- •Қр Бiлiм жәнe Ғылым министрлiгi л.Н.Гумилeв aтындaғы Еурaзия Ұлттық унивepcитеті
- •Taқырыбы: “ Мемлекеттік аудиттің даму тенденциялары және қалыптастырылуы ”
- •Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды енгізу және құру
- •Мемлекеттік аудит органдарының жүйесі
- •Қазақстан Республикасында мемлекеттік аудит пен қаржылық бақылауды енгізу және құру
- •Мемлекеттік аудит органдарының жүйесі
- •Қoрытынды
Мемлекеттік аудит органдарының жүйесі
Мемлекеттік органдар екі топқа бөлінеді: стратегиялық жоспарды әзірлейтін мемлекеттік органдар және стратегиялық жоспарды әзірлемейтін мемлекеттік органдар. Мемлекеттік аудит органдары жыл сайынғы негізде тәуекелдерді айқындау мен бағалаудың дұрыстығына, белгіленген рәсімдердің оларды орындау сәйкестігіне талдау жүргізеді. Мемлекеттік аудит органдары тоқсан сайынғы негізде ден қоюдың алдын алу шараларының шеңберінде іс-шараларды іске асырудың тиімділігіне талдау жүргізеді.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылау органдарының жүйесін:
1) мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың жоғары органы болып табылатын Есеп комитеті;
2) облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың тексеру комиссиялары;
3) ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган;
4) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметін қоспағанда, орталық мемлекеттік органдардың, облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың жергілікті атқарушы органдарының ішкі аудит қызметтері;
5) көзделген штат саны шеңберінде бірінші басшының қалауы бойынша құрылатын орталық мемлекеттік органдар ведомстволарының ішкі аудит қызметтері құрайды.
Есеп комитеті және тексеру комиссиялары сыртқы мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. Ішкі мемлекеттік аудит жөніндегі уәкілетті орган және ішкі аудит қызметтері ішкі мемлекеттік аудиттің және қаржылық бақылаудың уәкілетті органдары болып табылады. Ішкі аудит қызметтері заңды тұлғалар болып табылмайды.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ішкі аудит қызметінің жұмысын ұйымдастыруды қоса алғанда, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкіндегі ішкі аудит Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
Мемлекеттік аудит және қаржылық бақылаудың мәні – мемлекеттік органдардың қызметі, соның ішінде мемлекеттік қаржыны басқару, мемлекеттік, салалық және бюджеттік бағдарламалар, мемлекеттік органдардың стратегиялық жоспарлары, аумақтарды дамыту бағдарламалары;
Мемлекеттік аудит органдары бюджеттің республикалық және жергілікті деңгейлерінде жүктелген функциялар мен өкілеттіктерге сәйкес жүзеге асырады және мыналарға:
1) мемлекеттік аудитті және қаржылық бақылауды жүзеге асырудың ескіруіне;
2) нәтижелілігіне – алған қойылған мақсаттар мен міндеттерге, сондай-ақ нәтижелердің көрсеткіштеріне, соның ішінде тікелей және түпкілікті нәтижелердің көрсеткіштеріне, сапа көрсеткіштеріне қол жеткізуге;
3) бюджет қаражатының пайдаланылу тиімділігіне – қолда бар ресурстардың барынша пайдалы болуына қол жеткізу мақсатында, бюджет қаражатын үнемді және ұтымды пайдалану;
4) мемлекеттік аудит органдарының және басқа да уәкілетті мемлекеттік органдардың кемінде соңғы үш жылда жүргізген аудиторлық іс-шараларының нәтижелеріне;
5) бюджет қаражатының көлемдеріне, дебиторлық және кредиторлық берешектерге, бюджет қаражатының игерілуіне негізделеді.
