Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
kurs_1497.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
385.54 Кб
Скачать

4.1. Судың құрамында болатын ластағыш қоспалардан тазалау

Фазалы-дисперсті классификацияны практика жүзінде қолдану, сумен қамтамасыз ететін тұйық жүйедегі қалдықсыз технологиясын ұйымдастыруға мүмкіншілік туғызады.Қолданылған суды тазалау, оларды қайта қолдануға немесе қоршаған ортаны ластамай өзен мен көлдерге тастауға мүмкіндік береді/15/.

Суды тазалау үшін қолданылатын технология, судың құрамында бар заттардың түрлері және олардың мөлшері негізінде жасалады.

Бірінші топқа жататын гетерофазалы қоспаларды тазарту үшін, тұндыру сүзу прцестері ал кейбір жағдайларға байланысты ерітіндегі тұнбаларды бөліп алу мақсатында центрден тепкіш күш және флотация тәсілдері де қолданылады. Сүзу прцестерін іске асыру үшін майда тесіктері бар торлар (сеткалар) жоғары дисперсті аллюминий немесе темір гидроксидтері пайдалынады.

Екінші топқа жататын микрогетерофазалы қоспаларға:коллоидты органикалық және жоғары молекулалық қосылыстар жатады. Оларды бөліп алу үшін, алюминий және темір гидроксидтері қолданылады.

Үшінші топқа жататын еріген молекулардан тазарту үшін, органикалық заттарды тотықтырады. Активтенген көмірмен, не басқа да сорбенттермен адсорбциялайды, органикалық еріткіштермен экстракциялайды, ұшатын қосылыстарды десорбциялайды және т.б. Мұндай зиянды қосылыстардан құтылу арнаулы қондырғыларда іске асырылады.

Ал, төртінші топқа кіретін электролиттерден тазалауды иондарға тән қасиеттерге сүйене отырып шешуге болады. Нейтрализациялау немесе комплекс түзу негізінде, аз диссоцияланатын немесе аз еитін қосылыс түрінде өткізу; катионитті немесе анионитті қатты фазалардың бетіне сорбциялау, жинақтау, фазалық күйін өзгертіп, газ немесе қатты түріндегі қосылыстарға өткізу, сұйық фазаның бір бөлігіне жинақтау (экстрация, кері осмос); иондардың электр өрісіндегі қозғалысын қолдану және т.б/12,17/.

Ашық су қоймаларынан ішетін суды дайындау үшін, оларды тұндырады, түссіздендіреді және залалсыздандырады. Ал еге, суды жер астынан алатын болса, онда оларды көп жағдайда тек қана залалсыздандырады.

Су тазалау станцияларына қондырғылардың жобасын жасау кезінде көптеген жағдайларды ескеру керек. Қажетті көлемдегі су үздіксіз ағып отырып, барлық тазалау процестерін толық жүріп үлгеруі тиіс. Суға қосылатын реагентер, судың сапасы және олардың ағу көлемі бір-бірімен тікелей байланыста болады.

Суды дайындау кезіндегі негізгі мәселердің бірі, ол- судың иісін, түсін және дәмін бүлдіріп тұратын органикалық қосылыстардан құтылу. Оларды оттегімен, озонмен тотықтырып, онан соң активтелген көмір, металл гидроксидтері және ионалмасу смолаларында адсорбциялайды. Суды өңдеу режимі және реагентерді таңдау, оның құрамындағы химиялық қоспалардың табиғатына байланысты анықталады

Кейбір органикалық қоспалардан суды тазартуда және түссіздендіру үшін, хлорлау әдісі де қолданылады.Бірақ құрамында мұнай қалдықтары бар суды тазалауда хлорлау әдісі дұрыс нәтиже бере қоймайды. Ал, құрамында фенол қосылыстары бар суды хлорлау, ең тиімді әдістің бірі болып табылады. Қажеттілік жағдайда озондау, хлорлаумен салыстырғанда дұрыс.

НИИ мәліметтері бойынша (А.Н. Сысина атындағы “Адам экологиясы мен қ.о. гигиенасың) /6/ орта шамамен көптеген мемлекетте санитарлық-химиялық көрсеткіш бойынша әр 3-і проба гигиеналық талаптарға, ал әр 10-ы санитарлық - бактериялық нормаларға сәйкес келмейді.

Су тазалау жолдарын анықтауда, алдымен сол судың қолдану аясын ескеру қажет (тұрмыстық, тағам үшін т.б.). Судың сапасын қолдану аясында қажетті оптимальді деңгейіне жеткізу үшін, арнайы су тазалау жүйесін анықтап алу қажет. Бұндай тазалау жүйелерін 2 топқа бөлуге болады. 1-тобы су үйге кіргенде қойылса, 2 тобы қолдану нүктесінде мысалы, асханаға қойылады.

1-тобы суды тұрмыстық қолданысқа қажетті деңгейде тазартады. Бұл сумен кір жуғыш машинамен жұмыс істеп, ыдыс–аяқты жууға болады.

2 тобы ас суын дайындайды. Екі топқа қойылатын талаптар өзара ерекшеленеді. Себебі ішуге арналған су тұрмыстық шараларға жұмсалып, ал тазалығы төмен су ас суы ретінде қолданып кетуі мүмкін.

Тұрғын үйлерге су кіру жүйесінде ірі тазалау фильтрін (полимерлі картридждері бар) орнатуға болады. Олар тат пен ірі бөлшектерді ұстап қалады. Бұл өз алдына сантехника бұйымдарының тұрмысын ұзартады. Бірақ бұндай фильтрлер судың жағымсыз дәмін жоя алмайды.

Үй ішінде орнатылатын фильтрлер мемлекеттік стандарттарға сай тестерден өтуі тиіс. Бұндай фильтрлер адам организміне түсетін судың өзіндік минералды құрылымын өзгертпейді. Оны орнатудың негізгі мақсаты ас суының бастапқы сапасын қалпына келтіру.

Су фильтрациясының түрлері:

  1. Сепкіш тазалау жүйелері.

  2. Ерімейтін механикалық бөлшектерді, құмды және коллоидтердің механикалық тазалаудың торлы және диск тәрізді фильтрлері

  3. Микроб, бактерия және т.б. микроорганизмдерді жоятын ультракүлгін стериализаторлар.

  4. Темір, марганец, күкірсутекті жоятын тотықтырғыш фильтрлер

  5. Органикалық қосылыстарды, нитраттар, нитриттерді, сульфаттарды, ауыр метал тұздарын жойып, жұмсартқыш ионалмастырғыш фильтрлер.

  6. Қалдық хлор, еріген газдар мен органикалық қосылыстарды жойып органолептикалық көрсеткішті жоғарлататын (дәмі, иісі, түсі) адсорбциялық фильтрлер.

  7. Комплексті көп сатылы жүйе - біріккен фильтрлер.

  8. Мембрана жүйесі – тазалаудың ең жоғарғы деңгейі, ас суын дайындаудың қайта осматикалық жүйесі.

Кейбір ғалымдардың айтуы бойынша жоғары дәрежелі тазаланған суңпайдасызң яғни, су құрамында белгілі мөлшерде микроэлементтер болуы қажет деп есептейді. Ал, екіншілерінің көзқарасы бойынша адам организмі тек табиғаты жағынан органикалық заттарды (жануар мен өсімдіктерден шыққан) сіңіре алады, ал су тек еріткіш күйінде болады және ол максимальды түрде таза болуы тиіс. Бұл екі көзқарас өзара дұрыс бірақ, суды дистелденген күйге дейін жеткізу әлдеқайда оңай және тиімді, оның құрамына заттарды белгілі концентрацияға дейін енгізіп жеткізуге қарағанда.

Мысалы шет елдерде сыра шығару өндірісінде суды тек белгілі шекке дейін тазалап, оған мөлшерлеп қатаңтүрде есептелеген зат қосады.

Сонымен қатар қарапайым есептеулер бойынша адам организмі судан оптимальді түрде макро және микроэлементтерді алу үшін күніне кем дегенде 30-50 литр су ішуі қажет. Басқаша айтқанда біз судан пайдалы заттарды алғанымен олар күнделікті дозаның 10-15% ғана алады.

Жалпы айтқанда, тотықтыру және адсорбциялау әдістерін комплексті қолдану, табиғи суларды шіріген биологиялық заттардан пайда болған органикалық қосылыстардан тазартуға және одан басқа мұнай, фенол, беттік активті заттардан (БАЗ) және де басқа қосылыстардан құтылуға мүмкіншілік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]