Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
оу дістемелік кешен.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
5.16 Mб
Скачать

3. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

4. Көп нүктенің орнына тиісті есімдікті қойыңыз. Есімдік барлық жерде бастауыш қызметін атқарып тұр ма?

1. ... іссапарға барғалы жатырмын.

2. Бос уақытымызда ... саябаққа демалуға барамыз.

3. Кеше ... кіре берісте кіммен сөйлестіңіздер?

4. ... Әділет министрлігінде жұмыс істейсіз.

5. ... қазақша еркін сөйлейді.

6. ... мақаланы орыс тіліне аударып отыр.

5. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

VI сабақ.

Қазақтың ұлттық аспаптары тарихынан. Қылқобыз.

1.Мәтінді оқыңыздар, аударыңыздар:

Қобыз – ықылым заманнан келе жатқан музыкалық аспап. Киелі қара қобыз түркі тектес халықтар ішінде қазақтың ғана еншісіне бұйырған. Ол кемеңгер абыздар ұстаған қасиетті аспап, кез келгеннің ырығына көне бермейтін киелі дүние. Қазақ халқының ежелден пайдаланып келе жатқан қобызы – қылқобыз.Қылқобыз деп аталатын себебі, оған екі қыл ішек тағады. Ертеде қобызды ағаштан ойып жасаған, пішіні ожау тәрізді болады.Халық аңызы мен Орта Азия ғалымдарының кейбір деректеріне қарағанда, ҮІІІ-ІХ ғасырларда Қорқыт қобыз жасап, оған алғаш күй шығарып тартқан деседі. Сөйтіп, қылқобыз көп ғасырлар бойы қазақ халқының негізгі музыкалық аспабының бірі болды. Елімізде Ықылас Дүкенұлы, Жаппас Қаламбаев, Дәулет Мықтыбаев сияқты қылқобызда орындаушы шеберлер болды. 1934 жылдан бастап А.Жұбановтың басқаруымен музыка аспаптарын жасайтын шеберлер Э.Романенко мен Қ.Қасымов қобыз бен домбыраның бірнеше түрлерін жасап шығарды. Соның нәтижесінде Құрманғазы атындағы қазақ оркестрі ұйымдастырылды. Қобызға 4 ішек тағылып, дыбыс тембрлері жақсартылды, орындау техникасы жетілдірілді, диопазоны ұлғайтылды.

Құрманғазы атындағы халық музыка аспаптары оркестрінде қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас қолданылады. Қобыздың қай түрі болмасын, қазақтың ән-күйлерін орындаумен қатар орыс және батыс компазитор-классиктерінің шығармаларын және еліміздің туысқан халықтарының музыкасын орындайды. 1971 жылдан бастап қазақ конссерваториясының халық аспаптар факультетінде халық арасында көп тараған қылқобыз класы бар. Мұнда Ж.Қаламбаев пен Д.Мықтыбаев қылқобыздан ұстаздық етеді.

Ал біздің академияда Раушан Қожабекқызы Мұсақожаева қобызды ерекше қастерлеп, қылқобыз бен прима-қобызды қатар меңгерген маман.

2. Мәтін бойынша сұрақтар құрастырыңыз.

Күрделі баяндауыш.

3. Кестеге қарап өз мысалдарыңызды келтіріңіз.

Күрделі баяндауыш

Күрделі баяндауыштың жасалу жолдары

Машина баяу жүріп келе жатыр.

күрделі етістік

Ол музыканы, ен–күйді жақсы көретін адам еді.

Келе жатқан үшеу екен.

есім сөздер мен көмекші етістіктер

Осы – Тереңсайдың тұсы.

ілік септікті есімдер мен көмекші есімдер тіркесі

Біздің сыныптағы озаттар он үш.

Кореяның территориясы – 220 мың шаршы километр.

күрделі сан есімдер, шаманы, мезгілді білдіретін сөздер

Оның көңілінің алалығы жоқ еді.

Ол келуге тиіс екен.

жоқ, бар, тиіс т.б. сөздер мен көмекші етістіктер тіркесі

Біз оқуға бел байладық.

тұрақты сөз тіркестері(идиомалар)

4. Сөйлемдерден бастауыш пен баяндауыштарды тауып, сұрақтар қойыңыз.

1. Біз жұмысымызды орындадық (выполнили). 2. Директор жиналыс өткізді (проводил). 3. Олар студенттермен сөйлесті (говорили). 4. Дәріс сағат онда басталады. 5. Біз емтиханға дайындалдық (готовились). 6. Біз маусым айында тәжірибе өтуге барамыз. 7. Төрт екіге бөлінеді(делится).

5. Сұхбатқа астындағы қажетті сөздердің тиістісін енгізіңіз.

- Кеше күндіз маған достарым ... .

- Сендер не істедіңдер?

- Біз музыка ... , ән ... , ... .

- Ертең сен маған кел.

- Біз не істейміз?

- Музыка ... , ... .

- Жақсы, ... .

- Сау бол!

- Сау бол!

Қажетті сөздер: әңгімелестік, тыңдаймыз, келді, айттық, әңгімелесеміз, айтамыз, келеді, тыңдадық, келемін.

6. Көшіріңіз. Тұрлаулы және тұрлаусыз мүшелердің астын сызыңыздар.

Шығыс Сібірде көктем кеш басталады, өте қысқа болады. Көктемнен кейін лезде жаз басталады. Сібірдің жазы жылы, оңтүстігінде тіпті ыстық болады. Жазы да ұзақ болмайды, қысы тез басталады. Күні ашық, ауа райы жақсы болады. Жауын–шашын жаз айларында жауады. Қыста шанамен жүреді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]