Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
Лек Потреб и пром Т.каз.doc
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
413.7 Кб
Скачать

1.2 Тауар классификациясының мағынасы мен түрлері.

Комерциялық тауар жүргізудің ең негізгі міндеті-ғылыми тауар классификациясы болып табылады. Классификация - бұл көптеген әртүрлі обьектілерді бір-біріне жақын қасиеттеріне қарай оларды киассқа, топқа, топшаға және тағы басқа түрлерге бөлуді айтады. Классификациясыз тауар жүргізу және саауда тәжірбиесін ғылыми түрде жетілдіруге болмас еді. Тауар классификациясымына мақсаттар үшін қажет: әр түрлі қызмет сферасындағы өнімі туралы ақпараттаидыруды автаматты түрде жүргізу; тауар сапасымен оны тұтыну жүйесімен танысу: тауар айналымын жоспарлау және есепке алу; катамагтер мен прейскурантарды құру; тауар стамдартизация жүйесін жетілдіру: тауарды қоймаға орналастыру классификация бойынша іске асырылды. Сонымен қатар классификация өнімді сертификаттау үшін де қажет.

Сауда-саттық қатынасына көшу барысында тауарды классификациялау бұл маркетингті зерттеулер жүргізу үшін қажет. Сонымен қатар классификация өндірісінің статистикалық анализін жасауға, өнімді өндіруді және пайдалануды макорэкономикалық, аумақтық және жергілікті деңгейде іске асыру үшін қажет.

Қазіргі таңда тауар классификациясы келесі міндеттерге сай болуы тиіс:

  • Өндірілетін өнімнің барлық түрлерін қамтуды қамтамассыз ету;

  • Классификация игілігін қамтамассыз ету – бұл деген класификация жүйесін бұзбай, болашақта тауар ассартименті мен номенклатурасына өзгерістер енгізуге болатындай етіп, жалпы қажет болған жағдайда жаңа есімдерді, тауарды енгізуге болады;

  • Тұтыну мақсатында тауардың құрылымын жан – жақты зерттеуге мүмкіндік береді;

  • Тауардың жүру барысында тауар қызметін жақсарту;

  • Тауардың қысқа шифрын құру және тауарды кодтау принципін іске асыру.

Тауарды классификациялау иерархиялық кесте боцынша іске асырылады, яғни жоғарыдан төменге немесе көптен азға қарай жылжу.

Әрбір соңғы тұрған өнім өзінің алдында тұрған өнімді толтырып тұру қажет. Классификацияда бөліктерді атау үшін келесі терминдер қолданылады: класс, класс асты, түр, түрше, топ, топша, т.б.

Классификацияның ең негізгі сұрағы – тауардың қасиетін нақты анықтау, себебі сол арқылы тауарды белгілі бір топқа жатқызуға болады.

Тауар классификациясының негізгі қасиеттері:

  1. Оны өндіру кезіндегі технологиялық процестердің біртектілігі.Бұл кезде белгілі бір классификациялық топқа сырт түрі және қолданылуы әртүрлі тауарларды жатқызуға болады.

  2. Тауарды қолдану бағыты (немесе мақсаты). Бұл қасиеті бойынша өндірістік – техникалық мақсаттағы тауар және кең қолданатын тауарлар болып 2 бөлінеді. өндірістік – техникалық мақсаттағы тауар қасиеті болып оның өндірісте кеңінен кеңінен қолданылуы болып табылады.бұл жерде өндіріс қажеттіліктерін 2 бөледі: еңдек қажеттілігі және еңбек заттары. Еңбек қажеттілігі – бұл материалды элементтер, олар жақсы өнім алу үшін еңбек затына әсер ету үшін адамдарға қызмет етеді. Еңбек қажеттіліктеріне машина, станок, қондырғылар, двигвтельдер, т.б. жатады. Ал еңбек заттары 3 бөлінеді: бастапқы, негізгі және жанама материалдар. Бастапқы өнім – бұл табиғи өңделмеген материал, ол алдын – ала дайындалып алынады. Негізгі материалдар – бұл өнімнің матерериалды негізін құрайтын материаладар. Жанама матераиалдар - өндіру процесіне қатысады және негізгі материалға жаңа қасиет беруі мүмкін, бірақ өнім өнім дайындалуының негізгі материалын құрамайды.

  3. Физика – химиялық құрамы.Тауар формасы, габаритті өлшемі бойынша классификацияланады. Бұда материалдарды қатты, сүйық, құмды және газ тәрізді деп бөледі.

Классификацияның топтарының құрылу қатарына байланысты оларды ондық, жүздік, өлшемсіз классификация жүйесі деп бөледі. Ондық және жүздік классификация жүйесінде әрқайсысына сай 10 немесе 100 кластан тұрады. Ондық жүйе құрылуы бойынша оңай, себебі ол арқылы оңай кодтау жүйесіне қол жеткізуге болады. Оның кемшілігі онда тек қана 10 класс тұруы керек. Ал бұл классификацияняң негізгі қасиеттерінің бұзылуына және жасанды топтауға алып келеді. Сондықтан көп бөліктерді топтау кезінде жүзжік жүйе классификациясы қолданылады.

Классификацияға жүйеге класс бөліктерінің сатылығымен ерекшеленуі мүмкін. Бағаналы классификацияның бір, екі, үш және оданда көп түрлері болады. Тауарды тек класқа бөлетін болса, онда бір сатылы классификация қолданылады. Төрт сатылы классификацияда келесі бөлімсдер болады: класс, клас асты, топ, топша. Классификациялау топтарынаң көбеюі классификация жүйесін күрделендіреді. Класс саны тауар номенклатурасына сай болады. Номенклатура өскен сайын класс саны да өседі.

Классификация жүйесін дамыту кезінде әрбір тауардың атына номенклатуралық номер бекітілуі іскі асырылады (немесе код). Кодтың үлкендігі қабылданған классификация жүйесіне және жүйе санына байланысты болады. Онымен әрбір класты белгілейді. Тауардың номенклатуралық номерін құру барысында тауар қай класқа жататындығын нақты, түсінікті етіп анықтауғы ыңғайлы болуы тиіс.

Тауар жүргізу кезінде бірінші деңгейлі тауар классификациясы 3 бөлінеді: жалпы мемлекеттік, сауда, оқу.

  1. Жалпы мемлекеттік класификация (Ж.М.К.).

Бұл біріккен классификация жүйесі жіне кодтау жүйесінің құрамына кіреді. Жалпы мемлекеттік өнім классификаторы мынадай сфералар қызметіне – стандартизация, экономика, статистика және т.б. жұйелерде өнім туралы ақпаратты автоматтандыру, жеткіліктендіру және нақтыландыру үшін қажет.жалпы мемлекеттік өнім классификаторы – бұл кодталған жүйе және классификацияның иерархиялық жүйе негізінде құрылған топталған өнім аттары. Жалпы мемлекеттік өнім классификаторында ондық санды кодтау жүйесінен тұратын 5 сатылв иерархиялық классификация бар. 1-сатысында өнім класы орналасады (ХХОООО), 2-сатысында класс асты (ХХХООО), 3-сатысында топ (ХХХХОО), 4-сатысында топша (ХХХХХО), ал 5-сатысында түр (ХХХХХХ). Жалпы мемлекеттік өнім классификаторының әрбір бөлімі 6 санды кодтан тұрады. Ол бір мәнді бақылау саны және топталған өнім атынан тұрады. Ол келесі түрде жазылады:

Код

Бақылау саны

Аталуы

772101

7

Цемент

Топтаудың 5 разрядтылығын 2-лік коды 6 разрядқа дейін нольдермен толтырылған жіне 2-ші мен 3-ші разряд арасында интервал болады. өнімнің классификациясы 3-ші, 4-ші немесе 5-ші сатыда бітіп қалуы мүмкін. Егер өнім түрлерінде нақты марка, модель және басқада анықтамалар болатын болса, онда оның көрінісі жергілікті өнім классификаторында көрінеді.

  1. Cауда классификациясы.

Бұл кең қолданыстағы тауарларға арналған классификация. Бұл жүйе классификациясына кірмейді және ол тауарды баға прискурантымен топтарға бөлуге негізделген. Прискурантта тауар келесі қасиеттері бойынша орналасқан: өндіру әдісі, шығарылатын материал, қолдану анықтамасы және т.б. Тауардың әрбір прискурантты тобы олардың тауар группасының спецификасы негізінде түр және түршелерге бөлінеді.

Сауда саттық тәжірибесінде өндіріс тауарларының негізгі бөлігі келесі тауар топтарына бөлінеді; пластмассадан жасалған өнім, тұрмыстық химия тауары, шыны, керамика, құрылыс, жиһаз, электр тауарлары, күнделікті электромашина және заттар, текстиль тігін, трикотаж, аяқ-киім, жүн және қой жүнінен жасалған шуба, парфюмер – осметика, ювелир тауарлары, тұрмыстық – мәдениет тауарлары.

  1. Оқу классификациясы.

Бұл классификация кең қолданылатын тауардың ассартиментін зерттейді. Бұл жерде негізінен сауда ассортиментінің дара және көтермесауда рөлін көрсетеді. Сауда ассортименті келесі ассортименттерге бөлінеді: сауда тобының ассортименті және сауда кәсіпорын ассортименті.

Сауда тобының ассортименті жоғарыда айтылған сауда топтарына кіретін тауарлар түрін көрсетеді.

Сауда кәсіпорын ассортименті (магазин, склад, база) кәсіпорын түріне байланысты болады. Мамандандырылған кәсіпорын белгілі бір тауар тобының сауда – саттығымен айналысады, бірақ ол тауардың тобынан кең көлемдегі ассортименттер көрсетіледі. Ал әмбебап кәсіпорын ассортиментіне әртүрлі топтардағы тауарлар кіреді, бірақ кең көлемдегі ассортиментте емес.

Оқу классификациясында кластар – топқа, топ – топшаға, түр – артикульге бөлінеді. Оқу классификациясында 9 класс белгілі:

  1. дара текстильді заттар мен киімдер үшін материал;

  2. киім және бас киім;

  3. мәдениетке арналған;

  4. спорттық негіздегі тауарлар;

  5. жеке бас қолданысындағы транспортты заттар;

  6. үйдегі қажеттілік заттары;

  7. тұрмыстық және шаруашылық мәндегі тауарлар;

  8. аяқ-киім тауары;

  9. қол өнер, гигиена жіне санитария заттары.

Жалпы мемлекеттік классификатор маркетингті зерттеулер үшін де қолданылады. Сонымен қатар өзге елдер әдебиетінде тауар классификациясы тек қана маркетингте қолданылатыны көрсетілген. Мысалы, Ф. Котлер тауар классификациясының келесі қасиеттерін көрсеткен: тауарды қолдану мақсаты, қолдану мерзімінің ұзақтығы, сатып алушының сауда орталығындағы көз қарастары, өндіру процесіне қатысу деңгейі.

  1. Тауарды қолдану мақсатына қарай 2 бөлінеді:

  • Адамдардың жеке қажеттілігін қанағаттандыру мақсатындағы тауарлар, бұл кең қолданыстағы тауарлар;

  • Басқа тауарлардың өндірісі үшін қолданылатын тауарлар; бұл өндіріс мақсатындағы тауарлар;

  1. Қолдану мерзімінің ұзақтығы деңгейінде 2 түрге бөлінеді:

    • Көп қолданылатын тауарлар, яғни ұзақ мерзімде қолданылатын тауарлар (жиһаз, көлік, киім және т.б.);

    • Бір рет қолданылатын тауарлар, яғни қысқа мерзімдегі тауарлар (сіріңке, газет және т.б.);

  2. Сатып алушының көз қарасы бойынша кең қолданыстағы тауарлар 4 түрге бөлінеді;

  • Күнделікті сұраныстағы тауарлар. Бұл тауарларға тұтынушылардың жиі сатып алатын тауарлар жатады (нан, сабын, тұз және т.б.);

  • Алдын ала таңдалған тауарлар – бұл тауарларды тұтынушы сатып алар кезде басқа тауарлармен бағасын, сапасын, дизайнын салыстырып сатып алады. Оған жиһаз, киім, т.б. жатады;

  • Арнайы сұраныстағы тауарлар, бұны кейде керемет мінездемесі бар әйгілі тауарлар немесе атақты өндіріс фирма тауарлары деп атайды.

  • Сұранысы төмен тауарлар. Бұған негізінен жаңа тауарлар жатады, оларды тұтынушылар аз алады.