Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
peshten_tys2018_laboratorn.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
437.25 Кб
Скачать

Рұқсатнама сұрақтары

1. Шихта материалдарын пеш қалыбына тиеу үшін қалай дайындайды?

2. Шихтаны тиеу қандай жүйелілікте жүзеге асырылады?

3. Пеш радиусы бойынша агломерат пен кокстың таралуын қалай анықтайды?

4. Колошник радиусы бойынша кен/кокстың ара қатынасын қалай анықтайды?

Бақылау сұрақтары

1. Қандай жүктеу жүйелері периферияда кен салмағынтиімді жоғарылатады және пештің қандай өсі бойымен жүреді?

2. Шихта материалдарының таралуына себу рельефінің әсері қандай?

3. Шихтаның түсу түріне байланысты себу рельефі қалай қалыптасады?

4. Пеш радиусы бойымен әртүрлі фракциялы материалдардың жалпы таралу түрі қандай?

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. А.Д. Готлиб., Доменный процесс «Металлургия», 1966, 47-51.

2. В.В. Полтавец, Доменное производство«Металлургия», 1981, 112-118

Зертханалық жұмыс №9,10. Отынның реакциялық қабілеттілігін анықтау

Жұмыстың мақсаты: Отынның реакциялық қабілеттілігі шамасын анықтау әдістемесімен тәжірибелік танысу. Әртүрлі отын түрлерінің реакциялық қабілеттілігі шамасын салыстыру.

Теориялық бөлімі

Отынның реакциялық қабілеттілігі деп оның реакция бойынша жоғары температурада көміртекті газбен өзара әрекеттесу қабілеттілігін айтамыз:

С + СО2= 2СО

Әртүрлі температурада реакциялық қабілеттілік шамасын анықтаудың негізгі тәсілі СО, СО2 көміртекті газбен алынған көміртекті отынның жану өнімдерін әрі қарай талдау арқылы құбырлы электрлі пешке жәнебелгілі температураға ие отын қабаты арқылы көмірқышқылды жіберу болып табылады. Сандық реакциялық қабілеттілігі отын қабаты арқылы өткен СО2 ара қатынасына тең:

Rk =

Мұнда: СОжәнеСО2– қалдық газдағы СОжәнеСО2 сәйкес көлемдік мөлшері (0,5 СО– қайта реакцияға түсетін СО2мөлшері).

Кокс домна пешіне түсіп, әртүрлі температурада көмір қышқыл газымен өзара әрекеттеседі. Тікелей тотықсыздану облысында коксты көміртегі темірдің және шойынның басқа да элементтерінің тотықсыздануы нәтижесінде түзілген көміртекті қышқыл газымен келесідей реакция бойынша реакцияға түседі:

СО2 + С = 2СО – 37710 кал.

Фурмалау алдында коксты көміртегі реакция бойынша ыстықтай үрлеу арқылы күйдіріледі:

С +О2 = СО2 +97650 кал.

СО2 + С =2СО – 37710 кал.

Кокстың реакциялық қабілеттілігі белігілі жағдайда кокс қабаты арқылы өтетін көмір қышқыл газымен өзара әрекеттесу жылдамдығымен анықталады (көбінесе 950°С).

Сондықтан, 900-1100°С температура кезінде кокстың реакцияға түсу қабілеттілігі шахтадағы домна пешіндегі темір тотығымен тотығатын көміртектің мөлшеріне әсер етеді. 1400-1500°С температура кезінде әртүрлі сортты кокстың реакциялық қабілеттілігінің ерекшелігі фурмалау алдында кокстың жану жылдамдығына әсер етуі тиіс. Коксты көміртегінің көмірқышқыл газымен өзара әрекеттесу жылдамдығына және кокс кесектері өлшемдеріне елеулі әсер етеді. Қатты ұсақтау кезінде әртүрлі кокс түрлерінің реакцияға түсу қабілеттілігі теңеледі. Rk–ға келесідей факторлар әсер етеді: бастапқы көмірдің қасиеті, күлдің құрамы, кокстау температурасы мен ұзақтығы.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]