі инвестор, әрі құнды қағаздар нарығын реттеуші және ондағы қатынастарды бақлаушы субъект ретінде қатынасады. Бұнда мемлекет өзінің әртүрлі органдары ретінде қатынасады. Себебі, бір мемлекеттің орган басқа жақпн әрі «ойынға» қатысушы, әрі өзіне де ойынға басқа қатынасушыларға да ойынның ережесін шығаруына болмайды.
Сондықтан 1994 жылдың 20 наурызында Республика Президентінің «Бағалы қағаздар нарығын қалыптастыру шаралары туралы» жарлығы шықты. Бұл құнды қағаздар нарығын мемлекеттік реттеу мен ол туралы заңдар шығарудың келесі кезеңі еді. Осы жарлық құнды қағаздар нарығындағы қатынстарды реттейтін және бақылайтын мемлекеттік орган ретінде құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық Коомиссияның Ережесін бекітті.
Жарлық шыққан күннен бастап 1991 жылғы қазақстанның екі заңы: «Бағалы қағаздар айналымы және қор биржасы туралы» және «Бағалы қағаздар туралы Ереже» өз күшін жойды. 1994 жылдың алты айы бойы Қазақстанның құнды қағаздар нарығы құқықтық қамтамасыз етілмеген жағдайда қалды. Тек 1994 жылдың 3 қазанындағы Министрлер Кабинетінің қаулысымен «Бағалы қағаздарды шығару, оны айналымға түсіру және қор биржасы туралы уақытша ереже» және «Бағалы қағаздар туралы уақытша ереже» бекітілді. Уақытша ережелер Қазақстан құнды қағаздар нарығын дамытудың құқықтық негіздері ретінде 1995 жылдың сәуіріне дейін пайдаланылды. 1995 жылың қаңтар айынан бастап Республика Президенті құнды қағаздар жөніндегі Ұлттық комиссияяның төрағасы мен оның төрт мүшелерін бекітуі және осы мемлекеттік органның атқару комитетінің құрылуы құнды қағаздар нарығының қалыптасуындағы асулы кезең болды. Дәл осы уақыттан бастап Ұлттық комиссия өзіне бекітілген қызметтерді атқаруға кірісті.
1995 жылдың сәуірнен Қазақстанда құнды қағаздар нарығын дамытудың және оның құқықтық негіздерін қалаудың қазіргі кезеңі басталды. Осы кезде негізгі нормативтік-құқықтық актілер қабылданып, Алматы қаласында салтанатты жағдайда Орталық азия қор биржасы ашылды [13].
