Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
лекции мен 1-6.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
42.11 Кб
Скачать

2 Ұйымның сыртқы ортасы

Сыртқы ортаны талдау ұйымға мүмкіндікті болжалдау уақытына, кездейсоқ жағдайда жоспар жасау уақытына, қауіп-қатер төнген жағдайда күні бұрын ескерту уақытна және стратегияны белгілеу уақытына мүмкіндік береді.

Экономикалық факторлар. Бұлардың ішінде: инфляция немесе дефляция қарқыны, жұмыс бастылық деңгейі, халықаралық төлем балансы, салық ставкасы. Осы факторлардың әрқайсысы фирмаға қауіп-қатер төндіруі, немесе жаңа мүмкіндіктер беруі мүмкін.

Саяси факторлар. Бизнес пен кәсіпкер фирмалары жетекшілерінің саяси процеске белсене қатысуы ұйым үшін мемлекеттік саясаттың маңызды екендігін көрсетеді. Басшы жергілікті органдардың, үкімет билігінің нормативтік құжаттарын, қаржыландыру үшін ұзақ мерзімге салынған кредиттерін, жұмысшы күшін жалдау жөніндегі шектеулерді және сауда алу мүмкіндігін, сондай-ақ басқа елдерге қарсы бағытталған немесе басқа елдермен жасалған тарифтік және сауда келісімдерін қадағалауы тиіс. Үкімет іскерлік мәселелерге тұрақты және белсенді қатысатындықтан, ұйымдар саяси әрекетті мұқият қадағалауы тиіс.

Нарықтық факторлар. Өзгермелі нарықтық сыртқы орта тұрақты талдау объектісі болып саналады. Нарықтық сыртқы ортаның факторлары алуан түрлі, оған жататындар: сыртқы демографиялық жағдайдың өзгеруі, әр түрлі бұйымдардың өмірлік циклына нарыққа енудің жеңілдігі, халық табысының бөлінуі және саладағы бәсеке деңгейі. Әртүрлі нарықтық факторларды талдау басшыға оның стратегиясын айқындауға және бәсекелестер бойынша фирма позициясын нығайтуға мүмкіндік береді.

Технологиялық факторлар. Сыртқы ортаның технологиясын талдау өндіріс технологиясындағы өзгерістерді ескеруге мүмкіндік береді.

Халықаралық факторлар. Көпшілік ірі фирмалар мен мыңдаған ұсақ компаниялар халықаралық рынокта жұмыс істейді.

Осыған орай біршама кең ортадағы өзгерістерді тұрақты бақылап, бағалап отыруы қажет.

Бәсеке факторлары. Бәсекелесушілерді талдауға төрт диагностикалық элемент қатысады:

  1. бәсекелесушілердің болашақ мақсатын талдау

  2. бәсекелесушілердің ағымдағы стратегиясын бағалау

  3. бәсекелесушілерге қатысты саланың, сонда жұмыс істейтін компанияның алғышарттарын шолу

  4. бәсекелесушілердің күшті және осал жақтарын мұқият зерттеу.

Әлеуметтік мінез-құлық факторлары. Бұл факторларға қоғамның өзгермелі үміті, қарым-қатынасы мен әдет-ғұрпы жатады. Қазіргі кездегі кейбір маңызды факторларға қоғамның кәсіпкерлерге деген сезім күйі, қоғамдағы әйелдердің рөлі, менеджерлердің әлеуметтік мақсаты және тұтынушылар мүддесін қорғау қозғалысы жатады. Ұйым үшін көбінесе әлеуметтік фактор, проблеманы туғызады. Корпорацияның өзі де, әлеуметтік факторлардың өзгеруіне қарай бейімделіп отыруы тиіс.

Сыртқы ортаны талдау арқылы ұйым болатын қауіп-қатерлерді пайымдап, соған қарсы күні бұрын әрекет ете алады.

Жүргізілген талдаудан кейін басшы ұйымның күшті және осал жақтарына баға береді. Жоспарды ойдағыдай жүзеге асыру үшін басшы ұйымның ішкі мүмкіндіктері мен кемшіліктері туралы, сондай-ақ сыртқы проблемалар хақында толық хабардар болуы тиіс.

4-дәріс. Коммуникациялар және шешімдерді қабылдау

Коммуникация дегеніміз қарым-қатынас, екі және одан да көп адамдардың өзара түсінусуге негізделген байланысты, бір-бірінен ақпарат, мәліметтер алмасуы.

Коммуникация процесі

Коммуникациялық процесс – бұл екі не одан да көп адамдар арсындағы мәліметтер алмасу, әрі оның негізгі мақсаты мәліметтің түсінікті болуын қамтамасыз ету. Коммуникация – бұл күрделі процесс және де оны жақсы түсіну үшін процесс сатыларын түсіне білу керек.

символдар көмегімен кодталған мәліметтің өзін хабарлау

Мәлімет алмасу процесінің элементтері

мәліметті жіберуші идеяны қорытушы немесе мәліметті жинаушы және оны таратып беруші болып саналады

канал, мәліметті беру құралы

алушы, бұл мәліметті қажет ететін адам

Мәліметті алмасу барысында жөнелтуші мен алушы белсенді рөл атқарады, әрі мұның өзі бір біріне қатысты бірнеше кезеңде өтеді. Бұлардың міндеті хабарды дайындау және каналды пайдалана отырып, екі жаққа да түсінікті болуын қарастыру.

идеяның пайда болуы

кодтау және канал таңдау

Мәлімет алу кезеңдері

беру

декодтау

Ұйымдық қарым-қатынас кәсіпорын қызметінің тиімділігіне едәуір ықпал етеді, сондықтан да қандай кедергілер болатындығын, әрі мұндай алмасуды қалай жетілдіруге болатындығын білудің зор маңызы бар.

Жиі кездесетін кедергі түрлері

Хабардың бұрмалануы

Мәліметтің дұрыс сұрыпталмауы

Мәліметтің тым көп келуі

Кәсіпорынның тиімсіз құрылымы

Вербалсыз қатынас құралы

Әлеуметтік психологияда «дене тілі», немесе вербалсыз қатынас деген болады. Психологтардың пікірінше, адамдар арасындағы әңгімеде мәліметтің 90%-тей вербалсыз, яғни сөзбен емес, басқадай амалдармен беріледі.

Әңгімелеушінің маңызды мәліметтерінде бет және қол қимылдарымен қоса, дене қимылы да ерекше орын алады.

Әңгіме-кеңес өткізушінің нақты жағдайдан тұтастай мағлұматы болуы тиіс. Бір жағдайда ұйым ішіндегі өзара сөйлесу, екінші бір жағдайда сауда ісінде сөйлесу маңызды рөл атқаруы мүмкін. Кестеде осы тарапында кейбір мәліметтер келтірілген (Дж. Миллер және К. Борген)

Сезімнің (эмоцияның) «дене тілі не» ауысуы

Әңгімелесушінің сезім күйі

Дене қимылы

Жан сезіміндегі жайдарлылық

Қауіп-қатер сезімі

Қорғану сезімі

Жақындауға ықыластану

Қол үзуге тырысу

Жабырқауы, мұңаюы

Ұстамсыздық, менмендік таныту

Денесін бос ұстауы, қолы мен аяқтары айқаспаған

Қолы жоғары көтерілген

«Күресу қалпында тұру», қол, аяқтары айқасқан

Денесі еңкейген

Әңгімелесуші шегініп отырады, бұрылып кетеді

Әңгімелесуші селқос болады, басын төмен қаратады

Басын тік ұстайды, кеудесін кереді, шалқаяды

Вербалсыз әрекетті қалай түсіндіреді

Әрекет

Түсіндіру

Нәтиже

Қолын кеудесіне қойған

Үстелді жайлап тоқылдату

Жалбыранған кейіптеқолын жаю, саусақтары сәл жазылған

Әңгімелесуші көзін ұқалайды

Басын сәл қисайту

Қорғаныс қалпы

Шыдамсыздық

Үстемдік сезімі, әңгімелесуші қулығымды асырып отырмын деп есептейді

Сенімсіздік

Тынышталу, қанағаттану

Әңгімелесуді тоқтатпау керек

Әңгімелесуді тоқтату жөн

Алдап отырғанына көз жеткізу, мүмкін әңгімені тоқтату керек

Ойлану керек

Әңгімелесуді тоқтатуға болады

Егер әңгіме-дүкен құруға машықтанған адамдар өзінің сезім күйін ыммен немесе дене қимылымен білдіретін болса, онда ол өзінің көз қимылына бақылау жасай алмайды. Оның қөзі еріксізден біресе ұлғаяды, біресе қішірейеді, сол арқылы әңгімелесушіге өз пікірін білдіреді.

5-дәріс. Ұйымды стратегиялық басқару