«Балықшылар» ойыны
Мақсаты: балалар деңгейіне сай сюжеттік ойын барысында ойынға қызығушылығын ояту. Балықшылар еңбегіне құрметпен қарауға үйрету.
Ойын материалы: қармақ, ойыншық балықтар, өзен
Ойынға дайындық: өзенге саяхат жасау, балықшымен кездесу ұйымдастыру. Балықшымен әңгімелесу. Үлкен топтағы балалармен ойынды бірге ойнау. Құрылыс материалдарынан қайық жасап, қармақ алу.
Ойынға қатысушы ролдер: балықшылар
Ойын барысы: Тәрбиеші ойын басталмас бұрын, балаларды өзенге саяхатқа шығарып, олармен бірге балықтарды қарап, балалардың сұрқтарына жауап береді. Тәрбиеші де балаларға жауап бере отырып, балалармен сұрақ арқылы әңгімелеседі. Біз өзеннен не көрдік? Өзенде немен жүздік? Тәрбиеші ата-аналарға өзенге балыққа барған кезде балаларын да алып барып көрсетуін өтінеді. Тәрбиеші балаларды «балықшылар» ойынына дайындап, оларды өз еріктермен ойнауға мүмкіндік береді. Балаларға ойын кезінде керекті құралдарды таратып береді. Ойын кезінде тәрбиеші «балықшылар» ойыны қызықты болу үшін сұрақтар қойып, сюжеттік ойынды түрлендіріп өткізеді. Мысалы: «Балықты не үшін аулап отырсың?», «Қайықпен қайда барасың?» т.б.
«Дүкен» ойыны
Мақсаты. Балаларды ойын сюжетін дамытып, құрастыруға үйрету. Дүкеннің қызметі туралы білімді бекіту. Қоғамдық орындарда мәдени мінез – құлықтар көрсетуді қалыптастыру. Ойын материалы. «Дүкен» плакаты, сауда орындары, кассалар, қағаз, қарындаштар, бірнеше ойыншық таразылар, шоттар, 0,5 л, 1 л, 2 л сыйымдылықтағы банкалар, ермексаз, табиғи материал, алмастырушы заттар, сатушыларға арналған киімдер, сөмкелер, әмияндар. Ойынға дайындық. Қоғамдық орындарда, оның ішінде дүкенде өзін дұрыс ұстау туралы этикалық әңгіме жүргізу. Дүкенге саяхат. Дүкен әкімшісімен әңгімелесу. Сауда орындары мен кассаны салу. Ойынатрибуттарын даярлау.
Ойынға қатысушы рөлдер. Дүкен басқарушысы, сатушылар, кассирлер, сатып алушылар, фабрика жұмысшылары, көлік жүргізушілер.
Ойын барысы. Тәрбиеші балаларға дүкенге саяхатқа баратындары туралы айтады, осыдан кейін қоғамдық орындар мен дүкенде өзін дұрыс ұстау мәдениеті туралы этикалық әңгіме жүргізеді. Саяхат барысында балалр дүкен әкімшісімен кездесіп, әңгімелеседі, өздері сауда жасайды. Топқа келіп, саяхатты талқылаған соң, тәрбиеші бірнеше фабриканың жұмысын ұйымдастырады: тігін, ойыншық, жазу құралдары, сонымен бірге нан – тоқаш комбинаты. Балалар тәрбиешінің жетекшілігімен қуыршаққа арналған киімді қағаздан қиып, бояп, кішкентай дәптер тігеді, ермексаз бен табиғи материалдан ойыншықтар, әр түрлі ұсақ – түйектер жасайды, нан, бөлке нан, тәтті тоқаш, торт және т.б. пісіреді. Ойын алдында рөлдерді бөліп, ойын жоспарын құрып болған соң, тәрбиеші тағы да тұтынушы сатушымен, сатушы тұтынушымен қалай сөйлесу керектігін естеріне салып, ойынның негізгі бір шартын ұсынады: «рақым етіңіз», «өтінемін», «рахмет» сөздерінсіз тауарлар сатылмайды. Әрі қарай ойын басталады. Басқарушы жаңа дүкеннің ашылғаны туралы хабарлап, сатып алушыларды ілтипатпен қарсы алады. Мұнан соң тұтынушылар дүкеннің бөлімдеріне қарай тарайды: біреулері киім сатып алса, екіншілері – азық – түліктер, үшіншілері – кеңсе тауарларын сатып алады. Қызу сауда жүріп жатыр. Барлық тауарлардың бағалары бар, бірақ балабақшадағыларға оңай болу үшін балабақшада өткізілетін бағарлама материалы шеңберінде бағалары дөңгелектенген. Ойынға тауарларды өлшеу үшін (құм, ұсақ тастар, басқа табиғи материал) кішкентай таразыларды қосудың зияны жоқ. Балалар 0,5 л, 1 л, 2 л сыйымдылықтарын білуі үшін сүт сатудың пайдасы бар. Шамамен жарты сағат тәрбиеші балаларға рөлдерімен алмасуды ұсынады. «Дүкен» ойынына басқа да ойындарды байланыстыруға болады: «Отбасы», «Жүргізушілер» және т.б.
