- •Ұйымның ішкі орта факторлары.
- •Ұйымның сыртқы орта факторлары.
- •1. Ұйымның сыртқы ортасы
- •2 Ұйымның сыртқы ортасы
- •1985 Жылы профессор Ellen Earle-Chaffee, 1970 болған стратегиялық басқару консенсусыне қарай, стратегиялық басқару теориясының негізгі элементтерін атап көрсетті
- •Мықты жақтары
- •Әлсіз жақтары
- •Мүмкіндіктері
- •Қауіптер
Мүмкіндіктері
Мүмкіндіктер біздің ұйым жұмыс істейтін, оның аясындағы қоршаған ортамен ұсынылған болады. Бұл ұйым өз қоршаған ортасындағы пайдалар мен шарттарды пайдаланып оларды бұрынғыдан да пайдалы ететін стратегияларды жоспарлауға және жүзеге асыруға болғанда туындайды. Ұйымдар мүмкіндіктерін пайдалана отырып, бәсекелестік артықшылыққа ие болады.Ұйымдар сақ болу мүмкіндіктерін тануға және олар туындаған кезде оларды ұстап қалуға тиіс. Қажетті нәтижелерге жету соныменн қатар тұтынушыларға ең үздік қызмет ететін мақсаттарды таңдау қиын міндет болып табылады. Мүмкіндіктері нарық, бәсекелестік, өнеркәсіп / үкімет және технологиялардан тууы мүмкін. Ырықтандыру мен сүйемелделген телекоммуникацияға деген өспелі сұраныс жаңа фирмаларға телекоммуникациялық секторына кіруге және табысты қолданыстағы фирмалармен бәсекеге түсуге үлкен мүмкіндік болып табылады.
Қауіптер
Сыртқы ортадағы жағдайлар ұйымның бизнес сенімділігі мен табыстылығына қатер төндіретін қауіптер боп саналады. Олар кемшіліктеріне қатысқанда осалдыққа қосылады. Қатерлер бақылаусыз болып табылады. Қауіп келгенде, компанияның тұрақтылығы мен өмір сүруіне қатер төнуі мүмкін. Қауіп-қатердің мысалдары мыналар болып табылады - қызметкерлер арасындағы тәртіпсіздіктер; соңғы технологияны өзгерту; артық энегргия жұмсауға әкелген артық бәсекелестік , баға соғыстары және өнеркәсіп алатын пайданың азаюы .
6-дәріс. Инновациялық менеджмент
Қазіргі күнгі əдебиеттерге сай инновациялық менеджмент дегеніміз – инновациялық жобаларды басқару, жоспарлау, бақылау жəне инновациялық персоналды ұйымдастыру əдістемелерінің жиынтығы. Инновация дегеніміз – интеллектуалды еңбек нəтижесі ретінде рынокқа тіпті жаңа немесе жаңартылған өнім жəне жаңа немесе жаңартылған технология түрінде шығарылатын жаңалықты айтамыз. Бірақ, ол өнімнің тек жаңалық қасиетіне иелігі инновация болуына жеткіліксіз. Ол нағыз инновация деп аталуы үшін, белгілі бір пайдалылық эффектісіне ие болу шарт.
Инновация ұғымы - кəсіпорынның инновациялық қызметі — бұл жаңа немесе өнімнің жақсаруы, не қызмет көрсетуі, оларды өндірудің жаңа; əдістерін, қолдану мақсатындағы ғылыми-техникалық жəне зияткерлік əлуеттік шаралар жүйесі. Бұл жеке сұранысты, сонымен бірге жалпы пайдалы жаңалықтарға қогамның мұқтажын қанағаттандыруы үшін пайдаланылады.
Жаңа өнімді өндіріске енгізу инновацияның түбегейлі өнімділігі ретінде анықталады. Мұндай жаңалықтар негізінде жаңа технологияға негізделеді, не тіршілікте қолданылып жүрген технологаянық жаңа түрінде пайдалануын ұштастырады. Процесстік инновация- бұл жаңалықты енгізу немесе өндіріс тəсілін жəне технологаяны едəуір жетілдіру, жабдықтарды жəне өндірісті ұйымдастыруды өзгерту. «Жаңалық» дəрежедегі инновация негізінде жаңа, яғни өткен, отандық жəне шетелдік практикада ұқсастығы жоқ жəне жаңа нəрсенің салыстырмалы жаңалығы болып ұсақталады.
Негізінде өнімнің жаңа түрлер технологиясы жəне қызмет көрсетуі басымдық, абсолюттік жаалықтарға ие болады жəне үлгінің түп нұсқасы болып табылады. Инновацияның өмірлік кезеңі өзара байланысты процестердің жəне жаңалықтарды енгізу сатысының жиынтығын көрсетеді.
Инновацияның өмірлік кезеңі уақыт аралығы ретінде идеяның дүниеге дайындау үшін шикізаттар мен материалдардың қажетті түрлерін таңдап алу;
- жаңа өнімді дайындауда технологиялық прогресті əзірлеу;
- қажетті өнімдерді дайындау үшін жобалау, жасау, сынақтан өткізу жəне жаңа техниканың үлгілерін енгізу;
- жаңалықтарды іс жүзіне асыруға бағытталған ұйымдастырушылық -басқарушылық шешімдерді əзірлеу жəне енгізу;
- қажетті ақпараттық ресурстарды жəне инновацияны аңпаратпен қамтамасыз етуді зерттеу жəне əзірлеу;
- қажетті ғылыми-зерттеу жəне конструкторлық жұмыстарды жүргізу үшін дайындау, оқыту, жаңа мамандық беру жəне қызметкерлерді арнайы əдіспен іріктеу;
- лицензиялау, патенттеу, ноу-хау жұмыстарын жүргізу немесе қажетті құжаттарды алу;
- инновацияны жетілдіруді ұйымдастыру жəне маркетингтік зерттеулерді жүргізу.
Қазіргі күнгі əдебиеттерге сай инновацияларды жалпы үш түрге жіктейміз:
1. Инновация -өнім (өнімдік инновация)
2. Инновация –процесс (технологиялық инновация)
3. Ұйымдастырушы - басқару саласындағы инновация
