- •1.1.Балаларды тұрмыстық бейнелеу жанрымен таныстыру
- •1.2.Балаларды декоративті бейнелеу өнерімен таныстыру.
- •1.3. Мектепке дейінгі балаларды бейнелеу өнерінің құралына тәрбиелеу мақсаты
- •1.4. Белгілі топтағы балалардың эстетикалық қабылдау ерекшеліктері.
- •1.5.Сабақты ұлттық әдет-ғұрыптар мысалдарымен түрлендіріп жүргізу
- •1.6.Балабақшадағы сабақ үшін бейнелеу өнеріне шығармашылық тақырыпты таңдап алу принципі
- •Іі.Балаларды бейнелеу өнерінің жанрымен немесе бір түрімен таныстыру методикасы.
- •2.1.Тақырыпқа байланысты және ертегіні иллюстрациялауға байланысты сурет салу
- •2.2. Жүргізілген жұмыстың анализі.
- •2.3.Ересек топтардағы балалардың бейнелеу өнері шығамаларының тақырыптары
- •2.5.Балабақшада бейнелеу өнерін оқытудың мақсаты мен міндеттері
- •Қорытынды
- •Пайдаланылған әдебиеттер
2.2. Жүргізілген жұмыстың анализі.
Мен Астана қаласының №11 «Гауһар» балабақшасы ересектер тобындағы бейнелеу өнерінің жүргізілуіне бақылау жасадым. Тәрбиешілер: Алпыспаева Айнұр Булатқызы мен Тлеубаева Шынар Амангельдіқызы. Зерттелуші топтың аты: «Інжу» мен «Маржан» тобы. Топта 20-дан бала бар. Оның ішінде 3 бала ғана өзінің сурет салуға деген шығармашылық белсенділігімен көзге түсті.
Қағаз беттері, акварель, бояу жаққыштар, су құйылған оңқа, сурет салатын тақтайша, шүберек, бояу жаққыштарды салатын ыдыс, «Аяз ата шырша жанында» картинасының көшірмесі[15].
Сабақ жоспары:
Жұмыс орынын ұйымдастыруды тексеру (лаборант жұмысын бағалау).
«Аяз ата шырша жанында» тақырыбында алдын ала әңгіме өткізу
Қысқы бейнелерді салуды көрсету.
Қысқы шыршаны балалар өз бетінше бояулармен салуы.
Сабақты қорытындылау. Балалар жұмысын ұжымдық талқылау.
Жұмыс орынын ұымдастыруды тексеру.
«Аяз ата шырша жанында» тақырыбында алдын ала әңгіме өткізу
Әдетте қыс–табиғаттың салатын кезі-уайым сағыныш сезімдерін тудырады. Бірақ та құрғақ және жылы күн болса, орман ашық түске енеді де, қысқы табиғаттың әдемілігі сергектік пен өмірге деген қуаныш, көңіл-күй сезіміне бөлейді.
Тәрбиеші «Қыс» «Күз» өлеңін оқиды.
Ағашты қалай салу керек?
Жұмыс қарындашсыз бояу жаққышпен істеу арқылы жүргізіледі.
Бояу жаққыштың ұшымен көлденең сызықтармен аспан, жер, ағаш биіктігі орыны белгіленеді.
Бояу жаққышты ақырын басып отырып, ағаштың діңгегі салынады.
Негізгі діңгектен оның бұтақтары салынады (бояу жаққыштың ұшымен).
Бұдан кейін бояумен ағаштың ұшар басы бейнеленеді.
Өсімдік түрлерін салғанда (ағаштар, бұталар) оларды кеңістікте орнасалтыруды дұрыс таңдау өте маңызды – композицияны дұрыс құру және бұрын алған білімдерді еске алу керек: ең жақын тұрған заттар қағаз бетінде төмен бейнеленеді, ал алыста тұрғандыра – жоғары; алдыңғы жақта тұрған ағаштар үлкен етіп салынады, сонымен қатар, сурет салушының ара қашықтығына сай олардың түстері де өзгертіледі.
Балаларға экскурсия кезінде өте ұнаған қысқы ағашты өз бетінше салуы.
Сабақты қорытындылау:
Балалар суреттерін ұжымдық талқылау. Жұмыстарды кептіріп, коридорда көрме ұйымдастыру.
Толық эстетикалық тәрбие өнер туындыларымен енжарлық түрде танысу негізінде болуы мүмкін емес. Эстетикалық мәдениетті тәрбиелеу үшін балалар шындықты бейнелеу сауаттылығы негіздері білімдерін, жазықтықта заттардың көлемдік, кеңістік ерекшеліктерін сала білулері, аспан және сызықтық перспективалардың теориялық негіздерін, жарық, көлеңке заңдарын білулері керек, түстер мен реңдердің кәсіби тәсілдері туралы ұғымдары және композицияларды тұрғызудың заңдылықтары туралы ұғымдары болуы керек.
Тәжірибелік – педагогикалық жұмысты біз балалардың бояу түрлері туралы (гуашь, акварель) білімдерін қайталаудан, кеңейтуден, бейнелеу өнеріне арналған бояулармен және құралдармен жұмыс істеу техникасынан, бояулар арасындағы айырмашылықтарды меңгеруден бастадық. Сабақ барысында негізгі және қосымша түстер туралы түсініктерді бекіттік. Сабақтарда «ғажайып бояулар» жаттығулары жүргізіледі, онда балалар негізгі бояуларды араластырып, құрамдас түстерді алу жолдарын үйренеді: сарғыш-қызыл (мысалы, сәбіз түріндей бояу) түсті - сары бояуды қызылмен араластыру барысында, жасыл түсті - сары мен көкті араластыру барысында, көк сия түсті-қызылмен көкті араластыру барысында алады. Суық және жылы түстер ұғымдары туралы түсініктерді бекітті. Бұл жаттығулар балалардың дағдыларын дамытуға әсер етті. Экскурсияларды өткізу балалардың шығармашылыққа деген қызығушылықтарын тудырады. Сабақ барысында өлеңдерді, жұмбақтар мен музыкалық туындыларды және ойындарды, қолдану балаларды жалықтырмайды, олардың ақыл-ойының жетілуіне тиімді жаттығу болып табылады. Әсерленушілік ықпал етудің бұл тәсілдері бейнелеу өнері сабақтарында балалардың танымдық қабілеттіліктерін дамытады. Білім мен танымдық қызығушылық арасында тығыз байланыс бар. Бір жағынан, танымдық қызығушылық білім негізінде дамиды. Әр жаңа тақырыпқа қызықтыратын материалдар таңдап алынады.
Балалардың ең сүйікті істерінің бірі – сурет салу жаңа реңге ие болып, балабақша пәніне айналады. Ол күнделікті іш пыстыратын міндетке айналып кетпей, шығармашылық мереке мәнін сақтау үшін барлық мүмкіндіктерді жасау керек. Бала әсемдікпен кездескен кезде оны қобалжытып, таң қалдыратын жайлардың барлығы ашылады.
Әдістемеміздің нәтижесін алу үшін біз балалардың жұмысын «Інжу» және «Маржан» тобы – бақылау сыныбымен салыстырдық.
2 топ балалардың суреттерін талдау
Бағалау өлшемдері |
«Інжу»
|
«Маржан» |
||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б |
|
% |
11 |
6 |
12 |
13 |
6 |
9
|
а. Суретте картинадағы табиғат дұрыс берілген;
ә. Суретте картинадағы табиғат кейбір кемшіліктермен берілген;
б. Картинадағы табиғат дұрыс берілмеген.
Соңында біз өз жұмысымызға талдау жасадық. Сызба түріндегі мысал график-формасында келтірілген[16].
Оқу жылы аяғында
Бағалау өлшемдері |
«Інжу»
|
«Маржан» |
||||
а |
ә |
б |
а |
ә |
б |
|
% |
17 |
8 |
4 |
14 |
8 |
6
|
а. Суретте картинадағы табиғат дұрыс берілген;
ә. Суретте картинадағы табиғат кейбір кемшіліктермен берілген;
б. Картинадағы табиғат дұрыс берілмеген.
Соңында біз өз жұмысымызға талдау жүргіздік. Сызба түрдегі мысал график формасында келтірілген.
Тәжірибелік – педагогикалық жұмыстың соңында біз жұмыс қорытындысын бастапқымсен салыстырып, суретте көрсетілген төмендегідей нәтижелерді алдық.
Нәтижелер көрсеткендей біздің бейнелеу өнерінен сабақ жүргізу әдісіміз өзінің тиімді екендігін көрсеткен. Сабақ барысында ойындар, өлеңдер, жұмбақтар мен көрнекті құралдарды, экскурсиялар мен әңгімелер жүргізу – бұлардың барлығы оқушыларды эстетикалық тәрбиелеуді дамытуға ықпал етеді, кейін де бұл тәсілдерді бейнелеу өнері әдістерімен балаларды эстетикалық тәрбиелеуде қолдануға болады.
Осы апталықтардағы менің бақылағандарым: балабақшадағы сурет салу өнерімен кеңінен таныстырып, балалардың бойында көркемдік шығармашылық қпбілеттерді дамыту үшін балабақша тәрбиешілері мынадай жоспарды алдарына қойыпты:
«Балаларды бейнелеу өнер түрлерімен (кескіндеме, графика, мүсіндеу, сәнді-қолданбалы өнер) таныстыруды жалғастыру. Кескіндеме өнері туындыларымен (суреттер мен қазақ, орыс және кеңес дәуірі суретшілерінің өңдеген суреттері), портреттермен, пейзаждармен таныстыру. Суретшінің әр жыл мезгілінде (алтын күздің көп түстілігі мен көктемнің тұнықтығын) табиғат сұлулығын қалай көрсеткенін сезіне білуге үйрету. Шығарманың мазмұнын көріп, түсінумен қатар, суретшінің табиғатты суреттей отырып, нені жеткізгісі келгендігін (қуаныш, қайғы) қандай әсерлендіргіш құралдар пайдаланғандығын түсіне білуге үйрету. Портреттік кескіндемемен танысу барысында суретші адамның көңіл күйін қалай беріп тұрғандығына назар аудару. Балалардың шығармаларды қарау барысында бейнеленген құбылыстарды сезіну, суретшінің жеткізбек ойын түсіне білу қабілеттерін қалыптастыру. Мысалы, жазғы таңның сұлулығынан қуанышты көңіл-күй сезіну (И. Шишкин «Қарағайлы ормандағы таң»), қоршаған орта мен жасампаз еңбек туралы (Ә. Қастеев «Қызыл үй»), қыздың ерке көңіл-күйі (И. Репин «Инелік»), бұлтты аспан мен қураған шөптің мұңды көңіл-күйі (В. Серов «Қазан»).
Аңдар бейнесін мейіріммен жылы қабылдауға үйрету (Е. Чарушин «Бұғының бұзауы», «Сәбізі бар қоян»). Бөлме ішінде өнер туындыларын орналастыру әсемдігіне көңіл бөлуге үйрету.
Қазақ халқының ұлттық өнер туындыларымен, әшекей бұйымдарымен, тұрмыстық заттарымен, ат әбзелдерімен, киім-кешегімен таныстыру. Ұлттық ойыншықтар мен әшекейлер туралы (тәрбиешінің қалауымен) түсінік беру. Шағын бейнелерді мүсіндеу (құстардың, балықтардың, жануарлар мен адамдардың) туралы түсініктерін кеңейтуді жалғастыру. Бейнені жасауда суретшінің қандай әсерлендіргіш құралдарын қолданғандығын көре білуге, бейненің мінез-құлқын анықтай білуге үйрету. Мүсінді тұғырда айналдырып, жан-жағынан анықтап қарауға үйрету. Әр түрлі материалдардан (фарфор, сүйек, керамика, ағаш, шойын, шыны, т.б.) жасалған мүсіндермен таныстырып, бұл мүсіншінің қолынан шыққан туынды екендігін әңгімелеу. Жұмыс үстіндегі мүсіншінің суретін көрсету. Мысалы: М.В. Нестеровтің «Мүсінші Вера Игнатъевна Мухинаның портреті». Мүсіндеу құралдарымен таныстыру: «Бүркіт» (ағаш), «Көжек» (фарфор). Көлемдік пішініне, қалыбына, ырғағы мен материалына көңіл аудару. Суретшінің мүсіндік портрет құралдарын қолдана отырып кейіпкердің мінез-құлқын түсінуге үйрету (даналық, ерлік, ананың қайсарлылығы). Ұлы Отан соғысының батыры Н. Әбдіровтың анасының бейнесімен таныстыру (А. Ғалымбаеваның «Батыр анасы»). Ұлттық музыка аспаптары: домбыра, қобыз, жетіген, шаңқобыз, қылқобыз, т.б. таныстыру. Балаларды балаларға арналған кітаптарын безендіру құралдарымен таныстыру. (В. Конашевичтің балаларға арналған кітабына А.С. Пушкиннің «Балықшы мен балық туралы ертегісі», С.А. Михалковтың «Сізде не бар?» шығармасына А. Пахомованың иллюстрациялары. Балалар кітаптарының қазақстандық суретшілері: график К. Пак, суретші К. Каметов, қазақтың ұлттық эпосы мен ертегілерінің суретшісі Е. Сидоркин.)
Қауырсынмен, қарындашпен, акварельмен орындалған суреттердің айқындылығы мен кітапты безендірудің ерекшеліктерін (суреттердің мәтінге сәйкестілігі, мұқаба, титул парағы, басы, соңы) ескеруге үйрету» [17].
