Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Tazhribe_isiKazGUbiom.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
701.42 Кб
Скачать

Тақырып: «Іріктеу әдісі. Жиынтық және іріктеу»

Сабақтың мақсаты – Іріктеу әдісімен таныстырып, жиынтыққа сипат- тама беруді үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

1. Түрлі түсті слайдтар, үлестіріліп берілетін материалдар

Агрономияда зерттелетін нысаналардың кешенділігіне байланысты, жалпы ғылыми-зерттеуде қабылданған тәсілдер - бақылау мен эксперимент қолданылады, олар ерекшеліктеріне қарай белгілі әдістемемен жүргізіледі. Бақылау кезінде агрономиядағы зерттеу нысаналардың көлемділігіне байланысты зерттеудегі топтарды түгелдей бақылау мүмкін емес. Сондық- тан, агрономияда барлық зерттелетін жиынтыққа қорытынды жасайтын зерттеу әдісін іріктеу әдісі дейді (22-сурет).

Іріктеу әдісі агрономиядағы бүтіл эксперименттік жұмыстардың - тәжірибенің, танаптық және зертханалық, бақылау мен есептеулердің негізі болып есептеледі. Зерттеуге алынған барлық нысаналардың тобын – жиын- тық немесе бас жиынтық деп атайды да, ал нысананың тексеруге түскен учаскесін, зерттеу-іріктелген жиынтық немесе іріктеу дейді.

Іріктеудегі элементтер санын бақылаудың көлемі деп, оны -мен белгілейді. Мысалы: іріктеудің ерекше түрі танаптық тәжірибе. Оның нұсқалары – l = 6, қайталау саны – п = 4 болғанда, бақылаудың көлемі,

І-қайталау

4

1

5

3

6

2

ІІ-қайталау

5

2

4

6

1

3

ІІІ-қайталау

1

3

6

2

5

4

ІV-қайталау

6

4

1

3

2

5

22-сурет. Танаптық тәжірибенің нобайлық жоспары:

1,2,3,4,5,6 –нұсқалар; І, ІІ, ІІІ, ІV - қайталаулар; Мөлдектер ені – 5 м, ұзындығы – 50 м; Мөлдектің жалпы көлемі – 5 · 50 250 м2; Мөлдектің есепке алынатын көлемі - 4,2 · 42  176 м2.

яғни мөлдек саны  = l · n = 6· 4 = 24 болады. 24 мөлдектің жалпы (5·50=250 м2) көлемінің ішінен тек есепке алынатын учаскесінің көлемі анықталынады 4,2·42  176 м2. 15-суретте көрсетілген мөлдектің қорғаныш алқаптарын · 42

 176 м2) бас жиынтық болады. Тәжірибе нобайлары рендомизді тәсілмен орналасқан.

Іріктеу негізінде алынған нәтижелер жоғары сенімділікті көрсетуі қажет. Жоғары сенімділікті іріктеуге алынатын көлем мөлшері зерттелетін ныса- налар, яғни бас жиынтық үшін репрезентативті болғанда ғана көрсетеді. Репрезентативтілікке таңдаудың кездейсоқ болуымен ғана әрбір жиынтық нысананың іріктеуге тең түсетін мүмкіндігін қамтамасыз етумен, іріктеудің

көлемі жеткілікті және зерттелетін жиынтықтың шегін дұрыс анықтаумен жетуге болады.

Бас жиынтықты сипаттау үшін іріктеу жиынтығының көлемін анық- тайды. Ол үшін есепке алынатын мөлдек көлемінің ішінен бірнеше шаршы метрден іріктеу белгілінеді. Іріктеу көлемі бас жиынтық көлеміне байла- нысты кіші және үлкен іріктеу болды.

Іріктеу көлемі N < 30 болғанда кіші іріктеу, ал іріктеу көлемі N  60 болғанда үлкен іріктеу болады. Агрономиялық зерттеу жұмысында бақылау тек үлкен іріктеумен жүргізіледі.

Іріктеудің репрезентативтілік көрсеткіші ретінде, әдетте іріктеу орташа- сының нақты орташаға пайызбен көрсетілген қатынасын пайдаланады. Бұл қатынас 100-ға жақындаған сайын, сұрыптау (іріктеу) репрезентативті болады.

Ауылшаруашылығы зерттеулері үшін репрезентативтіліктің шекарасын

 5, яғни 95-100-ға дейін жақсы репрезентативтілік деп,  10, яғни 90- 110-ға дейін қанағаттанарлық репрезентативтілік деп есептеуге болады.

Сұрыптаудың репрезентативтілігі  10-дан асып кеткенде, жеткіліксіз репрезентативті болады. Бұл жағдайда жиынтықтың орташа зерттеуі өте бұрмаланған деп есептеледі.

Бұрмалаған қателік көптеген агрономиялық зерттеулерге тән, оны зерттеуші өзіне қажетті үлгілерді таңдамай, барлық объектілер үшін іріктеуге түсудің тең мүмкіндігін қамтамасыз еткенде ғана жоюға болады.

Іріктеу элементтерінің - (топырақ үлгісі, өсімдік, арамшөптерді есепке алатын учаске, т.б.) толық кездейсоқтылығын қамтамасыз ету өте қиын. Сондықтанда зерттеудің ең басында жүйелі қателік жібермеу мүмкіндігін қамтамасыз ететіндей үлгі алуды қарастыру қажет. Іріктеп зерттеу әдісінің көрнектілігіне, бақылау бірлігін кездейсоқ алумен жетеді.

Кездейсоқ іріктеуде репрезентативтіліктің қателігі мен іріктеудің көлемі арасында байланыс бар, ол мына қателікпен көрсетіледі:

sx = s/n,

Мұндағы: s - зерттелетін объектінің өзгергіштігін сипаттайтын стан- дартты ауытқу.

Егер стандартты ауытқудың мәні бірге тең десек (S=1,0), п-нің мәні 1- ден 4-ке дейін көбейсе, репрезентативтіліктің қателігі екіге кемитінін көруге болады, п 1-ден 16-ға дейін болса 10 есеге, ал 1-ден 100-ге дейін болса, алғашқыға қарағанда 10 ретке азаяды.

Зерттеуші зерттелетін жиынтықтың шекарасын анықтау, репрезентатив- тілікті және іріктеудің жеткілікті мөлшерін қамтамасыз етуі үшін, іріктеп зерттеудің жалпы қағидаларын анық белгілеп және оны орындауы тиісті. Осыдан кейін іріктеп зерттеуді ұйымдастыру мен зерттелетін белгілірді бақылаудан алынған мәліметтерін статистикалық өңдеудің практикалық мүмкіндігін қарастырады.

Бақылау сұрақтар:

  1. Іріктеу деген не?

  2. Іріктеудің көлемі қандай болады?

  3. Жалпы жиынтық немесе бас жиынтық дегеніміз не?

  4. Іріктеудің репрезентативтілік көрсеткіші деген не?

  5. Репрезентативтіліктің қателігі мен іріктеу көлемі арасындағы бай- ланыс қандай?

№ 9 тәжірибелік сабақ

Тақырып: «Сандық құбылмалылықтардың зерттелетін бақылау мәнінің сенімді интервалын анықтау»

Сабақтың мақсаты – Сандық құбылмалылықтардың зерттелетін бақы- лау мәнінің сенімді интервалын анықтауды үйрету.

Сабаққа арналған материалдар мен оқу нұсқаулары:

1.Үлгілер:

2.Түрлі түсті плакаттар слайдтар.

Тапсырманы орындауға арналған әдістемелік нұсқаулар:

  1. Түрлі түсті слайдтар.

Көптеген зерттеулер көбінесе кең цифрлі материалдардан басталады. Оларды жүйеге келтіру мен кесте және график түрінде беру жеңілдік туғызады.

Сандық өзгергіштіктердің белгілеріне - кг, дана, пайыз, см және т.с.с. бірліктерімен сипатталатын көрсеткіштер жатады ( өнім, кг; дәннің, сабақтың саны, данамен; биіктігі, см; белоктың құрамы, % және т.с.с.).

Агрономиядағы нысаналардың сандық белгілерінің өзгергіштігін зерт- тегенде жалпы жиынтықты (айталық көлемі 4м х 20 м мөлдектің ішіндегі өсімдіктің санын) есепке алу мүмкін емес. Сондықтан, жалпы жиынтықтың ішінен, оны толық сиппаттайтындай етіп, іріктелу жүргізіледі. Іріктеліп алынған көрсеткіштердің жиынтығын іріктелген жиынтық деп атаймыз және бұл тәсіл - іріктеу тәсілі деп аталады.

Мысалы: Есепке алу көлемі 4 м х 20 м мөлдектің ішіндегі күздік бидайдың масақтану кезіндегі орташа биіктігін өлшеп шығу керек, ал мөлдектің ішіндегі барлық бидайдың биіктігін өлшеу мүмкін емес, себебі 1м2

–та 400 өсімдік болса, 80 м2 жерде 32000 өсімдік бар.

Егер нұсқалардың санын 5, ал қайталауды 4 рет деп алсақ, онда 20 мөлдектен 640000 өсімдіктің биіктігін өлшеуге тура келер еді. Сондықтан, әр мөлдектен жалпы жиынтықты сипаттайтындай етіп, бірнеше өсімдік іріктеніп алынадыда, сол арқылы жалпы жиынтыққа баға беріледі. Бұл мысалда әрбір жеке бөлік үшін жалпы жиынтық 32000 болса, іріктелген жиынтық тексеруге алынған санға тең.

Іріктелген жиынтықтың жалпы жиынтықты қаншалықты дұрыс сипаттайтындығы статистикалық көрсеткіштер арқылы көрсетіледі.

Іріктеліп алынған элементтердің саны, оның көлемі болып саналады. Егер іріктеу көлемі 20-30 санынан тұрса, оны кіші іріктеу, ал 30-дан көп болса, үлкен іріктеу деп атайды.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]