Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.

Гендік инженерия , генетикалық инженерия [1] — генетикалық және биохимиялық әдістердің көмегімен түраралық кедергілері жоқ, тұқым қуалайтын қасиеттері өзгеше, табиғатта кездеспейтін жаңа гендер алу; молек. биологияның бір саласы. Гендік инженерия әр түрлі организмдер геномының бөлігінен рекомбинатты ДНҚ құрастырумен қатар, ол рекомбинатты молекулаларды басқа ағза геномына енгізіп, жұмыс істеуін (экспрессиясын) қамтамасыз етеді. Гендік инженериядағы тұңғыш тәжірибені 1972 ж. американ биохимигі Т. Берг (Нобель сыйл. лауреаты) іске асырды. Ол маймылдың онноген вирусы SV-40-тың толық геномын, бактериофаг — L геномының бір бөлігін және Е. Colі бактериясының галактоза генін біріктіру арқылы рекомбинантты (гибридті) ДНҚ алды. 1973 — 74 ж. Америка биохимиктері С. Коэн, Г. Бойер, т.б. түрлі ағзалардан бөліп алынған генді бактерия плазмидасының құрамына енгізді. Бұл тәжірибе басқа организмдер гендерінің жаңа ағза ішінде жұмыс істей алатынын дәлелдеді. Жануарлар клеткаларымен жүргізілген тәжірибелерде бір клетканың ядросын екіншісімен алмастыруға, екі немесе бірнеше эмбриондарды қосып біріктіруге, оларды бірнеше бөлікке бөлшектеуге болатыны анықталды. Мыс., генотиптері әр түрлі тіндердің клеткаларын біріктіру арқылы тышқанның аллофенді особьтары (фенотипі әр түрлі дарабастар) алынды. Гендік инженерия-ның теориялық негізіне генетикалық кодтың әмбебаптылығы жатады. Бір ғана кодтың (триплиттің) әр түрлі ағзадағы белок молекулаларының құрамына енетін амин қышқылдарын бақылай алатындығына байланысты, ДНҚ молекуласының кез келген бөлігін басқа бөтен клеткаға апарып салу, яғни молек. деңгейде будандастырылу теориялық тұрғыдан алғанда мүмкін екені анықталды. Жануарлар, өсімдіктер және микроорганизмдер гендерінің қызметін қолдан басқаруға болатындығы дәлелденді. Ауыл шаруашылығында өсімдіктің атмосфералық азотты өзіне жинақтап алуы — үлкен мәселе. Осыған байланысты 1970 жылдары азотты фиксациялауға қабілеті жоқ пішен таяқшасына азотты жинақтай алатын, басқа бір бактерияның гені салынып, азотты жинақтау қасиетіне ие болды. Мед. саласында жаңа гендерді енгізу арқылы тұқым қуалайтын ауруларды емдеуге болады. Қазіргі кезде ауру адамдардан зат алмасудың 1000-нан аса әр түрлі тұқым қуалайтын өзгерістері табылған. [2]

  1. Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.

дәрілік заттар жұқпалы аурулар кезiнде этиотропты емдеу үшін (яғни ауру себебі микроб болғанда ) және жұқпаның алдын алу үшін қолданылатын химиялық препараттар

Химиопрепараттарды организм iшiне енгiзетiндiктен, олар адам және жануарларға уыттылығы жоқ және жұқпа қоздырғыштарына жоюшы әсер ететін, яғни таңдамалы әсері болуы керек.

Қазіргі кезде антимикробтық белсендiлiгi бар мыңдаған химиялық қосылыстар белгiлi, бiрақ оның бiрнеше ондығы ғана химиотерапевтiк заттар ретiнде қолданылады.

Химиотерапевтiк препараттардың қандай микробтарға әсер ететiндiгiн олардың белсендiлiк спектрi аныктайды:

• микроорганизмдерің жасушалық түрлерiне әсер ететiндер; . Антибактериалдылар өз кезегiнде әсер етуіне қарай кең және тар спектрлi деп бөлiнедi. Тар сnектрлiлер - әртүрлі аз мөлшерде тек грам оң немесе грам теріс бактерияларға белсендi, ал кең спектрлілер - екі топтың да әртүрлі өкiлдерiнiң көпшiлiгiне әсер ететін препараттар.

. Әсер ету типi бойынша химиопрепараттар бөлiнедi

• «Микробоцидті» (бактерицидтi, фунгицидтi және т.с.с.), қайтымсыз зақымдау арқылы микробтарға жоюшы әсер ету;

. • «Микробостатикалық», яғни микробтардың өcyi мен көбеюiн тежеу.

Антимикробты химиотерапевтiк заттарға келесi препараттардың топтары жатады:

Антибиотиктер - микроорганизмдердің жасушалық түрлерiне және кейбiр ісікке қарсы әcep етедi .Әртүрлi химиялық құрылымды синтетикалық химиопрепараттар (олардың арасында микробтардың жасушалық және жасушадан тыс түрлерiне әсер ететiндерi бар)

  1. «Антибиотик» терминіне анықтама. Антибиотиктің шығу тегі, химиялық құрамы, антимикробтық әсер ету механизмі бойынша жіктелуі. Антибиотиктердің микроорганизмдерге әсер ету спектрі бойынша жіктелуі. Антибиотиктер бұл биологиялық туындылы химиялық қосылыстардан, олардың жартылай синтетикалық және синтетикалық аналогтарынан дайындалған химиотерапевтік препараттар ,олар аз концентраццияда микрроорганизмдер мен ісіктерге жоюшы немесе таңдамалы зақымдаушы әсер етеді.1928 -1929 жылы А. Флеминг стафилококктың өсуін тежейтін химиялық зат бөлетін көгерткіш саңырауқұлағының штамы пеницилланы ашты.Бұл зат « пенициллин» деп аталады.1940 жылы Х .Флори мен Э.Чейн клиникада кең қолданыс тапқан , алғашқы рет тазартылған тұрақты препарат пенициллинді алды.

Химиялық құрамына байланысты антибиотиктер бірнеше түрге бөлінеді:

  1. Беталактамды антибиотиктер.

  2. Стрептомицинді антибиотиктер.

  3. Макролидті антибиотиктер.

  4. Аминогликозидті антибиотиктер.

  5. Тетрациклинді антибиотиктер.

  6. Туберкулезге қарсы антибиотиктер.

  7. Фосфомициндік антибиотиктер.

  8. Табиғи емөс антибиотиктер (фторхинолиндер)

Антимикробтық әсер ету механизмі бойынша жіктелуі

Микробқа қарсы химиопрепараттардың таңдамалылығының негізі олар әсер ететін микроб жасушасындағы нысаналардың микроорганизм жасушаларынан айырмашылығы болады.Көптеген химиотерапевтік препараттар әдетте микроб жасушасының метаболизміне әсер етіп, оның дайын құрылымын бұзбайды , сондықтан препараттар микроорганизмдердің өсу және көбею фазасына белсенді әсер етеді.

  1. Бактериялардың дәрілік тұрақтылығы және олардан арылу жолдары. 1.Табиғи төзімділік микроорганизмдердің антибиотиктерге сезімталдығының жоқтығы генетикалық қамтамасыз етілген

2.Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада болатын мутация нәтижесінде геномдағы өзгерістерге негізделген .Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады.Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамып күшейе түседі.

Антибиотик бактерияның өсуін басады , егер ол:

- Бактерияя жасушасына енсе;

-Тіршілікте маңызды қызметті атқаратын жасушаішілік құрылыммен қарым қатынасқа түссе;

-Функциясын барынша басса бактерия антибиотикке төзімді (жоғарыдағы жағдайлардың тек біреуі ғана орындалмаса да).

  1. Вирустардың антибиотикке тұрақтылығының біріншілік себептері. Вирусты инфекцияны емдеуге ХТП таңдау себебі. Антибиотиктерге резистенттіліктің негізгі екі типін ажыратады:

І. Табиғи төзімділік- микроорганизмнің, вирустардың антибиотиктерге сезімталдығының жоғарғы генетикалық қамтамассыз етілген.

ІІ. Жүре пайда болған резистенттілік бактериялық жасушада пайда болатын мутация нәтежиесіндегі геномдағы өзгерістерге негізделген. Біріншілік төзімділік микроб дақылының кейбір варианттарында антибиотикпен емдеуге дейін байқалады. Екіншілік тұрақтылық микроб антибиотикпен жанасқаннан кейін пайда болып, ары қарай дамиды

Көптеген ХТП препараттар микроб жасушасынын метаболизміне әсер етіп, оның дайын құрылымын бұзбайды. Микробқа қарсы ХТП әсер ету механизмі бойынша: жасуша қабырғасын синтезінің ингибирорлары, ақуыз синтезінің ингибиторлары, ЦПМ қызметін зақымдайтындар болып ажыратылады.

  1. Антибиотикотерапия кезінде дамитын инфекциялық аурулар және асқынулар. Антибиотиктердің уытты әсері бар. Бұл асқынулар антибиотиктерді ұзақ қолданғанда, ағзада оның жиналуы нәтижиесінде болады. Антибиотиктің уытты әсеріне көбінесе балалар, жүкті әйелдер, бауыры және бүйрегі ауыратын науқастар жиі шалдығады.

Антибиотиктер: нейротоксикалық, ототоксикалық, нефротоксикалық, жалпы улық, қан түзуді тежеу тератогенді асқынуларды туғызады. Сонымен қатар антибиотиктер ятрогенді ауруларды дамытады. Антибиотиктердің жанама әсерлері: терілік, гематологиялық, аллергиялық, токсикалық, иммунологиялық әсері болады. Антибиотиктерді ретсіз пайдалану ауру қоздырғыштарын ғана емес адамның қалыпты микрофлорасын жойып жібереді, нәтижиесінде дисбактериоз дамиды.

  1. Бактерияның антибиотикке сезімталдығын анықтау әдістері. Тығыз жағдайдағы антибиотиктік препараттардың сезімталдығы заттың 1 мг- дағы бірлік мөлшерімен есептеледі.Дақылдық сұйықтықта және ерітінділерде антибиотиктердің 1 мл сұйықтықтағы мөлшерімен есептеледі.

Антибиотиктердің сезімталдығын анықтау үшін сериялық сұйылту әдісі жиі қолданылады.

Әдіс қоректік ортада антибиотиктердің сұйылту дәрежелерін дайындап, сол сұйылтулардың барлығына тест дақыл араластырумен жасалады.Белгілі бір инкубациялау кезеңінен кейін өсінді байқалады ненмесе болмайды.

Сериялық сұйылту әдісі антибиотиктің минимальді ингибирлеуші концентрациясын (МИК)анықтауға мүмкіндік береді.МИК- антибиотиктердің биологиялық қасиеттерін анықтауда, клиникада қолдануда өте ыңғайлы параметр.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]