Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек Потреб и пром Т.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

1.7 Сыртқы экономикалық қызметтегі немесе іс-әрекеттегі тауар номенклатурасы (сэқтн)

СЭҚТН бұл әмбебап классификаторы. Бұл СЭҚТН 1991 жылы енгізілген. Бұл номенклатура кеден тарифі, сыртқы сауда статистикасында қолданады. Сыртқы экономикалық қызмет тарифын кешенді басқару ретінде қолданады. Бұл номенклатураның классификаторы және декларациясы болады. Осы СЭҚТН мемлекеттік басқарудағы бастапқы инструменттің бірі. СЭҚТН байланыстың барлығы осы классификатордың қолдануының қатысуында өтеді.

1. Мемлекет деңгейдегі СЭҚТН-ң қолданылуы – Халықаралық құжаттарды дайындап, өңдеу кезінде қолданысты айтады (келісімшарт және конвекциялар)

2. Тарифті және тарифті емес басқару кезінде (квоттау, лицензиялау, үкім, бұйрық)

- Статистикалық бақылау үшін

- Тасымалдау үшін

- Жүктерді сақтандыру үшін

СЭҚТН жеке өнеркәсіп және өндірістер деңгейінде қолданылады. Сондай-ақ күнделікті жедел жұмыстарда да қолданылады.Декларация, сертификат толтыруда қолданылады. Банктерде базалық мәліметтерді толтыруда және тағы басқа қолданылады.

СЭҚТН тауарларды бейнелеу және оларды кодтаудың үйлестірілген жүйесінің және Европа одағының комбирленген номенклатурасының базасында құрылған. Тауарға тағы да мынандый анықтама беруге болады.

Тауар дегеніміз кеден шекарасы арқылы жүргізілетін кез келген қозғалатын, жылжитын зат. Ол сондай-ақ жылу, энергия да тауар бола алады.

СЭҚТНоменклатурасында әр бір тауардың коды болады. Оны дұрыс анықтау үшін келесі жағдайды білуіміз керек:

  • Тауардың нақты атын

  • Тауардың сипаттамасын

  • Классификаторды тұрғыза

СЭҚТН-ң құрылысы тауарды кодты белгілерінен, тауар атынан, суреттелуінен және қосымша өлшем бірлоіктерінен тұрады. Тауардың кодты белгілеуінің ұзындығы 9-10 санды белгілеуден тұрады.

1-6 код разряды тауарды бейнелеу және кодтау үйлестірілген жүйе бойынша, тауарды классификациялау тобының белгілеріне сәйкес.

7-8 код разряды Европа одағы комбинирленген номенклатурасының тауарларын бейнелейтін кодқа сәйкес.

9 код кәдімгі халықтық тауарларды бөлуге арналған разряд.

Осыған байланысты тауарларды кодтаудың құрылысын келесі түрде көрсетеміз:

НГС-үйлестірілген жүйе номенклатурасы

НЕС-Европалық одақ номенклатурасы

НРФ-ұлттық номенклатура

1.8 Үйлестірілген жүйе номенклатурасы

Үйлестірілген жүйе номенклатурасында жіктелетін нысана болып халықаралық саудадағы, айналымдағы тауарлардың барлығы табылады. Үйлестірілген жүйе номенклатурасы жіктелудің алты деңгейінен тұрады:

  • тарау – ең жоғарғы деңгейі

  • топ

  • топша

  • тауар позициясы

  • подпозиция

  • субпозиция

Тарауға, топқа, топшаға, тауар позициясына, подпозициясына, субпозицияға бөлу келесі жолмен жүреді.

Үйлестірілген жүйе өзіне әр түрлі принциптер мен ерекшеліктерді жинайды. Осыған байланысты тауар деңгейінде тауарлар жіктелуі келесі принциптерге негізделген.

1. Тауардың шығу тегі бойынша (ауыл шаруашылығы, балық, орман шаруашылығы, мал шаруашылығы, минералоия)Осы принциппен тауарлардың жіктелуі 1-тарауда 1-5 топты алып тұратын болс, 4-тарауда 6-14 топты қамтиды, 5-тарауда 25-27 топты қамтиды.

2. Химимялық құрамы бойынша (май, хим.сала өнімдері, шұжықтар, пластмассалар, каучуктер). Бұл принцип бойынша 3,6,7 тараулары жіктеледі. 3-тарауда 15 топты, 6-тарауда 28-38 топты, ал 7-тарауда 39-40 топты қамтиды.

3. Тауардың дайындалған материалының түрі бойынша(қағаз, тері шикізаттары, жүн, тастан жасалған заттар, цемент, гипс, металдар)Осы принцип б/ша 8,9,10,13,15 тараулар жіктеледі. 8-9-10-тарауларға 41-49 топтар, 13-15 тарауларға 68-83 топтар қамтылады.

4. Тауардың функцияналды қолданылуы б/ша(дайын тағам өнімдері, тоқыма заттары, аяқ киім, бас киім, машина, сағат, приборлар, қару-жарақ).Бұл принцип б/ша 11,12,16,17,18,19,20,21.

11-(50-63)

12-(64-67)

16-(84-97)

Топтарды құру кезінде тараулардың шикізаттан бастап жартылай өніммен, дайын өнімге дейінгі өңделу кезіндегі принциптері енгізілген.

Үйлестірілген жүйені кеден тарифінде қолдану үшін ыңғайлы жағдайда көрсететін осы номенклатура тауар позициясын және субпозициясын тұрғызу кезінде әр бір топта өзінің белгілерінің кезегі қолданады. Солардың ішінен кейбіреулерін бөліп алуға да болады. Олар өңделу дәрежесі, қолданылуы, тауарлардың жасалған материалдарының түрі, халықаралық саудадағы мәні, формасы және размері.

Классификациялық жүйені тұрғызудың негізгі құраушысы, принципі 6 негізгі ережеден тұрады және олар кезекпен белгілі бір тарау позициясына, субпозицияға енуін қадағалайды. Барлық тарау және топтағы ескертулер үйлестірілген жүйенің негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Ол ескертулердің заңдық күші бар.

Ескертудің мақсаты - әр бір классификациялық топтардың нақты көлемін, шегін анықтау болып табылады.

Сондай-ақ ескертулер сол кездегі жағдайға байланысты әр түрлі болады.

1-ол ескертудің біріншісі топтаудың шекарасын анықтайтын ескертулер;

2-екінші алты деңгейлерден тұратын тізімдерге байланысты ескертулер;

3-классификациялық топқа енгізілетін тізімдерге байланысты ескертулер.