- •1 Мектеп жасына дейінгі балаларды уақытты бағдарлауға үйрете отырып экологиялық тәрбие берудің теориялық негіздері
- •Мектеп жасына дейінгі балалардың экологиялық тәрбиесіне байланысты ғалымдардың педагогикалық көзқарастар
- •Балалардың уақыт туралы түсініктерін қалыптастыру мен уақытты бағдарлай білудің маңызы
- •1.3 Күн, ай, апта, жыл мезгілдері ұғымдарымен таныстырудың негіздері
- •2 Мектеп жасына дейінгі балаларды уақытты бағдарлауға үйрету арқылы экологиялық тәрбие беру жолдары
- •2.1 Уақытты бағдарлау түсініктерін қалыптастыру әдістемесі мен оны жетілдіру жолдары
- •2.2 Зерттеу мәселесі бойынша қалыпқа келтіру эксперименті кезінде пайдаланылған іс-шаралар мазмұны.
- •2.3 Тәжірибелік - эксперименттік жұмыстың нәтижесі
- •Сурет3 - Экспериментке дейінгі кезеңде балалардың білім деңгейлерінің пайыздық көрсеткіші
- •Сурет 4. Эксперименттен кейінгі балалардың білім деңгейлерінің пайыздық көрсеткіші
- •Қорытынды
- •3.Тоғыз – әзір белгілі
- •5.Уақыттың өлшемі
1.3 Күн, ай, апта, жыл мезгілдері ұғымдарымен таныстырудың негіздері
Уақыт жөнінде түсінік қалыптастыруда сөздің атқарар ролі үлкен: ұзақтығы әртүрлі уақыт аралықтары сөз арқылы абстракцияланады және қорытындыланады: секунд, минут, сағат, тәулік, апта, ай, жыл т.б. Осы арнаулы атаулармен балалардың пайдалану дәлдігі уақыт эталондарынын әрқайсысының нақты мазмұны қандай, ол қандай негізгі белгілермен сипатталады- соған байланысты. Алайда қандай уақыт аралықтарын болса да сипаттайтын уақыттылы белгілер аса шектеулі келеді, өйткені олар адам өмірінің тұрмыстық, экономикалық және географиялық шарттарымен айқындалады. Күн дегенде-ол әр уақытта да, қай жерде де жарық және халықтың еңбек етуі деп, ал түн болса – қараңғы және халық ұйықтайды деп сипаттала бермейді. Сондықтан, тәуліктермен жыл мезгілдерінің т.с.с. алмасу тәуелділігін айырып көрсететіндей, көрнекі құралдарды табу аса маңызды. Қай эталонды болсын түсіну үшін ортақ белгілерді табу қажет. Мәселен, кеше, бүгін, ертең т.б. сөздердің мәнісін айқындау үшін, ең алдымен тәуліктердің өтіп жататын және алмасып отыратынын түсіну қажет. Әдетте бір тәуліктің екіншісімен алмасу белгісі деп кішкене балалар Москва куранттарының соғысын біледі. «Тәулік айналып тұрады» дейді төрт- бес жасар балалар «Тәулік» эталоның оның құрамын (ертеңгілік, күн, кешкілік, түн), оларды ұзақтығын және алмасуын үш-төрт жасар балалар ересек адамдар дұрыс басшылар беріп отырған жағдайда саналы түрде түсіне алады. Тәуліктің алмасып отыруын түсіну балаларды уақыттың басқа эталондарының (апта күндері, айлар мен маусымдар, жылдар т.б.) мәнісімен таныстырғанда негізге алынады, бұлардың әрқайсысын балалар өзінше бірнақтылы белгілермен байланыстырады.
Мәселен, уақытты балалар реал өмірлік процестердіңи сипаты ретінде түсінеді: ол процестердің ұзақтығын, шапшаңдығын, өтуретін, темпімен ритмін сипаттайды.
Мектеп жасына дейін және төменгі кластардағы балалар уақыт категориясын іс-жүзінде қалайша атайды екен? Зерттеулердің көрсетуінше алты-жеті жасар балалар, уақыт үстеулерін орынды қолданатын көрінеді. Бірақ уақыт категорияларының бірдей бірден саналы түрде түсіне бермейді әрі дұрыс айта да бермейді. Уақиғаларды уақыт жөніне шектейтін және шапшаңдығын өрнектейтін үстеу сөздерді тез игерсе, ұзақтығымен ретін өрнектейтін үстеу сөздерді баяу игереді. Алайда балалар қиын ұғынатын уақыт үстеулерін ашып түсіндіру жөнінен бірнеше сабақ өткізсе, олардың түсінігін нықтай түсер еді. Бұдан шығатын қорытынды: алты-сегіз жасар балалардың уақыт ұғымдары сөйлеу процесінің үздіксіз өсу стадиясында болады. Бұлайша даму баланың алты-жеті жасар аралығында, егер ол процесті біреу басқарып отырса, әсіресе қаулап өседі. Алайда уақыт қатынастарының мектеп жасына дейін аса нәзік дифференциациясы аса баяу қалыптасады және де жалпылама баланың ақыл-ой әрі сөйлеу қабілетіне тікелей байланысты. Баланы оқыту мен тәрбиелеу- оларды басқарудың құдіретті құралдарының бірі.
Уақыт ұғымдарын қалыптастыру бағытында ең алдымен табиғи құбылыстарды басты назарда ұстау қажет. Күн мен түннің алмасуы, жыл мезгілдерінің ауысуы, жер шарының бойымен бір тәулік ішінде айналуы, Айдың Жерді айналуы, Айдың Күнді айналуы.
Жер шарының өз осімен айналуы бір тәулікке тең, әдетте бір күн деп те атап жатады. Тәулік уақыт өлшемі ретінде өзінің сандық сипатына ие, яғни 24 сағат. Бұл уақыттың табиғи өлшемнің ең алғашқысы болып табылады. Тәулікті 4-ке бөлу қалыптасқан: Таңертең, күндіз, кеш, түн. Бұлайша бөлу обьективті өзгерістерге де байланысты.
Бүгінгі еңбек жағдайлары адамның уақытты ескеріп отыруын қажет етеді. Нақты уақыт интервалдары аралығында өз әрекеттерін тездетіп не баялатып отыруды талап етеді. Адам өзінің кез келген әрекет барысында уақытқа қарай бейімделуі тиіс.
Уақыт адамның түрлі әрекеттерінің үйлестірушісі ғана емес, адамның әлеуметтік қарым-қатынастарының да үйлестірушісі бола алады. 1 сыныптан бастап уақыт баланың өмірі мен оқу іс-әрекетінің шынайы үйлестірушісі бола алады. Б.Г.Ананьевтің жетекшілігімен оқу әрекетіне байланысты баланың ақыл-ой қабілетінің дамуын зерттеуге бағытталған бірқатар зерттеу шаралары жүргізілді.
Бұл зерттеулер баланың мектептегі оқу әрекетіндегі әрбәр кезеңінде, балалардың дағдылары мен іскерліктерінің дамуында уақыт ең басты шарт екендігі дәлелденді.
Уақытты сезінулері қалыптасатын факторларға мыналар жатады:
Уақыт эталондарын білуі(олар туралы ұғымдарын жалпылау). Балада қандай уақыт аралығы айтылатындығы туралы сезілуі үшін ол өз бетінше уақыт эталонын сезіп, уақытты сағат бойынша ажырата білу керек және сағатты қалай пайдалана білуді меңгеру қажет.
Мазасыздан – баланың уақыт интервалынсезіну болып табылады. Бұл балаға белгілі бір уақыт аралығында нақты бір әрекетті орындауға тырысуға мүмкіндік береді.
Балаларда нақты бір уақыт интервалын сағат арқылы емес, уақыт сезіну арқылы қабылдауды қалыптастыру.
Уақыт ұғымдарын қалыптастыруға бағытталған жұмыстардың әдістемесі мен ұйымдастыру жолдары:
1, 3, 5 және 10 минут ұзақтығымен таныстыру, осы бағытта секундомер, құмсағат, конструктор сағат қолдану.
Түрлі әрекеттер арқылы осы уақыт ұғымдарын бекіту
Балаларға бір аптадағы күндерді ретімен атай білуді үйретудің зор маңызы бар. Бүгін қайсы күн, кеше қайсы күн болғандығын ұғындыру керек.
Балалардың «уақыт сезімдерін» жетілдіру мақсатында түрлі жаттығулар, дилактикалық ойындар мен халық ауыз әдебиеті құралдары арқылы ұғымдарын бекітудің де маңызы бар.
Осы мақсатта сабақты ойын формасында өткізуге болады. Мысалы «апта күндері» ойыны.
Мақсаты: апта күндерін есте сақтау. Керекті құралдар: апта күндері шартты түрде белгіленген 1-ден 7-ге дейінгі фигуралардың немесе ұлттық бұйымдардың суреті салынған жеті сурет және 1, 2 сурет жоқ тәж.
Ойынның мазмұны, мұғалім балалардың мынаған келісіп алуларын өтінеді. Бір таңбасы бар тәж – аптаның бірінші күні – дүйсенбі, 2 таңбасы бар тәж – аптаның екінші күні – сейсенбі, т.б білдіреді. Балалар апта күндерінің атын хормен қайталайды.
Тақтаға 7 бала шақырылып, оларға тәждер таратылып беріледі. Тақта алдына шақырылған баланың әрқайсысы тәж бен таңбаның санына қарап тұрып: «Сабыр – сәрсенбі, мен – жұмамын» т.б айтады. Осыдан кейін мұғалім аптаның кез келген атын дауыстап айтады, мысалы: «сәрсенбі» деген бұйрық сөзден кейін, оны «сәрсенбі» деп білетін бала алдыға шығып тұрады. «Апта күндері сапқа тұрыңдар!» деген бұйрық берілісімен, басқа балалар оның қатарына дұрыс ретпен сапқа тұруы тиіс. Сақа тұруда қателік болса, оны орындарында тұрған балалар бірден байқайды. Бұдан соң мұғалім тақта алдына келесі 7 баланы шақырады т.с.с.
