Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
mikrob_blok.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
133.33 Кб
Скачать
  1. Бактериялық жасушалардың құрылымы. Бактерия жасушасының мембранасының құрылым ерекшеліктері.

Бактерия жасушасының құрылымы электронды микроскоппен бүтiн жасушаларды және олардың ультра жұқа кесiндiлерiн көру арқылы жақсы зерттелген. Бактерия жасушасың қабырғадан және цитоплазматикалық мембранадан тұратын қабықша қоршап жатады. Қабықша астында нуклеоид деп аталатын ядродан және қосындылардан тұратын протоплазма жатады. Бұдан басқа қосымша құрылымдар болады: капсула, микрокапсула, шырыш, талшықтар, жiпшелер. Кейбiр бактериялар қолайсыз жағдайларда спора түзуге қабілетті.

Бактериялық жасуша мембранасы ішкі және сыртқы болып келеді.Электронды микроскопта қараған кезде сыртқы мембрана толқын тәріздес үш қабатты, цитоплазматикалық деп аталатын iшкi мембранаға ұқcac болып келедi. Бұл мембрананың негiзгi компоненттерi липидтердің биомолекулярлы (қосарланған) қабаты болып табылады.

Сыртқы мембрана, липополисахаридтерден, фосфолипидтерден және ақуыздардан құралған, Мозаикалы құрылым. Оның iшкi қабаты фосфолипидтерден, ал сыртқы қабаты липополисахаридтен (ЛПС) тұpaды. Міне сондықтан, сыртқы мембрана ассиметриялы болады. Сыртқы қабаттың ЛПС-дi үш фрагменттен құралады:

А липидi - консервативтi құрылым, грам-терiс бактерияларда бiрдей;

Ядролар, немесе өзектiк, коралық бөлiм (лат. core - ядро), консервативтi олигосахаридтi құрылымға қатысты;

Полисахаридтің жоғары вариабельдi О-спецификалық тiзбегi, қайталанып отыратын ұқcac олигосахаридтiк реттiлiктерден құралған

  1. Бактериялық цитоплазматикалық мембранасы – көпфункциялы құрылым ретінде.

Бактериялық цитоплазмалық мембрана - ультражұқа кесiндiлердi электронды микроскоппен қараған кезде үш қабатты мембрана екiндiгiн керемiз (аралары ашық түсті қабатпен белiнген, 2,5 нм қалындықтан тұратын 2 күңгірт қабаты болады). Құрамы бойынша жануарлар плазмалеммасына ұқcac, екі липидтi қабаттан және мембрана құрылымын тесiп өтiп жататын интегральды акуыздар мен беткейiне енгiзiлген фосфолипидтерден тұрады. Бұлардың кейбіреулері заттарды тасымалдауға қатысатын пермеазалар болып табылады.

Цитоплазмалық мембрана - компоненттерi қозғалмалы динамикалық құрлым, сондықтан оны сұйық жылжымалы зат ретiнде қарастырады. Ал бактерия цитоплазмасын сыртынан қоршап, осмостық қысымды реттеуге, заттарды тасымалдауға және жасушаның энергия алмасуына қатысады. Цитоплазма бактерия жасушасының негiзгi көлемiн алып жатады, ол ерiгiш ақуыздардан, рибонуклеин қышқылдарынан, қосындылар мен ақуыздар түзiлуiне (трансляциясына) жауап беретiн - рибосома болып табылатын көптеген ұсaқ" гранулалардан тұpaды.

Толоуидин көгімен немесе метилен көгiлдiрiмен бояған кезде волютин қызыл-күлгін түске ал бактерия цитоплазмасы көк түске боялады. Волютин дәндерінің жасуша шеттерiнде қанык түске боялып орналасуы дифтерия таяқшаларына тән қасиет. Нуклеоид бактериялардағы ядро эквиваленті. Ол бактерияның орталық аймағында орналасқан тығыздалған, екі жiпшелi ДНҚ болып табылады.

  1. Бактерия капсулалары, олардың маңызды қасиеттері, микроскопиялық анықтау әдістері.

Бактерияларда микрокапсула, капсула, кілегей қабаты бар. Микрокапсулалар электронды микроскопияланады да қысқа мукополисахаридты фибриллдер болып көрінеді. Капсула кілегейлі қабат болып бактериялардың сыртқы қабаты болып табылады. Оның жуандығы 0,2 мкм. Ол Бурри-Гинс әдісімен бояп микроскопирленгені анық көрінеді. Капсула түзілуіне цитоплазмалық мембрана қатысады. Ол жасуша қабырғасы мен цитоплазмалық мембранамен бірге бактерияны қаптап, кебуден сақтап, оларға қоректік заттарды сақтаушысы болып табылады.

  1. Донорлы жіпшелер, фимбрия немесе кірпікшелер – олардың химиялық құрылымы, бактериялық жасуша үшін биологиялық маңызы.

Бактерияларда микрокапсула, капсула, кілегей қабаты бар. Микрокапсулалар электронды микроскопияланады да қысқа мукополисахаридты фибриллдер болып көрінеді. Капсула кілегейлі қабат болып бактериялардың сыртқы қабаты болып табылады. Оның жуандығы 0,2 мкм. Ол Бурри-Гинс әдісімен бояп микроскопирленгені анық көрінеді. Капсула түзілуіне цитоплазмалық мембрана қатысады. Ол жасуша қабырғасы мен цитоплазмалық мембранамен бірге бактерияны қаптап, кебуден сақтап, оларға қоректік заттарды сақтаушысы болып табылады.

Соседние файлы в предмете [НЕСОРТИРОВАННОЕ]