Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
346843_2017-09-21 17:54:37_Алғадаева-2.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.77 Кб
Скачать

Қорытынды

Микроорганизмдер табиғат пен адам өмірінде аса үлкен орын алады. Олар табиғатта заттар мен энергия айналымын, топырақтың құнарлылығын, атмосфераның газдық қүрамын және басқа табиғи процестерді ұстап тұруды қамтамасыз етеді.

Ветеринарлық микробиология медициналык микробиология мәселелерін, бірақ көбінесе жануарларда ауру туғызатын микроорганизмдерді зерттейді. Ауыл шаруашыльщ микробиология топырақ микрофлорасын, өсімдіктер әлемін, оның өсімталдығына әсерін, топырақ құрамын, өсімдіктердін жүқпалы ауруларын және т.б. мәселелерді зерттейді.

Теңіздік және космостық микробиология сәйкесінше теңіздік және су қоймаларындағы, космостық кеңістік пен басқа планеталардағы микрофлораны зерттейді. Микроорганизмдердің көпшілігі адам үшін қауіпсіз, тіпті көбісі пайдалы. Тері мен шырышты кабаттағы, асқазан-ішек жолдарывдағы және зәр жыныс жолдарындағы микроорганизмдер адам ағзасының экологиялық бірлігін кұрайды және де оның тіршілігіндегі (эндоэкология) бірқатар процестердің тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Адам көптеген микроорганизмдерді тіршілігіне қажетті өнімдер мен материалдарды алу үшін колданады.

Иммунология диагностиканың зертханалық әдістерін, жұқпалы және көптеген жұқпалы емес (соматикалык) аурулардын, алдын алуы мен емдеуін өңдеуде, сондай-ақ иммунобиологиялық препараттарды (вакцина, иммуноглобулиндер, иммуномодуляторлар, аллергендер, диагностикалық препараттар) өңдеуде негіз болып табылады. Иммунобиологиялық препараттарды өңдеу мен өндірісімен айналысатын иммунологияның жеке бөлігі - иммунобиотехнология болып саналады. Адам организміне зақым келтірмейтін және ауру тудырмайтын микроорганизмдерді патогенді емес немесе сапрофиттер деп атайды (грек тілінен аударғанда заргоз - шірік және рһуіоп - өсімдік), яғни өлі организмнің органикалык заттарымен коректенеді. Дегенмен адамда әртүрлі ауруларды және патологиялық процестерді тудыратын микроорганизмдер топтары кездеседі. Бүл микроорганизмдерді патогенді (грекше раthos - ауру) деп атайды; олар органикалық субстраттар арқылы қоректеніп өмір сүреді. Патогенді микроорганизмдердің саны өте көп -3000-нан астам түрлері бар (бактериялар, вирустар, саңыраукүлақтар), соның ішінде 1000-нан астамы вирустар. Организмнің қарсы түру қабілеті төмендегенде немесе сәйкес-қолайлы жағдайлар туындағанда сапрофиттер ауру туғызуы мүмкін, яғни олар патогенді микроорганизмдер сияқты болады.

Пайдаланылған әдебиеттер

1. Медициналық микробиология Б.А. Рамазанова 2010 жыл 2.Микробиология жіне вирусология Г.Д.Асемова. Астана-2005 жыл

3. https://kk.wikipedia.org/wiki/%D0%9C%D0%B8%D0%BA%D1%80%D0%BE%D0%B1%D0%B8%D0%BE%D0%BB%D0%BE%D0%B3%D0%B8%D1%8