- •Кең қолданылатын және өнеркәсіп тауарларының сараптамасы
- •5В060600– Химия мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы
- •1.1 Тауар туралы жалпы сипаттама
- •1.1.1 Тауардың түрлері
- •1.2 Тауар классификациясының мағынасы мен түрлері.
- •1.3 Тауарларға сараптама.
- •1.4 Тауардың сапасын сараптауды жүргізудің жалпы ережелері
- •1.5 Тауардың тұтыну қасиеті
- •1.6. Тауарлардың сапасы
- •1.7 Сыртқы экономикалық қызметтегі немесе іс-әрекеттегі тауар номенклатурасы (сэқтн)
- •1.8 Үйлестірілген жүйе номенклатурасы
- •1.9 Сэқтн кодтау жүйесі
- •1.10 Сертификатциалау тегінің түрі және тегін орнату
- •2.1 Кең қолданылатын тауарлар, азық-түлік өнімдерінің сараптамасы
- •2.1.1 Ас тұзының сипаттамасы және қолданылуы
- •2.1.1.1 Тұздықты тазалау әдістері
- •Енді осы тәсілдерге сипаттама беріп өтсек.
- •1. Содалы тәсіл
- •2. Әкті-содалы-сульфатты тәсіл.
- •3. Термиялық тазалау.
- •2.1.2 Сүт өнімдерінің сипаттамасы, қолданылуы
- •2.1.3 Сұйық өсімдік майын алу жолдары
- •4.9 Жабындардың оптикалық қасиетін анықтау әдістері
1.1 Тауар туралы жалпы сипаттама
1.1.1 Тауардың түрлері
Тауар кең көлемді мағынасы күрделі түсінік болғандықтан оған бірнеше анықтама беруге болады, яғни тауардың қасиетіне, түріне, қолданысына қарай анықтама берілсе, онда тауар тұтыну тауары болып саналады. Яғни тауар еңбектің өнімі және ол сатылуға және тұтынуға арналған зат болып табылады.
Тауар дегеніміз оның көмегімен қандайда бір қажеттілікті қанағаттандыратын заттар. Осыған байланысты тауар қандайда бір зат және еңбектің өнімі. Тауардың тұтыну бағасы болады. Бұл тұтыну бағасы адамның нақты қажеттілігін қанағаттандыратын қасиеті. Осы тұтыну қасиеті табиғатына қарай химиялық, физикалық, биологиялық болып бөлінеді. Тауардың тұтыну қасиеті 3 класқа бөлуге болады (тұтыну затына байланысты):
1.материалды тұтынуды қанағаттандыратын қасиет(экономикалық)
2.материалды емес қажеттілікті қанағаттандыратын қасиет(мәдени)
3.уақытқа байланысты қажеттілікті қанағаттандыратын қасиет.
Тауардың тұтыну бағасы оны қолданғанына байланысты ашылады. Сондай-ақ тауар нақты өнім болып қаралады да, ол кеңейіп ашылады. Осыған байланысты өнімдер нақты өнім болып бөлінеді.
Нақты дегеніміз тауардың базалық, физикалық мағынасын бейнелейтін немесе тауардың модельді кодымен суреттелетін мағынадағы өнім.
Тауардың тұтыну бағасы физикалық, әлеуметтік тұтынуда сондай-ақ материалды және материалды емес тұтынуды қанағаттандыру процесінде жүзеге асырылады.
Тауар нақты, кеңейтілген, біріккен өнім болып қарастыралады.
Біріккен өнім дегеніміз тауардың тұтыну қасиетін әлеуметтік-экономикалық тиімділікке байланысты.
Кеңейтілген өнім дегеніміз жалпылама қасиетін ендіріп қоймай, қызметі қосылатын өнімдер.
Тауар бірлігі дегеніміз қандайда бір шама, баға көрсеткіштерімен сипатталатын, сондай-ақ жеке сипатын сипаттайтын бірігушілікті білдіретін бірлік. Ол арнайы размердегі нақты бір сұранысқа арналған киімдер болатын болса, соның нақты белгілі бағадағы бірлігі және сол заттарға арналған ассортименттер. Тауар номенклатурасы келесі параметрлермен сипатталады:
1.тауар номенклатурасының тереңдігі
2.тауар номенклатурасының қанықтылығы(бұл фирманың әр түрлі тауарларының жалпы санын көрсетеді)
3.тауар номенклатурасының үйлесімділігі (әр түрлі ассортимент тобындағы жақындылық дәрежесі)
4.тауар номенклатурасының кеңділігі(фирманың шығаратын басқада заттары)
Осы келтірілген тауар номенклатурасының параметрлері тауар саясатын анықтайды. Фирма өзінің іс-әрекетін қызметін 4 әдіспен кеңейтуге болады.
1. Тауар номенклатурасының өзінің ассортиментіне жаңа ассортимент тобын енгізіп кеңейту әдісі
2. Фирманың бұрыннан шығарып жатқан тауарларының ассортимент тобына қанығушылықты көбейту
3. Тауар номенклатурасын сол фирмадағы шығарып жатқан тауарлардың түрлерінің әр түрлі мөлшерде шығуын кеңейту
4. Әр түрлі тауарлардың ассортиментінің үйлесімділігін кеңейту.
Тауар саясаты дегеніміз тауар номенклатурасы мен ассортименті аумағындағы қолданылатын кеңейтулер.
Әр бір жаңа тауардың сипаттамасының өзінің анықтамасы болады. Олар келесі бөлімдерге бөлінеді.
- Ойлау бойынша шығарылған тауар(бұл тауарды ойлап тапқан адам көз алдына елестете отырып тапқан тауары)
- Іс жүзіндегі тауар(конструкцияларын, технологияларын өзгерткен тауарлары)
- Жалғасы бар тауарлар(ол қосымша сатқаннан кейін қосымша пайда түсетін, қызметі бар тауарларды айтамыз)
Фирманың немесе өндірістің тауар политикасын және комерциялық қызметін анықтаған кезде негізгі орынды сыртқы экономикалық қолдануында тауар номенклатурасы негізгі орынды алады.
