Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.

  2. Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы

Вирустың жасуша дақылында өсуін цитопатиялық эффектісі, жасушада қосымшалар түзілуі, теңбіл дақтардың түзілуі бойынша және гемадсорбция феномені мен түрлі түсті реакция бойынша бағалайды.

Цитопатиялық әсері- вирустардың клеткаішілік даму нәтижесінде микроскоптан көрінетіндей (шыныдан ажырағаннан кейін алып келетін морфологиялық өзгерістер.

Теңбіл дақтар (бляшкы) – вирустардың әсерінен жасушадағы бұзылған бөліктер, оны бірқабатты жасуша дақылында вирустарды өсіру кезінде байқауға болады.

Түрлі-түсті сынама- индикаторлы қоректік орталардың түсіндегі өзгерістерге негізделген. Вируспен залалданбаған жасушаның өсуі салдарынан метаболизм өнімдері жинақталып, қоректік орта түсінің өзгеруі туады.

Вирустық қосындылар- арнайы бояған кезде микроскоппен анықтауға болатын вириондардың немесе олардың бөлек компоненттерінің цитоплазмада немесе ядрода жиналуы.

Гемагглютинация реакциясы- кейбір вирустардың вирустық гликопротеинді кірпікшелерінің гемагглютининнің арқасында эритроциттердің агглютинациясын (жабысу) шақыруын айтамыз.

Гемадсорбция реакциясы- вируспен залалданған жасуша дақылдарының өзінің беткейінде эритроциттерді адсорбциялау қабілеті. Гемадсорбция реакциясы вирустарды жасуша дақылында немесе тауық эмбрионында индикациялау үшін қолданылады.

  1. Вирустарды идентификациялау әдістері.

  2. Бактериофагтардың(фагтардың) биологиялық ерекшеліктері, олардың формалары.

Бактериофагтар- бактерия вирусы. Бактериофагия- фагтардың бактерия мен өзара әсерллесу процесі, олардың бұзылуымен аяқталады. Вирустардың барлық биологиялық қасиеттері де фагтарға тән. Олардың геномы ДНҚ не болмаса РНҚ- мен сипатталады және ақуызды қабықшасы (капсид), структуралық суббірлігі спиральді не болмаса кубты симметриялы типті болып келеді.

Ірі фагтар, құйрығы бар бинарлы симметрия типті болып құралған. Пішіні бойынша фагтар – жіпше тәрізді, сфера тәрізді, басы және құйрығы бар фагтар болып бөлінеді.

  1. Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.

  1. Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі

  2. Бактериофагтардың репродуктивті инфекциялармен өмірлік циклі. Репродуктивті инфекциясының келіп шығуы - фагтың геномы жасуша ішіне енгенде, бірақ фагтың көбеюі жүрмейді, қожайын жасушасы хромосомасына олардың геномы интеграцияланады, демек фаг профагқа айналады жасуша болса лизогенияға ұшырайды. Оларды әлсіз фагтар ғана шақырады және өмірлік циклі келесі стадиядан тұрады:

а. жасуша беткейіне фагтардың адсорбциялануы.

б. бактериальды жасушаға фагты ДНҚ-ң енуі.

в. сайт-фагты ДНҚ-ң қожайын жасуша хромосомасының арнайы интеграцияның және фагтың профагқа айналуы.

  1. Бактерияларга әсер ету спектрі бойынша бактериофагтардың дифференциациясы, олардың медициналық тәжірибеде қолданылуы. Бактерия фагтарының спектр әсері бойынша поливалентті, монофагтар және типоарнайы фагтар, түр ішіндегі бактерияларды ақуыз варианттары мен лизиске ұшырауына алып келеді. Бактерия қүрылымдарын бұзушы қасиеті бойынша фагтар емдік және профилактика ретінде көптеген ауруларға қолданады, стандартты фагтарды ауру қоздырғыштарының қатарын фаготиптеу үшін қолданады. Микроорганизмдердің генетикасының зертеуде фагтар кең түрде қолданады.

Вирулентті фагты алу үшін фильтрат дайындайды, бактериальды фильтр арқылы материалды (суды, нәжіс суспензиясын) өткізеді. Фильтратты осыған тиісті бактерия дақылын бульонға егіп 37оС 18-24 сағатқа инкубациялайды. Дақылдың лизиске ұшырағаннан кейін қалған бактериальды жасушаларды центрифуга арқылы немесе фильтр қағазы арқылы алып тастаймыз. Фильтраттарға фагтарды сапалық және сандық әдіспен анықтаймыз.

  1. Қоршаған орта объектілерінен бактериофагтарды бөліп алу.

  2. Бактериофагтарды сандық және сапалық анықтау әдістері.

Сапалық әдіс бойынша фагтарды анықтау үшін сорпаны дақылды қоректік агары бар Петри табақшасына егеміз және 37оС-та кептіреміз. Сонан соң газон бетіне фагтың 1 тамшысын тамызып табақшаны еңкейтеміз, келесі бетіне ағуы керек. Термостатқа бір тәулікке қойылған табақшаны алып қарағанымызда, фаг тамшысының аққан жол бойында лизиске ұшыраған аймақты байқаймыз. Сандық әдіс бойынша бактериальды газонның жаппай бетіндегі дақтардың санын анықтаймыз. Егілген араласпамен фагты бөлшектің санына сәйкес келеді. Фаг суспензиясының 1мл-гі дақ түзуші бірліктің мөлшерін есептеп шығару. Бұл өлшем фагтың концентрациясы титр деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]