Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек Потреб и пром Т.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

1.10 Сертификатциалау тегінің түрі және тегін орнату

Сертификаттау міндетті және ерікті сипатта болуы мүмкін.

Міндетті сертификаттау деп −өнімнің заңда бекітілген міндетті талаптарға сәйкес-тігін өкілетті органдардың дәлелдеуі. Міндетті сертификаттау өнім қауіпсіздігін ме-млекеттік бақылаудың түрі болып табылады. Оны жүзеге асыру кәсіпорындарға белгілі бір жауапкершіліктерді, соның ішінде материалдық жауапкершілік артумен байланысты. Сондықтан міндетті сертификаттау заңдарды және өкіметтің нормативтік актілерінде қарастырылған жағдайларында ғана жүзеге асырылады. Осыдан міндетті сертификаттаудың басқаша аталуы: заңмен реттелетін облыстағы сертификаттауды реттеу пайда болады. Міндетті сертификаттауға жататын тауарлардың тізімдерін ҚР-ң өкіметі бекітеді. Міндетті сертификаттау кезінде міндетті сертификаттауда енгізетін заңдарда қарастырған міндетті талаптар ғана дәлелдейді. Міндетті сертификаттау кезінде сәйкестік сертификаттаумен сәйкестік белгісінің әсері ҚР-ң барлық аймақта-рын толығымен қамтиды. Міндетті сертификаттауды жүзеге асыру үшін міндетті сер-тификаттау жүйелері құрылады.

Ерікті сертификаттау заңды немесе жеке тұлғалардың сұранысы бойынша сұраныс берушімен сертификаттау органы арасындағы келісім-шартқа байланысты жүргізіледі. Оның мақсаты өнімнің стандарттар техникалық шарттар және басқа да сұраныс беруші анықтаған құжаттарда көрсетілген талаптарға сәйкестігін дәлелдеу. Яғни, ерік-ті сертификаттау стандарттар немесе басқада құжаттарды қарастырылған талаптарды қатаң орындау қарастырылмаған жағдайда жүргізіледі.

Міндетті сертификаттауға жататын нысандар :

1.Өнім

1.1. машина жасау өнімдерінің кешендері;

1.2. электротехникалық, электрондық және аспап жасау тауарлары;

1.3. медицина техникасы;

1.4. ауылшаруашылық жіне азық-түлік үнімдерінің тауарлары;

1.5. жеңіл өнеркәсіп тауарлары;

1.6. шикізат салалары және ағаш өңдеу тауарлары;

1.7. тыныс органдарын жеке қорғау құралдары;

1.8. пиротехника бұйымдары;

1.9. ветириналық, биологиялық препараттар;

1.10.хаттамалар.

2. Қызмет көрсету

2.1. тұрмыстық;

2.2. жолаушыларды тасмалдау;

2.3. байланыс;

2.4. Туристік және экскурсиялық;

2.5. сауда;

2.6. қоғамдық тамақтану.

Ерікті сертификаттауға жататын нысандар:

1.Өнім

1.1. өндірістік, техникалық;

1.2. әлеуметтік, тұрмыстық бағыттағы.

2.Қызмет көрсету

2.1. материалдық;

2.2. материалдық емес.

3.Өнеркәсіптердің сапа жүйелері

3.1. жобалау, жасау, өндіру және қызмет көрсету;

3.2. Өндіру және қызмет көрсету кезінде;

3.3. Дайын өнімді бақылау және сынау кезінде;

4.Қызметкерлер (персонал)

4.1. бақылау облысындағы

4.2. жерді, жылжымайтын мүлікті, автокөліктерді бағалау облысында;

4.3. пісіру және т.б. (сварка).

2.1 Кең қолданылатын тауарлар, азық-түлік өнімдерінің сараптамасы

2.1.1 Ас тұзының сипаттамасы және қолданылуы

Ас тұзын өндіру және өңдеу әдістері бойынша мынадай түрлерге бөледі:

  1. майда кристаллды-буландырылған;

  2. үгітілген, ол әр түрлі (тасты өздігінен түзілген) ірілікте үгітіледі;

  3. үгітілгеннен – түйінді, дәнді (ядро);

  4. иодталған.

Ас тұзына қойылатын талаптар негізінен мынандай МЕСТ 13830-88 жауап беруі тиіс (1 кесте).

Кесте 1- Ас тұзының химиялық құрамы .

Көрсеткіштің атауы

Сорттар үшін құрғақ затқа есептегендегі норма

Экстра

Жоғары

Бірінші

Екінші

Натрий хлоридінің массалық үлесі, % аз емес

99,70

98,40

97,70

97,00

Кальций-ионының массалық үлесі, % көп емес

0,02

0,35

0,50

0,65

Магний-ионының массалық үлесі, % көп емес

0,01

0,05

0,10

0,25

Сульфат-ионының массалық үлесі, % көп емес

0,16

0,80

1,20

1,50

Калий-ионының массалық үлесі, % көп емес

0,02

0,10

0,10

0,20

Темір (ІІІ) оксидінің массалық үлесі, % көп емес

0,005

0,005

0,010

0,010

Натрий сульфатының массалық үлесі, % көп емес

0,20

-

-

-

Суда ерімейтін қалдықтың массалық үлесі, % көп емес

0,03

0,16

0,45

0,85

Ылғалдың массалық үлесі, % көп емес

0,1

0,7

0,7

0,35

Ерітіндінің рН-ы

6,5-8,0

-

-

-

Ас тұзы адамзат даму тарихында үлкен роль атқарады. Ол тамаққа нәрлендіруші ретінде қосылады.

Ас тұзын тамақтан басқа консервлеуші құрал ретінде, яғни, еттердің, жемістердің, терілердің және т.б. заттардың бұзылып кетпеуі үшін қолданылады.

Қазіргі кезде бір адамға жұмсалатын жылдық тұз мөлшері орташа есеппен алғанда 8-10 кг, ал өндірісті қоса есептегенде, жалпы қолданыс кейбір елдерде 25...75 кг-ға жетеді. Тұз сондай-ақ жануарлардың тамақтарында қосылады. Азықтық жем ретінде оны силосқа қосады, өндірілген тұздың 5-10 % жуығы жемге шығындылады [4-7].

Қазіргі кезде өсімдіктің өсуіне байланысты қолданылатын стимуляторлар мен регуляторлар кеңінен қолданыла бастады. Бұл препараттар өсу организмдердің физиологиялық процестеріне активті әсер етеді.

Минералды тұздар азықтық заттар ретінде қолданылады. Минералды тұздарды үй жануары мен құстардың азықтық рационалдарына қосу жануарлардың дамуын жеделдетіп, құс және жануар өндірістерінің өнімділігіне арттырады. Осы мақсатта ас тұзы, кальций карбонаты, кальций фосфаты – дикальцийфосфат (преципитат) және трикальцийфосфат, темір, мыс, мырыш, кобальт тұздары және карбамид.

Өнеркәсіптердің қарқынды дамуына байланысты тұзға деген сұраныс жылдан жылға артып келе жатыр. Өндірісте ол бастапқы немесе қосымша зат ретінде қолданады. Техникалық тұзда 93 % NaCl болуы керек. NaCl 1500 астам өндірістерде қолданылады.

Дендритті құрылысты және 1,7 ат артық қысымдағы көлемдік салмағы 0,8 г/см3 натрий хлориді аз тығыздықты (1,7 ат артық қысымдағы 0,9 г/см3) қауіпсіз аммониттерді жасау кезінде отты өшіру қосымшасы ретінде пайдаланады.

Өнеркәсіптің әртүрлі салалары өздерінің өндірістік процестерінде әр түрлі минералды тұздардың үлкен мөлшерін пайдаланады. Тұздарды пайдаланатын барлық өнеркәсіптік салалардың ішінде ерекше орынды химиялық өнеркәсіп иеленеді, химиялық өнеркәсіп минералды тұздарды өндіріп қана қоймай, сондай-ақ оның ірі тұтынушысы болып табылады. Мұнда минералды тұздар қышқыл, сілті тұздар және басқа тұздар алуға негізгі шикізат ретінде, көптеген химиялық өндірістер үшін көмекші және шикізат ретінде қолданылады. Химиялық өнеркәсіпте ас тұзын хлор, күйдіргіш натр, сода және басқа да натрий тұздары мен хлор қосылыстарын алуға өте көп қолданылады. Натрий сульфаты күкіртті натрийға және басқа да күкіртті тұздарға өңделеді. Бояу өндірісінде күкіртті натрий, натрий нитриті, калий хлораты, натрий сульфаты, калий және натрий бихроматы және көптеген басқа тұздар қолданылады [2-8].

Табиғи ерігіш тұздарды біріншілей өңдеу және алу әдістерін оқитын химиялық технологияның саласы галургия деп аталады. Негізгі галургиялық әдіс – ол табиғи тұзардың сулы ерітінділерін табиғи және жасанды түрде дайындалған жылумен өңдеу болып табылады. Галургиялық өнеркәсіптің негізгі басты өнімдері натрий хлориді мен сульфаты: калий, магний, бор тұздары, бром, иод және олардың тұздары; табиғи сода және т.б [5-9].

Жер асты мен бетінде көптеген минералдар жиыны бар. Мұндай жиындылардың негізгі көзі ол теңіз сулары болып табылады [2].

Тұзды тамаққа қолданудың жылдық орташа нормасы бір адамға шаққанда 8...10 кг шамасындай келеді,.

Тұзды өндіру әдістері негізгі 4 топқа бөлінеді:

  1. тас тұзын өндіру;

  2. тұзды көлдердегі өздігінен тұндырылған тұздарды өндіру;

  3. теңіз және көл суларынан тұндырылған ас тұзын бассейнді әдіспен өндіру;

  4. табиғи және жасанды сорлардан қайнату арқылы қайнатылған тұздарды алу.

Техникалық мақсат үшін тас және өздігінен тұдыру әдісі бойынша алынған натрий хлоридін пайдаланса, тамақ өндірісі үшін қайнату, өздігінен тұндыру және тұндыру әдістері бойынша алынған ас тұзы пайдаланылады. Сонымен қатар арнайы ас тұзы сорттарын – иодталған, түйіршіктелген, жабыспайтын және аса таза (99,9% және одан жоғары NaCl) тұздар өндіріледі [3].

Біздің елімізде ас тұзын өндіру негізінен тас тұзы мен тұзды көлдерді өздігінен тұндыру әдістері арқылы алады. Қайнату және бассейнді тұндыру арқылы алу жалпы тұзды өндірудің 5%-дай мөлшерін құрайды.

АҚШ-та ас тұзын пайдаланудың 70% химиялық өнеркәсіптер алса, 6-6,5% тамақ өндірісіне шығындалады, ал ауылшаруашылық және т.б. салаларға 5% жуық мөлшері шығындалады екен [12-17].

Ас тұзын өндірудің негізі олардың кен орындарына тікелей байланысты.

Ас тұзының негізгі кен орындары:

  1. тас тұздарының пласттары мен штоктары;

  2. теңіз және мұхит сулары, көл сорлары;

  3. тұзды жерлер мен грунтты сулардың ерітінділері;

  4. солончактар;

  5. кратерлы вулкандардан тұздарды айдау.

Тасты тұз көбіне қатты пласттарда немесе ірі шток пен линзада кездеседі, олардың қалындығы кейде жүздеген және мыңдаған метрге жетеді. Оның көп бөлігі тығыз компактлы құрылысқа ие.

Тасты тұздарды ашу әдетте жер астынан 500м тереңдікке дейін жүргізіледі, өйткені үлкен тереңдіктерде істелетін жұмыс бағасы ұлғайады. Ас тұзы хлорлы түрдегі сульфатсыз және сульфатты көздерден шығарылады.

Оптикалық қасиет. Кристалданған натрий хлориді түрлі толқын ұзындығы әр түрлі жарық сәулелерін өткізеді, нәтижесінде толқын ұзындығы 0,3мк (соңғы ультрафиалетті) 12мк (инфрақызыл облыс) дейінгі жарық сәулелері үшін бірдей өткізеді. Таза ұнтақ тәрізді натрий хлордың тегіс беті сәулені қайтару қасиеті күндізгі жарық кезінде 78,1% құрайды. Кристалданған натрий хлор бетінен максималды сәуленің қайту кезінде қалған сәуленің толқын ұзындығы 52мк құраса, ал максималды жұтуда 61мк тең .

Электрлік сипаты. Жасанды натрий хлор кристалы үшін электрлік аланның жиілігі 102 1010гц-қа дейін және 250С температурада электрлік тұрақтысы ε=5,9, осындай жағдайда тангенс бұрышының диэлектрлік шығыны 1-5-ке дейін өзгереді.

Галит ағаш пен, темірмен және басқа материалдармен үйкелу кезінде оң зарядталады, мақтамен, қағазбен, ұлпамен және тағы басқа материалдармен үйкелу кезінде теріс зарядталады.

Магнитті қасиеттер. Меншікті магнитті айналу (Верде тұрақтысы) заттағы полярланған жарықтың жазықтықтан бұрылу бұрышын анықтау кезінде қолданылады, оның мәні заттың табиғатына, температурасына және жарық толқынының ұзындығына тәуелді [2-4, 6,17].

Таза натрий хлордың -150 ден +9330С температура аралығында меншікті немесе массалық магнитті тартылу χ 0,499·-106-нен 0,508·10-6 дейін өзгереді, ал бөлме температурасындағы табиғи тас тұзы үшін 0,5·10-6 тең.

МЕСТ 13830-88 бойынша ас тұзының сорттарын оның құрамындағы негізгі құрамдастармен қоспалар мөлшері мен анықталады. Тағамдық ас тұзының өңдеу әдісі бойынша оларды мынадай түрге бөледі: майда кристалданған – выборачная, ұнтақталған әр түрлі (тасты өздігінен қайнатылған) және түрлі ірілі ұнтақ – електелмеген және електелген, ұнтақталмаған түрлі әр түрлі – кесектелген (глыба), майдаланған және түйіршіктелген (ядро), йодталған .

Емдік және профилактикалық мақсатта шығарылатын ас тұзының барлық сорттарына МЕСТ 4232-65 бойынша 1тонна тұзға 25г калий йодын қосып шығаруы мүмкін (йодталған тұз). Йодталған тұздағы калий йодын тұрақтандыру үшін (экстра сортынан басқа) МЕСТ 4215-66 бойынша 1тонна тұзға 250г мөлшерде натрий тиосульфатын қосады. Калий йоды мен натрий тиосульфаты мөлшері қалыптан ауытқуы ±20%-тен артық емеске рұқсат етіледі. Йодталған тұзды ылғалдың мөлшері 0,5% артық болмауы керек. Бұл тұздың қалғандары кәдімгі тағамдық ас тұзынан айырмашылығы жоқ .

Тұздың барлық сорттарындағы сулы ерітіндідегі тұздағы лакмус реакциясы бейтарапты немесе соған жақын болуы керек.

Тұз көзге көрінетін бөгде механикалық қоспалардан тұрмауы қажет. “Майдаланған” және “түйіршіктелген” тұздардағы түйіршік диаметрі 40 мм дейін рұқсат етіледі. “Глиба” тұзы салмағы 3 кг-50 кг дейінгі кесек түрінде шығарылады. Ұнтақ және салмағы 3 кг аз кесектер қоспасы мөлшері 10% артық болмауы керек .

Ас тұзының түсі. Тағамдық ас тұзының маңызды сапасы, тауарлық түрін анықтауда - түстің орны ерекше. Жоғары сапалы тағамдық ас тұзының сорттары жоғары дәрежелі аққа ие. Тұздағы кез келген басқа түс: сарғылт, сарғыш. Қызғыш және тағы басқа түстер онда ластайтын қоспалар бар екендігін көрсетеді. Мысалы, сарғыш түс құрамында (ІІІ) темір қосылыстары қатысқандығын байқатады. Тұздың ластану дәрежесін арнайы прибор – цветомер арқылы анықтауға болады.

Сусымалдылығы. Ас тұызының сусымалдылығын анықтау үшін тесік диаметрі 15мм және ерітінді бұрышы 600С болатын меринга варонкасын қолдануға болады. Тас және бассейінді тұздарды анықтау үшін ерітінді бұрышы 600С болатын варонкада жүргізу пайдалы, көл және выборочный үшін – варонкадағы ерітінді бұрышы үшін 600С. Сусымалдылық көрсеткіші 1кг тұздың уақытқа (секундта) өтуі болып табылады. Материалдың сусымалдылық коэфициенті арқылы сандық бағалау, яғни мына формуламен анықталады:

Rc=

Мұндағы φ-материал атқосының жасанды бұрышы.

Гигроскопиялық қасиеті. Тұздың гигроскопиялық қасиеті деп ауаның салыстырмалы ылғалдылық кезіндегі тұздың ылғалды жоғалтпауы және ауадан ылғалды сіңіруі үрдістері жүрмеуін айтады.

Микро қоспалар. Ас тұзы негізгі құрамдастардан басқа әр түрлі қоспа элементтерден: бром, мыс, азот, темір, қорғасын, ванадий, күміс, қалайы, никел және титаннан тұрады, олар тұзда өте аз мөлшерде кездеседі. Бірақта тірі ағзаға біршама ықпал етеді.

Кесте 2- Тұздың түйіршіктелген құрамы

Жұмырланған түйіршік сорты және нөмірі

Квадратты тор тесік жағы, мм

Тор арқылы өткен тұз мөлшері,%

Экстра

0,5

95

0,8

100

Жоғары және бірінші сорттар

№0

0,8

90

№1

1,2

90

№2

2,5

90

№3

4,5

85

Екінші сорт:

№1

1,2

90

№2

2,5

90

№3

4,5

85

Кесте 3- Ас тұзының ылғал сіңіруі

Жұмырланған түйіршек нөмірі

Ылғал сіңіру, сал.%

Экстра

37

1

25-36

2

21-28

3

16-24

Ядро

9