Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
каз.медик.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
451.96 Кб
Скачать
  1. Аналық бездер: топографиясы, құрылысы, қызметі, қанмен қамтамасыз етілуі мен жүйкеленуі.

Жауабы: Аналық без, ovarium, жамбас астау қуысында орналасқан жұп без. Аналық безде аналық жыныс жасушалары дамып жетіледі және қан мен лимфаға әйел жыныс гормондарын бөледі. Аналық без сопақша пішінді, алдынан-артқа кішкене жалпиған. Аналық бездің түсі ақ-қызғылт. Аналық без салмағы5-8 г. Аналық бездің орташа көлемі: ұзындығы- 2,5 см, ені-1,5 см, қалыңдығы – 1 см-ге жуық. Аналық бездің екі бос бетін: Жамбас астау қуысына қараған медиалді, facies medialis, және жамбас астау қабырғасында жатқан латералді,facies lateralis, ажыратады.Аналық без беттері шығыңқы бос жиекке, margo liber, ал алдынан-аналық бездің шажырқайына бекитін шажырқайлық жиекке, margo mesovaricus, өтеді. Шажырқайлық жиекте науашықтәрізді ұңғыл- аналық без қақпасы, hilus ovarii, орналасқан. Ол арқылы аналық безге артерия мен нервтер кіріп вена мен лимфа тамырлары шығады.Аналық бездің ұзыны вертикальды орналасқан, соған байланысты жатыр түтігіне қараған жоғарғы түтіктік шетін, extremitas tubaria, және жатырлық шетін, extremitas uterina, ажыратады. Ол жатыр мен аналық бездің меншікті байламымен, ligamentum ovarii proprium, байланысқан. Бұл жалғама дөңгелек жіп түрінде аналық бездің жатырлық шетінен жатырдың латералді бұрышына дейін, жатырдың жалпақ байламының екі табағының аралығында орналасқан.Аналық бездің байламдық аппаратына, ligamentum suspensorium ovarii, жатады, құрамында аналық бездің тамырлары мен фиброзды талшықтар будалары орналасқан, ол кіші жамбас астау қабырғасынан аналық безге өтетін ішастардың қатпары. Аналық без ішастармен жабылмайды. Аналық бездің түтіктік шетіне жатыр түтігінің аналық без шашағы бекиді. Аналық бездің топографиясы жатырдың орналасуына, оның ұлғаюына байланысты.Аналық без кіші жамбас астауында орналасатын қозғалмалы мүшелерге жатады.

Аналық бездің қабырғаларының құрылысы:

Аналық без беті бірқабатты эпителиймен жабылған. Оның астында дәнекер тінді ақ қабық, tunica albuginea, орналасды. Аналық бездің дәнекер тіні эластикалық талшықтарға бай негізін, stroma ovarii құрайды. Аналық без паренхимасы сыртқы және ішкі қабаттарға бөлінеді. Аналық без орталығында, оның қақпасына жақын ішкі қабатын – милы зат, medulla ovarii, деп атайды. Бұл қабатта көптеген лимфа және қан тамырлар орналасқан. Аналық бездің сыртқы қабаты, оның қыртыс заты, cortex ovarii, өте тығыз. Оның дәнекер тінінде жетілген аналық түйіншелері, folliculi ovarici matures, және алғашқы аналық без түйіншелері, folliculi ovarici primarii орналасқан. Жетілген аналық без түйіншелерінің диаметрлері 1 см-ге жетеді, оның дәнекер тінді қабығы,theca folliculi, болады. Тeканың тығыз дәнекер тіннен тұратын сыртқы қабығы және қан мен лимфа капиллярлары, интерстициалды жасушалар орналасатын ішкі қабығы ажыратылады. Ішкі қабығына түйіршікті қабат, stratum granulosum, жанасады. Бұл қабаттың бір жері қалыңдап, аналық жыныс жасушасы,овоцит, ovocytus орналасатын аналық без төмпесін, cumulus ovophorus, құрайды.Жетілген түйіншенің ішінде фолликулярлық сұйықтығы,liquor follicularis бар қуыс болады. Аналық жыныс жасушасы, zona pellucida мен corona radiata, қоршалып, аналық без төмтесінде орналасады. Аналық бездің жетілген түйіншелері біртіндеп аналық бездің беткей қабатына шығады. Овуляция кезінде пісіп жетілген түйінше жарылып, аналық жыныс жасушасы фолликулярлық сұйықтықпен бірге ішастар қуысына түседі, кейін түтіктің шашақтары арқылы жатыр түтігінің іштік тесігіне өтеді.

Жарылған түйіншенің орнында қанға толы ұңғыл қалады, кейін онда сары дене, corpus luteum қалыптасады. Егер аналық без ұрықтанбаса, оның көлемі кішкентай 1,0-1,5 см-ге жуық, көп тұрмайды, сондықтан циклдік сары дене, corpus luteum ciclicum menstruationis, деп аталады. Ол болашақта дәнекер тінмен алмасып, ақ дене, corpus albicans, атауын алады.Егер аналық жыныс жасушасы ұрықтанып, жүктілік пайда болса, жүктіліктің сары денесі, corpus luteum graviditatis, қалыңдап, диаметрі 1,5-2,0 см-ге іріленіп, жүктілік кезеңінде өмір сүріп, ішкі секреторлық қызмет атқарады. Кейін ол да дәнекер тінді ақ денемен алмасады. Аналық бездің жарылған түйіншелерінің орнында қатпар және ұңғыл түрінде іздер қалады.

Қанмен қамтамасыз етілуі: аналық безді құрсақтық қолқаның тармағы-аналық без артериясы, a.ovarica және жатыр артериясының тармағы-аналық без тармақтары, rr.ovaricae, қанмен қамтамасыз етеді.Аналық безденвеналық қан аттас веналар арқылы ағады.

Нервтендірілуі: аналық без құрсақтық қолқа және төменгі құрсақасты өрімнен тармақталған нервтермен нервтендіріледі.