- •Кең қолданылатын және өнеркәсіп тауарларының сараптамасы
- •5В060600– Химия мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы
- •1.1 Тауар туралы жалпы сипаттама
- •1.1.1 Тауардың түрлері
- •1.2 Тауар классификациясының мағынасы мен түрлері.
- •1.3 Тауарларға сараптама.
- •1.4 Тауардың сапасын сараптауды жүргізудің жалпы ережелері
- •1.5 Тауардың тұтыну қасиеті
- •1.6. Тауарлардың сапасы
- •1.7 Сыртқы экономикалық қызметтегі немесе іс-әрекеттегі тауар номенклатурасы (сэқтн)
- •1.8 Үйлестірілген жүйе номенклатурасы
- •1.9 Сэқтн кодтау жүйесі
- •1.10 Сертификатциалау тегінің түрі және тегін орнату
- •2.1 Кең қолданылатын тауарлар, азық-түлік өнімдерінің сараптамасы
- •2.1.1 Ас тұзының сипаттамасы және қолданылуы
- •2.1.1.1 Тұздықты тазалау әдістері
- •Енді осы тәсілдерге сипаттама беріп өтсек.
- •1. Содалы тәсіл
- •2. Әкті-содалы-сульфатты тәсіл.
- •3. Термиялық тазалау.
- •2.1.2 Сүт өнімдерінің сипаттамасы, қолданылуы
- •2.1.3 Сұйық өсімдік майын алу жолдары
- •4.9 Жабындардың оптикалық қасиетін анықтау әдістері
1.6. Тауарлардың сапасы
Соңғы жылдары республикамыздың ішкі нарығы түрлі отандық және шетелдік тауарлармен едәуір қанықты. Осы жағдайда өнім сапасына, кепілдік қызмет көрсетуге, өнімнің тұтынушыға және қоршаған ортаға зиянсыздығы және қауіпсіздігіне, сондай-ақ сыртқы безендірілуіне және тұтынушылық тауарлардың мода бағыттарына сәйкестігіне қойылатын талаптар күрт күшейді. Тек қана тұтынушылардың талаптарын қанағаттандыратын тауарлар нарықта бәсекеге қабілетті бола алады және өндірушінің болашаққа деген сенімділігін қамтамасыз етеді.
Сонымен қатар өндіруші тұтынушылар арасындағы кіріс бойынша, яғни сұранысы бойынша жіктелуді де ескеруі тиіс. Демек, әрбір тауардың сапалы болуымен қатар нақты әлеуметтік бағыты да болуы тиіс.
Қалыптасқан нарық конъюктурасында кәсіпкерліктің стратегиялық бағытына тауарлардың сапасын жоғарылату және өндіріс шығындарын төмендету жатады.
Сапаны жоғарылату мәселесін шешуде бұйымның, өндірістің, фирманың және жалпы қоғамның сапасын анықтайтын құрылымын, өзара қатынасын және факторларды ескеру қажет.
Бұл қарым-қатынастар 2 суретте «сапа пирамидасы» түрінде көрсетілген. Суреттен көріп тұрғанымыздай, сапаны қалыптастыру модель жасаудан және өнімді өндіріске қоюдан басталады. Осы этапта өнім сапасын жоғарылату өндірістік қуаттарды тиімді пайдалануды, оны жүзеге асыруды үдетуді, шығын мөлшерін азайтуды қамтамасыз етеді.
Айналым этапында өнім сапасын жоғарылату оны жүзеге асырудағы және сақтаудағы шығындарды төмендетуде, тасымалдау шығындарын азайтуда көрінеді.
Жоғары сапалы өнімді тұтынуда айналым, тұтыну шығындары азайып, ңбек жағдайы және қауіпсіздігі жақсарады.
Алайда сапаны жоғарылату мәселесін жекелеген кәсіпорындар мен фирмаларға шешу өте қиын, кейде ол мүмкін емес те, себебі сапаға ішкі факторлармен қатар «қоғам сапасы» деген атпен белгілі сыртқы факторлар да әсер етеді. «Қоғам сапасы» блогына кіретін элементтерді жетілдірмей, өнімнің сапасын жоғарылату мүмкін емес. Дегенменде, жоғары сапалы өнім фирманың жетістіктерін, ал фирма жетістітері қоғамның жетістіктерін қамтамасыз етеді.
Сапа деп нақты немесе күтілетін сұраныстарды қанағаттандыру қабілетін бере алатын өнімдер және қызметтердің қасиеттері мен сипаттамаларының жиынтығын түсінеміз.
Осы анықтамадан жекелеген тауарлар түрлері анықтауды және өлшеуді қажет ететін әртүрлі қасиеттер мен сипаттамаларға ие болатынын көреміз.
Өнім қасиеті – оны жасау, тұтыну барысында айқындалатын өнмінің нақты (объективті) ерекшелігі. Өнімнің жекелеген қасиеттері оны жасау немесе тұтынудың белгілі жағдайларына қатысты қарастырылатын бір немесе бірнеше қасиеттерінің мөлшерлік сипаттамасы болып табылатын көрсеткіштермен сипатталады.
Өнімді жасау немесе тұтыну барысында оның сапасын анықтау, қамтамасыз ету және қажетті деңгейін ұстау мақсатында жүзеге асырылатын әрекеттер өнім сапасын басқару деп аталады.
Өнімнің қасиеттерінің жиынтығын таңдау оның сапасын анықтау мақсаттарына тәуелді. Олар сапа деңгейін бағалау, бәсекеге қабілеттілігін бағалау және өнім сапасын бақылау болып бөлінеді.
Өнім сапасын бағалау деп бағаланатын өнімнің сапа көрсеткіштері номенклатурасындағы көрсеткіштердің мәндерін анықтау және оларды базамен салыстыру таңдауы бойынша жүргізілетін операциялардың жиынтығын айтады. Өнімнің сапасын бағалау кезінде, жиі бірнеше қасиеттердің көрсеткіштерін біреуге біріктіруге тура келеді, себебі екіншісінің мәні өнімнің тұтынушы талабына сәйкес екенін айтуға мүмкіндік береді. Ол тек көрсеткіштердің арасындағы сол қасиеттерін сипаттайтын байланыстарды жан –жақты тексеру мақсатында ғана мүмкін.
Өнім (қызмет) көптеген қасиеттерімен сипатталады, сондықтан сапа көрсеткіштері әр түрлі болады, оларды нысаналы құралдармен өлшеуге болады және олар мөлшерлік бірліктерде беріледі ( мысалы улы заттардың мөлшері , % және т.б.). Бұл көрсеткіштерден басқа , нысаналы әдістермен анықтауға болмайтын сапасын бағалауға қолданылатын көрсеткіштер бар (киімдердің сыртқы түрі, дәмі және т.б.). Бұл көрсеткіштер сараптама әдістерімен анықталып, шартты бірлікті балда көрсетіледі.
Кешенді сараптама көп қолданылатын сериялы біртиптес тауарларды жан-жақты зерттеу және сапасын бағалау үшін қолданылады.
Іс жүзінде негізінен кешенді және жедел (оперативтік) сараптамалар қолданылады.
Сондықтан мұндай сараптау жүйелі және кешенді түрде жүзеге асырылуы тиіс. Бағалайтын тауар тұтынушы адаммен және оның заттық қоршауымен күрделі және көп қилы қарым-қатынастарда қарастырылады.
Сараптау барысында бағалау критерийлері қалыптасып, базалық үлгілер және сапа көрсеткіштері анықталады. Осыған байланысты кешенді сараптау нәтижесінде ғылыми мәліметтермен бірге белгілі бір әдістемелік және нормативтік ақпарат жиналады. Мұндай ақпарат сараптаудың басқа да түрлерін жүргізуге қажет болуы мүмкін.
Жедел сараптама алдын-ала өткізілген кешенді сараптау жұмысының қажетті тереңдігімен сарапшы қорытындысының негізін сақтай отырып, сараптаудың уақытын күрт төмендете алады.
Жедел сараптау барысында:
1) алдын-ала жиналған тауардың белгілі бір түрі бойынша, оның тұтынушысы бойынша; тұтыну жағдайы және сынау нәтижелері бойынша жинақталған деректерді пайдалану (мүмкіндік болғанша);
2) сараптау жүргізудің қысқартылған мерзімі тауардың сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сарапшының ұжымдық қорытынды жасауы қарастырылған.
3) тауардың сапасының тұтынушылық деңгейі туралы сарапшылардың ұжымдық қорытынды жасау мүмкіндігі қарастырылған.
Экологиялық сараптау тауарды тұтыну барысында адамға қауіпсіздік және қоршаған ортаға әсер ететін өнім қасиеттерін сипаттайтын көрсеткіштерін бағалау мақсатында жүзеге асырылады.
Экологиялық сараптау үздік шешімдерді таңдауға және тауардың тұтынушылық қасиеттерін жақсартуға бағытталған қажет өзгертулерді уақыттылы енгізуге мүмкіндік береді.
Тауарлық сараптау – зерттелетін нысанға байланысты азық-түлік, өндіріс тауарларын, шикізатты, жабдықтарды және т.с.с. сараптау болып бөлінеді. Ақпарат көзі ретінде өнімді өндіруге, тасымалдауға және сатуға, сақтауға арналған алғашқы құжаттар (техникалық тапсырма, МЕСТ, техникалық шарттар, келісім-шарттар және т.б.) болып саналады.
Тауарлық сараптау сауда палатасы және техникалық сараптау бюросымен жүргізіледі. Бұл жұмыстарға сәйкес тауарлардың тауартану бойынша арнайы білімі бар мамандар шақырылады.
Технологиялық сараптау:
Шикізатты өңдеу, өнімді дайындау технологиясын зерттеу үшін;
Мөлшерлік және сапалық күйі бойынша тауардың немесе өнімнің технологиялық тәртіптерге сәйкестігін анықтау үшін;
Қажет жабдықтардың, құрал-саймандардың, оның орналасу орнының дұрыс таңдалғандығын анықтау үшін жүргізіледі.
Технологиялық сараптау қорытынжылары өндірісте жарақаттану, мемлекеттік және қоғамдық мүлікті талан-таражға салу, сапасыз өнім шығарудағы қызметтік қылмыстарды тергеу тәжірибесінде жиі пайдаланылады.
Соттық-құқықтық сараптау дегеніміз қылмыстық немесе азаматтық істердің материалдары бойынша нақты айғақтарды анықтау мақсатында процессуалдық заңдарда қарастырылған тәртіппен сараптама жүргізілетін зерттеу.
Сертификаттау саласындағы сараптау бірқатар бағыттарда (өнімді, қызметтерді, өндірістердің сапа жүйесін және т.с.с сараптау) жүзеге асырылады.
