- •Микробиологиялық лабораториямен ұйымдардың қағидалары. Микробиологиялық лабораторияда жұмыс жасау және ондағы техникалық қауіпсіздікті қадағалау ережелері.
- •Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.
- •Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.
- •Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.
- •Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.
- •Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
- •Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
- •Бактерия ферменттерінің негізгі топтары және олардың жіктелуі. Өсу факторлары.
- •Бактерия дақылдар өнімін алудың алғашқы сатысы. Арнайы микробиологиялық терминдерге анықтама беріңіз: «түр», «штамм», «клон», «колония», «таза дақыл».
- •Қоректік орталардың жіктелуі. Қоректік ортаға қойылатын талаптар. Әмбебап көректік орталар. Элективті(селективті) қоректік орта. Дифференциальды–диагностикалық орта.
- •Қоректік ортаны стерилизациялау әдістері.
- •Таза дақылды алудың үшінші сатысы. Аэробты және анаэробты бактериялардан таза дақылды бөліп алу әдістері.
- •Идентификация немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың дақылдық қасиеттерін анықтау.
- •Идентификациялық немесе диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың сахаролиттік қасиеттерің анықтау.
- •Идентификация немес диагностикалық мақсатта лабораториялық жағдайда бактериялардың протеолитикалық қасиеттерің анықтау.
- •Тіндік дақылдардың және оларды бөліп алудың негізгі сатылары.
- •Жасуша дақылында вирустардың көбеюі, оларды анықтау әдістері (цитопатикалық әсері, бляшко түзуі, түсті сынама, вируленттілігі, вирустық қосындылары, гемагглютинация және гемадсорбция реакциясы
- •Вирустарды идентификациялау әдістері.
- •Инфекционды бактериофагтар,олардың тыныштық, вируленттік және әлсіздік түрлері.
- •Бактериофагтардың продуктивті инфекциялармен бірге өмірлік циклі
- •Бактерияларды генетикалық информацияның регуляциялық көрінісінің ерекшеліктері.
- •Медициналық микробиологиядағы гендік инженерия.
- •Химиотерапевтік препарат ұғымына анықтама беріңіз, хтп тән жалпы белгілер. Хтп–ның негізгі топтары.
- •Микробиологиялық медицинада әртүрлі температуралық параметрлерді тәжірибелік қолдану.
- •Химиялық заттардың микроорганизмге әсері, дәрігердің тәжірибелік жұмысында қолданылуы.
- •Адамның қалыпты микрофлорасы. Динамикалық экологиялық жүйе және оның өзара арақатынасына сипаттама. Адам тері микрофлорасы. Оның сандық және сапалық құрамы.
- •Манифестті инфекцияның формалары. Симптомсыз инфекцияның формалары. Микроағзалардың патогенділігі – полидетерминантты белгі ретінде. Вируленттіліктің өлшем бірлігі.
- •Патогенділік қасиеттері. Бактериялардың патогендік факторлардың атап шығу, оларға сипаттама беру.
- •Экзотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты. Анатоксиндердің алыну әдістері, оның тәжірибелік маңызы және қолданылуы. Эндотоксиндердің маңызды қасиеттері, химиялық табиғаты.
- •«Иммунитет» термине анықтама беріңіз, иммунитеттің маңызды функциялары. Иммунитет түрлері.
- •Лизоцим. Спецификалық емес иммунитеттің жасушалық факторлары. Табиғи киллер. Комплемент жүйесі.
- •«Антидене» ұғымына анықтама беріңіз, олардың атқаратын қызметтері.
- •Серологиялық және иммунологиялық реакциялар. Олардың медицинада тәжірибелік қолданылуы. Серологиялық реакциялардың топтары.
Метаболизм – бактерия жасушасында жүретін биохимиялық реакциялардың жиынтығы.
Зат алмасу (метаболизм) – клетканың тіршілігін қамтамасыз ететін, организмде жүріп жататын барлық химиялық процестердің жиынтығы. Бұл организмнің тіршілік қабілетін сақтау және сыртқы ортамен қарым-қатынасын, организмге қоректік заттардың еніп, олармен ферменттер әсерінен ыдырауын, пайда болған жай заттардың клеткалар мен органдарға тасымалданып, олардың тотығуын, энергия бөлініп шығуын, клетка құрамындағы түзілістердің биосинтезделуін және қорытылған өнімдердің организмнен бөлініп шығуын қамтамасыз етеді.
Микроорганизмдердің физиологиялық және биохимиялық қасиеттері олардың систематикасында негіздеген. Ол микроорганизмді лабораториялық жағдайда өсіріп, олардың патогенділігін зерттеп, микроорганизмдерді бір- бірінен ажыратып, талдап, танып білу (идентифмкация, дифференцировка) үшін және вакциналарды, антибиотиктерді т.б. БАЗ жасап шығару үшін мағызы з
Катоболизм кезінде энергия түзіліп АТФ молекуласына жиналады, ал анаболизмде осы энергия микроб клеткалары құрайтын көптеген органикалық микромолекулаларды түзуге жұмсалады. Катоболизм мен анаболизм бір - бірімен аралық метаболиттер арқылы байланысқан, оны амфиболиттер деп атайды.
Анаболизм - жасуша компоненттерінің синтезін қамтамасыз ететін биохимиялық реакциялар, яғни конструктивті алмасу деп аталатын зат алмасуы. Бұл алмасуда екі топтоғы биосинтетикалық процестерді бөлуге болады: мономерлердің биосинтезі және полимерлердің биосинтезі.
Катоболизм - жасушаны энергиямен қамтамасыз ететін реакциялар. Ол көбінесе конструктивті алмасуға керек. Сол себептен катоболизм жасушаның энергиялық алмасуына да қатысады.
Бактериялардың қоректенуі. Энергия көзі, қоректену түрі бойынша бактериялардың жіктелуі.
Бактериялардың қоректену ерекшеліктері мынадай:
қоректік заттар бактерияклеткасының барлық бетінен енеді, екіншіден – метаболиттік процестің өте жоғары жылдмадықта жүруі және үшіншіден – қоршаған ортаның өзгеруіне бейімтеал келеді.
Барлық микроорганизмдер қоректену тәсіліне қарай екі топқа бөлінеді: автотрофтар және гетеротрофтар.
Автотрофтар (autos - өзім, trophe – тамақ). Олар бейорганикалық заттардан, көмірқышқылынан көміртек алады. Органикалық заттарды синтездеу үшін жұмсалатын энергияны, минералды заттарды тотықтырып алады.
Гетеротрофтар (heteros – басқа, trophe – тамақ). Көміртек көзі ретінде органикалық қосылыстарды пайдаланады. Әртүрлі көмірсулар әмбебап көміртек ретінде қолданады (оларды қоректік орталарда жиі пайдаланады). Гетеротрофтар өлі органикалық заттарды жоюда роль атқарады. Ондай бактерияларды сапрофиттер (sopros – шірік, philio - өсімдік) деп атайды.
Тыныс алу типі бойынша бактериялардың жіктелуі. Бактериялардың өсуі мен көбеюі. Сұйық қоректік ортада бактериялық популяциялардың көбею фазалары.
Оттегiге деген қатысы бойынша және энергия алу барысында оттегiнi қолдануларына байланысты микроорганизмдер 3 топқа бөлiнедi: облигатты (нағыз) аэробтар, облигатты анаэробтар, факультативтi анаэробтар.
Облигатты аэробтар. өcyi және көбеюi тек қана оттегi болған жағдайда өтедi. Оттегi оттегiлiк тыныс алу жолымен энергия алу үшiн қолданылады.
Облигатты анаэробтар.Энергияны алу үшiн оттегiнi қолданбайды. Зат алмасу оларда -ашыту арқылы жүредi. Екі түрiнде ғана сульфатты тыныс алу бар, олархемолитотрофтарға жататын DеsиlfоviЬriо, Dеsиlfоtотасиlит. Облигатты анаэробтар екі топқа бөлiнедi: қатаң анаэробтар және аэротолеранттылар.
Факультативті анаэробтар. Оттегi бар әpi оттегi жоқ ортада да өсiп-өнуге қабілеті. Оларда зат алмасудың аралас түpi .
Сұйық ортадағы бактериялардың көбею фазалары:
1. Бастапқы - лаг-фаза (ағыл. 1ag - қалып қою). Инокуляция (бактерияларды себу) мен көбею аралығындағы уақытты қамтиды. Бұл фаза ұзaқтығы орташа 2-5 сағатқа созылады, қоректік ортаның құpaмы мен себетiн дақылдың жасына байланысты. Лаг-фаза кезiнде бактерияларда дақылдандырудың жаңа жағдайларына бейiмделу (адаптациялану) жүрiп, индуцибельдiк ферменттердің синтезделуi басталады.
2. Экспоненциалдық (логарифмдiк) фаза. Жасушалардың тұpaқты түрде максималдық жылдамдықпен бөлiнуiмен сипатталады. Бұл жылдамдық бактерия мен қоректік орта түріне байланысты болады. Бактериялардың арту уақыты генерациялану уақыты деп аталады, бұл уақыт бактерия түріне байланысты әртүрлі болады.Экспотенциалдық фазада жасушалар көлемi мен құрамындағы ақуыздар саны бiр қалыпта болады. Бактериялық дақыл бұл фазада стандартты жасушалардан тұрады.
3. Стационарлық фаза. Жасушалар саны көбеюдi тоқтатқан кезде болады. өсу жылдамдығы қоректік заттардың концентрациясына тәуелді болғандықтан, соңғылардың қоректік ортада азаюына байланысты өсу жылдамдығы да төмендейді. Өсу жылдамдығының азаюы бактерия жасушаларының тығыздануына, парциалдық қысымның төмендеуiне, зат алмасудың токсикалық өнімдерінің көбеюiне де байланысты болады. Стационарлық фазаның ұзақтығы бiрнеше сағатқа созылады, ол бактерия түріне және оларды дақылдандыру ерекшелiктерiне байланысты болады.
4. Өлiм фазасы. Зат алмасудың қышқыл өнімдерінің салдарынан немесе өзiндiк ферменттер аутолизінің нәтижесінде болады. Бұл фазаның ұзақтығы ондаған сағаттан бiрнеше аптаға дейiн созылуы мүмкін.
5. Бактериалық ПОПУЛЯЦИЯ өсуінің логарифмдік фазасында болуы үздiксiз дақылда байқалады, бұған қоректік заттарды бiртiндеп өлшемдi түрде енгiзiп отыру, бактериялық суспензияның тығыздығын бақылау және метаболиттерден тазартып отыру арқылы қол жеткiзiледi. Үздiксiз бактериалық дақылдар биотехнологиялық процестерде қолданылады.
