Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Endokrinologia_kaz-360.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
397.82 Кб
Скачать

27 Жастағы жүкті әйелде аш қарынға екі рет гликемия деңгейін анықтау 7,9 және 10,9 ммоль/л көрсеткен. Анамнезеінде гликемия деңгейінің жоғарылауы анықталмаған. Болжам диагноз:

/

гестациялық диабет

/

қантты диабет, ІІ тип

/

екіншілік қантты диабет

/

аш қарынға гликемияның бұзылысы

/

глюкозаға толеранттылықтың бұзылысы

!

Әйелдер консультациясына ішінің төменгі бөлігіндегі ұстама тәрізді ауру сезіміне шағымданған жүкті әйел келді. Ауру сезімі физикалық жүктемеден кейін күшейеді.Жүктіліктің 28-29 аптасы, 6 жыл қантты диабетпен ауырады, 14 бірлік инсулин қабылдайды.Қарағанда жағдайы орташа ауырлықта, жүрек тондары тұйықталған, ЖСЖ 80 мин., АҚ 110/60мм сын.бағ., қандағы глюкоза 10ммоль/л, зәрдегі глюкоза 0,5%. Босану кезеңіндегі ем тактикасы:

/

жай инсулин

/

сульфанилмочевина препараты

/

бигуанидтер

/

диета № 9

/

ұзақ әсерлі инсулин

!

Гестациялық диабет ұғымының анықтамасы:

/

жүктілік кезде пайда болып, босанғаннан кейін жойылатын қантты диабет

/

жүктілік кезінде пайда болып, босанғаннан кейін де жалғасатын қантты диабет

/

инсулинің салыстырмалы жетіспеушілігімен жүретін қантты диабет

/

2 Типті қантты диабеті барлардағы жүктілік

/

глюкозаға төзімділіктің бұзылысы

!

Эндокринологқа 35 жасар әйел адам жалпы әлсіздіктің, шаршағыштықтың үдеуі, тәбетінің төмендеуі, жиі лоқсу шағымдарымен қаралды. Дене салмағының төмендеуі аясында 2 ай аралығында етеккір циклінің аменорея түрінде бұзылысы байқалған. Соңғы айда бірнеше рет есінен тану жағдайлары болған. Анамнезінде туберкулезге байланысты нефрэктомия жасалған. Объективті: дене салмағының жеткіліксіздігі, тері мен ауыздың шырышты қабатының гиперпигментациясы. АҚ 70/40мм сын.бағ. Қанда: гемоглобин 72 г/л, ашқарындық гипогликемия 2,9 ммоль/л дейін. Болжам диагноз:

/

бүйрек үсті безінің жеткіліксіздігі

/

жүктілік

/

бауыр-онекіелі ішектік аймақ ісігі

/

аналық безінің туберкулезі

/

нейрогенді анорексия

!

Науқас 3 жылдан бері 2 типті қантты диабетпен ауырады. Соңғы 1 жылда АҚ 200/120 мм сын.бағ. көтеріледі. Зәрдегі альбуминнің деңгейі микропротениурияға сәйкес келеді (150 мг/л аспайды). Гипертензияның себебі:

/

Кимельстиль – Вильсон синдромы

/

созылмалы пиелонефрит

/

созылмалы гломерулонефрит

/

эссенциальді гипертензия

/

бүйрек артериясының стенозы

!

Гиперкетонемиялық комаға тән емес:

/

команың жедел басталуы

/

терісінің құрғақтығы

/

шулы терең тыныс

/

қарашықтың тарылуы

/

аузынан ацетон иісі шығуы

!

Қантты диабеті бар инсулинді терапия қабылдап жүрген науқас ЖРВИ-мен ауырды. Фебрильді дене қызуы, асқазандық және ішектік диспепсия, тәбетінің төмендеуі пайда болды. Науқастың емдеу схемасына өзгерістер жасау қажет:

/

қысқа және ұзақ әсерлі инсулин дозасын жоғарылату

/

қысқа әсерлі инсулиннің мөлшерін төмендету

/

тәбет қалыптанғанға дейін инсулинді терапияны тоқтату

/

ұзақ әсерлі инсулин мөлшерін жоғарылату, қысқа әсерліні тоқтату

/

тек тамақ қабылдағанда қысқа әсерлі инсулин тағайындау

!

9 жыл І типті қантты диабетпен ауыратын науқаста гликемияның салыстырмалы компенсациясы аясында көздің көруі нашарлады, транзиторлы гипертезия 145/95 мм сын.бағ., микроальбуминурия пайда болды. Емдеу бағдарламасына келесі өзгерістер қосу қажет:

/

ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын

/

орталық әсерлі альфа-агонистерін

/

бетта-блокаторларын

/

аз дозада диуретиктерді

белокты препараттар инфузиясын

!

Науқас 25 жаста, 8 жыл бойы І типті қантты диабетімен ауырады. Тұрақты түрде инсулин қабылдайды. Кезекті диспансерлік қарауда: жағдайы қанағаттанарлық, көңіл күйі жақсы, АҚ 13080 мм сын. бағ. ЗЖА: белок 0,4 г/л, ҚЖА: НВ 125 г/л, биохимиялық анализде: креатинин 0,14 ммоль/л, шумақ фильтрациясы 162 мл/мин. Келесі шаралар науқастың бүйрек қызметін жақсартуға қолайлы болып табылады: 1. гипергликемия деңгейін бақылау; 2. жүйелі түрде ААФИ қолдану; 3. белок құрамды тағамды шектеу; 4. протеинурия артқан жағдайда преднизолон тағайындау.

/

1,2,3

/

1,2

/

1,3

/

1,2,3,4

/

2,4

!

Қант диабетімен ауыратын науқаста тіндік гипоксияға жалғасатын аурулары болса (анемия, тыныс жетіспеушілігі және т.б.) бигуанидтер қолданғанда келесі жанама әсерді күтуге болады:

/

лактацитозды

/

кетоацидозды

/

полиурияның күшеюін

/

агранулоцитозды

/

олестазды сарғаюды

!

Бигуанидтерді қолдануға қарсы көрсетпе:

/

егер науқаста тіндік гипоксиясы бар созылмалы аурулар болса

/

тек семіздіктің болуы

/

ІІ типті қантты диабет, шамалы семіздікпен

/

компенсацияға қол жеткізе алмау

/

бұрын сульфанилмочевина туындыларын қолданудың нәтижесіздігі

!

Науқас К. 24 жаста, аса жүдеуге (1 айда 9кг), аузының құрғауына, шөлге, кіші дәретінің жиілеуіне, жүрек айнуына, тәбет төмендеуіне шағымданады. Об-ті: терісі құрғақ, табаны мен алақандары сарғыш реңді, фурункулез бар. Зәрдің анализінде ацетонурия және глюкозурия -2,9%. Науқасқа тағайындау қажет:

/

жәй инсулинді

/

сульфаниламидтерді

/

бигуанидтерді

/

ұзақ әсерлі инсулинді

/

гипокалориялы диета

!

Науқас 60 жаста, трофикалық жаралар бойынша амбулаторлы хирургиялық ем қабылдаған, нәтижесіз. Бір жыл бойы манинил қабылдайды. Терісі құрғақ, ісінулері жоқ. АҚ 135/80 мм сын. бағ. ЖСС 82рет/мин. Қарағанда: оң аяқ басы қызарған, ісінген, сыртқы жағында өлшемі 4,5х6,1см жара бар. Оң аяқ басының перифериялық тамырларының пульсациясы әлсіреген. Қандағы глюкоза 15ммоль/л, тәуліктік глюкозурия 29г/л. Емдеу тактикаңыз:

/

инсулинге ауысу

/

сульфаниламид дозасын жоғарылату

/

сульфаниламид пен бірге бигуанидтерді тағайындау

/

бигуанидтерге ауысу

/

қатаң ем дәм және тиімді физикалық күштеме қолдану

!

Инсулинді тағайындауды абсолютті көрсетпе: 1.І типті қантты диабет; 2.кетоацидоз; 3. қантты төмендететін препараттарға төзімділік; 4.трофикалық жаралар; 5. арықтау

/

1,2,3,4,5

/

1,2

/

2,3,4

/

1

/

1,3,4

!

42 жастағы науқас дене салмағының артуына, АҚ көтерілуіне, шөлдеуге, полиурияға шағымданады. Об-ті: бойы 174см, салмағы 100кг. Ашқарынға гликемия 9,9-10,7 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

/

сиофор

/

амарил

/

диабетон

/

моноприл

/

сибутрамин

!

20 жастағы қыз бала шөлдеуге, дене салмағының артуына шағымданады. Об-ті: бойы 162 см, салмағы: 94 кг. ДСИ 35,8 кгм2. Ашқарынға гликемиясы 5,9 ммоль/л, жалпы холестерині 5,2 ммоль/л, триглицеридтері 2,4 ммоль/л. Неғұрлым тиімді тағайындау:

/

ксеникал

/

манинил

/

диабетон

/

новонорм

/

симвастатин

!

І типті қантты диабетпен ауыратын науқасқа базальды инсулин дозасын келесі жағдайда көбейту керек:

/

түнде және ашқарынға жоғары гликемия болғанда

/

жоғары препрандиальды гликемияда

/

ашқарынға жоғары гликемияда

/

тамақтанғаннан 2 сағ. кейінгі жоғары гликемияда

/

ұйқы алдындағы жоғары гликемияда

!

50 жастағы ер адамды соңғы 3-4 ай аралығында шөлдеу, әлсiздiк, полиурия мазалайды. Об-ті: дене салмағы 106кг, бойы 170см., терісі құрғақ, тырнақ іздері бар, АҚ 140/85 мм сын. бағ. Зәр шығаруы жиіленген, ауыру сезімсіз. Гликемиялық профиль: 9,7-14,9-12,3 ммоль/л.

Көрсетілген дәрілердің келесі тағайындау барынша тиімді:

/

метформинді

/

глибенкламидті

/

орташа әсерлi инсулинді

/

қысқа әсерлі инсулинді

/

ұзақ әсерлі инсулин

!

18 жастағы, жеткіншек жедел респирациялық инфекциямен ауырғаннан кейін 3 апта өткеннен соң салмағының төмендегенін, шөлдеу сезімінің пайда болғанын, кіші дәреттің жиілегенін байқаған. Тілі мен тері қабаттары құрғақтау. Бауыры қабырға доғасынан 2 см шығып тұр. Ашқарынға гликемия 17 ммоль/л. Зәрдің салыстырмалы тығыздығы 1030, кетон денелері (++), глюкоза 5 %. Келесі ем тиімді:

/

инсулин 0,1 Б/кг салмағына

/

инсулин 6 Б

/

сиофор 1таб. кешкі уақытта үнемі

/

диабетон МР 2 таб. таңертен, үнемі

/

инсулин 1,0 Б/кг салмағына

!

Ұзақ уақыт бойы қантты диабетінің І типімен ауыратын, 45 жастағы ер кісіні тексеру кезінде тұрақты микроальбуминурия анықталды. Тиімді емдеу тактикасы:

/

ангиотензин айналдырушы фермент ингибиторларын тағайындау

/

диуретиктерді тағайындау

/

антикоагулянттар

/

ақуыз препараттары

/

антиагреганттар

!

55 жастағы ер адам, 5 жыл қантты диабетімен ауырады, манинил қабылдайды. Соңғы 10 күнде жай физикалық күштемеде пайда болып, тыныштықта басылатын, төс артындағы басып ауыратын ауыру сезімі алғаш рет мазалады. ЭКГ – тыныштықта патологиялық өзгерiстер жоқ. Қандағы глюкоза 13ммоль/л, тәулiктiк глюкозурия 2 г/л.

Тиімді емдеу тәсілі:

/

инсулинге ауысу

/

метформинге ауысу

/

манинил мөлшерін жоғарылату

/

қатаң емдәм және тиімді физикалық күштеме

/

метформин мен бірге манинилді кешендi қолдану

!

Дене салмағы шамадан тыс артық 60 жастағы ер адамда, гликемияның ашқарындағы деңгейінің жоғарылауы 2 рет анықталған (8,9 және 10,9 ммоль/л). Емхана эндокринологі алғаш анықталған ІІ типті қант диабеті диагнозын қойған. Патогенездік терапияның мақсаты:

/

шеткі тіндердің инсулинге сезімталдығын жоғарылату

/

ішекте глюкозаның сіңірілуін төмендету

/

экзогенді инсулиннің әсерін күшейту

/

инсулиндік рецепторлардың сезімталдығын төмендету

/

Лангерганс аралшықтарының бета-жасушаларының функциясын ынталандыру

!

І типті кантты дибетпен ауырған науқаста, дене қызуы жоғарылайтын ауру қосылғандағы тактика:

/

инсулиннің тәуліктік дозасын жоғарылату

/

инсулинді тоқтату

/

қант түсіргіш дәрмектерді қолдану

/

инсулинның тәуліктік дозасын төмендету

/

тамақтағы көмірсулардың өлшемін төмендету

!

Инсулинотерапияның асқынуларына жатады: 1.липодистрофия; 2.гипогликемия; 3.аллергиялық реакциялар; 4.тромбоцитопения; 5. трансаминазалардың жоғарылауы.

/

1,2,3

/

1,2,5

/

1,4,5

/

4,5

/

1,5

!

Қантты диабеттің емінде тамақтан кейін қандағы глюкозаның мақсаттық деңгейін таңдаңыз:

/

7,8 ммоль/л төмен

/

5,5 ммоль/л төмен

/

11,1 ммоль/л төмен

/

6,0 ммоль/л төмен

/

9,8 ммоль/л төмен

!

Қантты диабеттің емінде тамақ алдындағы қандағы глюкозаның мақсаттық деңгейін таңдаңыз:

/

5,5 ммоль/л төмен

/

5,0 ммоль/л төмен

/

5,6 ммоль/л төмен

/

6,5 ммоль/л төмен

/

4,4 ммоль/л

!

І типті қантты диабетпен ауыратын науқаста кетоацидоз асқынуы дамығанда, инсулинге қажеттілік ... мөлшерін құрайды:

/

1 Б /кг салмаққа

/

5 Б /кг салмаққа

/

10 Б /кг салмаққа

/

0,3 Б/ кг салмаққа

/

0,5 Б /кг салмаққа

!

Инсулинге келесі әсер механизмі тән:

/

глюкозаның утилизациясын күшейтеді

/

аминқышқылдарының утилизациясын күшейтеді

/

липогенезді тежейді

/

глюконеогенезді күшейтеді

/

барлығы тән

!

Қантты диабеттің ІІ типімен ауыратын науқаста бүйректің ілеспелі патологиясы дамығанды (ШФ 35 төмен) келесі қант төмендеткіш дәрмек тағайындалады:

/

глюренорм

/

манинил

/

янувия

/

диабетон

/

баета

!

Диабеттік нефропатияның этиопатогенездік еміне кірмейді:

/

физикалық активтілікті төмендету

/

диабеттің толық компенсациясына қол жеткізу

/

ААФ ингибиторларымен терапия жүргізу

/

ангиотензин II рецепторларының блокаторларымен емдеу

/

темекі шегуден бас тарту

!

Актрапид және Протафан қабылдап жүрген науқасқа физикалық күштеме көрсетілген:

/

тамақтан соң 1 сағаттан кейін

/

қалаған уақытта

/

тамақтан соң 2-3 сағаттан кейін

/

таң ертенгелік тамақтан алдын

/

кешке жатар алдында

!

Келесі жағдайда қантты диабетімен ауыратын науқасқа базальді инсулиннің мөлшерін төмендету қажет:

/

ашқарынға гликемия жоғарыласа және түнгі гипогликемия болса

/

түндегі мен ашқарынға гликемия жоғарыласа

/

тамақтан соң 2 сағаттан кейін гликемия жоғарыласа

/

препрандиальды гликемия жоғарыласа

/

жатар алдында гликемия жоғарыласа

!

Артық салмағы бар және аш қарынға гликемиясы бұзылған науқасқа келесі дәрмек ең тиімді:

/

метформин

/

глимепирид

/

репаглинид

/

глулизин

/

гликлазид

!

Артық салмағы бар және глюкозаға толеранттылығы бұзылған науқасқа келесі дәрмек ең тиімді:

/

акарбоза

/

гликлазид

/

репаглинид

/

глимепирид

/

глулизин

!

Семіздікте және алғашқы анықталған ІІ типті қантты диабетте дәрігер бірінші кезекте тағайындау қажет:

/

өмір салтын өзгерту + метформин дәрмектері

/

өмір салтын өзгерту

/

өмір салтын өзгерту + сульфаниламид дәрмектері

/

инсулинотерапияны

/

өмір салтын өзгерту + фитотерапия

!

Mogensen (1983) бойынша диабеттік нефропатияның 3 сатысында таңдаулы препарат болып саналады:

/

ААФ ингибиторлар

/

β-блокаторлар

/

нитраттар

/

кальций каналдарының блокаторлары

/

диуретиктер

!

М3 Хумулиндегі қысқа әсерлі және ұзақ әселі инсулиннің пайыздық арықатынасы:

/

30/70

/

50/50

/

20/80

/

10/90

/

40/60

!

Апидра дегеніміз:

/

ультрақысқа әсерлі инсулин

/

ұзақ әсерлі инсулиннің аналогі

/

қысқа әсерлі инсулин

/

ұзақтығы орташа әсерлі инсулин

/

инсулинді қоспа

!

Келесі дәрмек инсулинорезистентілігін төмендету үшін қолданылады:

/

метформин

/

гликлазид

/

глибенкламид

/

глимепирид

/

гепаглинид

!

Артық салмағы тұрақты және инсулинорезистенттілігі жоғары науқасқа қант түсіргіш дәрмектердің ең тиімді комбинациясы:

/

метформин + пиоглитазон

/

глибенкламид + инсулин НПХ

/

метформин + лизпро

/

репаглинид + пиоглитазон

/

гликлазид + пиоглитазон

!

Қант түсіргіш дәрмектердің келесі комбинациясы гипогликемиялық реакция туғызбайды:

/

метформин + пиоглитазон

/

метформин + репаглинид

/

глибенкламид + инсулин НПХ

/

репаглинид + пиоглитазон

/

гликлазид + пиоглитазон

!

Секретагогтарды артық дозада қолдану көріністері:

/

тәбеттің жоғарылауы мен салмақ қосу

/

тәбеттінің жоқтығы мен адинамия

/

тәбеттінің жоқтығы мен тез арада салмақ жоғалту

/

жүрек айну мен тәбеттінің жоқтығы

/

эпигастрий аймағында ауырсыну мен тәбеттінің жоқтығы

!

Келесі қант түсіргіш дәрмектердің тағайындалуы тамақ ішу жиілігіне байланысты:

/

репаглинид мен глюкобай

/

метформин мен глибенкламид

/

гликлазид мен пиоглитазон

/

глимепирид мен гликлазид

/

метформин мен глипизид

!

Келесі қант түсіргіш дәрмектің патологиялық гипогликемиялық реакциясын жою үшін таза глюкозаны қолдану керек:

/

глюкобай

/

репаглинид

/

метформин

/

гликлазид

/

глимепирид

!

45 жастағы әйел, 10 жылдан бері І типті қантты диабетпен ауырады. Соңғы екі жылда АҚ 150/90 мм сын. бағ. дейін жоғарылауы байқалған. Тексергенде: ЗЖА патологиясыз. МАУ (микроальбуминурия) тесті екі рет оң нәтижелі болды. Бұл науқасқа келесі дәрмекті тағайындаған дұрыс:

/

диротон

/

зәр айдайтын қоспа

/

допегит

/

клофелин

/

диакарб

!

Науқас 47 жаста 3 жылдан бері ІІ типті қантты диабетпен ауырады, метформин мен репаглинид қолданады. ДМИ (ИМТ) 26; аш қарынға және тамақтан кейін гликемия, триглицеридтері жалпы холестерині қалыпты, ЖТЛП (ЛПВП) шамалы төмендеген, ТТЛП (ЛПНП) жоғарылаған. Сіздің тактиканыз:

/

статиндерді тағайындау

/

фибратарды тағайындау

/

ниацин тағайындау

/

метформинің мөлшерін жоғарлату

/

тағайындаған емді жалғастыру

!

І типті қантты диабетімен ауыратын, инсулинді (Актрапид пен Протафанның комбинациясы) интенсификацияланған схема бойынша қабылдап жүрген науқас, түн жарымда гипогликемиялық жағдайды сезінеді. Протафанның дозасы бірнеше рет коррекцияланды, нәтижесіз. Протафанды келесі дәрмекке алмастыру керек:

/

левемир

/

новомикс

/

микстард 30∕70

/

хумулин NPH

/

хумулин М3

!

Семіздік пен артериялық гипертензия үстінде дамыған ІІ типті қантты диабетпен ауыратын науқас күніне 3000 мг глюконил қабылдайды. Соңғы 2-3 айда постпрандиальді гликемия жоғарылаған. Емінің қант түсіргіш әсерін күшейту үшін келесі шара қолдану қажет:

/

новонормды енгізу

/

глюконил мөлшерін жоғарылату

/

актос қосу

/

кешке ұзақ әсерлі инсулинді енгізу

/

микстард қосу

!

Әйел адам 62 жаста, ІІ типті қантты диабетпен ауырады, диета сақтайды (1200 ккал∕күніне), 500 мг/күніне сиофор қабылдайды. Оң қабырға астының ауырсынуына шағымданды. Аш қарынға гликемия 9,0-9,5 ммоль∕л, тамақтан 2 сағаттан кейін 12,0-14,0 ммоль∕л. Семіз. АҚ 140∕80 мм сын.бағ. Бауыры қабырға доғасынан 3-4 см шығынқы. Сіздің тактиканыз:

/

сиофорды беруды тоқтату,ұзақ әсерлі инсулинді жатар алдын енгізу

/

тағайындаған емді жалғастыру

/

сиофор мөлшерін 1000 мгкүніне дейін жоғарылату

/

сиофорға сульфаниламид қосу

/

сиофорды беруды тоқтату , қысқа әсерлі инсулинді негізгі тамақ алдын енгізу

!

48 жастағы науқас, дене салмағы қалыпты, 5 жыл ІІ типті қантты диабетпен ауырады. Метформинді 1500 мг; глибенкламидті 10 мг қабылдайды. HbA1C 9,5%, қандағы креатинин 160 ммоль/л. Соңғы бір жылда 4 кг жүдеген. Сіздің тактикаңыз:

/

инсулинотерапияға ауыстыру

/

глибенкламидтің мөлшерін жоғарылату

/

метформин мөлшерін жоғарылату

/

екі дәрмектің де мөлшерін жоғарылату

/

пиоглитазон қосу

!

Келесі дәрмекпен қантты диабет шақырылуы мүмкін:

/

преднизолон

/

гипотиазид

/

закор

/

α-интерферон

/

диазоксид

!

Уақтылы патогенездік ем жүргізгенде диабеттік нефропатияның қайтымды сатысы:

/

микроальбуминурия сатысы

/

бүйрек азотшығару функциясы сақталған протеинурия сатысы

/

бүйректің созылмалы шамасыздық сатысы

/

барлық саты қайтымды

/

барлық саты қайтымсыз

!

Қантты диабетімен ауыратын бүйректің созылмалы шамасыздығы бар науқасқа гемодиализді тағайындауға көрсетпе:

/

ШФЖ(СКФ) 15 мл/мин төмен болса, қандағы К+ деңгейі 6,5 мэкв/л дейін жоғарыласа,

бас миының ісіну қауіпі бар ауыр гипергидратация болса

/

ШФЖ(СКФ) 30 мл/мин төмен болса, қандағы К+ деңгейі 6,5 мэкв/л дейін жоғарыласа,

бас миының ісіну қауібі бар ауыр гипергидратация болса

/

ШФЖ(СКФ) 15 мл/мин төмен болса, қандағы К+ деңгейі 5,5 мэкв/л дейін жоғарыласа,

бас миының ісіну қауіпі бар ауыр гипергидратация болса

/

ШФЖ(СКФ) 30 мл/мин төмен болса, , қандағы К+ деңгейі 6,5 мэкв/л дейін

жоғарыласа, бас миының ісіну қауіпі бар ауыр гипергидратация болса

/

дұрыс жауап жоқ

!

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]