Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
ДИКТАНТ МӘТІНДЕРІ.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
310.54 Кб
Скачать

Әке, саусақтарым..?

Азамат есік алдында тұрған жаңа мерседесімен бір шаруасын тындырып келмек болып тысқа шығады. Біз кезде машина тұрған жақтан тарс еткен ащы дауыс шығады. Не болып қалды деп қараса, өзінің 3 жасар баласы қолына темір алып машинаның алдыңғы жағын майыстырып қойғанын көреді. Ашуы шыққан әке әлгі темірмен баласының қолынан ұра бастайды. Қатты ашуланған болу керек, көзіне ештеме көрінбейді. Бір кезде баласының қолынан қан саулап шыға келгенде ғана есін жинайды. Қан тоқтамағандықтан, істеген ісіне өкініп, баланы ауруханаға апаруға мәжбүр болады. Дәрігерлер баланың саусақтарының қатты жарақаттанғанын көріп, аман алып қалудың шарасын жасап көргенімен ештеме өзгермейді. Амалсыз саусақтарын кесуге тура келеді. Бала ауыр операциядан кейін есін жинағанда қолына аппақ мата оралғанын көреді. Әкесіне жаутаңдап қарап:

- Әке, сіздің машинаңызды бүлдіргенім үшін кешіріңізші, енді олай істемеймін, дейді де, саусақтарым жаңадан шығады ма? – деп жыламсырап сұрайды. Баласының даусын естіген әке, өзін ұстай алмай жылап жібереді де сыртқа шығып кетеді. Мұндай дөрекілікке барған әке қатесін түсініп, ақыры шыдай алмай өз-өзіне қол жұмсап қайтыс болады.

Жақсы көретін адамға қарсы сабырыңыз таусылса, ашуға берілмей тұрып, жақсылап ойланып алыңыз. Мерседестер жөнделеді, бірақ, сынған саусақтар мен жаралы жүректер ешқашан бұрынғы қалпына келмейді. Адамдар қателеседі. Бірақ ашу мен ызаға булығып істеген істер, адамды өмірінің соңына дейін қинауы мүмкін. Ойланып әрекет қылайық. Сабырлы болайық.

(201сөз)

Жеті қазынаның бірі

Аң патшасы арыстан қызметшісі жолбарысқа ормандағы аңдарды жинауды бұйырыпты. Арыстан патша әлемде ең қайратты, әрі ақылды, епті кім екенін білгісі келіпті. Аңдар лезде жинала қалады. Арыстанның сөзін естіген соң түлкі алға шығып:

  • О, әлемде теңдесі жоқ патшам! Бұл өмірде сізден қайратты, ақылды, епті жан жоқ.Сондықтан да біз сізді патша сайлағанбыз!. Сіздің қайырымдылығыңыз шексіз, — депті.Басқа аңдар да арыстанға жағымпаздана, оны дүниедегі ең күшті, ақылды деп лепіртеді.Мақтау сөздерге мәз болған ақымақ арыстан бір бұрышта құлағы салбырап, өзі маужырапжатқан итті көреді. Дереу гүрілдеп итке төне түседі де:

  • Әй, сен оңбаған, мыналардың айтып жатқанын естіп отырсың ба? Неге үндемейсің? -дейді.

Ит салмақты қалпын бұзбастан:

  • Ә, сен бе едің. Сонша неге орманды басыңа көтересің. Менің де сені мақтап бас ұруымкерек пе? — деп, басын көтерместен тәкаппарлана сөйлейді.

  • Ал сонда дүниедегі ең қайратты, әрі ақылды, әділ әрі епті кім? - дейді арыстан.

- Мен үшін дүниедегі қайратты, әрі ақылды, ол тек – адамзат! Арыстан одан бетерысқырып, дереу жолбарысқа:

- Ит иттігін жасап, адамды мақтады. Біздің арамызда бұдан былай оған орын болмауға тиіс. Дереу орманнан аластатыңдар!—депті күндей күркіреп.

Бұл сөзден соң ит мүлде көңілі қалып, олардың арасынан біржола кете барған екен.Содан бері ит адамның досы, көмекшісі. Кейін "Ит — жеті қазынаның бірі" деген сөз қалыптасыпты.

(206 сөз)