Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Нативті түрде микроағзаларды зерттеуге қолданылатын препараттар жасау.

9.Spirochaetalis–тің морфологиялық ерекшеліктері. Морфологиялық ерекшеліктері түрішілік дифференциациясы.

Спирохеттер Spіrochaetіalіs - деген қатарға бөлінген. Спирохеттер -спираль тәрізді, қозғалатын, мөлшері 0,1-3,0; 5-250 мкм. Грам теріс бактериялар. Жасушаның орталық құрылысы протоплазмалық цилиндр болып табылады, бұл жерде цитоплазма, нуклеоид, рибосома және әртүрлі ферменттік комплексі орналасады.

Спирохеттердің морфологтясы

а-трепонемалар; б-боррелилер; в-лептоспилер

Спирохеттердің Трепонема туыстығы (Treponema туыстастығы) – 8-12 әртүрлі кішкентай иірімдерден тұрады. Трепонема протопластарынын айналасында 3-4 фибриллалар (талшықтар) орналасқан Цитоплазмасында цитоплазмалық филаментгер бар. Патогендi екiлдерiне Т palliduт - мерез қодырғышы және Т pertenue - тропикалық дерт - фрамбезия қоздырғышы жатады. Адамның ауыз қуысында және су қоймаларында кездесетiн сапрофитгi түрлерi де болады

Спирохеттердің Боррелиа (Borrelia туыстастыгы), туыстығы, Трепонемаға қарағанда ұзын болып келеді 3-8 үлкен иірімі бар. Қозғалуы бойынша иіліп алға жылжу тәрізді, болып келеді.7-20фибриллалардан тұрады.Оларға қайталама сүзек пен лайм ауруының қоздырғыштары жатады

Спирохеттердің Лептоспира(Lерtоsрiгатуыстастыгы) туыстығы – көп түрлі иірімдерінен әртүрлі әріптерге ұқсас, қозғалуы активті, S. Leptospіrae. Спирохеттердің Грам /-/ Боррелия трепонемамен лепоспиралардан ерекшелігі, ол анилинді бояумен боялады. Трепонема және лептоспиралардың морфологиясын тірі микроорганизмдердің “ілінген” және “жаншылған” тамшы препаратын қараңғы жазықты және фазды әдістер арқылы және Романовский-Гимзе әдісімен боялған жұқпаны микроскопирлеу арқылы зерттеуге болады.

  1. Риккетсия, хламидия, микоплазмалардың морфологиялық ерекшеліктері, жүйеленуі және жіктелуі.

Риккетсиялар-грам-полиморфты майда бактериялар, адамдар мен жануарлардың паразиттері. Формасы таяқша, кок, жіпше тәрізді капсула және спора түзбейді, жасуша ішілік паразит. Риккетсиялардың өмірлік циклі 2 стадиядан тұрады-вегативті және жәй күйде. Туысы 10 түрден тұрады, ал олар қоздыратын аурулар 3 топқа бөлінеді:бөртпе сүзегі, тау лихорадкасы джунгли тифі.

Хламидиялар – майда, патогенді, грамтеріс қозғалмайтын бактериялар. Хламидиядар облигатты жасушаішілік паразиттер себебі олардың механизмі қожайын- жасушасының метаболизіне тәуелді. Ол хламидияның өзіне АТФ. түзе алмайтытына, цитохромның жоқтығына байланысты, сондықтан оларды өэнергетикалық паразиттер деп атаймыз. Олардың морфологиясы жасушаішілік даму циклына байланысты:

  1. Элементарлы денешіктер (инфекциялық)

  2. Ретикулярлы денешіктер (вегетативті)

  3. Аралық денешіктер.

Микоплазмалар - өте майда (бактериялық фильтрден өтіп кетеді) жасуша қабырғасы жоқ оның орнына 3 қабатты /ЦПМ-ен/–цитоплазмалық мембранамен қоршалған, полиморфты. Адамдарда тыныс алу, несеп, жүйелерінде, буындарда (микоплазмоз) ауруын шақырады

  1. Вирустардың молекуло–генетикалық ұйымының негізгі қасиеттері. Олардың таксономиялық негіздері.

Вирустардың малекула генетикалык негізгі қасиеттеріне байланысты:

  1. Ультрамикроскопиялық өлшемі.

  2. Вирустарда тек бір нуклейн қышқылы болады ДНҚ немесе РНҚ.

  3. Вирустар өсуге және бинарлы бөлінуге бейімсіз.

  4. Вирустар өзіне сай геномындағы нуклейн қышқылынан көбейеді.

  5. Вирустардың өзінің энергия жүйесі жоқ.

  6. Вирустардың өзінің ақуыз синтездеуші жүйесі жоқ.

  7. Вирустар абсолюттік жасуша ішілік паразиттер.

  8. Вирустардың дамуының соңғы фазасы ретінде және таксономия негізгі-вирион болып табылады.

Вирион бір геномды нуклейн қышқылынан және оны қоршаған бір немесе екі қаптан тұрады. Геномды нуклейн қышқылының қабы-капсид, ал оның сыртындағы күрделі құрылған вирустардағы қабы-суперкапсид деп аталады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]