- •Оқулықты қалай пайдалану керек
- •Бiрiншi бHлiм. Қазақстанның хviii ғасырдағы әлеуметтiкэкономикалық, саяси және мәдени дамуы
- •§1. Хviii ғасырдағы қазақ хандығының iшкi және сыртқы жағдайы
- •§2. Жоңғар шапқыншылығы
- •20 Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы Отан соғысы
- •§4. Хviii ғасырдың алғашқы ширегiндегi қазақорыс қатынастары
- •§5. Кiшi жүздiң ресейге қосылуы
- •§6. Хviii ғасырдың ортасындағы қазақстан
- •§7. Қазаққалмақ қатынастары
- •§8. Абылай хан билiгi тұсындағы қазақ хандығы
- •§9. Қазақтардың е.Пугачев бастаған шаруалар к]терiлiсiне қатысуы
- •§10. Сырым датұлы бастаған қазақтардың ұлтазаттық к]терiлiсi
- •КHтерiлiстiң жетекшiсi және қозғаушы күштерi. Көтерiлiстi
- •§11. Ресеймен экономикалық байланыстардың дамуы
- •Орынбор – Ресейдiң қазақтармен сауда жасайтын iрi орталығы.
- •§12. Қазақстанның хviii ғасырдағы ғылымы мен бiлiмi және мәдениетi
- •§13. Дәстүрлi билер соты
- •Патша үкiметiнiң Қазақстандағы билер сотының Hкiлеттiгiн
- •Екiншi бHлiм. Хiх ғасырдың бiрiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiкэкономикалық
- •§14. Б]кей хандығының құрылуы
- •БHкей сұлтан бастаған қазақтардың 1801 жылы Жайықтың оң
- •§15. Қазақтардың 1812 жылғы ресейдiң отан соғысына қатысуы
- •§16. Қазақстандағы хандық билiктiң жойылуы
- •§17. Ақмола бекiнiсiнiң салынуы
- •§18. Исатай тайманұлы мен махамбет
- •§19. Қазақстанда отаршылдық езгiнiң күшеюi
- •Үшiншi бHлiм. Қазақстанды ресей империясына қосудың аяқталуы §22. Ұлы жүздiң ресейге қосылуы
- •§23. Қазақтардың ортаазиялық хандықтар мен патша үкiметiне қарсы к]терiлiстерi
- •Жанқожа Нұрмұхамедұлының патша үкiметiне қарсы күресi (1856–1857 жылдар).
- •ТHртiншi бHлiм. Қазақтардың хiх ғасырдың
- •§24. Қазақтардың дәстүрлi шаруашылығы
- •§25. Қазақ халқының мерекелерi мен ұлттық ойындары
- •§26. Қазақ халқының әдетғұрпы мен салтдәстүрлерi
- •Отбасы және неке саласындағы әдетғұрыптар мен салт
- •Бесiншi бHлiм. Хiх ғасырдың екiншi жартысындағы қазақстанның әлеуметтiк экономикалық және саяси жағдайы §27. Семей iшкi округiнiң құрылуы
- •§28. Хiх ғасырдың 60жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •«Торғай, Орал, Ақмола және Семей облыстарын басқару тура
- •Генерал-губернаторлыћ Облыс Уезд Болыс Ауыл 1кесте. Қазақстанның 1867–1868 жылдардағы реформалар бойынша әкiмшiлiкаумақтық бHлiнiсi
- •§29. Хiх ғасырдың 80–90жылдарындағы әкiмшiлiк реформалар
- •§30. Қазақстан аумағындағы казак әскерлерi
- •§31. Патша үкiметiнiң отаршылдық қоныс аударту саясаты
- •§32. Қоныс аударушылардың шаруашылығы
- •§33. Қазақстан аумағындағы қалалар
- •§34. Сауда. Жәрмеңкелер
- •Жәрмеңкелердiң әлеуметтiкмәдени саладағы атқарған қызметi.
- •§35. Қазақстанда ]неркәсiптiң дамуы
- •§36. Ұйғырлар мен дүнгендердiң жетiсуға қоныс аударуы
- •§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
- •§38. Шетелдерде қазақ
- •Алтыншы бHлiм. Хх ғасырдың бас кезiндегi қазақстан
- •§39. Қазақстан ресейдегi 1905–1907 жылдардағы революция кезiнде
- •§40. Қазақтардың петициялық қозғалысы
- •Жетiншi бHлiм. Қазақстанның хiх ғасырдың екiншi жартысы — хх ғасырдың бас кезiндегi мәдени ]мiрi §43. Оқуағарту iсi
- •§44. Ыбырай алтынсарин – қазақ халқының аса к]рнектi ағартушысы
- •§45. Ғылыми мекемелер мен ғылымизерттеу жұмыстары
- •Орыс ақындары мен жазушылары Қазақстан туралы. Қазақстан
- •Саяси жер аударылғандардың Қазақстанды зерттеуi. Хiх ғасыр
- •§46. Шоқан уәлиханов – қазақтың аса к]рнектi ғалымы әрi ағартушысы
- •§47. Қазақ поэзиясы мен музыка ]нерi
- •§48. Ұлы ақын абай құнанбаев
- •§49. Патша үкiметiнiң қазақстандағы дiни саясаты
- •Қорытынды
- •Оқушылар! осы оқулықтағы материалдарды сендер қаншалықты жақсы меңгердiңдер
- •Маңызды оқиғалардың хронологиялық к]рсеткiшi
- •Әдебиеттер
- •Мазмұны
- •Кабульдинов Зиябек Ермуханович Кайпбаева Айгуль Токтарбаевна
§37. Қазақстанда этностық топтардың қалыптаса бастауы
ХVIII–ХХ ғасырлардың бас кезiнде Қазақстанның байырғы халқы өлкенiң басым көпшiлiгiн құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар едi. Халықтың қалған бөлiгiн казактар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондайақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этнос тық топтар құрады.
Орыстар. Қазақстанға алғашқы болып келгендер казактар мен әскери шендi орыстар болды. Олар шекара шебiндегi әскери бекi нiстер мен станицаларда тұрды. Кейiн Қазақстанды отарлау әрекетi күшейген кезде казак әлеуметтiк тобына қоныс аударып келген ша руалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана бердi.
Қазақстанға қоныс аударған орыс шаруалары шекарадағы әс керлердi, сондайақ КолывановВоскресенск зауыттарында, таукен өндiрiстерiнде iстейтiн жұмысшыларды азықтүлiкпен жабдықтау мiндетiн шешуге тиiс едi. Шаруаларды қазақ өлкесiне кеңiнен тарту үшiн патша үкiметi еркiн отарлау әдiсiн де, күш қолдана отырып, ерiксiз жер аудару тәсiлiн де қолданды. Кейде орыс шаруаларының қатары орталықтан айыпты болып қашқан қашқындардың есебiнен де толықтырылып отырылды. Мәселен, Бұқтырма өзенiнiң аңғарына, Алтай тауының адам аяғы жете бермейтiн биiк қойнауына зауыт жұмысшылары, солдаттар мен ынтымақ бұзушы секта жiкшiлдерi қашып кете беретiн. Сiбiр әкiмшiлiгi қашқындардың кенттерiн жою және Бұқтырма аңғарына қашудың жолын кесу үшiн қанша күш жiгер жұмсағанымен еш нәрсе шығара алмады. 1897 жылы Алтайда 90 мыңға жуық орыс шаруалары болды.
Қазақстанда орыс халқының саны ХIХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың бас кезiнде қызу қарқынмен өстi. Бұл кезеңде Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi шаруалар Қазақстанға жаппай көшiрiле бас таған болатын. 1897 жылы Қазақстанның алты облысындағы орыс тардың саны 544 мың адамға жеттi. Олар қазақ өлкесiндегi бүкiл халықтың 12,8 пайызы болды. Орыс халқының негiзгi бөлiгiн қоныс аударып келген шаруалар (40 пайыз), содан кейiн казактар (33 пай ыз), мещандар (19 пайыз), дворяндар (5 пайыз) және басқалары құра ды. Қазақтар мен орыс тұрғындары арасында өзара шаруашылық мәдени алмасулар орын алды. Орыс қызы Мария Рекинаның есiмi қазақ даласына белгiлi болды. «Дударай» әнiн орыс қызы өзi ғашық болған қазақ жiгiтiне арнады.
Украиндықтар. Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында ХVIII ғасырдың екiншi жартысында пайда болды. Олар негiзiнен ұлтазаттық қозғалыстарына қатысқандар едi. Украиндық тардың елеулi бөлiгi қазақтың кеңбайтақ даласына ХIХ–ХХ ғасыр лар шебiнде, Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезiнде келдi. Қоныс аударушы украиндықтар негi зiнен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары едi.
Украиндықтардың басты шаруашылық кәсiбi егiншiлiк болды. Қазақ даласындағы белгiлi украиндық диқандардың бiрi Ақмола об лысының Атбасар ауданы Қима болысына қарасты Запорожское селосының шаруасы Василий Марченко едi. 1913 жылы Романовтар әулетi билiгiнiң 300 жылдығын атап өту құрметiне ең үлгiлi шаруа шылық үшiн белгiленген арнайы сыйлықтардың бiрiн осы В. Мар ченко жеңiп алған болатын. Ол егiстiк топырағының құнарлылығын арттыру мақсатымен тұқым себудiң он танапты әдiсiн енгiздi: «Сель ский вестник», «Хлебороб» журналдарын үзбей оқып тұрды. Сол кездегi ең жаңа ауыл шаруашылық техникаларын пайдаланды. Үй жануарларының тұқымын асылдандырумен де айналысты.
Патша үкiметiнiң шаруалардың қоныс аударуына қаншалықты отарландырушы сипат беруге тырысқанына қарамастан, украиндық тар мен жергiлiктi қазақтардың арасында достық, тiптi туыстық қа рымқатынастар қалыптаса түстi. Мәселен, 1905 жылы Киевте бол ған шеруге қатысқаны үшiн Ақмола облысының Ақмола уезiне жер аударылған Афанасий Латутаны Жоламан деген қазақ өкiл бала етiп асырап алып, оған Жақып Жоламанов деген есiм берген. Жақып қа зақ тiлiн меңгерiп алды және өз бетiнше iзденiп, исламның негiзiн де үйренiп, мұсылман дiнiн қабылдады. 1916 жылы қазақтардың ұлт азаттық көтерiлiсi кезiнде ол Қорғалжыңдағы көтерiлiсшiлердiң та нымал басшыларының бiрi болды.
1897 жылғы халық санағының деректерi бойынша Қазақстанда 87 мыңдай украиндық тұрды. Украиндықтардың қазақ өлкесiндегi бүкiл халықтың арасында алған өзiндiк үлесi 2 пайызға жуық едi. Украиндықтардың негiзгi топтары (51 пайызы) Ақмола облысында шоғырланды. Олардың басым көпшiлiгi (87 пайызы) шаруалар бол ды, бiрқатары (7 пайызы) мещандар тобына жатты. Украиндықтардың 5 пайызға жуығы Ресей казактары қатарында әскери қызмет еттi.
Татарлар. Қазақстанда татарлардың келуi патша үкiметiнiң қазақ өлкесiн отарлауға кiрiскен кезiнен басталды. ХVIII–ХIХ ға сырларда патша үкiметi қазақ даласына ислам дiнiн тарату саясатын жүргiздi. Бұл ретте қазақтардың арасына молдалар татарлардың дiн қызметкерлерi қатарынан ғана жiберiлдi. Мұның өзi қазақтарды Орта Азиядағы дiни орталықтардың ықпалынан оқшауландыру мақсаты мен жасалды.
Қазақ
хандары мен
сұлтандарының
басым көпшiлiгi өздерiнiң
жеке хатшылары етiп
Орынборға таяу жердегi Сейiтов слободасы
нан шыққан сауатты татарларды ұстады.
Татар көпестер Ресей мен қазақ
даласы
арасындағы саудасаттықтың дамуына
байланысты
Ақмола қаласындағы
татар зиялылары.
өздерiнiң белсендiлiгiн күшейте түстi. Қазақтардың тiлiн, әдетғұрып және салтсанасын жақсы бiлгендiктен де татарлар саудасаттық саласында делдалдық рөл атқарды. Татар көпестерiнiң қазақ дала сындағы ықпалы мен беделi бiртебiрте күшейе түстi. Татарлардың ауқымды бiр тобын Қазақстан аумағына Едiл бойы губерниялары ның помещиктерi жер аудартып жiбердi. Татарлар өлкенiң iрi Пет ропавл, Семей, Орал, Көкшетау, Верный, Ақмола, Павлодар, Зайсан және
;скемен қалаларында тұрды. Олардың неғұрлым жиi орналасқан жерлерiнде татар слободкалары пайда болды.
Бұл халықтың өкiлдерi қазақ даласында жаңа әдiспен оқытатын жәдидтiк мектептер ашудың бастамашылары болды. Қазақтар татар зиялылары шығарып тұрған газеттер мен журналдарды зор ықылас пен оқыды. Қазақтың алғашқы газеттерi мен журналдарын көбiнесе татар көпестерi қаржыландырып тұрды. Кейiнiрек патша үкiметi ис ламның қазақ даласында күшейiп бара жатқанынан қауiптенiп, са уатты және iскер татарлардың қызметiнен бас тарта бастады. 1897 жылы Қазақстанда тұратын татарлардың жалпы саны 56 мыңға дейiн жеттi. Мұның өзi Қазақстандағы бүкiл халықтың 1,3 пайызы едi. Татарлардың 38 пайызы мещандар, 28 пайызы шаруалар, 10 пайызы казактар, 2 пайызы көпестер болды.
Белорустар. Белорустар Қазақстан аумағына Белоруссияда 1863–1864 жылдары К. Калиновский бастаған көтерiлiс қатыгездiкпен басылғаннан кейiн келдi. Ол кезде Белоруссиядан шет аймаққа 12 мыңнан астам адам жер аударылған болатын. Солардың кейбiр топ тары Қазақстанның солтүстiк аймағын қоныс етiп, орналасып қалған едi. ХIХ ғасырдың 70жылдарында Қазақстанның солтүстiгiне төң керiсшiл белорус халықшылдары жер аударылды. Кейiнiрек белорус социалдемократтары да осы өңiрден бiрақ шықты. Белорус соци алдемократтар ұйымының белсендi мүшесi П. Румянцев өзiнiң жер аударылған мерзiмiн Ақмола облысында өткiздi. Кейiн Столыпиннiң аграрлық реформасы кезiнде көптеген белорус Қазақстанның село лық жерлерiне қоныс аударды. Белорустардың негiзгi кәсiбi егiн шiлiк болды.
Немiстер. Немiстер Қазақстанға тұңғыш рет ХVIII ғасырда әскери құрамалар қатарында келдi. Олардың едәуiр бөлiгi Балтық бойы губернияларынан едi. Сiбiр шекара шебiнiң басшылары қыз метiн атқарған 13 адамның көпшiлiгi немiстерден шыққан генерал дар болатын. Олар Х.Т. Киндерман, И. Крафт, Д. Риддер, К.Ф. Фрау ендорф, Г.Г. Вейрман, И. Шпрингер, И. Клапье де Колонг, Г.Э. Штранд ман, Г.И. Глазенап және басқалары едi. Түркiстан өлкесiнiң гене ралгубернаторы К.П. фон Кауфман да, Торғай облысының әскери губернаторы Л.Ф. Баллюзек те, Дала өлкесiнiң генералгубернаторы М.А. фон Таубе де немiс ұлтынан едi.
Немiстер жергiлiктi халықтың тарихы мен географиясын және этнографиясын зерттеудiң бастамашылары бола бiлдi. Дәрiгерлер, мұғалiмдер, таукен инженерлерiнiң арасында да немiс ұлтының өкiлдерi аз болған жоқ. Немiстер негiзiнен Омбы, Петропавл, Семей, Gскемен, Жәмiшев сияқты тағы басқа да шекара шебiндегi әскери бекiнiстерде тұрды.
Қазақ жерiндегi немiстер санының арта түсуi ХIХ–ХХ ғасырлар тоғысына сәйкес келедi. Қоныс аударып келген немiстер негiзiнен егiншiлiкпен айналысты, өңдеушi өнеркәсiп салаларында жұмыс iс тедi. Немiстер сонымен қатар мұнай кен орындарын игеруде, алтын, мыс өндiруде, кен өнiмдерiн өңдеуде белсендiлiк танытты.
Немiстердiң өздерiнiң жеке ғибадатханалары және мектептерi болды. Олардың арасында өзiнөзi басқару дәстүрi күштi сақталған едi. Немiстердiң елдi мекенiнде халық әлдеқайда ауқатты тұрды. Олар жинақылығымен, еңбексүйгiштiгi және адалдығымен ерекше көзге түстi. Gздерiнiң ұлттық тiлiн, дiнiн, әдетғұрпы мен салтсана сын, дәстүрлерiн берiк сақтауға тырысты. Немiстер өздерi қауым болып жинақы қоныстанды. Олардың көпшiлiгi (55 пайызы) сауатты едi. Әлеуметтiк сословие тұрғысынан алғанда 1897 жылы немiстердiң 85 пайызын шаруалар құрады.
1897 жылы Қазақстандағы және онымен шекаралас қалалардағы немiстердiң жалпы саны 7 мың адамға жуықтады. Олардың көпшiлiгi Ақмола облысында тұрды. Олардың ендiгi бiр елеулi тобы Сырда рия облысында да қоныстанды. Столыпиннiң аграрлық реформасы кезiнде немiстердiң Едiл бойынан, Қара теңiз жағалауынан ағылып келуi күшейе түстi. Сондайақ немiстер қазақ даласына сонау Гер мания мен Австрияның тiкелей өзiнен де қоныс аударып келдi.
Поляктар. Поляктар Қазақстан аумағында алғаш рет ХIХ ғасырдың басында пайда болды. Олар патша үкiметi қазақ өлкесiне жер аударған поляк көтерiлiсшiлерi едi. Жергiлiктi өкiмет билiгi оларды өз ерiктерiнен тыс Жайық және Сiбiр казактарының қатары на зорлықпен тiркеп жiберген болатын.
Жер аударылып келген поляктар Польшадағы 1830–1831, 1863– 1864 жылдардағы Ресей империясына қарсы ұлтазаттық көтерiлiс терге қатысушылар едi. Олардың едәуiр бөлiгiн поляктардың таңдаулы тобы – дворяндар құрады. Поляктардың қатарында ақын жазушылар, суретшiлер мен дәрiгерлер, инженерлер және заңгер лер көп болды. Мәселен, Адольф Янушкевич қазақ халқының тари хын қызыға зерттедi. Суретшi Бронислав Залесский «Қырғыз даласы ның тiршiлiктынысы» деген ғажайып картинасын салды. Оның
«Қазақ сахарасына саяхат» деп аталатын альбомкiтабы 1865 жылы Парижде француз тiлiнде, 1991 жылы қазақ, орыс тiлдерiнде басы лып шықты. Ақын Густав Зелинский қазақтар өмiрiнен «Қырғыз»
16—6903
249
және «Дала» деген дастандар жазды. Владимир Недзвецкий Жетiсу мұражайының негiзiн қалады. Ал Семейге жер аударылған Северин Гросс «Қырғыздардың тұрмысын заңдық тұрғыда зерттеуге арнал ған материалдар» деген тамаша кiтап жазды.
Патша үкiметi поляктарды әскериәкiмшiлiк қызметке де тартты. Поляктардың көпшiлiгi қалаларда тұрды. 1897 жылғы халық санағы ның деректерi бойынша Қазақстанда 1254 поляк тұрған. Олардың басым көпшiлiгi Орал, Семей, Ақмола және Сырдария облыстарын да қоныстанған едi.
Қазақстанға Hзге халықтардың жер аударылуы. Қазақстан аумағына ХIХ ғасырдың аяқ кезiне қарай жоғарыда көрсетiлген эт ностық топтардан басқа да халықтар ағылып келе бастады. Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен келген неғұрлым елеулi диаспора мордвалық тар болды. 1897 жылы Қазақстанда олардың саны 12 мыңға жуықта ды. Олар негiзiнен Ақмола облысының Көкшетау және Петропавл уездерiнде, Торғай облысының Қостанай уезiнде тұрды. Уақыт өте келе шағын ұлыстар орыс халқымен араласып, ассимиляцияланып кеттi.
Iс жүзiнде Қазақстанның барлық қалаларында да еврей ұлтының өкiлдерi болды, 1897 жылғы халық санағында олардың саны 1651 адамға жеттi. Олар Ақмола және Сырдария облыстарында жинақы қоныстанды. Ресейдiң еуропалық бөлiгiндегi еврейлердiң кәсiп түрлерiн таңдауына шек қойылуы және еврейлердi қырыпжою оқи ғалары олардың Қазақстан қалаларындағы санының едәуiр арта тү суiне жеткiздi.
ХХ ғасырдың бас кезiнде қазақ даласына Украина мен Бессара биядан болгарлар да келе бастады. Олар Қазақстанға жер жетiспеу шiлiгiнен қоныс аударды. Болгарлар 1908–1910 жылдары Семей об лысының Павлодар уезiндегi Разумовка және Андрияновка село ларының, Торғай облысының Ақтөбе уезiндегi Болгарка селосының негiзiн қалады. Қостанай қаласының төңiрегiнде қоныстанған бол гарлар шығырмен суаратын баубақша өсiрдi. Олар егiстiк жердi жергiлiктi халықтан жалға алды. Ақмола аумағында эстондықтар мен латыштардың шағын бiр тобы (375 адам) да өмiр сүрдi.
1897 жылы өткен Бүкiлресейлiк халық санағының деректерi бо йынша, Қазақстанда 29,5 мың өзбек, 2,8 мың түрiкмен, 2,6 мың баш құрт, 997 қалмақ, 987 тәжiк т.б. ұлт өкiлдерi тұрған.
1. Орыс, украин, белорус диаспораларының қалай қалыптасқаны туралы айтып берiңдер. 2. Қазақстан аумағында татар, немiс, поляктар мен бол гарлар қашан пайда болды? 3. 1897 жылғы болған Бүкiлресейлiк халық сана ғының деректерi бойынша Қазақстанда тағы да қандай этностардың өкiлдерi тұрды? 4. Қосымша материалдарды пайдалана отырып, қазiргi Қазақстанда тұратын неғұрлым iрi диаспораларды, олардың санын атап, орналасқан аймақ
тарын көрсетiңдер.
Ассимиляция – бiр халықтың екiншi халықпен араласып, ұлт ретiнде жойылып кетуi.
Халықшылдар – ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы төңкерiсшiлдер.
Социалдемократ – социалдемократиялық партияның мүшесi.
Шығыр – егiстiкке су шығару үшiн жасалған, су жүретiн науасы бар қарапайым құрал.
Глазенап Григорий Иванович (1751–1819) – генерал, Сiбiр шекара шебiндегi әскер лердiң 1807–1819 жылдардағы командирi.
«Бұрыннан
тұратын шаруалардың казактармен ортақ
сипаты баршы
лық. Оларды бiрбiрiнен киген киiмiне қарап ажыратуға болады... Казактардың басым көпшiлiгi киетiн қырғыз (қазақ. – авт.) шекпенiн шаруалардың үстiнен iлуде бiр рет қана көруге болады... Казактар мен шаруалардың арасындағы қарымқатынас олардың бiрбiрiмен жақын екендiгiн тiптi де бiлдiрмейдi. Дiни жiкшiлдердiң, ескi дiни наным сенiмдегiлердiң деревнялары бiрбiрiнен мүлде бөлек, жекедара орна ласқан. Олар өздерiнше бөлек өмiр сүредi.
Кейiнгi жылдары Харьков, Полтава, Киевтен және басқа да губерния лардан келген малороссиялықтар негiзiнен Ақмола мен Атбасар сияқты да лалық уездерге орналасты. Олардың деревняларын шикi кiрпiштен салынып ақталған, төбесi сабан аралас қамыспен жабылған үйлерiне қарап бiлуге бо лады. Олар қоныс аударушы орыс шаруаларынан бөлек болғанды ұнатады.
Отарлық өлкеден көшiп келген немiстер (менониттер, баптистер және басқалары), сондайақ эстондықтар мен латыштар Ақмола облысында ХIХ ғасырдың 90жылдарында пайда болды. Олардың бiрқатары Омбыға жа қын маңда өздерi жалға алған жерлерде, екiншi бiр бөлiгi Ақмола уезiндегi Преображенский, Романовский, Канкринский поселкелерiнде тұрады, орыстармен араласпайды. Олардың бiрбiрiмен өштесiп жауласқаны сон ша, тiптi Романовский поселкесiнде қарулы қақтығыстарға дейiн барған. Сондықтан да патша үкiметiнiң жергiлiктi әкiмшiлiгi орыстарды ол жер ден басқа жаққа көшiруге мәжбүр болды... Поляк, еврей, сарттар тек қала ларда ғана тұрады, саудасаттықпен, басқа да коммерциялық кәсiп түрле рiмен айналысады. Башқұрттар мен қалмақтар кейде Орал мен Торғай об лыстарындағы деревняларда тұрып, ауыл шаруашылығымен айналысады...» Ресей. Отанымыздың толық географиялық сипаттамасы. Орыс адамда
рының қолынан түспейтiн және жолға шыққанда алып жүретiн кiтабы. Редакциясын қараған Семенов П.П. Қырғыз өлкесi. СПб., 1903, ХVIII том, 198–199беттер.
Бұрыннан тұратын орыс шаруаларын казактардан қалай ажыра
туға болатын едi? 2. Украиндықтардың деревнялары өзге халық өкiлдерiнiң тұрғын орындарына қарағанда қалай ерекшелендi? 3. Немiс ұлтының өкiлдерi алғаш рет қашан келдi және қай аймақта мекендедi?
