- •Жалпыадамзаттық құндылықтардың мәнін ашатын әңгімелер, ертегілер, оқиғалар мен ұлы адамдардың өмірбаяны
- •1.1.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •Бір баланың оқиғасы4
- •1.1.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Елтаңба
- •Шәкәрім Құдайбердиев
- •Қажымұқан палуан
- •Абай мен Әбіш
- •Қадыр Мырзалиев
- •Екі батыр
- •Тұманбай Молдағалиев
- •Абай Құнанбайұлы
- •Адал достық
- •Адалдық
- •Алтын шеттеуік
- •Жалқаулық пен Қиыншылық
- •Парасат
- •Бір минут
- •1.1.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Ішкі сұлулық пен сыртқы сұлулық
- •Жамандық неден болады?
- •Б ақыт, Байлық, Ақыл
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Өсімдіктер мен кемпірқосақ
- •Білім мен байлық
- •Ең үлкен байлық
- •1.1.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Шәкәрім Құдайбердіұлы
- •Жүсіпбек аймауытов
- •Сұлтанмахмұт торайғыров
- •Ыбырай жақаев
- •Кезек сенікі, келер ұрпақ20
- •Бауыржан Момышұлы естеліктерінде Қонаевтың әкесі Меңліахметтің баласына айтқан өсиеттерінен үзінділер21
- •Бауыржан момышұлы
- •Адам не үшін өмір сүреді22
- •Қизатов жәлел
- •Сталинградтағы жеңіс
- •Бақыт туралы тұжырымдар25
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •1.2.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •2.1. Бастауыш сынып оқушыларына арналған «Риясыз сүйіспеншілік» құндылығы бойынша ертегілер, оқиғалар және әңгімелер
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы
- •Емен жаңғағы
- •Күн мен түннің жермен достығы
- •Ата насихаты
- •Адал дос
- •Бақша ағаштары
- •Ананың асыл арманы
- •Әкеден қалған мұра
- •Құмырсқа мен көгершін
- •Шынайы сүйіспеншілік
- •1.2.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Жақсы көретініңізді айтыңыз
- •Д остық
- •Асанның есебі
- •Сары тауық пен балапандары
- •Кімнің жұмысы?
- •Ана қиялы
- •Отбасы татулығы
- •1.2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Риясыз сүйіңдер
- •Лев Николаевич Толстой34
- •Жамандық бар ма?35
- •А льберт швейцер36
- •Дұрыс әрекет
- •1.3.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.3.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар иван крылов
- •Шегіртке мен құмырсқа
- •Дөңгелек
- •Сиқырлы жүзік
- •Әмір Кейқауыстың«Қабуснамасынан»
- •Мен қандай боламын?
- •Әділеттілік
- •Құлпынай мен шие
- •Үзілген гүл
- •Байлық пен ақыл
- •Ойыншықтар достығы
- •Кішкентай тас пен құмырсқа
- •Жақсылықмәнгі ұмытылмайды
- •Не жақсы? Не жаман?
- •Нежаман?
- •Достық алмасы
- •Әке мен бала
- •Нағыз адам
- •Екі балапан
- •Ұлу мен құмырсқалар
- •Күн құшағында
- •Төгілген қаймақ
- •Жақсылық
- •Үш жолдас
- •Бақтағы бақылау
- •Әдептілік
- •Ақ бидай
- •Түскі тамақ пен кешкі тамақ
- •Сәулет пен Дәулет
- •Атасының ақылы
- •Жұлдыздар
- •Құмырсқа
- •Бір жұлдызды құтқару
- •Табылған ақыл
- •Қамқорлық
- •Ізетті бала
- •Қайырымдылық
- •Жердің шаңы
- •Сиқырлы сөз
- •Жақсылық
- •Адалдық
- •1.3.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Елеместің адамгершілігі
- •Түлкі мен отыншы
- •Ұстаз бен шәкірт
- •1.3.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Конфуций42
- •Адамдарға қызмет ету43
- •Дінмұхамед ахметұлы қонаев
- •Бәрімізге үлгі болды44
- •Қырымдағы оқиғалар45
- •Ішкі тыныштық
- •1.4.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.4.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Қазақстан халықтары ассамблеясы
- •Ақылды қоян
- •Бала Бұлбұл
- •Ақ раушан мен қызыл раушан
- •Ханшайым мен Күлше қыз
- •Ынтымақ
- •Сүйкімді Ботагөз
- •Жамандық неден болады?
- •Әнет баба мен Қазыбек би
- •Талшыбық пен алып ағаш
- •Жақсы менжаман
- •Жалқаудың ісі бітпес
- •1.4.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны Бетін күнге бұрған, көлеңкені көрмейді
- •Нан созған қолды қайтарған әке
- •Кедейшілік
- •1.4.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Өмірден алынған оқиға54: барлығына «рахмет» айтқан Уолтер Грин
- •Қиянат жасамау
- •1.5.1 Хрестоматиядағы мәтіндермен жұмыс істеу бойынша әдістемелік ұсыныстар
- •1.5.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған ертегілер, әңгімелер және оқиғалар Терек пен алма ағашы
- •Әшекей қыз
- •Торғай мен адам
- •Бақытсыз бай
- •Әдепті бала
- •Ғажайып үй
- •Қоңыр қаз бен Қарауыз
- •Франклин бенджамин
- •Қарттың ақылы
- •Сөз салмағы
- •Таскене мен түлкі
- •Арыстан мен тышқан
- •Маса мен бал арасы
- •Айлакер өтірікші
- •Үзілген гүл
- •Талшыбық
- •Қайыңның көз жасы
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Жарлы мен бай
- •Жанашыр
- •Патша және жер қазушы
- •Түймедағы
- •Қарлығаш пен шөже торғай
- •1.5.3 Орта буын оқушыларына арналған әңгімелер, оқиғалар, ертегілер, ұлы адамдардың өмірбаяны
- •Аманат аман сақтайды
- •Балықшы
- •Хан мен құмырсқалар
- •Арыстан, қасқыр және түлкі
- •Сені бағалағанды сен де бағала
- •Қызғаныштың кесірі
- •1.5.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған ағартушылардың және ғалымдардың өмірінен алынған қанаттандыратын мысалдар Панчатантра62
- •Лев Николаевич Толстой қиянат жасамау ілімі туралы63
- •Махатма ганди
- •Махатма Гандидің естелігінен«Менің Толстойым» 64
- •Қиянат жасамаудың күші65
- •Альберт эйнштейн66
- •Альберт Энштейн қиянат жасамау туралы, біз туралы, әлем туралы67
- •Іі том. Өсиет әңгімелер
- •2.1 Өзін-өзі тану сабақтарындағы өсиет әңгімелер (мұғалімге арналған жадынама)
- •2.2 Бастауыш сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қанатты барыс туралы аңыз
- •Жақсылардың жақсысы
- •Ар, Ұят, Намыс
- •Кім бақыттырақ
- •Төле баланың төрелігі
- •Шыншыл бала
- •Риясыз сүйіспеншілік
- •Үш ағайынды жігіт
- •Отбасы татулығы
- •Күн мен Желдің дауы
- •Бала тілегі
- •Дұрыс әрекет
- •Алтын балта
- •Піл мен маймыл
- •Ақылды егінші
- •Бақ қайда барасың? Ынтымаққа барамын.
- •Қараторғай
- •Жақсылық пен Жамандық
- •Ішкі тыныштық
- •Бақ, Дәулет және Аман
- •Жақсылық пен жамандық
- •Қиянат жасамау
- •Сабыр суы
- •2.3 Орта буын оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Қайықшы туралы өсиет әңгіме
- •Қабылдау туралы өсиет әңгіме
- •Еңбек пен рухани білім туралы
- •Күректің сабы
- •Патша мен жейде
- •Патша мен тырна
- •Даналық дәндері
- •Бәрі алдыда
- •Қараңғы мен жарық69
- •Шіркін,келтедүние-ай!..70
- •Өмір сабағынан қашып құтыла алмайсың71
- •Алма ағашы73
- •Cүйіспеншілік Достар мен дұшпандар
- •Ағайындылар
- •Бірден-бір Сұлулық76
- •Дұрыс әрекет Саздан жасалған қыш құмыралар
- •Князьдің қылықтары
- •Кімді көбірек бағалайды?
- •Шығыс ұлына хат80
- •Атасының баласы81
- •Байлық пен кедейлік туралы тәмсіл83
- •Жолаушы84
- •Ішкі тыныштық Кім бақыттырақ
- •Саудагер мен ғалым
- •Болар болмас нәрсе
- •Адамгершілік86
- •Ізгілік,Махаббат,Мейірім88
- •Жылы сөзді ұмытпа89
- •Қардан жасалған гүл90
- •Күй ғұмыры... Мәңгілік91
- •Құстар неге сөйлей алмайды?92
- •Қиянат жасамау Қиындықты жеңу туралы өсиет әңгіме
- •Әділ бала
- •Шеге туралы нақыл сөз
- •Табиғатты аялайық!93
- •Жүрегіңнің отын сөндірме94
- •Түлкі, тасбақа және кене95
- •Отыз жұмыртқа96
- •Әр нәрсе тегіне тартады97
- •Ханның ісі қараға түседі ме?98
- •Жер ана туралы мысал99
- •Қаншайым мен жеті өнерпаз100
- •Даңқжайлытолған сақ101
- •Ауылдыбілесіңбе?102
- •2.4 Жоғары сынып оқушыларына арналған өсиет әңгімелер
- •Ақиқат туралы өсиет әңгіме103
- •Біртұтастықты тани біл104
- •Ақиқатқа құмарту105
- •Абсолюттіұғыну106
- •Ақылды әке туралы өсиет әңгіме107
- •Бақытты жігіт туралы өсиет әңгіме108
- •Ең бақыттыда бай адам туралы өсиет әңгіме109
- •Сүйіспеншілік Сүйіспеншілік110
- •Сүйіспеншілікке тола жүрек туралы тәмсіл111
- •Отбасы менсүйіспеншілік туралы өсиет әңгіме112
- •Сүйіспеншіліктің күші туралы113
- •Өмірде Сүйіспеншілік маңызды 114
- •Бақыттың құны туралы тәмсіл115
- •Уақытыңды сатып алсам боладыма?117
- •Дұрыс әрекет
- •Риясыздық туралы өсиет әңгіме 119
- •Асығыстық жасамаңыз!120
- •Екі әке туралы өсиет әңгіме121
- •Мәртебеліеркек (Изюньизы) конфуцийлік дәстүрдің нышаны ретінде122
- •Әке туралы өсиет әңгіме123
- •Сабақ алу124
- •Жүректің раушангүлі туралы өсиет әңгіме125
- •Сұлтан және данышпан126
- •Жауапкершілік жүгі128
- •Алғысты дәмету129
- •Өміріміздегі 1 мен 0-дер130
- •Талшын ағашы132
- •Мейірімді және иғтибарлыбол!133
- •Өсиет134
- •Өмір сүрудің ең жақсы жолы135
- •Ішкі тыныштық
- •Ішкітыныштық136
- •Ішкітыныштық137
- •Тыныштық туралы өсиет әңгіме138
- •Ұят туралы өсиет әңгіме139
- •Маймыл мен шахматтар140
- •Сезімдер мен қызығушылықтарды басқару141
- •Кемелденгенадам143
- •Қиянатжасамау Көбелектен алған сабақ145
- •Жарылқаушылық туралы тәмсіл146
- •Адам мен құс туралы өсиет әңгіме147
- •Үнді өсиет әңгімесі: Әулие және жылан 148
- •Әділет өлмейді150
- •Әдебиеттер тізімі
- •Өзін-өзі тану мұғаліміне арналған хрестоматия
Жанашыр
Г. Ибрагимова
Азамат, Ернарт, Талғат – ағайындылар. Олар жұптары жазылмай, күнде бірге ойнайды. Ойнап жүріп жоқтан өзгеге таласып қалатындары да бар.
Жазғы демалыста үйде теледидар көруден жалыққан үшеуі есік алдына шығып ойнауды жөн көрді. Көрші балалар да далада жүр екен. Олар екі топқа бөлініп, футбол ойнайтын болды. Азамат пен Ернарт бір топта. Талғат әлі кішкентай болғандықтан, ойынға алынбады. Ол өзі қатарлы балалармен бөлек ойнап жүр.
Бірте-бірте ойын қызды. «Әкел допты!», «Бері әкел!» деген сияқты айғайлар көбейді. Осындай шудың арасында ойыннан есі шығып жүрген Ернарт байқамай, допты өз қақпасына қарай теуіп кеп қалды. Доп та қас қылғандай қақпаның ішіне кіріп кетті. Ернарттың арқасында қарсы топ ұтуға айналды.
Топтағы балалар Ернартқа дүрсе қоя берді. Ернарт не істерін білмей састы. Көмекке ағасы Азамат келді. Ол балаларға Ернарттың байқамай қалғандығын, әдейі істемегендігін түсіндірді. Інісіне жанашырлық жасады.
Сырттарынан байқап тұрған көрші ағай Азаматтың бауырмалдығына риза болды. «Ағасы бардың – жағасы бар», – деп арқасынан қақты. Балалар да реніштерін ұмытып, ойынды қайта жалғастырды.
Жаңашырлық қандай қасиет деп ойлайсыңдар?
Балалардың Ернартқа реніштерінің негізі бар ма?
Өздерің басқаларға жаңашырлықты қалай көрсетесіңдер?
Басқалар сендерді ренжітсе қандай әрекет жасайсыңдар? Себебін түсіндір.
Гүлді жұлма
Қ. Толыбаев
Алма беті албыраған, қуыршақтай әсем киінген қара торы қыз бақшаға жүгіріп кірді де, еліктің лағынша өлеңдеп тұрып, жан-жағына көз жүгіртті. Қарсы алдында жібектей үлбіреп тұрған алқызыл гүл шоғының желегінен біреуін жұлып алды да, умаждап-умаждап тастай салды. Сол кезде:
– Гүлді жұлма!... – деп ызаланған жіп-жіңішке шіңкілдек нәзік дауыс естілді. Қыз аң-таң. Айналасын абыржи барлады. Әлгі шіңкілдек дауыс қайта ызыңдады. – Өзің кішкентай да емессің, гүлді аяуды әлі білмейсің. Жаңашырлықпен гүлді аялап үйрен!..
– Не үшін, оның себебі не?.. – деп қиқарлана сұрады қыз қаймықпастан. Дауыстың қайдан шығып тұрғанын іздеп, алма ағашының қою жапырақтарына тінткілей көз салды. Бір бұтақта отырған бұлбұл құсты көрді.Ашуланғандай тыпыршып тұр екен.
– Гүлдің қадірін білмейтін қырсық екенсің!..
– Гүлді алу керек қой.
– Сен гүлді алған жоқсың, желегін жұлып жерге тастадың, – дейді Бұлбұл сабырлы қалыпқа түсіп. – Бұл әрекетіңмен бәрібір гүлдің сұлулығын танып біле алмайсың. Өлген гүлге қайғыра қараған Бұлбұл налыған кейіпте.
Көзді тартып құлпырып тұрушы еді,
Желсіз түнде тұнжырап тұнушы еді.
Құбылмалы өмірдің құтындай боп,
Көрген сайын көңілім тынушы еді.
Сабағыңнан үзіліп солып жатыр,
Жарамастай түкке де тозып ақыр.
Тілейтұғын жақсылық жайсаң жандар,
Озғырлықтың көлкіген сорын сапыр!..
Қуыршақтай қара торы қыз қарақаттай қара көзін жаудырата қарап аз тұрды да, кінәсін мойындағандай Бұлбұлға бас иді.
– Екінші бұлай істемеймін!.. – деп тәжім етті.Сонан соң ақырын жылыстап бақшадан шығып кетті.
Неліктен бұлбұл қыз балаға ренжіді?
Қыздың гүлді жұлуын қиянат жасау деп айтуға бола ма?
Бұл өсиет әңгімеден қандай ой түйдіңдер?
Жанашырлық жасау барлық адамның қолынан келе бере ме? Неліктен?
Жел
Қ. Толыбаев
Қыс мезгілі еді. Таң ата сапалақтап жауған қар түс қайта басылған. Ал, кешке қарай алакүшік жел тұрды да, бірте-бірте күшейіп, жараған бурадай зіркілдеп, буырқана тапырақтады. Жұп-жұмсақ ұлпа қарды ұйытқыта үйіріп, астан-кестен қып сапырылыстырды. Кенет қардың астынан: – Абайласаңшы, таптайсың ғой!... – деген жалынышты нәзік дыбыс естілді. Тосын үннен сасқалақтап қалған жел қанатын жайып жіберіп, қонған жерге шөге қалды. Қибыжықтап қасаттанған қарға қарады.
– Оу, неге сонша қиналдың Ақ ерке?
– Білмейсің бе, менің құшағымда Көктемнің гүлі ұйықтап жатыр ғой. Соның ұйқысын бұзып алмашы!..
Қырдың бетін тозаңдатқан ұлпа қарының үнінде аса мейірімді өтініштің лебізі бар. Желдің тарпаңдығын еріксіз тындырды. – Ә, солай ма... Ендеше қойдым, абыржыма!..
Желпінген Жел желігін басып, жерге бауырын төседі де, сұлай кетті. Табиғат құбылыстарының да тілеуі тіршілік сарынымен үндес секілді.
Мәтінде табиғаттың үйлесімділігі қалай суреттелген?
Желдің істеген әрекеті туралы не айтар едіңдер?
Табиғат құбылыстары бір-бірін қалай түсінді?
Өздерің күнделікті өмірде осындай үйлесімділіктерді байқайсыңдар ма?
Білеміз
Кәріс ертегісі
Бір ерлі-зайыпты жақсы адамдар болыпты, бірақ олар еш уақытта ешкімнің сөзін аяғына дейін тыңдамайды екен де: – Білеміз, білеміз! – деп өзеуреп шыға келеді екен.
Бірде оларға әлдебіреу бір халат алып келеді де:
– Егер мұны киіп, бір түймесін салатын болсаң – жерден бір аршындай биікке көтерілесің, екі түймесін салсаң – аспанға қарай үшып кетесің, үшеуін салсаң – сонау көкке жетесің,– дейді.
Ұшқаннан соң, жерге қалай қайыра түсеміз деп сүраудың орнына аналар:
– Білеміз! – дейді.
Күйеуі халатты кие салып, барлық түймесін салады да, аспанға ұшып кетеді.
Әйелі болса, зыр жүгіріп:
– Қараңдар! Қараңдар, менің күйеуім үшып жүр!– деп мәз болады.
Екі көзін аспаннан алмай жүгіріп келе жатқан ол аяғының астындағы шыңырау ұраны көрмей, соған түсіп кетеді.
Шыңырау түбінде өзен ағып жатады екен, әйел суға батысымен балық болып кетіпті де, аспандағы ері бүркітке айналыпты деседі.
Мұның өзі жұрттың сөзіне қүлақ аспай, бәрін де өзім білемін дейтіндерге сауап болғандай оқиға екен.
Ертегіде не туралы айтылған?
Өзгелерді тыңдай білмеу қандай қасиет деп ойлайсыңдар?
Осы ертегіден қандай ой түюге болады?
Өздерің басқаларды тыңдау арқылы дұрыс әрекет жасаған кездерің болды ма?
