Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек Потреб и пром Т.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

1.3 Тауарларға сараптама.

1.3.1 Саптамаға түсініктеме, есептеулері мен мақсаты.

Демакратиялық мемлекетте сараптаманы қолдану заңдылығы мен құқығының күшеюі негізделген.

Сараптама­ – бұл арнайы білімді талап ететін, есептеулер мен сұрақтарға жауап бойынша зерттеліп, қарастырылып тұратын мотивті байланыс.

Сараптаманы жүргізуді сарапшыларға жүктеледі(латынша – expertus-тәжірибе деген мағына береді). Сарапшылар болып білімді, тәжірибелі мамандар, мамандырылған арнайы білімі бар, тауарға идентификация және фальсификация мен байланысқан, кез келген сұрақтарды шеше білетін болуы керек. Сарапшылар зерттелетін тауардың толптарын бағасын және сапасы бойынша жұмыс жасай білуі шарт.

Тауарға сараптама жүргізу үшін сарапшы комиссияларын құрады, яғни шарт бойынша екі топтан құралады: сарапшы және жұмысшы. Тәжірибелі құрама және осы топқа кіретін санаулы мамандарға ұйымдастырушы принциптеріне мақсатына және сараптама сатыларына, әсіресе бағаланған таурға (бұйымға) жүргізілген сараптама шарт және нормативті құжат бойынша құрады.

Сараптама бұл тауардың сапасын бағалауда және жүргізілген анализдермен байланысқан арнайы үйлесімділік түрі яғни зерттеу нәтижелерін есептеп және негізгі зерттеу кезінде сараптама әдістерін қолдануды талап етеді. Сараптаманың негізгі компаненттеріне: субьект, обьект, критерий, әдістер, сынамалар және нәтижелер жатады.

Сараптама обьектісі болып қолданыстағы тауардың құрамы, субьектпен өзара байланыста болатын тұтынушы адам тұтыну жағдайы саналады.

Критерий тауардың құрамының қолданыстағы бағасы және анализ де пайдаланылады, яғни жалпы және нақты болып бөлінеді. Жалпы критерий- бұл тауардың қолданыстағы бағасын сарапшылар заңы бойынша басқарылып, жалпы нормалы бағасын және ұсыныстағы жағдайы. Нақты критерий – бұл берілген түрдегі тауардың сапасына байланысты қойылған талап, отандық және шет елдік нормативті – техникалық құжаттарды керек етпейтін, сол сияқты көрсеткіштердің мағынасын базалық ұйымдарға, отандық және шет елдерде шығарылған шын бұйымдардың сапасына сипаттамасын жоспарлап немесе жобалап жасайтын және т.б.

Сипаттама мақсатына немесе анализдердегі көрсеткіштерге байланысты сараптамалар бір немесе бірнеше әр түрлі критерийлер қолдануы мүмкін.

Қолданыстағы тауардың сапасына бөлек топтар сараптама жасаған жағдайда сарапшылар қабылдайды. Сол сияқты үлгі қатарындағы база түрінде баға шкаласына тіркейді.

Бұл критерий мамандандырылған түрі, тауардың құрамына эстетикалық сараптама жүргізу негізінде өздерімен аналогты бұйым қатарын түсіп, топтарға бөлінген және сапасының дәрежесі бойынша реттеліп қолданылады.

Қолданыстағы тауардың сапасына сраптама жүргізу әдістері әр түрлі негізде есептеп топтастыруы мүмкін.

Әдістердің классификациясы үшін екі негіз таңдалған, ол 3.1 кестеде көрсетілген.

Бірнеше сараптама әдістеріне қарамастан тауар сапасына сараптама жасау сарапшы әдісі деп аталады.

Сараптамада жеке сұрақтарға жауап табу үшін және сол сияқты негізгі қорытынды нәтижесін алу үшін толық түрде жүргізу үшін қолданылады. Бұл кезде әр түрлі екі негізгі әдіс қолданылады, олар сарапшылар құрамы бойынша және тәжірибелердің орндалуына байланысты әр түрлі.

- сарапшы тобының жүргізу әдісі;

- комиссия әдісі;

Қолданыстағы тауар сапасына сараптама әдістерінің классификациясы.

Қолданыстағы тауар сапасына сараптаманың жалпы әдістері.

Сараптама обьектілері және бағалау бойынша ұйымдық әдістер

Техни-калық мәндері.

Құжаттарға жобалар құрастыру.

Тәжірибелі үлгі (тәжірибелі ұйым).

Өндірістік үлгі.

Сериялы шығарылған бұйым.

Жеке сараптама

Сарапталған

Есептел-ген

Техникалық мәндерінің сарапта-масы

Жобалау құжаты-ның сарапта-масы

Тәжірибелі үлгіге сараптама

Өндірістік үлгіге сараптама

Сапа дәрежесіне сертификат

1,2,3,4

_

1,2,3,4,6,8

_

1,2,3,4,6, 7,8

5

1,2,3,6,7,8

_

1,2,3,4,6,7,8

5

Комплексті сараптама

Зерттелген

Сарапталған

Есептелген

­

Бұйым партия-сына тәжірибелі комплексті сараптама

_

Бұйым топтарына комплексті сараптама

_

_

_

_

_

_

1,2,3,6

1,2,3,6,7,8

5

_

_

_

1,2,3,6

1,2,3,6,7,8

5

Ұйымдық әдістер : 1-қолданбалы классификациялар шығару; 2-класс бойынша берілген бұйымның суретік-стилінің негізінде және техникалық құрастыру тенденцияларын талдау;3-қолданыстағы тауардың моделін адаммен өңдеу; 5-көрсеткішін анықтау және келтіру; 6-баға категориясын қалыптастыру; 7-баға шкаласын және базалы үлгі қатарын құру; 8-сапа көрсеткішін бағалау.

Қолданыстағы тауар құрамына сараптама жүргізуде сатылай қатарына және операциямен орындалады, тәртіпте және сараптама мақсаты үшін мазмұнды анықтайды. Зерттелетін тауар түрін, берілген тауар қатысын тәжірибенің функционалды түрде қиындықтармен жүргізіледі.

Жалпы қолданыстағы құрамының сараптау жағдайы екі сатыдан тұрады:

- анализ, тауардың сапасына бағалау кезіндегі мәліметтерді біліп отыру мақсатындағы.

- баға беру, анализдің нәтижесінде тауар сапасының қолданыстағы дәрежесін сипаттаудан тұрады.

Қолданыстағы тауар сапасына жеке сараптама комплексті сараптамада келтірілген нәтижесіне шамалап негізделінеді және сарапшыларға сараптама жұмысын тез тоқтатуға және сараптама байланысын сақтаулы күйінде қалдырып уақытқа негізделіп келтіріп қоюына мүмкіндік беруге негізделген.

Жеке сараптаманың ерекшелігі жаңа тауарларды негізгі көлемде өңдеу сияқты, сол сияқты сапа категориялары бойынша бұйымның атестациясын қоса отырып өнімді қолдануда және өте көп мөлшерде шығарылуы болып саналады.

Сараптама түрлері.

Тауардың экологиялық сараптама. Тауардың экологиялық өзгешелігі экологиялық көрсеткіштерімен көрсетіледі. Экологиялық көрсеткіштер тұтынушы тауарды пайдалану барысында тұтынушы мен қоршаған ортаға әсерін көрсетеді. Ол үшін тауардың экологиялық сараптамасы қолданылады.

Тауардың экологиялық сараптамасы анализ тәсілдерінің нақтылығын қарастырады. Оның ішінде тауарды тұтынумен қоса тауарға қатысты операциялар да қарастырылады (сақтау, тасымалдау, ж/е т.б.). Кейбір жағдайларда тауардың экологиялық әсері тұтынушы-адамға кері болып, қоршаған ортаны қайтымсыз өзгерістерге алып келуі мүмкін.

Тауар сапасының экологиялық көрсеткіштері екіге бөлінеді:

-қоршаған ортаға әсер ететін;

-айналадағы заттарға әсер ететін.

Бірінші топтағыларға, мысалы, қайық және автомобилден суға немесе ауаға тасталатын қалдықтардағы зиянды заттардың көрсеткіштері; табиғи ортада жай ыдырайтын заттармен қоршаған ортаның ластануы (полиэтилен, құрамында сынап элементі бар батарейкалар) және т.б.

Екінші топқа жататындар, мысалыға, электрополотермен еденді өңдеу барысында жиһаздың сақталу көрсеткіші және т.б.

Бұл көрсеткіштердің барлығы экологиялық сараптаудың бірнеше әдістерімен анықталып, қоршаған орта тазалығының сақталуына әсерін тигізеді.

Экономикалық сараптау экономикалық және басқа анализдеу тәсілдерімен зерттеуге негізделген. Экономикалық сараптама көмегімен өндірісте тауарды шығаруда кеткен сумма көлемін анықтайды. Ол тауар фальсификациясын зерттеу барысында, өндірісте тауар өнімін шығару планын қарастыру, көлемі мен сапасын зерттеуде, оның тұтынушыға тасымалдау кезінде сақталуын және сатылу барысында дұрыс бағалануын зерттеуде қолданылады.

Сонымен қатар экономикалық сараптама өндірістегі технологиялық нормалар мен нормативтердің қолдануын зерттейді.

Тауар сараптамасы зерттеуге берілген обьектілерге байланысты қолданылады. Сараптама барысында мыналар анықталады:

-тауардың мемлекеттік стандарттарға сай болуын;

-тауарды өндіру және тасымалдау процесінде сапасының азаюы;

-тауар сапасы прейскурантты немесе келісімді бағасына сай келуі;

-тауар бағалануының дұрыстығы;

-тауардың брак болып шығу себебі.

Тауарлы сараптама тауардың дұрыс аталуын және тауарлы-тасымалдау құжаттарын анықтайды. Тауар сараптамасының обьектілері болып тауар, шикізат, жартылай фабрикаттар болуы мүмкін.

Технологиялық сараптама шикізатты, жартылай фабрикаттар және өнімді өңдеу технологиясын, өнім көлемі мен сапасы технологиялық режимдер және нормативтерге сай болуын зерттейді. Одан басқа бұл сараптама керекті аппаратар, моделдер, инструменттердің дұрыс таңдалуын бақылайды. Сараптаманың бұл түріне өндіріс процесінде қолданылатын материалдар мен заттардың сараптамасы да кіреді.

Технологиялық сараптаманың тауар сараптамасынан өзгешелігі өндіріс процесінде технологиялық режим бойынша қойылатын сұрақтарға жауап береді.