Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.

Бактерия жасушасының бөлiнуi, бактерияларда жартылай консервативтi механизммен өтетін хромосоманың репликациялану циклi бiткеннен соң бiраз уақыттан кейiн басталады. Бұл кезде хромосоманың ДНҚ-ның әр жiпшесi туынды днқ үшiн матрица ретiнде пайдаланылады. Бактериалық хромосоманың репликация процесiне 20-дан астам ферменттер қатысады. Нативтi бактериалдық ДНҚ екі спиралдi болғандықтан, репликация алдында матрицалық ДНҚ-ның аналық тiзбегi бөлiнуi керек. Бұл процеске энергияны сіңіретін реакция кезiнде қосарланған спиралдi ажырататын хеликаза ферментi, қайта бұрамалануды болдырмайтын топоизомераза (гираза) ферментi қатысады. SSВ-белогы бiршынжырлы ДНҚ-мен байланысып, спиралдардың қайта қосарлануына жол бермейді, Соның нәтижесінде репликативтiк айырша түзiледi, ДНҚ-ның жаңа тізбектерінің түзiлуi ДНҚ-nолuмераза ферментiмен жүзеге асырылады. ДНҚ-полимераза ДНҚ-ның жаңа тiзбектерiн жасауға (инициациялауға) қабілетті емес.

  1. Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».

Зерттелуші материалдан жұғынды дайындап оны Грам немесе басқа әдіспен бояйды да,микроскоптайды.Зерттелуші материалдың бір тамшысын құрықпен Петри табақшасындағы қоректік агар бетіне жұқтытады да 37 температурада 18-24 сағатқа термостатқа қояды

Түр-стандартты жағдайларда морфологиялық,физиологиялық және басқа да белгілермен ұқсас келетін бірдей особь түрі.

Штамм - белгілі бір шығу көзінен / адам организмі, жануар, қоршаған орта т.б./ бөлініп алынған микроб дақылы.

Клон дегеніміз - бір орынынан алынған микроорганизмдердің бір жасушалы дақылы

Таза дақыл - бір түрге жататын бактерия популяциясының қоректік орталарда өсуі.

Колония - тығыз қоректік ортада бір бактериальды жасушаның өсіп-өнуі салдарынан түзілетін микроорганизмдердің бір түрінің оқшауланған көзбен көрер жиынтығы.

  1. Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.

Қоректік орта дегеніміз- күрделі және жай құрамдардың әртүрлі қосылыстары болып келетін орталар. Оны лабораториялық жағдайда бактериялар мен басқа микроорганизмдерді көбейітіп өсіру үшін қолданылады.

Қоректік ортаны жануардан немесе өсімдіктен туындаған өнімдерден дайындайды. Қоректік ортада өсу факторының болуы үлкен маңызға ие. Оларды дайындау үшін экономикалық рентабельді тағамдық емес шикізат қолданылады: жарамсыз қалған қан алмастырушылар, жануар қанының гидролизаты, аминопетиферментативті, қан гидролизаты, биотехнология өнімдері - жем ашытқылары, жемдік лизин, жүзім ұнтағы, ақуыз лизин. Синтетикалық орталардың құрамына химиялық таза заттар- аминқышқылдары, минералды тұздар, көмірсулар, витаминдер және өсіру факторлары кіреді. Консистенциясы бойынша қоректік орталар сұйық, жартылай сұйық, тығыз болып келеді.

Құрамы бойынша - табиғи, синтетикалық және жартылай синтетикалық. Тағайындалуы бойынша негізгі, элективті және дифференциалды -диагностикалы болып бөлінеді.

Қоректік ортаға қойылатын талаптар бұл жерде барлық қоректік заттар жеткілікті болуы керек, тұздар, өсу факторлары, микроорганизмнің өсуіне қажетті заттары жеңіл сіңімді түрде болуы тиіс, оптимальды ылғалдылығы, тұтқырлығы, рН-ы оптимальды, стерильді болуы тиіс, мүмкіндігінше мөлдір және изотоникалы болуы тиіс. Бөгде заттар болмауы тиіс. Әрбір қоректік ортаны құрамына қарай әртүрлі әдіспен стерилизациялайды.

Әмбебап қоректік орта. Бұл орталарда хемогетеротрофты, арнайы органикалық заттарды қажет етпейтін микроорганизмдердің көптеген түрлері өседі.

Дифференциалды-диагностикалық орталар. Бұл орталарды жалпы микробиологияда әр түрлі субстраттардан бөліп алынған бактериялардың физиологиялық-биохимиялық қасиеттерін анықтап, оларды жіктеу үшін пайдаланады. Ал медициналық және ветеринарлық микробиологияда оларды ауруларды қоздыратын бактерияларды анықтау үшін қолданады. Бұл орталар бактериялардың белгілі бір ферменттерінің, мысалы, каталаза, оксидаза, протеаза, фосфотаза, желатиназа және гемолитикалық ферменттердің бар-жоғын анықтау үшін қажет. Оған қоса, дифференциалды-диагностикалық орталар бактериялардың энергия көзі ретінде қандай заттарды қай жолмен пайдаланатынын анықтауға мүмкіндік береді.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]