- •1. Әлеуметтанудың зерттеу пәні мен объектісіне анықтама
- •2.Әлеуметтанудың заңдары мен категориялары
- •3.Әлеуметтанудың құрылымы
- •4.Әлеуметтанудың қызметтерi
- •5. Әлеуметтанулық зерттеулердің түрлері
- •6. Огюст Конттың позитивистік әлеметтануды түсіндіріңіз
- •7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
- •8.Макс Вебер теориясы
- •9. Эмиль Дюркгейм теориясы
- •10. Карл Маркс теориясы
- •11.Тұлғаның әлеуметтендіреуін көрсетіңіз
- •12. Әлеуметтик стратификацияны жіктеу
- •13.Әлеуметтик институттардың дамуы және институционалдау
- •14.Мәдениеттің түсінігі,түрлері және қызметтері
- •15. Қазіргі отбасының негізгі типтері.
- •16. Әлеуметтанулық зерттеудің бағдарламасын сипаттап жазыңыз.
- •17. «Әлеуметтік статус» және «әлеуметтік рөлге» анықтама беріңіз
- •18.Қоғамның әлеуметтік институттарды сипаттап жазыңыз
- •19.Әлеуметтік қауымдастықтар мен әлеуметтік топтарды атап шығыңыз
- •20.Тұлғаның әлеуметтік типологиясы.
- •22.Әлеуметтік жүйежәне Әлеуметтік құрылым
- •28.Әлеуметтік ұйымдар
- •29.Девиантты мінез құлыққа мысал көрсетіңіз
- •30. Әлеметтік мобильділік пен оның түрлеріне мысал келтіріңіз
- •31. Қоғамның типолоғиясы
- •33. Стратификациялық жүйелердің типтері
- •36.Отбасының ұғымын және оның қызметтерін атап щығыңыз
- •37. Қоғамның әлеуметтік тұжырымдамасы
- •38. Әлеуметтік бақылауды түсіндіріңіз
- •39. Әлеуметтік мәртебелерді түсіндіріңіз
- •41.Әлеуметтік этностық қоғамдастық
- •43.Әлеуметтік қабат және әлеуметтік сынып
- •44. Әлеуметтік даму мен Әлеуметтік прогресспен көрсету
7. Герберт Спенсер теориясының магынасы
Спенсер (Spencer) Герберт (27.4.1820, Дерби, – 8.12. 1903, Брайтон) – ағылшын философы және социологы, позитивизмнің негізін салушылардың бірі. Спенсер дің философиялық көзқарасы О.Конттың, Д.Юмның, Дж.Милльдің әсерімен қалыптасты. Спенсер дүниедегі құбылыстарды білгенімізбен олардың мәнін танып, жете алмаймыз деді. Оның дәлелдеуінше кез келген ғылым ұғым қарама-қайшылыққа толы, сондықтан да түсініксіз. Ғылым жеке тұлғаның тәжірибесіне немесе жалған негізге сүйенгендіктен құбылыстардың ішкі мәніне бойлай алмайды деп білді. Объективті дүниені танып-білуге болмайды деген ұйғарым діни көзқараспен сабақтасып жатуынан, Спенсер дің ғылым мен дінді ұштастыратыны көрінеді. Спенсер дін ілімінде агностицизм объективті идеализм элементтерімен ұштасып жатады. Спенсер дің эволюц. тұжырымдамасы оның әлеум. көзқарасымен қоғамның органик. теориясы деп аталатын іліміне негіз болды. Спенсер социалдық құрылымға қарсы болып, төңкерісшілдікті қоғамдық организмнің індеті деп білді.Х1Х-ғасырдың ғылыми –философы Г. Спенсер социолгияның қалыптасып дамуына үлкен үлес қосты. Жас кезiнен ғылым жолына түскен (темiр жол инженерi) Г. Спенсер Дарвиннiң эволюциялық теориясын дүниенiң барлық салаларын түсiндiру үшiн қолдануға болады деген қорытындыға келдi. Спенсер қоғамды биологиялық организмдермен салыстыра отырып, оны адамзат қоғамының жеке тарихына да қолдануға болады деп мойындайды. Қоғамның жеке бөлiктерiн (жанұя, мемлекет, т.б.) организм бөлiктерiмен (жүрек, нерв жүйесi, т.б.) салыстырып, осылардың әрбiрi бүтiннiң қызметiне әсер ететiндiгiн айтты. Спенсердiң пiкiрiнше биологиялық организм сияқты қоғамда қарапайым формадан күрделiге қарай дамиды. “Табиғи iрiктелу” адамзат қоғамында да жүредi, яғни тек қабiлеттiлер ғана тiрi қалады. Спенсер пiкiрiнше адамзат үшiн өмiр сүруге қабiлетсiз индивидтерден табиғи iрiктелудiң көмегiмен құтылу қажет. Мұндай филоиофия “әлеуметтiк дарвинизм” (Социальный дарвинизм) деген атқа ие болды. Спенсер мұндай философияны комерциялық мекемелерге және эконмикалық институттарға қолдануға болады деп санады. Қорыта келгенде Г. Спенсер социологиялық теорияның дамуына едәуiр үлес қосты. Ол қоғамды ерекше (дискреттi) жеке бөлiктерден құралған организм ретiнде қарастырды. Спенсер аналогиялық тәсiлдi қолдану нәтижесiнде ғылымға “құрылым”, “функция” деген ұғымдар енгiзiлдi.
8.Макс Вебер теориясы
Макс Вебер батыстың iрi әлеуметтанушысы, 1864-1920 ж.ж. өмiр сүрген. Вебер пiкiрiнше әлеуметтану қоғамның әлеуметтiк-тарихи құбылыстарының субъектиâтiк (яғни адамның санасына, ойлануына байланысты) жақтарын, нақтылы айтсақ адамның iс-әрекетiнде, қызыметiнде оның мұң-мұқтажын, талап-тiлегiн, қажеттiлiгін, мақсатын, т.б. әр уақытта ескерiп отыру керек. Социологияның басты мiндетi – адамдардың iс-әрекетiнiң, қимылын, мәнiн, мағынасын, мазмұнын терең түсiу, ұғыну болып табылады. Осыларды талдай отырып, қоғамның даму заңдылықтарының себебiн ашуға болады дейдi. М. Вебер өзiнiң әлеуметтiк зерттеулерiнде түсiну, ұғыну әдiстерiне көп көңiл аударуына байланысты оның әлеуметтану теориясы ”түсiну әлеуметтануы” деп аталады. М. Вебер әлеуметтану саналы адамның мiнез-құлқы туралы ғылым ғана емес, сонымен бiрге оның әлеуметтiк iс-әрекетi туралы ғылым. Әлеуметтiк iс-қимыл, әрекет адамның мiнез-құлқымен бiрдей, өйткенi әлеуметтiк iс-әрекет өзiнше жасалынбайды, бағытталып өмiр сүре алмайды, ол әр уақытта бақа бiреуге бағыталуын тосу, күту үшiн дейдi. Мұнсыз қандайда бiр iс-әрекет, қимыл әлеуметтiк болып саналмайды. Осығн сәйкес елiктеушiлiк, яғни индивидтiң iс-әрекетi тобырға елiктеп жасалса немесе қандайда бiр табиғи құбылысқа бағытталса ол әлеуметтiк болып саналмайды. Яғни Вебер бойынша индивидтiң iс-әрекетi келесi бiр индивидке бағытталса және оның iс-қимылы мен мiнез-құлқына әсер етсе, ол әлеуметiк әрекет болып саналады. Сонымен, түсiну әлеуметануының пәніне саналы iс-әрекет жатады. Бұл әлеуметтiк iс-әрекеттердiң бiрнеше түрлерi болады. Олардың ең бастысы – мақсатқа сай келетiн iс-әрекет. Оны тұлға ойлаған мақсатына жету үшiн қолданады. М. Вебер саяси әлеуметтануды дамытуға үлкен үлес қосты. Өзiнiң әлеуметтiк iс-әрекет тұжырымдамасына сүйене отырып, ол легитимдi саяси билiктiң үш түрiн көрсеттi.
Хразматикалық билiк.
Дәстүрлi билiк.
Рационалды билiк.
Сондай-ақ М. Вебер билiктiң легитимдiгi, яғни заңдылығын тiлге тиек ете отырып, билiк мына үш жағдайда легитимдi болады деп көрсеттi: (билiктiң легитимдiгi-халықтың үстем етiп отырған билiктi мойындауы,
заңды деп тануы). Хразматикалық легитимдiк (басшының жеке қасиеттер, мiнез-құлық арқылы мойындалуы). Дәстүрлiк немесе әдет-ғұрып легитимдiгi (басшы салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарға сүйенiп билiк жүргiзедi). Ақыл-парасат (рационалды), құқық легитимдiгi (басшы заңға сүйенiп билiк жүргiзедi). М. Вебер стратификация теориясының негiзiн салушылардың бiрi. Веберлiк әлеуметтiк стратификацияның өлшемi тек экономикалық факторлар, яғни меншiк ғана емес, Сонымен бiрге саяси статус, әлеуметтiк статус (бедел, қадiр, бiлiм) өлшемдерi қоданылады.
