Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Тіс протез Лекция 1.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
2.36 Mб
Скачать
  1. Тақырыбы: Тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясы. Шайнау аппаратының биомеханикасы. Артикуляция және окклюзия. Тістем түрлері.

  2. Мақсаты:Студенттерге тіс протездерін дайындау технологиясының стоматология саласында үлкен орын алатынын, оның ролі, мақсаты мен міндетін түсіндіру. Ауыз қуысын протездеуде тіс жақ жүйесінің функциональды анатомиясының маңызын, шайнау аппаратының биомеханикасы, артикуляция және окклюзия ұғымдарын білу, олардың тіс протездерін дайындау технологиясында алатын орны, тістем түрлерін оқыту, түсіндіру.

3.Дәріс тезистері:

Артикуляция мен окклюзиялар.

Сүйектердің буындағы мүшеленуін қозғалысын артикуляция деген терминмен белгілейді, ол буындағы мүмкін болатын қозғалыстар деп аталынады. Ортопедиялық стоматологияда осы ортақ қозғалыстардан тек тіс қатарларының түйісуі сақталатын қозғалысы бөлініп алынады. Төменгі жақтың бұл қозғалысын окклюзиялық қозғалыс деп атайды. Төменгі жақтың 3 түрлі окклюзиялық қозғалысымен тұрақтылығы бар:

А. орталық,

Б.сагитальды және

С.трансверзальды

шайнау аппаратының биомеханикасын дұрыс түсіну үшін:

1) тіс қатарына,

2) буынға қатысты артикуляция элементтерінің терминологияларын анықтау қажет.

а) сагитальды және трансверзальды окклюзиялық қисық.

б) күрек тістердің бір бірін жабу тереңдігі (фронтальды жабу)

в) сагитальды және трансверзальды күрек тістер жолының бұрышы (жоғарғы күрек тістердің тандай беті) готикалық бұрыш 120 градус.

г) шайнау төмпешіктерінің биіктігі мен ойықтығы.

д) сагитальды және трансверзальды буын жолының бұрышы. Беннет бұрышы 15-17 градус.

Төменгі жақ сүйектерінің қозғалыстарының әртүрлі тістесуіндегі биомеханикасы.

Биомеханика - адамдар мен жануарлардың қимылдары жөніндегі

ілім және ол барлық материалды денелерге тэн қозғалыстар заңының

негізіндегі қимыл-эрекеттерді зерттейді. Адамдар үшін арнайы

механика заңдары жоқ. Биомеханикалық зерттеулер обьективтік

заңдылықтар негізінде жүргізіледі.

Төменгі жақ сүйек қимылын зертеу арқылы шайнау жүйесінің

қалыпты жағдайы туралы, сонымен қатар оның қалыпты жагдайдан

ауыткуымен бүлшық еттерге, буындарға, тістердін түйісуіне жэне

парадонт тіндеріне эсер етуін анықтауға болады. Төменгі жақ

сүйегінің қимыл-қозғалыстары жөніндегі заңдылықтарды, арнайы

аспаптарды (артикуляторларды) қүрастыруда қолдануға болады. Tic жақ сүйектер жүйесінің функциясы шайнау бүлшық еттерінің

күйлерінің (жиырылу, созылу), шықшыт буынның элементтерінің

және тіс қатарының ара қатынасының өзгерумен іске асады.

Төменгі жақ сүйегінің қимыл-қозғалысын, шайнау бүлшық

еттерінің және шықшыт буындарының қызметтік ерекшеліктерімен

қатар зерттеу шайнау аппаратының қызметі жөнінде толық мағлүмат

алуға мүмкіндік береді.

Астыңғы жақ сүйегі шайнау, сөйлеу, жүту, күлу сияқты

қызметтерге қатысады, осылардың ішіндегі шайнау қызметінің

алатын орыны ерекше. Төменгі жэне жоғарғы жақтың тістері дұрыс

түйіскенде (окклюзия) ғана шайнау қалыпты жағдайда іске асады. Tie

қатарларының дұрыс түйісуі шайнау қимылының негізгі белгісі

болып табылады. Сөйлеу, жүту сияқты қызметтер тіс қатарларының

араларында ашықтық жағдайында іске асады

Адамның төменгі жақ сүйегі үш бағытта қозғалады: вертикалды

(жоғары жэне төмен), ол ауыздың ашылуы мен жабылуына сәйкес

келеді; сагиталды бағытта (алға және артқа); трансверзальды бағытта

(оңға жэне солға). Төменгі жақтың эрбір қимылы буын бастарының

бір мезгілде сырғып жылжуы мен айналмалы қимылдарының

нәтижесінде пайда болады. Шықшыт буындарының бір қозғалысында

айналмалы (шарнирлік) қимыл басым болса, екінші бір қозғалысында

сырғып жылжу қимылы басым болады.

Төменгі жақ сүйегінің вертикалды

Астыңғы жак

сүйегінің төмен түсуі m.myohyoideus, m.geniohyoideus, m.digastricus

жэне тіласты сүйегінің астында орналасқан бүлшық еттерінің

жиырылуы арқылы жүзеге асады. Ауыз жабылғанда төменгі жақ

сүйегінің көтерілуі m.temporalis, m.masseter жэне m.pterygoideus

medialis бұлшық еттерінің жиырылуымен жэне төменгі жақты төмен

түсіретін бүлшық еттің біртіндеп босаңсуы нәтижесінде өтеді.

Ауызды ашқан кезде буын бастары трансверзал бағыттагы өтетін

Тістердің қабысуы төменгі жақтың орталық, сагитальды және трансверзальдя күйіндегі тіс қабысуның маңызы зор. Орталық окклюзия төмендегідей морфофункциональдық белгілермен сипатталады:

а) төменгі жақты көтеретін бұлшықеттер біркелкі жиырылады.

б) төменгі тістер қарсы тістермен тығыз, біркелкі және бір мезгілде қабысады.

в) буын басы буын ойығымен буын төмпешігі ойысының түбінде мүшеленіп байланысады.

Жақтың тұрақтылығында тамақты тістеу және шайнау процесі аяқталады. Төменгі жақтың сагитальды күйі келесі белгілермен сипатталады:

а) төменгі жақты қозғайтын бұлшықеттер біркелкі жиырылған, ал өзгелері босаңсыған.

б) буын басы төмен алға қозғалып, буын төмпешігінің ұшына жетеді.

в) төменгі күрек тістер, жоғарғы күрек тістердің таңдай жағымен сырғиды да, жоғарғы күрек тістердің тістейтін шетімен түйісіп орналасады (сагитальды буын жолының бағыты), азу тістерде көптеген нмесе үш пункте түйісу болуы немесе мүлдем болмауы мүмкін. Азу тістердің ажырау шамасы алдыңғы істердің бір-бірін жабудың буын ойығының тереңдігіне және сагитальды окклюзиялық қисаюдың дәрежесіне байланысты. Сонымен қатар буын төмпешігі мен ауз тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне тура пропорционалды:

1) күрек тістердің фронтальды жабу тереңдігіне

2) буын ойығының тереңдігіне

3) сагитальды окклюзиялық қисаюдың дәрежесіне

4) буын төмпешігі мен азу тістердің шайнау төмпешігінің биіктігіне.

Шайнау аппаратының артикуляциясы мен окклюзия туралы ілімнің теория және іс-жүзіндегі маңызы зор. Ол тіс протезінің (әсіресе тіссіз жақ сүйегі үшін) құрастыруды ғылым жүзінде негіздеуге себеп болды.Тіс қатарлары арасындағы көптеген окклюзиялық түйісу парадонтқа түскен салмақты біркелкі таратуға жағдай жасайды. 7-9 жастағы баладарда сүйір тістердің төмпешігінің мүжілуінің бөгелуі жиі кездеседі. Окклюзияны бірқалыпты сақтау үшін бала астыңғы жағын алға қозғайды да, өзіне өзі тістесудің ауытқыған түрін жасайды. Бұл еріксіз түрдегі прогения кейін шын прогенияға айналып кетуі мүмкін. Ересек адамдарда парадонтоз кезіндегі әртүрлі окклюзия парадонтқа түсетін салмақты қабыну процесін және тістердің босаңсуын күшейтеді.

Тіс-жақ жүйесінің негізгі қызметін орындау төменгі жақтың әртүрлі сипатта қозғалуымен байланысты. Шайнау және жұтыну кезінде тіс қатарының қабысуымен ашылуында осы қозғалыстарыдң белгілі бір фазалығы бекітілген. Әдейі және рефлекторлы қозғалыста және дем алу, сөйлеу және әр түрлі мимикалық қозғалыстарда тіс қатарының қабысуы болмайды.

Төменгі жақтың қозғалысы шаралы және шарасыз рефлекстердің күрделі қосылыстарының негізінде әртүрлі бұлшық ет топтарының жиырылуынан жүзеге асады. Шайнау қысымын жүзеге асыру үшін нерв импульстарының реттілігі бас миының өзекті бөлімінде орналасқан орталықпен бақыланады.

Шайнау аппаратының барлық механизмінің іс-қимылын дұрыс бағалау үшін артикуляция, окклюзия және т.б. терминдерді міндетті түрде білу қажет.

Артикуляция – бұл төменгі жақтың барлық қозғалсыс кезінде жақтар мен тіс қатарларының жазықтықта қатынасы.

Артикуляцияның- бұл анықтамасына төмеңгі жақ тек шайнау қозғалысы ғана емес, сөйлеу, есінеу және т.б. кездердегі қозғалыстар жатады. Артикуляцияны практикалық мақсатта ең қолайлысы окклюзия варианттарының бір-біріне ауыспалы тізбегінде қарастырған жөн.

Окллюзия- бұл жоғарғы және төменгі жақтардың тіс қатарының немесе жекелей тіс топтарының белгілі бір уақыт аралығында қабысуы. Яғни окклюзия -бұл артикуляцияның бір моменті болып табылады.

Төменгі жақтың жоғарғы жаққа қатынасының күйіне байланысты былай бөлінеді:

  1. салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй.

  2. орталық окклюзия немесе жақтардың орталық қатынасы.

  3. бүйірлі оң окклюзия

  4. бүйірлі сол окклюзия

  5. алдыңғы окклюзия.

Салыстырмалы физиологиялық тыныштық күй шайнау бұлшықеттерінің минимальды белсенділігінде және мимикалық бұлшықеттерінің толығымен босаңсуындағы төменгі жақтың бір артикуляциялық күйі. Төменгі жақты көтеретін және түсіретін бұлшықеттердің тонусы біркелкі.

Орталық токклюзия түйісу нүктелерінің максимальды санында тістердің қабысуымен сипатталады. Бұл кезде беттің орталық сызығы орталық күрек тістер арасымен өтетін сызықпен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы буын бұдырының скатында, оның негізінде орналасады. Бұл кезде шайнау бұлшықеттерінің біркелкі және бір уақытта жиырылуы бақыланады.

Алдыңғы окклюзияда төменгі жақтың алдыға жылжуы болады. Бұл латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің екіжақты жиырылуымен жүзеге асады. Орталық күрек тістер арасындағы сызығы беттің орталық сызығымен сәйкес келеді. Төменгі жақ басы алдыға ығысып және буын бұдыры ұшында орналасады.

Бүйірлі окклюзия төменгі жақтың оңға немесе солға ығысуымен жүзеге асырылады. Төменгі жақтың оңға жылжуында латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің қарама-қарсы жағы жиырылады, ал солға керісінше.

Төменгі жақтың вертикальды қозғалысы.

Вертикальды қозғалыс ауызды ашып, жабуына сәйкес және төменгі жақты көтеріп, түсіретін бұлшықеттің кезектесіп жиырылуынан жүзеге

асырылады. Төменгі жақ түскенде тіс жақ қатарлары ашылады, ал ауызды жапқанда, керісінше қабысады. Ауыздың максимальды ашылуы кезінде тіс қатарлары арасындағы қашықтық орташа 4,4см тең.

Ауызды ашқан кезде төменгі жақтың әрбір тісі төмен түсіп және артқа жылжып, буын басының жалпы орталығымен қиғаш түседі.

Төменгі жақтың сагитальды қозғалысы.

Төменгі жақты алдыға жылжыту латеральды қанағаттәрізді бұлшықеттің екі жақты жиырылуымен жүзеге асады. Олардың бір жақ ұшы қанағаттәрізді өсіндінің шұнқырында, ал екінші ұшы төменгі жақ басының алдынғы жақ бетінде буын дискісіне бекітілген. Төменгі жақтың алдыға жылжуы екіге бөлінуі мүмкін. Бірінші фазаға диск төменгі жақ дискісімен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Екінші фазаға басының сырғанауына өзінің көлденең осьі бойымен шарнирлы қозғалысқа қосылады. Осы қозғлыстар оң және сол жақта бір уақытта жүреді.

Төменгі жақ алдыға қозғалуында төменгі жақ басының жүретін арақашықтығы сагитальды буын жолы деп аталады. Ол белгілі бір бұрыш сагитальды буын жолы бұрышымен сипатталады. Бұл бұрыш сагитальды буын жолының жалғасы болып жататын окклюзиялық жазықтықпен қиылысқан сызықпен түзіледі. Буын сагитальды жолының бұрышты Гизи бойынша орта есеппен 33 градусқа тең. Сагиталды буын

жолы белгілі бір бұрышпен сипатталады. Ол бұрыш сагиталды буын

жолының жалғасы мен окклюзиялық (протетикалық) жазыктықтың

қиылысуынан пайда болады. Протетикалық жазықтық дегеніміз

төменгі жақтың алдыңғы күрек тістерінің кесу қырларымен және

ақыл тістердің дисталды ұрт төмпешіктерімен, ал олардың

жоқтығында - екінші молярдың осы аталган төмпешіктері арқылы

өтетін жазықтық. Гизи бойынша «сагиталды буын жол бұрышы» орта

шамамен 33°-қа тең Ортогнатиялық тістемде асыңғы жақтың алға шығуы төменгі

күрек тістердің жоғарғы күрек тістерден алға толық босап шыққан

жағдайында ғана мүмкін. Осы қозғалыс кезінде төменгі күрек тістер

жоғарғы күрек тістердің таңдай бетімен сырғып, олардың кесу

қырларына (алдыңғы окклюзия) дейін жетеді. Төменгі жақ сүйегінің

алға жылжуындағы төменгі күрек тістерінің өтетін жолы «күрек

тісінің сагиталды жолы» деп аталады. Күрек тіс сагиталды жолы

окклюзиялық жазықтықпен қиылысқанда бұрыш пайда болады, оны

“күрек тісі сагитал жолының бүрышы” деп атайды (сурет 4). Оның

шамасы табиғи жэне жасанды тістерде эртүрлі жэне тістем түріне

байланысты. Гизи бойынша ол 40-50°-қа тең болады.

Ортогнатиялық тістесуде төменгі жақ қозғалысында жоғарғы жақтың қабысуынан босатылса ғана, алдыңғы тістер алдыға жылжиды. Бұл қозғалыс төменгі күрек тістердің, жоғарғы күрек тістердің тандай бетімен сырғанай отырып кесу қырлары жанасқанға дейінгі мономентпен жүргізіледі. Төменгі жақты алдыға жылжытқанда төменгі күрек тістердегі құрылған жолды сагитальды күрек тіс жолы деп атайды. Сагитальды күрек тіс жолы сызығының окклюзиялық жазықтықпен қиылысуында түзетін бұрыш, сагитальды күрек тіс жолының бұрышы деп аталады. Оның көлемі жекелей әртүрлі, және қабысу сипатына байланысты. Гизи бойынша ол 40-50 градусқа тең. Алдыңғы окклюзия кезінде антогонист тістердің түйісулері 3

нүктеде болуы мүмкін: біріншісі - алдыңғы тістерде, ал екеуі -

үшінші молярлардың дисталды төмпешіктерінде орналасады. Бүл

қүбылысты алғаш рет Бонвиль анықтап жэне «Бонвильдің 3 нүктелік

байланысы» деген атқа ие болған.

Төменгі жақтың трансверзальды қозғалысы.

Төменгі жақтың бүйірлі қозғалысы латеральды қанаттәрізді бұлшықеттің біржақты жиырылуынан құрылады. Яғни төменгі жақ оңға қозғалса, сол жақ қанаттәрізді бұлшықет жиырылады, ал солға қозғалса - оң жақ қанаттәрізді бұлшық ет жиырылады. Бұндай қозғалыста буын басы бір жағынан өз осінде айналады. Осы уақытта екінші жақтың буын басы диспен бірге буын бұдыры бетімен сырғанайды. Егер төменгі жақ оңға ығысса, онда

сол жағындағы басы төмен және алдыға ығысады, ал оң жағында буын басы вертикальды осьте айналады.

Жиырылған бұлшықет жағында төменгі жақ басы төмен, алдыға және біраз ішке ығысады. Бұл кезде ол буын жолының сагитальды сызық бұрышына жол жасайды. Бұл бұрыш ең алғаш Беннетпен жазылып және осы себептен сонының атымен аталғын. Немесе оны бүйірлі буын жолы бұрышы деп те атайды. Ол 17 градусқа тең.

Трансверсальды қозғалыс тістердің окклюзиялық жанасуының белгілі бір өзгерістерімен сипатталады. Төменгі жақ бірде оңға, бірде солға ығысатындықтан, тұйық бұрышта қиылысатын тістердің қиғашын көрсетеді. Тіс төменгі жақ буыннан неғұрлым алшақ тұрса, соғұрлым бұрыш үлкен болады. Ең тұйық бұрыш түзетін орталық күрек тістер. Бұл бұрыш трансверсальды күрек тіс жолының бұрышы немесе готикалық бұрыш деп аталады. Ол күрек тістердің бүйірлі қозғалысының аумақтығын анықтап және 100-110 градусқа тең.

Жақтың бүйірлі қозғалысында оны екі жаққа бөлуге болады: жұмысшы және балансты. Жұмысшы жағында тістер бір-біріне аттас бұдырларымен оналасады, ал баланстыда карама-қарсы, яғни төменгі ұрт бұдыр қарсы таңдай бұдырымен түйіседі. Қарама-

Сурет 5. а - Беннет бұрышы;

б - Бонвилдің үшбұрышы.

қарсы жақта төменгі жак сүйегінің жоғары қарай бағытталған буын

басы сыртқа қарай ығысады, сондықтан бастапқы қалпына

салыстырғанда бүрыш жасай орналасады. Төменгі орталық тістердің

кесу қырларының мезиалды бүрыштарының түйісу нүктесі мен екі

буын бастарының арасын қосатын үшбұрыш «Бонвил үшбұрышы»

(Сурет 5, б) деп аталады.

Тамақты шайнау кезінде төменгі жақ қозғалу циклін жасайды. Гизи төменгі жақтың циклділігін схема түрінде ұсынды. Қозғалыстың бастапқы кезеңі орталық окклюзия күйі болып табылады. Одан кейін өздіксіз кезекпен бірінен соң бірі 4 фаза өтеді. Бірінші фазада жақ төмен түсіп және алдыға шығады. Екінші фазада жақ бүйірге қарай ығысады. Үшінші фазада жұмысшы жағында тістер аттас бұдырлармен, ал балансты жаққа қарама-қарсы түйіседі. Төртінші фазада тістер орталық окклюзия күйіне келеді және осы шайнау циклі ары қарай қайтадан қайталанады. Шайнау аяқталған соң жақ салыстырмалы тыныштық күйге келеді.

Сонымен, шайнау аппаратының биомеханикасының заңдылықтарын түсіну әрбәр дәрігер-стоматолог үшін қатардағы білім деңгейі болып табылады. Ол тіс протездерін құрастыру, тісті плобалау кезінде, тістеудің ауытқуын анықтауда және парадонтозда тістердің шектен тыс салмақ қабылдауының рольін есепке алуға қажет.

Шайнау аппараттарының биомеханикасы.

Биомеханика – адам мен жануарлардың қозғалысы туралы ғылым. Ол дененің барлық механикалық қозғалысы бағытын механикалық заң көзқарасымен қозғалысты зерттейді.

Ортопедиялық мақсатта шайнау аппаратының шайнау механикасын оқып білу өте маңызды-шайнау аппаратын түзетін мүшелер мен жүйелердің

функциональды қатынасы мен морфологиясын. Шайнау аппаратының формасы мен қызметін қалыптастыруға, тамақты тістеп және шайнау актісіне, сөйлеу және демалу процесстеріне бағытталған ортопедиялық іс-әрекет, сау шайнау аппаратының функциональды құрылыс заңдылықтарында негізделеді.. Шайнау аппараттарының қызметі шайнау бұлшықеттерінің өзгерістерімен және тіс қатарлары арасындағы қатынастың өзгерістерімен жүзеге асады. Шайнау аппараттарының қызметі схема түрінде келесі негізгі фазалардан тұрады: ауызды ашып және жабу, төмеңгі жақ алдыға және артқа жылжуы, бүйірлі және аралас қозғалыстар.

Төмеңгі жақтың қозғалыстары және самай-шықшыт буыны элементтерімен тіс қатары қатынасының өзгеруі.Төмеңгі жақтың бастапқы күйінде еріндер жабық, ал төменгі жақ аздап жабық болып тұрады. Бұл кезде жоғарғы және төменгі жақтар арасында 2-4мм саңылаулар болады, бұл тыныштық күй деп аталады. Төменгі жақты ашуды 3-фазаға бөледі-біраз, едәір және максималды ашылуы. Буған буын басы қозғалысының – түрі әрекет етеді. Біраз ашқанда буын басы буынның артқы бөлімінен төмен, оны орталық етіп көлдеңен осьті айналады. Төменгі жақтың едәір ашылуында буынның төменгі артқы бөлімінде шарнирлі айналумен қатар, оған буын басының дискпен бірге буын бұдар бетінің манына қарай сырғанауы қосылады. Буын басының аралас қозғалысы пайда болады. Максимальды ашу кезінде буын басының сырғанауы буын басында тежеледі де, бір ғана шарнирлі қозғалыс жалғастырады. Буын басының қозғалысын есту тегісіне саусақты сұға отырып ауыздың ашылуында тексеруге болады. Ауыздың ашылу амплитудасы орта есеппен 4-5см тен. Төменгі жақты түсіру және осыған сәйкес , буын басының жүретін жолы буын бұдырларының биіктігі мен пішініне байланысты.

Төменгі жақты максимальды ашудан тістердің толық түйісуін төменгі жақты көтеретін бұлшықеттермен жүзеге асырылады. Төменгі жақты көтергенде буын басы түсіргендегі жолды қайталайды.