- •66. Ұңғы туралы түсінік .Ұңғы конструкциясы
- •1 Сурет. Ұңғы үлгісі
- •67.Роторлық бұрғылау тәсілінде қозғалтқыш жер бетіне орналасады да, қашау бұрғылау тізбегі арқылы айналдырылады.
- •73.Ұңғыны пайдалану әдістері. Ұңғыны терең сорапты қондырғымен пайдалану.
- •74.Ұңғы құрал-жабдықтары
- •1 Сурет. Крест пішінді фонтандық арматура схемасы.
- •77.Мұнайды кәсіпшілікте дайындау
- •79.Газды дайындау
- •80.Бастапқы шикізаттан металл өнімдерін алу негізгі үш сатыға бөлінеді:
- •87. Механикалық диірмендер арасындағы кең тарағандары даңғырлы диірмендер.
- •93. Төрт пішінбілікті қапастар. Төрт пішінбілікті жұмыс қапасында пішінбіліктер 2.3 - суретте көрсетілгендей бірінің үстіне бірі орналасады.
- •95. Илемдік орнақтардың жіктелуі.
73.Ұңғыны пайдалану әдістері. Ұңғыны терең сорапты қондырғымен пайдалану.
Жаңа кен орнын игеруге беру кезінде тәртіп бойынша ұңғыдан мұнайды көтеріп шығару үшін, қабат энергиясы жеткілікті болады. Сұйықты көтеріп шығару тек қана қабат энергиясының есебінен жүзеге асатын тәсілді – фонтанды пайдалану тәсілі деп аталады.
Қабат энергиясының қысымы түсіп немесе ұңғы өнімі суланып кетуіне байланысты пайдаланудың механизацияланған тәсілдеріне көшеді: газлифтік немесе сораптық. Ұңғыны сораптық пайдалану кезінде, тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электрлі сорап қондырғыларын (ОТЭСҚ орысша УЭЦН) және штангілі ұңғылық сорапптарды (ШСС) қолданады.
Фонтандау тоқтағаннан кейін өнімділігі жоғары ұңғыларды газлифтілік әдіспен немесе тереңге түсірілетін ортадан тепкіш электр сорабының және штангілі ұңғылық сораптардың көмегімен пайдаланады.
Өндірілетін ұңғылар көпшілігі (60%) ШСС жабдықталған, олармен мұнайдың тек 16,1% өндіріледі. Ұңғы өнімінің орташа суланғандары 71,3% құрайды, яғни мұнайдың 1 тоннасына 2 тонна қабат суы келеді. Минералданған қабат суларын, қоршаған ортаның ластануын болдырмау мен қысымды ұстап тұру үшін қайтадан қабатқа айдайды.
74.Ұңғы құрал-жабдықтары
Газ ұңғысын және мұнай ұңғысын газлифттік, фонтандық әдістерімен пайдалану кезінде, жер үстінде және ұңғы ұғысына тұсірілетін құрал-жабдықтар қолданылады. Бұл жабдықтардың мақсаты: бекітілген режимде, керекті шығынды өндіру; ұңғыда өткізілетін технологиялық үрдістерді, қоршаған аймақтың ластануын және ашық фонтандауын болдырмауын қамтамасыз етуі қажет. Болаттан жасалған әртүрлі беріктіктер тобына бөлінген тігіссіз (бесшовный) құбырлар СКҚ ретінде қолданылады (беріктік шектігі 373-930 МПа). Олардың меншікті диаметрлері 28-114 мм дейін, қалыңдығы – 3-8 мм. Меншікті диаметр ретінде, құбырдың сыртқы диаметрінің мәнін алады. Жиі қолданылатын құбырлардың диаметрі 60 және 73 мм (ішкі диаметрі 50,3 және 62,0 мм). Ұңғы сағасын саңлаусыз мықтап бекіту және керекті технологиялық үрдісін жүргізу үшін оның пайдалану режимін бақылау үшін фонтандық арматура арналған. Олар келесідей жұмыс істеу қысыммен жасалады: 7, 14, 21, 35, 70 және 105 МПа.
Егерде қысым 21 МПа кем болған кезде жабатын тиек ретінде тығынды кран колданылады, жоғары қысымдарда – арнайы қолмен, автоматпен немесе гидравлика күшімен қозғалып, жабылатын ысырмалар (задвижка) орнатылады. 5 суретте крест пішінді арматура көрсетілген. Оның құрылымы фонтаншыршасынан және құбыр басынан тұрады (тройниктер, крестовиналар, ысырмалар, аудармалар т. с. с.).
Муфта немесе аударма арқылы бекітілген бір немесе екі қатар СКҚ ұстап және олардың арасын сыңалаусыздандыру үшін фонтан арматурасының құбыр басы арналған. Ол ұңғыда игеру, пайдалану және жөндеу, зерттеу жұмыстарының технологиялық үрдістерін жургізген кезде ыңғайлы болуы қажет. Фонтандық шырша-ұңғының өнімін керекті жүйеге бағыттайды, пайдалану режимін өзгертіп қысым және қызуды өлшейді және оның үстіне лубрикатор орнатылады. Егерде, ұңғы екі қатарлы лифтпен жабдықталған болса, фонтандық 2-құбырлар (1 сурет) тройник-3 арқылы ілініп бегітіледі, ал кіші диаметрлі 4-құбыр – аударма-5 арқылы ілініп бекітіледі. Көтергіште бір қатарлы конструкция болса, тройник-3 болмайды, 4-құбыр тізбегі, аударма-5 арқылы, крестовинаға-8 желісіне келіп құйылады. Бұл желістің бойында тез салынып алынатын немесе диаметрі өзгертіліп, реттелетін дроссел-9 орналастырылады, ұңғының пайдалану режимін өзгертіп, реттеу үшін 5 суретте өзгертіп реттейтін аспап ретінде втулкалы штуцер көрсетілген.
Штуцерлерді өзгерту жұмыстарын ұңғыны тоқтатпай істеу үшін екі лақтырма желісі бар фонтан шыршасын қолданады. Сағадағы және құбырлар сақинасындағы қысымды 11-манометрімен өлшейді. Ұңғыға тереңге түсірілетін манометр және басқада аспаптар түсіру үшін шыршаның үстіне лубрикатор-10 қойылады.
Құмы бар ұңғыларда тройник пішінді фонтандық арматура қолданылады. Шыршаның орталық 6 ысырмасының үстіне крестовина 7-нің орнына, қосымша ылақтырма желісі бар тройник қойылады (суретте көрсетілмеген), сосын арасына, тағыда ысырма қойылып, жұмыс істейтін ылақтырма желісі пайдалынады. Газлифтілі ұңғыларда, қосымша ылақтырма желісі (болмайды) қарастырылмаған.
