Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
отчет пед практики.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
354.82 Кб
Скачать

1.2. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетіндегі білім беру технологиясы

Бәсекеге қабілетті, дамыған елу елдің қатарына қосылу үшін ең алдымен еліміздегі білім беру саласына көңіл бөлуіміз керек. Елбасымыздың жолдауында білім саласын әлемдік стандартқа сай дамыту жайы ерекше аталып көрсетілген.Кредиттік жүйе — білім алудың жаңаша бір әдісі. Мақсаты — студенттің білім сапасының жоғары болуы. Бұл – студенттің өз мамандығын толық игеруіне мүмкіндік беретін батыстық демократиялық жүйе. Әсілі, еліміздегі оқу орындары осынау батыстық технология, яғни кредиттік жүйемен білім беру. Кредиттiк оқу жүйесiн енгiзудiң мақсаты студенттердi кәсiби дайындау деңгейiн арттыру, олардың жеке шығармашылық қабiлеттерiн 5ан-жақты дамыту, студенттерге қажет болған жағдайда таяу және алыс шетелдiк жоғары орындарына кедергiсiз ауысуға мүмкiндiк беру болып табылады.

Осы мақсатты жүзеге асыру үшiн академия оқу процесiн жаңадан жоспарлаған және регламенттiк құжаттармен қамтамасыз ете отырьш толық өзгерiс енгiздi. Соның iшiнде оқу жоспарына мiндеттi және элективтi пәндер жүйесi енгiзiлдi. Элективтi пәндер оқу жоспарына енетiн пәндер көлемiнiң 40% құрайды. Кредиттiк оқу жүйе шеңберiнде оқу жұмысы көлемiнiң есебi кредитпен өлшенiп, оқытылатын материал көлемi бойынша жүзеге асырылады.Бакалавриатта 1 кредит 1 академиялық сағатқа тең. Яғни, студент 15 апта бойы аптасына 1 сағат аудиториялық, 2 сағат өздiк жұмыспен айналысады.Осылайша, кредит көлемi жұмыстың 45 академиялық сағаты (15 сағат аудиторияда, 30 сағат – СӨЖ).

Бiр семестр iшiнде студент 12-18 кредит, бiр жыл iшiнде 24-36 кредит жинауы керек.

4 жыл оқығанда бакалавр 128 кредит, 6 жыл iшiнде магистрант 176 кредит жинайды.Кредиттiк оқу жүйесiндегi оқу процессi төмендегi формада ұйымдастырылған: аудиториялық сабақтар (дәрістер, тәжірибелік сабақтар, зертханалық сабақтар, студиялық сабақтар). Студенттердiң оқытушының жетекшiлiгiмен өткiзiлетiн өздiк жұмысы әлемдiк тәжірибеде қолданылып жүрген термин Offise Ноuгs. СӨЖ мақсаты – аудиториялық сабақ материалдары бойынша, және қосымша тақырыптарының мазмұны бойынша студенттiң жеке кеңес алуына, сондай-ақ курстық жобалар, есептiк-графикалық және бақылау жұмыстарын орындау үшiн керек.Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға кешуіндегі басты мақсат – Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кірігу болып табылады. Қазақстан Республикасы Білім жене ғылым министрлігі ұсынып отырған кредиттік оқыту технологиясы Ережесі Болон декларациясының негізгі ұстанымдарын басшылықка алып жасалынған.Оқытудың кредиттік технологиясысындағы оқыту күрделі педагогикалық процесс.

Оқытудың кредиттік технологиясысындағы оқыту күрделі педагогикалық процесс. Педагогикалық процесс ретінде оқыту мына әдіснамалық тұғырларды, теорияларды және идеяларды және өзіндік алгоритмді басшылыққы алуы керек.

Кредиттік оқыту технологиясы оқытудың бағытсыз жүйесі–оқу процесінің ұйымдастыру тәсілін белгілейтін оқушыларға белгіленген шегінің (құрауыш қалауы және оқытудың қосымша түрлері бойынша) білім беру процесінің жеке жоспарлау мүмкіндігі болады. Қатаң жүйеде, белгіленген көлемде, оқыту логикасына сәйкес, белгіленген мерзімде білімдік кәсіптік бағдарлама пәндерін оқушыларға оқытатындығын бағытты оқыту жүйесі жобалайды.

Оқытудың кредиттік технологиясы жайлы жалпы ақпарат. М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті 2003 жылы алғашқылардың бірі болып оқытудың кредиттік технологиясын (ОКТ) ендіру бойынша тәжірибеге қосылды. Оқытудың кредиттік технологиясының ережесіне сәйкес 2004 жылы жаңа Тіркеу офисі құрылымдық бөлімшесі құрылды. ЖОО-ның ақпараттық порталының негізгі мәні – студентке білім беру қызметтерін максималды түрде жақындату, білім беру процесін ұйымдастыратын қатысушылар арасында қарым-қатынас орнату мүмкіндігін беру. Кредиттік оқыту жүйесін іске асырудың жеке жұмысын ұйымдастыру болады. Кредиттік оқыту технологиясының келесі позитивтік жағы — оқу материалын жүйелі бақылап, сапалы меңгертіп қадағалау. Позитивтік жағын айта отырып, біз бір қатар мәселелерді шешуіміз қажет және кредиттік оқыту технологиясына ауыртпалықсыз көшуге мүмкіндік туады. Қазіргі заманның білім талабы білім беру технологиясын белсенді енгізу болады.

Еркiн таңдау кредиттiк оқу жуйесiнiң негiзгi артықшылықтарының 6ipi болып табылады: бiлiм алушылардың оқытушыларды таңдауға да, сондай-ақ өзiнiң бiлiм бағытын қалыптастыруға да мүмкiндiгi болады. Осыған байланысты типтiк және жұмыс жоспарлармен қатар оқуды ұйымдастыру, бiлiм мазмұнын анықтайтын бiлiм алушылардың және оқу жоспарлары (Curriculum) енгiзiлдi.

Кредиттiк оқу жүйе шеңберiнде оқу жұмысы көлемiнiң есебi кредитпен өлшенiп, оқытылатын материал көлемi бойынша жүзеге асырылады. Республика білім беру жүйесінің кредиттік технологияға кешуіндегі басты мақсат - Қазақстан білім жүйесін әлемдік білім кеңістігімен кірігу болып табылады. Қазақстан Оқытудың кредиттік технологиясысындағы оқыту күрделі педагогикалық процесс. Педагогикалық процесс ретінде оқыту мына әдіснамалық тұғырларды, теорияларды және идеяларды және өзіндік алгоритмді басшылыққы алуы керек.

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекеттік университеті 2003 жылы алғашқылардың бірі болып оқытудың кредиттік технологиясын (ОКТ) ендіру бойынша тәжірибеге қосылды. Оқудыдың кредиттік технологиясына сәйкес 2004 жылы жаңа Тіркеу офисі құрылымдық бөлімшесі құрылды. Тіркеу офисі – студенттердің оқу жетістіктерінің барлық жазбаларын тіркеумен айналысатын және білімді бақылау мен академиялық рейтингтің барлық түрлерін ұйымдастыруды қамтамасыз ететін қызмет. Тіркеу офисі қызметінің негізгі платформасын ЖОО қызметкерлерімен патенттелген «Кредиттік оқытуы жүйесінде оқу үрдісін басқару компьютерлік бағдарламасы» болды.

Тіркеу офисі келесі функцияларды атқарады:

студент пен магистрантқа қажет ақпаратпен қамтамасыз ету және басқару; студенттердің академиялық үлгерімінің жазбасы бойынша ақпаратты сақтау және басқару, директорат үшін студент пен магистранттың академиялық жағдайын бағалау, студент рейтингісін құру, транскрипт қалыптастыру;

курстарға тіркеу және қайта тіркеу процесін ұйымдастыру, курстарға тіркеу жүйесін басқару, курс каталогын құрастыру, студенттер тізімін координаттау, академиялық топ пен ағымдарды қалыптастыру;

оқытушылар мен құрылымдық бөлімшелерге ақпарат пен есеп ұсыну;

барлық институттар үшін академиялық жазбаларды құру процесін, бағаларды қою саясатын басқару.

2.«Су шаруашылығы экология және құрылыс» факультетініңқұрылымы

Гидромелоративтік факультет Қазақ мемлекеттік ауылшаруашылық институтына шыққан № 127 бұйрықпен 1941 жылы 2 қазанда ашылды.Факультеттің 1 – курсында 46 білімгер қабылданды.Бірақ Ұлы Отан соғысы адамдардың бейбіт еңбегін бұзып,алғашкы мамандар тек 1974 жылы 4 адам оқуды бітірді.

1962 жылы 12 мамырда Қазақ ССР министрлер кеңесі Қаз АШИ гидро базасында Жамбыл гидромелоративтік құрылыс институтын ұйымдастыру туралы шешім қабылданды.

Институт ұжымы қысқа мерзім ішінде, оның бірінші ректоры Қаз СССҒА – ға корреспондент - мүшесі, т.ғ.д. профессор Р.Ж.Жолаевтің басшылығымен, оқу – тәрбиесін жоғары деңгейде жүргізе білді.

Гидромелиоративтік факультет негізінде «Гидротехникалық құрылыс» және «Гидромелиоративтік жұмыстарды механизациялау» факультеті құрылды.1974 жылы Гидрофак жанынан «Су шаруашылығы ұйымдастыру және оның экономикасы» бөлімі ашылды, кейін 1985 жылы ол өз алдына бөлек фафультет болып шықты.

Осы жылдар ішінде Гидромелиоративтік факультеті 6000 – ға жуық білімгер бітіріп, инженер – гидротехник квалификациясын алып шықты.Факультетте әлемге танымал профессорлар жұмыс істеді.

Құрылыс факультеті Жамбыл су – мелиорация құрылыс институты құрамында 1962 жылы ашылды.

Алғашқы кезде факультетте білімгерлерге негізінен инженер ұстаздар білім берді. Олардың ғылыми дәрежелері мен атақтары болмағанымен, білімгерлерді жақсы тәрбиелеп,елімізге қажетті жоғарғы дәрежелі,сапалы маман даярлауға үлестерін қосты.

Қазақстан Республикасының үкіметінің 1998 жылғы наурыз айының 24 жұлдызында № 56 қаулысымен М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттік университетінің ректоры У.Қ.Бишімбаевтің 1998 жылғы мамыр айының 23 жұлдызындағы № 93 бұйрығымен қайта құрылып, «Табиғатқа үйлестіру» факультетінің деканы болып Т.И.Нарбаев,ал «Құрылыс» факультетінің деканы болып т.ғ.д. профессор О.А.Исаков тағайындалады.

Содан соң «Табиғатқа үйлестіру және құрылыс» факультетінде М.Х.Дулати атындағы Тараз Мемлекеттің Университетінің ректоры, Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспендент – мүшесі т.ғ.д. профессор Бишімбаев У.Қ. және Қазақстан Республикасы Ғылым Академиясының корреспондент – мүшесі т.ғ.д. профессор Сүлейменов Ж.Т. т.ғ.д. профессорлар: Жүнісбеков С.С., Жүнісбеков Т., Жұмабеков Ә., Бондар А.А., Залырбеков Ә.К., Исаков О.А., Жүгінісов М.Т., Сағындықов А.Ә. қызмет атқарды.

2000 жылғы ақпан айының 11 – нен бастап ұжым жаңаша аталып, «Табиғатқа үйлестіру және құрылыс» факультеті болды да, оған техника ғылымының докторы, профессор ұызметін атұарушы Зауырбеков Ә.К. басшылыққа тағайындалды, 21 тамыздан бастап т.ғ.д. профессор Айменов А.Т. тағайындалды.

Бүгінгі таңда аталмыш институттың 7 кафедрасында 144 ұстаздар, оның ішінде: 2 ҰҒА корреспондент – мүшесі, 15 ғылым докторлары мен профессорлар, 50 техника ғылымдардың кандидаттары, аға оқытушылар 29,38 ассистенттер және 32 қызметкерлер, 841 білімгерлерге оқу тәрбие жұмыстарын баянды жүргізіп отыр.

2004 оқу жылынан бастап қазіргі таңда институттың аты «Су шаруашылығы экология және құрылыс» болып аталады.

1. "БИОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫ

ҚОЖАМЖАРОВА ЛАТИПА СЕЙДАХМЕТҚЫЗЫ,

кафедра меңгерушісі, б.ғ.к., доцент

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-70-75

E-mail:

Мекен-жайы: Сәтпаев көшесі, 28, 6.1-315

«Биология» кафедрасы - университет қабырғасында алғаш құрылған кафедралардың бірі. 1996-1998 жылдары «Жаратылыстану ғылымдары пәндері» кафедрасы, 1998-2001 жылдары аралығында «Биология және экология» кафедрасы, 2001-2002 жылдың басында «Биология» кафедрасы бөлініп шықты. 1998 жылдан бастап «Биология» мамандығы бойынша маигистранттар дайындалуда.  Кафедра білімгерлерді оқыту, магистранттарды дайындау және ғылыми зерттеулердің тақырыбын таңдау халықаралық қатынастар арқылы бірігіп жасаған білім мен ғылыми жобаларға, европалық тәжірибелерге сүйене отырып іске асырылады.  «Биология» кафедрасының тұрақты шетелдік серіктестері: Экология және су мәселелері (Ресей Федерациясы, Сібір филиалы, институт директоры г.ғ.д., профессор Ю.И.Винокуров), Х.А.Яссауи атындағы халықаралық Қазақ-Түрік университеті, Қырғыстан суландыру ғылыми-зерттеу институты, Ташкент суландыру және мелиорация институты, Табиғатты пайдалану Мәскеу мемлекеттік университеті, Болон университеті (Италия, профессор Паоло Цурлы), Ташкент мемлекеттік техникалық университеті. Оқытушылардың және білімгерлердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері оқу үрдісінде электронды кітаптар мен зертханалық тәжірибелік сабақтар түрінде және ғылыми-педагогикалық кадрларды, магистранттар дайындау кезінде пайданылады. Кафедра тәжірибелік жұмыстар жүргізу кезінде білімгерлер арасында тәрбиелік, құқықтық, эстетикалық экологиялық және саяси көзқарастарды қалыптастыру мақсатында жұмыстар атқару көзделген. Даму стратегиясын жүзеге асыру бағытында, кафедра индустриялды, халықтың-әлеуметтік, экономикалық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында инновациялық технологияны жаңарту мәселелерін шешу талаптары жоспарға қойылған. «Биология» кафедрасында жаңа заманауи үлгіде жабдықталған «Микробиология және вирусология», және «Биохимия және экотоксикология» зертханалары жұмыс істейді.

КАФЕДРА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР ДАЙЫНДАЙДЫ:

5В060700  - Биология (бакалавр)

6М060700 - Биология (магистратура)

"БИОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ҚҰРАМЫ

 

 

Қожамжарова Латипа Сейдахметқызы

кафедра меңгерушісі, б. ғ. к., доцент

Тастанбеков Құрманбек Тастанбекұлы

а.-ш.ғ.к., доцент

Карынбаев Аман Камбарбекұлы

а.-ш.ғ.д., профессор

Туменбаева Нагима Токтасынқызы

PhD

Тлепов Анарбек Амрелұлы

а.-ш.ғ.к., доцент

Зияева Гулнар Керімбекқызы

б.ғ.к., доцент

Аманова Кульзакира Сарсеналиқызы

б.ғ.к., доцент

Байтелиева Анар Муратқызы

б.ғ.к., доцент

Ахауова Гүлнар Қуанышбекқызы

аға оқытушы, магистр

Джақсыбаева Сәуле Достайқызы

аға оқытушы, магистр

Үкібаева Ляззат Оразбайқызы

аға оқытушы, магистр

Сарсеева Гулжан Бакбердайқызы

аға оқытушы, магистр

Жанилова Айнур Танатарқызы

аға оқытушы, магистр

Мұрсатова Алина Жақсылыққызы

аға оқытушы, магистр

Қарабаева Әсел Аскарқызы

аға оқытушы, магистр

Жапаркулова Гулшат  Бөлегенқызы

аға оқытушы, магистр

Момбаева Бекзат Кунсалиқызы

аға оқытушы, магистр

Баубекова Айжан Кенжебекқызы

оқытушы, магистр

Ногербек Асем Джексенбайқызы

оқытушы, магистр

Голикова Ксения Николайқызы

оқытушы, магистр

Казбек Гулзада Кайратқызы

зертхана меңгерушісі

"БИОЛОГИЯ" КАФЕДРАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ БАҒЫТТАРЫ

Ғылыми бағыттар

Орындаушылар

1

Жамбыл облысы флорасының бірқатар құнды – шаруашылық түрлерінің кешендік зерттеуі

Қожамжарова Л.С.

2

Жамбыл облысының далалы табиғи жайылым жағдайында өсірілетін құйрықты қой тұқымдарының ет өнімділігін арттырудың биологиялық тәсілдерін жетілдіру

Қарынбаев А.

3

Жамбыл облысы флорасының Alium L., түрлерінің спермадермасының наноструктурасы

Байтелиева А.М.

4

Жамбыл облысында кездесетін паразитологиялық аурулардың таралу жағдайлары мен алдын-алу жолдары

Ордабеков С.С.

5

Жылыжайда өсірілетін мәдени өсімдіктердің негізгі зиянкестері және зиянкестердің табиғи жаулары.

Карбозова Б.Е.