Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Модудь-сабак-1-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.6 Mб
Скачать

110 КВ қондырғыларда және одан жоғары үлкен қуаттылықты автотрансформаторлар кең қолданыс табуда. Бұл олардың трансформаторлармен салыстырғандағы бірқатар басымдықтарының бар болуымен түсіндіріледі.

Автотрансформаторлардың жұмысы кезінде кернеудің төмендеу режиміндегі орама жүйелілігінде Ів тогы өтеді, магнит ағынын тудыра отырып жалпы орамадағы Іо тогын реттейді.

Автотрансформаторлардан бірінші ретті желіден екіншісіне берілетін толық қуаттылық өтпелі деп аталады.

Сондай қуатты трансформаторлар салыстырғандағы автотрансформаторлар басымдықтары:

• мыс, болат, оқшаулама жабдықтардың аз шығыны;

• аз салмақ, аз көлем, нақты қуатты үлкен автотрансформаторларды трансформаторлардан гөрі жасау мүмкіндігі;

• аз жоғалту және үлкен ПӘК;

• суытудың неғұрлым жеңіл шарттары.

• Автотрансформаторлардың кемшіліктері:

• бейтараптық бітеу жерсіндіру қажеттілігі, ол бір фазалы ҚТ токтың ұлғаюына әкеледі;

• кернеуді реттеудің қиындығы;

• ЖК және ОК орамдарының электрлік байланысының нәтижесінде қайта кернеуліктен атмосфералық өту қауітпілігі.

2.1 сурет. Бір фазалы трансформатордың схемалық құрылысы мен шартты белгілері.

2.2сурет. Ораманы жұлдызшаға қосу

2.3-сурет. Трансформаторларды параллель қосу (а) және олардың шықпалдық орамаларының орынбасарлық схемасы (б).

Осы айтылғандардан және2. 3., а-суреттен көрініп тұрғандай, трансформаторларды жүмысқа параллель қосу үшін олардың кірмелік және шықпалық орамаларының номинал кернеулері өзара тең болуы керек. Бұл шарт егер трансформаторлардың трансформация коэффициенттері езара тең болса ғана, орындалады.

2.3., б-суретте параллель жалғанған екі трансформатордың шыкпалық орамалары тізбегінің орынбасарлык схемасы келтірілген. Егер шықпалық орамалардың ЭҚК-тері өзара тең болмаса, ягни ЕіЕ2 шарты орындалмаса, онда тіпті бос жүріс әлпінде де шықпалық орамалармен ток жүреді. Бұл ток орамаларды қыздырып қосымша шығын тудырады. Ал Еі =Ег шарты орындалуы үшін трансформаторлардың жалғану группалары бірдей болуы керек, яғни шықпалық орамалардың ЭҚК-терінің сан мәндері ғана емес фазалары да өзара тең болуы керек.

Кластер стратегиясын пайдалану

Трансформатордың түрлерін топтастыру:

1

Қызметіне қарай

Күштік, арнайы, өлшеуіш

2

Фазалар санына қарай

Бірфазалы, үшфазалы

3

Салқындату тәсіліне қарай

Құрғақ және майлы

4

Жиілік бойынша

 

Жоғарғы жиілікті, төменгі жиілікті

5

Өзекшенің конструкциясына қарай

Стерженді, сауытты

6

Кернеуді түрлендіруіне қарай

Жоғарылатқыш, төмендеткіш

 Студенттің орындайтын тапсырмалары: 

  1. Трансформатор деген не?

  2. Оның негізгі бөліктері?

  3. Неліктен трансформатор өзекшесі жұұа пластиналардан жасалады?

  4. Бірінші реттік орам қайда қосылады?

  5. Трансформация коэффициенті деген не?

  6. Бірінші ораманың орам саны 10000, ал екінші ораманікі 100 болса, бұл қандай трансформатор?

  7. Осы трансформатордың трансформация коэффициенті нешеге тең?

  8. Трансформатордың жұмысы қандай заңға негізделген?

  9. Трансформатордың жұмысы қандай құбылысқа негізделген?