Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
7сынып.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
1.72 Mб
Скачать

Қысқа мерзімді жоспар №7

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:

1. Жүгіру,секіру және лақтыру

дағдыларын оқу

Мектеп: Қадырғали Жалайыр атындағы №6 ОМ

Күні: 18.09.2017ж.

Мұғалімнің аты-жөні: Канапия Б.А

Сынып:

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Орта және алыс қашықтықтарға жүгіру.

Оқу мақсаттары

7.3.2.2 Дене жаттығуларының алдында жалпы қыздыру жаттығуларын жасау және ағзаны қалпына келтіру жаттығуларының құрамын көрсету.

Оқу бағдарламасына сілтеме

3.2 Денені қыздыру және қалпына келтіру жаттығуларын құру мен орындау.

Сабақ мақсаттары

Барлығы: Білім алушы жүгіреді.

Көбі: Білім алушы қауіпсіздік ережесін сақтай отырып жүгіре алады.

Кейбірі: Білім алушы жүгіреді, өз ойларын еркін жеткізе біледі, дене жаттығуларының түрлерін орындай алады.

Жетістік критерийлері

Жақсартуды қажет ететін жаттығуларды орындайды.

Ағзаны қалыпқа келтіретін жаттығуларды көрсетеді.

Тілдік мақсаттар

Екпін алу, итерілу, ұшу, қону көтерілу, жерге қону фитнес құрамдастары: күш, жылдамдық, төзімділік, икемділік қадамдар, аттау лақтырулар: итеріп шығару, итеру, көтеріп тастау, лақтыру қауіпсіздік, қауіп-қатер сөрелік екпін алу, қашықтық бойынша жүгіру, мәреге жету.

Құндылықтарды дарыту

Білім алушылар бір - бірімен келісіп және үйлесімді жұмыс жасауға тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыстар

Биология пәнімен байланыс - дене мүшелерін анықтай біледі.

АКТ қолдану дағдылары

Планшет қолдану

Бастапқы білім

Орта және алыс қашықттыққа жүгіру.

Сабақ барысы

Б-барлық сынып, Т-топтық, ЖЖ- жұпптық жұмыс, Ж- жеке,

Тәж -оқушы тәжірибесі,К- мұғалімнің көмегі, Ф-фор.бағалау.

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

10мин

Дайындық бөлімі.

Білім алушылардың зейінін шоғырландырып,бірге сабақ мақсаттарын/ОМ/ анықтап алу. Техника қауіпсіздігі. Саптық жаттығулар:орыннан оңға, солға бұрылу. Оқушылар жүгіру жаттығуларын орындайды. Аяқты артқа бүгіп жүгіру. Тізені жоғары қөтеріп жүгіру. Оң жақ иықпен адымдап секіру. Сол жақ иықпен адымдап секіру. Әрбір адымда секіріп жүгіру. Ж.Д.Ж.бір орында.

Әр жаттығуға кең, ашық кеңістік.

Кең алаң

Ысқырық,секундомер

Сабақтың ортасы

25мин

(С, К) Тамыр соғысы туралы алдыңғы өтілген материалды қараңыз. МС – минутына соққы. Тынығу кезіндегі тамыр соғысы, жұмыс тамыр соғысы, қалпына келу тамыр соғысы.

Білім алушыларды сапқа тұрғызып бүгінгі 1000 -1500м орташа шапшандықпен жүгіру әдістерін айтып түсіндіремін.

Қашықтықтырға жүгіру үшін сөреден шыға білудің үлкен манызы бар.Әдетте жүгірушілер жоғары сөрелік қалыпты пайдаланады.Бұл ретте сөре сызығына күшті деп есептеген аяқты қою керек «Дайындал» пәрмені бойынша аяқты бүгіп,кеудені ілгері еңкейтеді «Баста» деген пәрмен бойынша орташа жылдамдықпен жүгіреді.

Қолмен кеуденің қалыпы,қозғалысы тепе-теңдікті сақтауға мүмкіндік береді.

Дененің бұлшық еттерін қатты ұстауға болмайды 5-6 қадам жасағаннан кейін тыныс алған жөн (ауызбен)

Шапшандық артқанда тыныс алу жиілігі артады.

Демді қалыпқа келтіру жаттығулары..

(ЖЖ, Тәж, Ф) Жұптарда оқушылар тамыр соғысын тексеретін екі сүйікті жаттығуын, екі кез келген динамикалық және екі статикалық созылуды таңдайды. Оларды көрсете отырып, олар бір-бірінің қимылдарын қайталайды, бірдей ырғақ пен уақытты сақтайды. Сіз тараудың осы бөлігінде орындаған төмен, орташа және жоғары қарқындылықтағы жаттуғуларды, олардың денсаулыққа әкелер пайдасы туралы ойластырыңыз.

Сабақтың соңы

5 мин

Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізіледі:

Оқушалардан бұл жаттығуда қандай тәуекел бар екенін және оны қалай азайтуға болатынын сұрау.

Оқушылар таңдаған тірек-қимыл дағдыларын бақылау.

Саралау – оқушыларға қалай көбірек қолдау көрсетуді жоспарлау? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай міндет қоюды жоспарлау?

Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлайсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы

Саралау барысында оқушылардың деңгейін анықтап. Деңгейлері бойынша тапсырмалар бердім. Сабаққа белсенді қатысып тапсырманы дұрыс орындаған оқушыларды ауызша мадақтау арқылы бағаладым.Деңгейі жоғары оқушылармен аралстырып білім деңгейлерін көтердім.

Оқушылардың өз бетінше тапсырмамен жұмыс істеуі, өз бетінше қателерін түзеу. Әр оқушыға жекелей тапсырмалар беру, тапсырмалардың орындалу дағдыларын тексеру.

Тапсырмаларды орындау кезінде спорттық құралдардың дұрыс орналасуына көңіл бөлу.

Дене қыздыру жаттығуларының орындалуына аса көңіл бөлу, икемділікті дамытуға септігін тигізеді.

Дене қуатын үнемдеу шарттары.

Дұрыс тыныс алу.

Сабақ барысында техника қауіпсіздік ережелерін сақтау.

Жалпы баға

Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?

1:

2:

Тексерілді:

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]