Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Бж сессия.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
148.31 Кб
Скачать

6. Жер сiлкiнiсi, сипаттамасы, қорғаныс шаралары

Жер сілкінісі – қаһарлы , кездейсоқ құбылыс және қас-қағым сәтте өтеді. Жер сілкінісі бұл жер қыртысында немесе мантияның үстіңгі бөлігінде кенеттен болған қозғалыс пенжарылыс нәтижесінде пйда болады және әлеулі ауытқулар түрінде үлкен қашықтыққа таралатын жер асты дүмпуі мен жер бетінің қозғалысы.

Жер сілкінісін сейсмология ғылымы зерттейді. Оның туындауына және дамуына байланысты құбылыстарды сейсмикалық құбылыстар деп атайды. Жер сілкінісі жанартаулық,денудациялық және тектоникалық болып бөлінеді.

Жанартаулық жер сілкінісі қазіргі жанартаулар әрекет ететін аудандарда дамыған.

Денудациялық жер сілкінісі таулы аудандардағы тау жынысы массаларының шатқалдарға құлауынан, жер асты қуыстары мен краст үңгірлердің опырылуынан және ірі жылжымалардың ықпалынан туындайды.

Тектоникалық жер сілкінісі литосфераның жекелеген блоктары өзара қозғалысқа келгенде , Жер қойнауында ұзақ уақыт бойы жинақталған механикалық энергияның қысқа мерзімде шұғыл босанып шығуына байланысты болады.

Туындау себебіне қарай жер сілкінісі табиғи және антропогендік болып бөлінеді.

Табиғи жер сілкінісі табиғи күштердің әрекеті нәтижесінде туындайды: тектоникалық үрдістер, жанартаулардың атқылауы, үлкен метеориттердің құлауы, күшті опырылмалар мен сырғымалар т.б.

Антропогендік жер сілкінісі адамзат әрекетінің нәтижесінде туындайды: үлкен қуатты жарлыстар, жер асты үймереттердің бұзылуы, пайдалы қазбаларды қарқынды өндіру және т.б.

12 балдық халықаралық шкала бойынша жер сілкінісінің сипаттамалары:

1балл – елеусіз сілкініс, аспап арқылы тіркеледі

2балл – әлсіз дірілді жоғарға қабаттағы кейбір адамдар ғана сезеді

3 балл - әлсіз, дүмпуі аз ғана адамға білінеді, терезе дірілдеп, іле шамдар теңселеді, жекеленген адамдар ғана сезеді

4балл – елеулі сілкіну ғимарат ішіндегі адамдардың бәрі сезеді – есік-терезе, ыдыс-аяқ, үй қабырғалары, шкаф, кереует сықырлайды.

5балл – дүмпуді барлық адамдар сезеді-

6 балл – күшті сілкіну – діріл жүруге кедергі келтіреді ғимараттар теңселеді (бүлінеді), сылақтарда жарықшақ пайда болады

7балл – адамдарды үрей билейді, жиһаз құлайды, блоктар, каркастар, пенелдер арасындағы қилыстар жарылады

8балл – адамдар өзін-өзі әрең ұстайды, беткейдегі топырақта жарықшақ пайда болады,ғимараттар қатты зақымдалады, қабырғалар мен қоршаулар қирайды, қирату күші мол сілкініс

9балл – адамдар жүре алмайды, топырақ беті жарылады,ғимараттар жаппй зақымдалады;

10балл – ғимараттар толық қирайды; жойқын сілкіну,

11балл - апат;

12балл – жер бедерінің қатты өзгерісі

Кесте1 Жер сіліну кезіндегі ғимараттардың бүліну дәрежелері, балл

Құрлыстар мен ғимараттардың атаулары

Бүліну дәрежелері, балл

әлсіз

орташа

күшті

Кірпіштен(тастан) салынған 3 қабатты және одан көп

5-6

6-7,5

7,5

Кірпіштен(тастан) салынған 1-2 қабатты

6-7

7-7,5

7,5-8

Ағаш қаңқалы ғимараттар мен құрлыстар

5

6

6-7,5

Көп қабатты металл қаңқалы немесе бетон (темір-бетон)

панелдерінен салынған

5-6

6-7,5

7,5-8

Жер сілкінісі кезінде кезінде жасайтын әрекеттеріңіз

Жер сілкінісі кезінде адамдардың топырақ қабатындағы қозғалыстан өлім-жітімге ұшырауы өте сирек кездеседі. Олардың мұндай жағдайдағы өлім-жітімге көбіне күшті сілкіністер кезінде шайқатылған немесе қираған үйлердің құлап түсетін тастары, шыны сынықтары, қабырғалық материялдары себеп болады.

Жер сілкінісі кезінде бақытсыздыққа душар ететін басты-басты себептер мыналар болып табылады:

Үйлердің жеке бөліктерінің қирауы, кірпіштердің, мұржалардың, карниздердің, жапсырылған әсемдік заттардың, балкондардың, қабырғаларын қаптаған тас тақталардың, есік-терезе жақтауларының, шамдалдардың, статуялардың, сәндік әшекейлердің құлап түсуі;

Қираған шынылардың құлап түсуі, әсіресе үйдің жоғарғы қабаттарынан түсетіндері ерекше қауіпті;

Үзілген электр желілерінің көшедегі адамдар көп жүретін жерінде жатуы;

Бүлінген газ құбырлары мен тұйықталған электр желілерінен пайда болатын өрттің шығуы: су құбырларының бүлінуі салдарынан су келмей қалуы мүмкін жағдайларда мұндай өрттің қатері күшейе түседі;

Шектен тыс дүрлігіп, асып-сасқан адамдардың орынсыз әрекеттері.

Жер сілкінісі кезінде адамдардың жарақаттануы мен апатқа ұшырауының қаупін азайтуға әбден болады. Ол үшін жер сілкінісі бола қалған жағдайда әркім өзінің не істеуі керектігін күні бұрын мұқият ойластырып, жан-жақты әзірлік жасауы тиіс.

Жер сілкінісіне дейін

Негізгі ереже. Әдеттегі үйреншікті жағдайдың қандай кезінде де – үйде, жұмыс орынында, кинода, театрда немесе көшеде-жер сілкінісі бола қалған жағдайда өзіңіздің қандай әрекеттер жасауға тиіс екеніңізді алдын ала ойластырып, жүйелей алуыңыз тиіс. Мұның өзі сіздің апатты жағдайда аспай-саспай, дұрыс әрекет жасай білуіңізге жәрдемдеседі.

Жұмыс орнында. Қай нәрседе де ретті тәртіп пен жауапкершілік болуы тиіс. Ең жақсы әзірлік, міне, сол. Жер сілкінісі кезінде оған дейін орын алған кез-келген ұқыпсыздық істі шала-шарпы тындырып, аяқсыз тастап кету бақытсыздыққа ұрындауы мүмкін . Мұның өзі әсіресе құрылыс-монтаж жұмыстары кезінде айырықша есте болуы тиіс.

Әрбір мекемеде/ цехта және басқаларында/ жер сілкінісі бола қалған төтенше жағдайда іске асырылуы тиіс шұғыл шаралардың нақты жоспары болуы керек. Бұл жұмыстар үшін жауапты адамдардың аты-жөні, олардың атқаратын міндеттері айқын көрсетілуі тиіс.

Дәліздерді, өтпе жолдарды, сатылы өткелдерді,сыртқы жіне ішкі есіктерді түрлі жабықтармен және заттармен толтырып тастауға болмайды. Ауыр шкафтар мен стеллаж-сөрелер қабырғаларға мықтап бекітілуі тиіс. Олардың жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Әрбір қызметкер өрт сөндіретін крандардың, электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың және газ құбырлары крандарының орналасу тәртібін бес саусағындай білуі тиіс.

Үйде. Электр желілері мен газ құбырларының жағдайын жүйелі түрде тексеріп тұрыңыз. Барлық тұрғындар электр желісіндегі ажыратқыш тұтқалардың, газ және су құбырларындағы крандардың қайда орналасқанын және қалай ашылып –жабылатынын жақсы білуі тиіс. Газдың негізгі құбырына таяу жерде размері сәйкес келетін кілт дайын тұруы керек. Қалта фонары мен жаңа батарейкалар, батареялық радиоқабылдағыштар әрқашан жаныңызда болғаны жөн. Алғашқы медициналық жәрдем көрсететін аптечканың ыңғайлы жерде тұруы керек, семья мүшелерінің барлығы да алғашқы көмек көрсету ережелерін үйренуі тиіс. Пәтердің ішіндегі шкафтар, этажеркалар, сөрелер мен стеллаждар бөлменің қабырғасына мықтап бекітілуі тиіс. Сөрелердің жоғарғы қабаттарына ауыр заттар қоюға болмайды. Қауіпті материялдарды/лап етіп жанатын сұйықтар мен улы заттарды/ қауіпсіз жерде сақтау керек. Олар тұрған орнынан түсіп кетпеуі, шашылып не төгіліп қалмауы тиіс. Үйдегі кереуеттердің терезе алдында тұрмауы керек. Өзіңіздің тұрғын үйіңіздің таяу жердегі тоған бұзыла қалған кезде су астында, немес қар көшкіні мен сел тасқыны астында қалу қаупі бар не жоқ екенін анықтаңыз. Бірнеше табақ фанер немесе пластикалық зат сынган терезе шынысын алмастыру үшін әрқашан дайын тұрғаны жөн. Семья мүшелеріңіздің бәрі де, қызметтестеріңіз де, басқаларда да жер сілкінісі кезінде және одан кейін не істеу керек екендігін білетіндей болуы тиіс.

Жер сілкінген кезде

Жер сілкінісі кезінде жер неғұрлым қысқа мерзім ішінде-небәрі бірнеше секунд, ал тіпті күшті болған жағдайда бір минут қана сілкінеді. Сілкіністің үрейіңізді алуы мүмкін, бірақ сабырлылық сақтаңыз және өзгелерді де сабыр сақтауға шақырыңыз. Жер сілкінісінен қорғаныс шараларының мүмкін болатын түрлерінің ішіндегі ең жақсысы-үрейге берілмеу, айқай салып абыржымау, әрлі-берлі жүгіре бермеу. Егер сіз сабыр сақтап, терең ойластырып, әрекет жасасаңыз, сақтанудың мүмкіндіктерін арттыра түсесіз. Жердің немес ғимараттың тербетіле бастағанын сезген бойда-ақ шұғыл түрде әрекет етіңіз. Егер сіз көшеде болсаңыз, сол тұрған орыныңызда қалыңыз, ал егер үйдін ішінде болсаңыз, одан шыға жөнелуге асықпаңыз. Қайғылы жағдайлардың көпшілігі адамдардың үйге кіруге, ал басқаларының үйден шығуға асығып ерсілі-қарсылы даурығуы кезінде болады. Кейде адамдар жоғарғы қабаттағы пәтерлердің терезесінен секіріп кетуге дейін барады. Үйдін ішінен жүгіріп шықпаңыз,өйткені үйдің құлап түсіп жатқан бөлшектері мен үзілген сымдар мейлінше қауіпті. Өте-мөте ерекше жағдайларда ғана бір қабатты үйлерден және көп қабатты үйлердің бірінші қабатынан шығып кетуге болады.Егер сіз үйдің ішінде болсаңыз, мейлінше тез қауіпсіз орынға-ішкі есіктің қуысына, тіреу бағанасының жанына немесе бөлменің терезе мен балканнан қашықтау бұрышына тұра қалыңыз. Электр жарығы өшіп қалғаннан қорықпаңыз. Ыдыс-аяқтың сынуы, қабырғалардың сытырлап жарылуы, заттардың тас-тұрс етіп құлап түсуі сияқты жағдайда үрейленбеуге әзір болыңыз. Қараңғыда шырақ, сірінке, тұтатқыш жаға көрмеңіз. Өйткені газ шығып жатқан жағдайда өрт болып кетуі мүмкін.Егер сіз көшеде келе жатсаңыз, ғимараттар мен электр желілерінен аулақтау ашық алаңға қашып шығуға тырысыңыз. Олай ету мүмкін болмаған жағдайда ең таяудағы ғимараттың есігінің қуысына тұра қалыңыз. Мұның өзі сізді жоғарыдан құлап түсетін заттардың соққысынан сақтайды. Құлағалы тұрған балкондардан, карниздерден, парапеттерден, салбырап тұрған сымдардан аулақ болуға тырсыңыз.Егер сіз автомобильде келе жатсаңыз ашық алаңға тоқтай қалыңыз. Жердің сілкінісі өткенше автомольден шықпаңыз. Жаңа дүмбулерді сезе қалсаңыз, оған танданбаңыз. Алғашқы күшті дүмпуден кейін уақытша тыныштық болуы мүмкін. Мұндай дүмпулер бірнеше сағат немес бірнеше тәулік бойы қайталануы да мүмкін. Олар бұған дейінгі алғашқы басты дүмпуден мейлінше қатты зардап шеккен құрылыстардың одан әрі қирауын немесе бүлінуін болдыруы мүмкін.

Жер сілкінісінен кейінСабыр сақтай отырып, жағдайды анықтай біліңіз. Қандай жағдайда болса да жер асты дүмпуінің қайталануы мүмкін деген ойдан шығарылған үрейлі қауесет таратушы болмаңыз, бұл жөнінде ешқандай деректер, болжамдар, өсек-аяң әңгімелер айта көрмеңіз. Тек ресми деректерді ғана пайдаланумен шектеліңіз. Болашақ дүмпулердің мүмкіндігі жөніндегі әңгімелерге тыйым салыңыз, бірақ ондай дүмпулердің болуы мүмкін екенін есіңізден шығармаңыз.Зардап шеккендерге қолма-қол көмек көрсетіңіз, алғашқы жәрдем жасауды ұйымдастырыңыз. Зардап шеккендерді суықтан сақтау үшін жылы жауып қойыңыз. Мединциналық көмек көрсетуді қажет ететін адамдарға оны іздеп, тауып ұйымдастырыңыз.Өрт шығып кету қаупінің бар не жоқ екенін тексеріңіз. Қолыңыздан келсе, алғашқы жалынды көре сала өшіріңіз. Және өрт сөндіретін команданы шақырыңыз. Су және газ құбырларын тексерініз /газды иісін сезу арқылы ғана тексеру керек/. Электрмен жабдықтау жүйесінде бүлінген жерлер байқала қалса, оны жүйеден бөліп тастаңыз. Егер газдың шығып жатқанын сезсеніз, барлық есік-терезелерді ашуға асығыныз. Сөйтіп, үйден тез шығып кетіңіз де тиісті қызмет көрсететін орынға хабарласыңыз.Электр қуатын жеткізетін желілерге, сымдарға немесе оған жанасып тұрған заттарға қол тигізе көрмеңіз. Канализацияның дұрыс жұмыс істеп тұрғанына көз жеткізбейінше туалетті пайдалануға болмайды. Төгілген немесе шашылған улы химикаттарды және жанатын сұйық заттарды тезірек жоюға тырысу керек. Бұл жөнінде айналаңыздағы адамдарға ескертуге асығыңыз. Аяғыңыздан жаралап алмас үшін мықты аяқ киім киіңіз. Мейлінше қажеттілік болмайынша зақымданған ғимараттарға кірмеңіз. Өйткені олар мейлінше күтпеген жерден құлап түсуі мүмкін. Оның үстіне сыртқа шығып жатқан газ, зақымданған электр желісі қатер төндіруі мүмкін. Жеке сектордағы үйлердің пештері мен мұржалары қаншалықты бүлінгенін тексеріңіз. Егер сызат беріп, жарылған болса, оны оны жөндемейінше от жақпаңыз. Өйткені ол неғұрлым маңызды өзге істер үшін қажет болуы мүмкін.