Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.54 Кб
Скачать

Халық бейнесі

Жалпы XIX ғасырдың соңғы елу жылындағы қазақ өмірінің көркем шежіресі боп табылатын ұлан-ғайыр эпопеяда барлық қыр-сырымен халық бейнесі жасалды десек, сол халық өкілдерінің ішінен айрықша атап айтарлық бедерлі бейнелер – Дәркембай мен Базаралы. Балағаз бен Абылғазыдан Дәрмен мен Сейітке дейінгі ондаған кейіпкерлер – Дәркембай мен Базаралының әлеуметтікортасы, қоғамдық қоршауы. Бұл екеуі жүрген жерлердегі келешек үшін күрестің де сыр-сипаты бөлек, қарсыластардың ара жігі ақ пен қарадай айқын. Осылар арқылы автор романдағы жүздеген типтер мен характерлер ішінен уақыт сынынан өтіп өсетіндерін де, келешегі жоқ өшетіндерін де өмірдің өзіне іріктетіп, сұрыптатып отырады.

Дәркембай - кедей. Малы жоқтың халы жоқ, соры көп, бағы байланған заманда Дәркембайдың малдылардан, күштілерден көргені – зорлық, қорлық; өмірден алған сыбағасы - жоқшылық, тапшылық. Абай айтқандай, Дәркембайдың өмірге қыран көзіндей ғып көзін ашқан да жоқшылық. Оның көп өмірі Сүйіндік пен Сүгірдің малын бағып, көшіне ілесіп текке өткен. Соны кейін аңғарған Дәркембай өз еңбектерімен жер жыртып, дән сеуіп күн көріп отырған жатақтарға қосылады. Қырық үйлі жатақтың Сүйіндік пен Сүгір сияқты өзімен «атасы туыс емес, тірлігі туыс. Көрген көресі, кешкен соры туыс» деп қосылады. «Күйі бірдің күні бір,- дейді Дәркембай. – Туысым-аталасым емес, өзіммен мұңы бір, бейнеті бір жатақтар; руым, ұраным да осылармен!» Демек, Дәркембайды өзі секілді кедейлермен тағдыр табыстырады. Бұл оның байлармен іргесін біржолата ажыратып, ат құйрығын кескені, өз мүдделестерімен біржола бірігіп, тілекке тілек, білекке білек қосқаны еді.

(220 сөз)

Маған қара да ғибрат ал

Құмар ойнамаса тұра алмайтын ауруға шалдыққан бір жас жігіттің алдына қойған жалғыз арманы болады. Ол – ең шебер әрі ешкім тең келмейтін құмарпаз болу. Осы мақсатының орындалуы үшін ұстаз іздеп бармаған жері қалмады. Бірақ еш жолы болмады. Ол сонда да үмітін үзбей, ізденісін жалғастыра берді.

Бір күні құмар ойнаудан алдына жан салмаған атақты бір құмаршы жайлы хабар алады. Әлгі жас жігіт мұны ести сала баруға бел буып, алдынан бір-ақ шығады. Көрісіп, қол алысып, танысқаннан кейін уақыт өткізбей дереу негізгі мәселеге көшеді. Оған ең шебер құмаршы болғысы келетінін айтып, осы үшін жәрдем беруін сұрайды. Егер үйретер болсаңыз не қаласаңыз да орындауға дайын екендігін айтады. Жасы егделеу тартқан құмаршы:

- Балам-ау, сенің мұнша құмаршы болуға итермелеп тұрған не нәрсе? Мақсатың не, онымен не істемексің? – деп сұрайды. Сонда жігіт:

- Мен осы жол арқылы тез байығым келеді, - деп жауап берді. Мұны естіген құмаршы тәжірибесін былай бөліскен екен:

- Жігітім, егер құмаршы болу арқылы баюға болатын болса, мен байыған болар едім. Сен мені ең шебер құмаршы деп естіп, келіп отырсың. Мен шынында да, құмарлықтың шегіне шыққан адам едім. Бірақ қазіргі халімді қара, жағдайым өте нашар. Сол құмардың кесірінен бала-шағамнан безіп, бар дәулетімнен айырылып тындым. Қартайған шағымда қурайдай қу басым ғана қалды. Сол кездегі істеген істерімнің жазасын енді тартып отырмын. Маған қара да ғибрат ал!

(210 сөз)