- •Эссе 2017: рекомендации даны
- •Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз
- •Қашаған Күржіманұлының «Оразалы», «Байларға» өлеңдеріндегі байлар мен қазіргі меценаттар бейнесін салыстырыңыз
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдаңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз
- •Ыбырай Алтынсаринның «Дала қоңырауы» екендігін дәлелдеп жаз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендердің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •Абай Құнанбаевтың «Ескендір» поэмасындағы ақын жеткізген Ескендірдің әлсіздігін талдап жазыңыз
- •Шәкәрім Құдайбердиев «Жастарға» өлеңінде жастарды Абай арқылы түзеткісі келеді?
- •Ш.Құдайбердіұлының «Еңлік-Кебек» поэмасындағы Еңліктің қазақ қызына кереғар мінездерін талдап жазыңыз
- •Әнші – ақындарының өлеңдеріндегі серілік табиғатын талдап жазыңыз
- •Үкілі Ыбырай өлеңіндегі «Қалдырған «өлеңіндегі астарлы ойды талдап жазыңыз
- •Мұхит Мералыұлының «Зәуреш», «Айнамкөз», «Дүние-ау» өлеңдеріндегі ғашықтық сезімін жеткізуде қолданған ақынның көркемдік тәсілдерін талдап жазыңыз
- •Мәди Бәпиұлының «Қарқаралы», «Қаракесек» өлеңдері арқылы ақын өмірінің көрінісін талдап жазыңыз
- •Біржан салдың «Теміртас» өлеңіндегі ақын өмірінің көріністеріне талдап жазыңыз
- •Мағжан Жұмабаевтың «Толқын» өлеңін адам өмірімен байланыстыра қарауға болады ма? Көзқарасыңызды дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
- •Сәкен Сейфуллиннің «Сыр сандық» өлеңіндегі нағыз досқа тән қасиеттерге өз көзқарасыңызды танытып, сыни талдау жазыңыз
- •Сабит Мұқановтың «Сұлушаш» поэмасындағы ғашықтар махаббатының діңгегі Сұлушаш па, әлде Алтай ма?
- •Өз өміріңіздегі әжелерді м.Мақатаевтың «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі ақынды табындырған әже бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаев «Ақ кимешек көрінсе» өлеңіндегі әже туралы ойларын әдеби туындылардағы әжелер бейнесімен байланыстыра отырып, талдап жазыңыз.
- •М.Мақатаевтың «Дариға‑жүрек» шағын поэмасындағы Дариға‑жүрек кім?
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәләлдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман – эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз.
- •Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз қандай міндет жүктей аласыз?
- •Махамбеттің «Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттеріңізді жүктер едіңіз?
- •Махамбеттің»Қара нарға» артқан жүгіне қазіргі уақытта сіз өз тарапыңыздан қандай міндеттерді жүктер едіңіз?
- •Дулат Бабатайұлының «Еспенбет» дастанында Еспенбеттің нағашысынан қалауы Ақбөрте болуының себебін дәлелдеп жазыңыз
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысында»
- •«Сүйінбай мен Қатаған айтысында»
- •Қашаған Күржіманұлының «Есқали сұпыға айтқаны» өлеңіндегі байлықтар таласын өз көзқарасыңызбен дәлелдеп жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мұрат Мөңкеұлының «Қыз» өлеңіндегі қыз сипатын әнші-ақындар шығармашылығындағы қыз бейнесімен салыстыра талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің»Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз
- •Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің «Ғибратнама» өлеңіндегі астарлы ойды сыни көзқараспен талдап жазыңыз.
- •Шәкәрім Құдайбердіұлының»Еңлік-Кебек»поэмасындағы ғашықтар тағдырын автордың қайғымен аяқтау себебі
- •XIX ғ. II жартысындағы өмір сүрген сал-серілер мен бүгінгі таңдағы әншілердің арасында байланыс бар ма?
- •Үкілі Ыбырай өлеңінің «Қалдырған» аталуына себепкер болған ойларды талдап жазыңыз
- •Ақан серінің «Құлагер» өлеңіндегі тұлпары Құлагердің ақын өміріндегі орнын талдап жазыңыз
- •Әсет Найманбайұлының «Салиха – Сәлмен» поэмасы мен ғашықтық жырларындағы жігіттердің сүйгені үшін күресін талдап жазыңыз
- •Ілияс Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәләлдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •М.Жұмабаевтың «Толқын» өлеңінде толқын біресе бала болса, біресе ғашықтарға айналады, ең соңында өледі. Ақынның өлең жолдарында қандай қозғалыс, қандай әрекет жатыр?
- •М. Әуезовтің «Абай жолы» роман-эпопеясындағы Бөжей асын Абайға жүктеу себебін талдап жазыңыз
- •Ільяс Жансүгіровтің»Құлагер» поэмасындағы Сағынай асы мен Мұхтар Әуезовтің»Абай жолы» роман – эпопеясындағы Бөжей асынан мысал ретінде дәлелдер ала отырып, ас беру дәстүрі туралы талдап жазыңыз
- •Алаш ардақтылары көтерген ұлттық идеялардың бүгінгі күні жүзеге асқандығын дәлелдеңіз
- •Қадыр Мырза Әлидің «Өмірдің өзі қызық-ақ» өлеңіндегі жұмбақтарға шешіміңді ұсынып, көзқарасыңызды дәлелдеп жазыңыз
- •Елдің өткені мен бүгінгісінің сабақтастығы оқушы көзқарасымен
- •Рецензия
- •«Мой друг, Отчизне посвятим души прекрасные порывы!» (а. С. Пушкин «к Чаадаеву»)
- •Рецензия
- •«Что такое патриотизм?» по роману л.Н.Толстого «Война и мир»
- •Какие произведения м.Ю.Лермонтова Вы бы посоветовали прочитать другу?
- •Любовь «бескорыстная, самоотверженная, не ждущая награды» (по рассказу и. Куприна «Гранатовый браслет»)
- •Комментарии
- •Нет уз святее товарищества (н.В.Гоголь)
- •Комментарии
- •Нет уз святее товарищества (н.В.Гоголь)
- •В чём суть поэзии Бориса Пастернака?
- •Рецензия
- •«И дым Отечества нам сладок и приятен» (по комедии а.С.Грибоедова «Горе от ума»)
- •Рецензия
- •«Пою мое Отечество, республику мою!»
- •Рецензия
- •Какой предстает природа в лирике с.Есенина?
- •Рецензия
- •Литература выпрямляет душу?
- •Рецензия
- •Классика устарела?
- •Классика устарела?
- •Комментарий
- •Человек эпохи Независимости
- •Что следует ожидать Казахстану от экспо-2017?
- •В чём сила материнской любви?
- •Рецензия
- •Профессия моей мечты
- •Детское и взрослое мировоззрение: общее и различное
- •В чем задача искусства: успокаивать человека или тревожить его?
- •Рецензия
- •Может ли победа стать поражением?
- •Комментарии
- •Моя семья – моя опора
- •Роскошь разъедает душу человека?
- •Рецензия
- •Мой современник… Каков он?
- •Рецензия
- •Быть на Земле Человеком
- •Комментарии к эссе
- •Будущее за профессионалами
- •Рецензия
- •Влияют ли богатство и бедность на нравственность?
- •В чём заключаются ценности жизни?
- •Рецензия
- •«Мы все глядим в Наполеоны...» (по роману ф. М. Достоевского «Преступление и наказание»)
- •Рецензия
- •Мое восприятие лирики Есенина
- •Моё восприятие лирики с. Есенина
- •Рецензия
- •Трагичен или смешон «маленький человек» в произведениях а. П. Чехова
- •Рецензия
- •Кого из литературных героев я узнаю в своих современниках?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •В чём причина гениальности романа м. Булгакова «Мастер и Маргарита»?
- •Рецензия
- •Согласны ли Вы с утверждением а.Н. Толстого «Хорошая книга – точно беседа с умным человеком»?
- •Рецензия
- •Моё восприятие образа Татьяны Лариной (по роману «Евгений Онегин» а.С. Пушкина)
- •Комментарий к эссе
- •Влияние поэзии на нравственное воспитание человека
- •Женский идеал в русской литературе
- •Душа, испорченная светом (по роману м.Ю. Лермонтова «Герой нашего времени»)
- •Рецензия
- •Мой любимый поэт
- •Одиночество Чацкого-это явление современное?
- •Рецензия
- •Плоды злонравия в комедии д.И.Фонвизина и в наши дни
- •Рецензия
- •В чём проблема «лишнего» человека? (по произведению м.Ю. Лермонтова «Герой нашего времени»)
- •Рецензия
- •Кого из героев а.С. Пушкина вы бы хотели видеть среди друзей?
- •Кого из героев Пушкина вы хотели бы видеть среди друзей?
- •Рецензия
- •В чем своеобразие темы любви в лирике м.Ю. Лермонтова?
- •Нужна ли человеку правда? (по пьесе а.М.Горького «На дне»)
- •Нужна ли человеку правда? (по пьесе м. Горького «На дне»)
- •Огромное счастье любить - и быть любимым
- •Огромное счастье – любить и быть любимым
- •В чем трагедия Евгения Онегина?
- •«Мёртвые» и «живые» души (по произведению н.Гоголя «Мёртвые души»)
- •Рецензия
- •В каждой строке доброта (по произведениям в.Распутина)
- •«Гений и злодейство - две вещи несовместные» (а.С. Пушкин «Моцарт и Сальери»)
- •Рецензия
- •Природа – мастерская или «храм»? (по роману и.С.Тургенева «Отцы и дети»)
- •Казахстан на пути в мировое сообщество
- •Любовь к Родине начинается с семьи
- •Активная жизненная позиция – путь к успеху
- •Рецензия
- •Человек, которым я восхищаюсь
- •Рецензия
- •«Мое образование – мой капитал»
- •Комментарий к работе
- •В век космических скоростей люди перестали удивляться
- •Есть ли равенство в дружбе?
- •Память сильнее времени
- •Говорю о войне, хоть и знаю о ней понаслышке…
- •Рецензия
- •Говорю о войне, хоть, и знаю о ней понаслышке
- •«Говорю о войне, хоть и знаю о ней понаслышке…»
- •Чтобы дойти до цели надо, прежде всего, идти
- •Победа за тем, в ком живет согласие?
- •Случай, который изменил мою жизнь
- •Случай, который изменил мою жизнь
- •Дорога к счастью
- •Кино в моей жизни
- •Что разрушает дружбу?
- •Что разрушает дружбу?
- •Книги уходят в прошлое?
- •Рецензия
- •Книги уходят в прошлое?
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдап жазыңыз
Бердалина Алуа
Айыртау ауданы
Қаратал орта мектебінің
11-сынып оқушысы.
Ақын өлеңде заманның зарлығы мен тарлығын сипаттап жазады.
Бұрынғы өткен заманмен, сол кездегі адамдардың мінез-қылығы мен өзі өмір сүріп жатқан кездегі адамдардың болмысын салыстыра отырып, заманның тарылғанын, тар заманның қыспағынан халықтың зар илеп отырғанын жырлайды.
Менің ойымша, Шортанбай өлеңді «Зар заман» деп дұрыс атаған. Заманның келбетін, келе жатқан өзгерістердің жақсылық әкелмейтінін тап басып айтқан.
Азулыға бар заман,
Азусызға тар заман,- деп өзінің кедей-кепшіктің қамын жейтін, дәулеті барлардың жүрегінде әділдік пен аяушылық болуын қалайтын азамат екенін көрсетеді. Сондықтан заманның тарлығы мен зарлығының белгілерін ажыратып айтып береді.
«Жаман – малға жүгінген» деп тар заманның белгісі ретінде кісілік, адамшылық қасиеттен мал-дәулеттің буы бағалы болып тұрғандығын атап өтеді. А.Құнанбайұлының: «Тегінде, адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озбақ. Онан басқа нәрселермен оздым ғой демектің бәрі де – ақымақшылдық» деген сөзін қаперге алмайтын заманның туып келе жатқанын Шортанбай ақын өте жақсы байқай біледі. Байлық жолында ештеңеден тайынбайтын адамдар бейнесін:
Байлар ұрлық қылады,
Мал түзіне көрінбей.
Билер жейді параны,
Сақтап қойған сүріндей,- деп ашына суреттейді. Заманды тарылтып жатқан жайттардың бірі – орыс патшасының отарлық саясаты болса, екінші бір себебі – қазақтан болыс-би етіп сайлап қойған азаматтардың имансыздығынан, ата жолынан айнып бара жатқан тәрбиесіздіктен, тексіздіктен деп біледі.
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңесіп,- деп заманның бұзылғанының бір көрінісі ретінде үлкенді тыңдамайтын жастардың көбеюін атап өтеді. Еңбегі еш болған қайран кедейдің жайын:
Мал үшін он екі ай қой бағып,
Жалғыз тоқты алады,- деп жырласа, еңбек еткен адамға еңбекақысын толық бергісі келмей, біреудің ақысын жейтін имансыз байлардың сипатын мынадай жолдармен береді:
Тоқты берсе, ісек деп,
Құнан шығар тұсақ деп.
Саулық берсе, егіз деп,
Қыстан шыққан семіз деп.
Өз көзімен көрген әлеуметтік ақиқатты шынайы жырлаған Шортанбай өлеңдері замана суретін берудегі шыншылдығымен құнды.
Қорыта келгенде, «Зар заман» өлеңі әдебиет зерттеуші ғалымдар тарапынан «Зар заман ақындары» деген ортақ сипатқа ие болған ақындардың көтерген мәселесін барынша жырлап кеткен шығарма деп айта аламыз.
Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» өлеңіндегі заманның зарлығы мен тарлығының белгілерін дәлелдер арқылы талдаңыз
Он тоғызыншы ғасыр қазақ халқы үшін ұлт ретінде қалыптасуында үлкен әсерін тигізгін ғасыр болды. Ресейде крепостнойлық құқықтың жою туралы заңының лебі қазақ даласына жетіп, елдің билеу жүйесіне өзгерістер әкелген еді. Бұрынғы хандық дәуір келмеске кетіп, оның орнына жаңа билік орнай бастады. Халқымыздың бұған дейінгі өмір сүру салты өзгеріп, капитализмнің элементтері кіре бастады. Қазақтың байырғы жерлеріне қамалдар салынып, шұрайлы жерлерін қара шекпенділерге бере бастады. Ел ішіндегі осындай өзгерістерге куә болған Дулат Бабатайұлы, Шортанбай Қанайұлы, Мұрат Мөңкеұлы сынды ақындар өздерінің наразылықтарын өлеңдерімен білдірді. Солардың бірі- Шортанбай Қанайұлының «Зар заман» толғауы. Толғауда заманның зарлылығы мен тарлығының белгілерін былай көрсетеді:
Асылық асқан заманда,
Алуан-алуан жау шықты,
Арам ораз хан шықты,
Қайырымы жоқ бай шықты,
Сауып ішер сүті жоқ,
Мініп көрер күші жоқ,
Ақша деген мал шықты.
Ақынның бұл суреттеуінде зар заманның қай жақтан есіп тұрғаны бірден байқалады. Сауда-саттыққа негізделген қарым-қатынас адамдар арасындағы адамгершілік байланыстарды үзіп, пұл тілінде сөйлеуге негіздейтін болды. Байлар ақшасы жоқ елден тауарларына айырбас жасау үшін күзде қозы мен бұзау жинап, бейшара халықты сору арқылы байи түсті. Сөйтіп, капитализммен келген ел билеу жүйесі, отаршылдық саясат, сауда – бәрі адам психологиясын бұзды. Бұрынға бай мен билердің де мінез-құлқы өзгеріп, өз құлқынынан басқа ел қамын ойламайтын тоғашар байлар пайда болды. Осы өзгерістердің бірін де Шортанбай ақын қабылдамады.
Кетейін десе, алды тар,
Тұрайын десе, кәпір бар,-
Қайсы бірін айтайын,
Қазақтың ұлы қамалды -деп елдің алдында тұрған шарасыздықты сөз қылады. Сол кездегі заманға сай жастардың да өзгергенін тілге тиек етеді:
Ұл туады атаменен егесіп,
Қыз туады анаменен теңесіп,
Баласы кетті тыюдан.
Шортанбайдың «Зар заман» өлеңі сол кездегі өткір шындықты бейнелейді. Заманның кері кетуін, халықтың жақсы қасиеттерін жоғалта бастауын жүрегімен сезіп жырлаған. Бұл өлеңді оқып отырып, ақын өзі өмір сүрген заманды өткен күнмен салыстырып, адамдардың мінез-құлықтарының өзгеруін, қайыры жоқ байлардың шығуын, ақшаның мал орнына жүргенін, заманының зарлығын, тарлығын өлеңіне өрнек ете білген шыншыл және терең ойлы шығарма.
