- •Мазмұны
- •Қазақстандағы жер бедерінің ерекшеліктері.
- •Климаттық белдеулерге сипаттама
- •1.3.Қазақстанның жер қоры.
- •Республикадағы ауыл-шаруашылық өндірісінде пайдаланылатын жерлердің көлемі туралы мәліметтер
- •Қазақстанның су қоры
- •2.1. Шөлдену процесінің негізгі себептері
- •Қазақстанның шөлді аймақтары
- •2.3. Шөлдену процесімен күресу жолдары .
- •3.1. Топырақ экологиясы
- •Әлемдік экологиялық проблемалар құрылымы
- •2 Кесте
- •Топырақтың ауыр металдармен ластануының қалалар мен аймақтар бойынша көрсеткіші
- •Қазақстан жеріндегі радиациялық апат аймақтары
- •Қазақстанда қалыптасқан экологиялық апаттар, оның тигізетін зардаптары
- •3.2. Өсімдіктер және жануарлар экологиясы
- •3.3. Қазақстандағы ормандардың экологиясы
- •3.4. Қазақстанда қалыптасқан экологиялық мәселелерді шешу жолдары.
- •Қорытынды:
- •Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
Климаттық белдеулерге сипаттама
Қазақстан аумағын 4 климаттық белдеу (орманды дала, дала, шөлейт және шөл) қамтиды. Орманды дала климатық белдеуі республиканың ылғалы ең мол бөлігі. Орташа жылдық жауын-шашын мөлшері 242-315 мм-ге дейін оның 80%-ы жылдың жылы мезгілінде жауады. Қазақстанда орманды дала зонасы Батыс Сібір жазығы мен Жалпы Сырт қыратының азғана бөлігі (2,5 %-ға жуық) алып жатыр. Орманды дала зонасының климаты басқа зоналарға қарағанда, біршама қолайлы. Жазы қоңыржай ыстық, шілденің орта температурасы +18+20°, қысы едәуір суық, ауаның температурасы –51-53 °-қа дейін төмендейді. Қаңтардың орташа температурасы –17-19 ° С. Ертістің, Еділдің, Тобылдың және басқа бірқатар ірі өзендердің суы халықтың тұрмыс қажеті үшін ғана емес, өнеркәсіп мақсаты үшін де пайдаланылады. 53 °С-тан жоғары орташа тәуліктік ауа температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100 °С. Вегатациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 160-170 тәулік. Ормандарда орманның сұр топырағы, ал түрлі шөп өсетін далаларда қара топырақ болады. Ең қысқа жыл маусымы – көктемгі ұзақтығы. 1,5 ай, жазы 3 айға созылады. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 37 күн, кейбір жылдары 110-113 күнге дейін созылады. Орманды дала зонасы – Қазақстанның ең жақсы игерілген табиғат зоналарының бірі.
Далалық климаттық белдем республиканың солтүстігіндегі біраз аймақты қамтиды. Дала зонасы Қазақстанның жер көлемінің 26 %-дан астамын алып жатыр. Дала зонасының оңтүстігінен бастап, батыстан шығысқа қарай 2200 км-ге созылған кең алқапты қамти, шамамен 54°-50° С.е аралығында орналасқан. Дала зонасына Батыс Сібір жазығының Оңтүстік шеті, Торғай үстіртінің солтүстігі, Мұғалжар тауы бүтіндей дерлік, Жалпы Сырттың сілемдері, Каспий маңы ойпатының Солтүстік шеті, Орал етегі (Жем) үстірті, Сраыарқаның оңтүстігі және Орталық аудандары жатады. Жылдық жауын-шашын мөлшері 200-300 мм, оның 70-80 %-ы жаз айларына тән. Тұрақты қар жамылғысы 140-160 күнге созылады, қардың орташа қалыңдығы 30 см-дей. Дүлей желді күндер көп және эрозиялық процестер күшті дамыған. 10°С-тан жоғары ауаның орташа тәуліктік, температурасының жылдық жиынтық мөлшері 2100-2300°С. Вегетациялық өсіп-өну кезеңінің ұзақтығы 170-180 тәулік. Қуаңшылықтың орташа жылдық мөлшері 69 күн. Орманды дала климаттық белдеміне қарағанда қысы және көктемі қысқа, жазы ұзағырақ, күзі 1 айға жуық. Даланың климаты континентті.
Дала зонасы өзендерінің суы аз болады. Зонаны Ертіс, Еділ, Тобыл, Жайық, Нұра және бірнеше шағын өзендер кесіп өтеді. Егін шаруашылығы мен өнеркәсібі дамыған аудандарда судың жеткіліксіздігі, яғни тапшылығы байқалады. Дала зонасы шөптесін өсімдіктерге бай. Шөлейт климаттық белдем, немесе қуаң дала Қазақстанның орта бөлігіндегі жазық өңірді алып жатыр. Қазақстанның шөлейт жерлері дала мен шөл зоналары аралығында орналасып, Жайық жағасынан Алтай тауларына дейін 2900 км-ге созылған. Республика территориясының 14 %-ын алып жатыр. Зонаның Оңтүстік шекарасы 48°с.е. бойымен өтеді. Климаты құрғақ континетті. Жылдық жауын-шашын мөлшері оңтүстікке қарай 279 мм-ден 153 мм-ге дейін кемиді. Оның 43-27 %-ы жылдың суық маусымында түседі. Ауаның орташа тәуліктік температурасы 25° С-тан жоғары күндер саны 30-45, 35° С-тан жоғарғысы 10-20 күн. Вегетациялық өсіп өну кезеңінің ұзақтығы 170-200 тәулік. Аңызақ лебі кейбір жылдары айына 27-29 күнге созылады. Шөлейт зонасында жазда өзендердің көбінің суы тартылып, кеуіп кетеді.Тұрақты ағатын ең ірі өзендері – Ойыл, Жем, Торғай, Сарысу, Аягөз. Шөлейттің негізгі топырағы – ашық қызғылт топырақ. Топырақтың беткі қабатында шірінді 2-3% ғана. Саз топырақты жазық және ойпаң учаскелерде сортаңдар едәуір орын алады. Шөл дала зонасында даланың, әрі шөлдің өсімдіктері таралған. Мұнда негізінен ашық қызғылт топырақты жерде ғана егіншілікпен шұғылданады. Шөл климаттың белдемі Қазақстанның жазық өңірінің көп бөлігін қамтиды. Ол 3 типке ажыратылады: Сазды шөл, құмды шөл және тасты шөл. Шөл климаттық белдемі шөлейттен басталып, оңтүстікте биік таулы өлкенің етегіне дейін созылады. Шөл климаттық белдемі Республика территориясының 44%-ға жуығын алып жатыр. Климаты тым континентті және аса құрғақ. Орташа жылдық температурасы 3-13 °. Жылдық жауын-шашын мөлшері 81-84 мм. Кейде жылына 20-30 күндей қар жауады. Жазы ұзақ ыстық, қысы салқын, ауасы тым құрғақ келеді. Вегетациялық өсіп-өну кезеңі 180-260 тәулік. Шөл зонасы солтүстік пен оңтүстік болып екіге бөлінеді. Солтүстік шөлдерге Үстірт пен Тұран жазығының солтүстік жартысы, Бетпақдала Үстірті, Мойынқұм, Балқаш маңы құлдары жатады. Ал оңтүстік шөлдерге Үстірт пен Қызылқұм алып жатқан Тұран жазығының оңтүстік жартысы жатады. Шөлдің солтүстігінде жеңіл сұр қоңыр топырақ тараған. Шөлдің Оңтүстігінде сұр қоңыр топырақ басым. Оның құрамында шірінді (1,0-1,2 %-ды) құрайды. Құмды шөлдер бүкіл шөл зонасының үштен біріне жуығын алып жатыр Олардың ең ірілеріне Қызылқұм, Арал маңындағы Қарақұм, Мойынқұм, Сарыесік-Атырау және Каспий маңы ойпатының құмдарын жатқызуға болады. Шөл өсімдіктері табиғат жағдайына қарай бейімделеді. Соңғы шөлдер құмды шөлдердің арасында немесе соларға жапсарлас жатады.
Ең ірі сазды шөл – Үстірт Бетпақдала және Сырдария өзенінің оңтүстік жағалары. Үстірттің ойпаң жерлерін тұзды көлдер, сор, сортаң және тақыр алып жатыр. Тастақ немесе тасты шөлдер Сарыарқаның оңтүстігінде, Бетпақдаланың шығысында және Үстіртте кездеседі. Шөл зоналарындағы өзен аңғарларында ерекше өсімдіктер бар. Әртүрлі өсімдіктерден құралған қалың бұталар өседі. Оны тоғай деп атайды. Тоғай әсіресе Сырдария, Шу, Іле өзендерінің аңғарларына тән. Бұнда жыл маусымдары айқын ажыратылады. Қысы қысқа 90 күндей, жазы ұзақ 160-170 күнге дейін созылады.
