- •1.1 Дәстүрлі диктант пен қазіргі өлшемдегі диктанттардың айырмашылығы
- •1.2 Диктанттың өмірге қажеттілігі, ұтымдылығы:
- •1.3 Диктантты жаздыру техникасы
- •1.4 Диктант нормалары
- •1.5 Бағалау нормалары
- •1.6 Диктанттағы қателерді талдау жүйесі
- •1.7 Қатемен жұмыс жүргізу
- •Мұхтар Әуезов
- •Ыбырай Алтынсарин
- •Мен бақытты көрсем деуші едім
- •Кішкентай денедегі үлкен рух
- •Оқымысты бала
- •Атасы мен немересінің әңгімесі
- •Газет тарихынан
- •Бай мен кедей
- •Мамандық таңдау
- •Мұстафа Шоқай
- •Адам болып қалу
- •Демографиялық жағдай
- •Көрнекті тұлға
- •Ұлттық валюта
- •Қажымұқан
- •Көкшетау
- •Қазақтың ұлттық өнері
- •Халық ауыз әдебиеті
- •Жәндіктер қысқа қалай қамданады
- •Тарихы терең ел
- •Төбе сыры
- •Табиғи ортаның ластануы
- •Болат Сарыбаевтың еңбегі
- •Көктемде
- •Найман-Ана
- •Біздің Отанымыз
- •Балаға ат қою
- •Жылқының пайдасы
- •Ғаламдық мәселелер
- •Қазақ отбасындағы дәстүрлік тәрбие
- •Қараша күз белгісі
- •Ұлы жібек жолы
- •Қазақтың музыкалық аспаптары
- •Құмырсқа мен хазіреті Сүлеймен
- •Шұғаның аулында
- •Адамгершілік
- •Не жасалса да – жақсылыққа
- •Ең әдемі қайсысы
- •Түсінгенім...
- •Арамдықтың ақыры
- •Қоштасу
- •Кездесу
- •Менің ақыретте қиналғым келмейді
- •Сараңдық пен жинақылық
- •Бүркіт салу
- •Қазақтың ұлттық тағамдары
- •Күреңтөбел мен Көкдауыл
- •Сырымбет
- •Қайлашы
- •Ананың көңілі балада
- •Ұйқысыз түн
- •Күзгі салым
- •Көне Отырар
- •Падишах қайтыс болғанда берерсіз
- •Қазақ халқының салт дәстүрлері
- •Атам айтқан әңгіме
- •Талшыбық
- •Жүрегім бір қалыпты
- •Нағыз сүйіспеншілік
- •Дүниеқоңыздықтың кесірі
- •Тоғжан аулында
- •Тәрбие бұрыс болса
- •Егіншінің табысы
- •Ақын көзімен қарағанда
- •Әке, саусақтарым..?
- •Жеті қазынаның бірі
- •Ағайындар
- •Даланы сағыну
- •Халық бейнесі
- •Маған қара да ғибрат ал
- •Қайтқанда
- •Өздік диктантын жазуға арналған жадынама
- •3.1 Өздік диктантына арналған өлеңдер Ақын-жазушылардың өлең-жырларынан
- •3.2 Өздік диктантына арналған қанатты сөздер
Егіншінің табысы
Егін егіп, түскен өнімді күнкөріс етіп жүрген егінші соқа тартып жүреді. Сол жерден өтіп бара жатқан елдің патшасы өзін оған таныстырғаннан кейін былай деп хал сұрасты:
- Тұрмыс жағдайың қалай? Тапқан табысың жанұяңды асырап-бағуға жете ме?
Егінші былай жауап берді:
- Иә, қадірлі падишам! Еткен еңбегім, күнделікті күнкөрісіме де, өткен қарыздарымнан құтылып әрі келешек өміріме де аздап азық дайындапжүрген жайым бар.
Оның берген жауабы патшаны таңқалдырды. Егіншіліктен түсетін пайданың жайы белгілі. Бұл қалайша мұның барлығына жеткізіп, үлгеріп жүр. Ол мұның сырын үйренгісі келіп тағы сұрақтың астына алды:
- Егіншіліктен түскен өнімнің күнделікті күнкөріске жететіндігі белгілі. Бірақ қарыздарыңды өтеп, келешек өміріңе азықты қалай жеткізіп жүрсің?
Сонда егінші сөздің мәнісін былай түсіндіріп берді:
- Мырзам, қарызымды өтеймін дегенім, жасы келген ата-анама қараймын дегенім. Олар кезі келгенде бізді бағып-қағып өсірді. Ал енді кезек бізге келді. Қарыздарымды өтеп жүрмін дегендегі сөздің төркіні осы еді. Келешек өмірімнің азығын дайындап жүрмін дегенім, балаларымды бағып-қағып, оларды өмірлік күреске дайындап жатырмын деп айтпақ едім. Біз үшін ең қайырлы азық оларға жақсы тәрбие беру емес пе?
Оның тапқыр ойына патша дән риза болды. Қол астында осындай ақылды адамдардың болғанына өзін бақытты сезінді. Сөйтіп егіншіге бір кесе алтын беріп үлкен тарту-таралғы жасады.
(194 сөз)
Ақын көзімен қарағанда
Бұл аптада Қасымбек пен Мұхтар ұзақ-ұзақ үйге оралмай, Әуез ата берген пәрменмен «Абай аға шыққан қырға шығып, Абай аға түскен ойға түсіп», алты күн ат үстінде жүрді.
Мұхтар мен Қасымбек бүгін таң ата Бөрліден Шыңғысқа қарай бет түзеп, Қарауылдың қашанғы қасқа жолымен аттарын сау желдіріп,Ералы жазығына шығып еді, ұшы-қиырсыз кең дала күн қыза көк бұйра сағымға шомылып шетсіз-шексіз көк теңізге айналды да кетті. Жер бетінде бұлың-бұлың құбылып қозғалмайтын бұршақтай бұлдыр жоқ. Төңірек түгел толқып-шалқып жатты.
Сол жақта маң даланың биіктен жалбыраған жалы секілді ұлан-асу Арқат биіктеген үстіне биіктей түсіп, Шыңғысқа қарай зулап көшіп барады. Қарсы беттегі үйме-жүйме үйіліп қалған қос Орда да қопарыла қозғалып, әрі ығыса, ысырыла түскен. Оң қанатта мұнартқан Ақшоқы таулар тәрізді телегейге жүзбейді,шоқтығын көк торғын шымылдықпен көлегейлеп тұрады.Тұрады да,ауық-ауық көкбұйра толқынға сүңгіп жоқ боп кетеді. Жүргіншілер ат басын солай бұрып, желе жортып жақындай түскенде ғана төбеде көлеңдеген көк жібек шымылдығын кеудеге түсіре бере бетін ашып, мыналарды қол бұлғап шақырғандай болады. Бірақ бұл да бір орында тұрып шақырмайды,әрі қарай сағым кеше жылжып жүріп бара жатып шақырады.
Бұлардың бәрі қайда бара жатыр?
Шыңғыстауға – Шыңғыс сілеміндегі Жидебайға,осынау өзі ғұмыр бойы жырлап еліне нәр болар сырға, жеріне әр берер нұрға айналдырған, жалғанның жарығын тастап, фәниден бақиға аттанған Абайға бара жатыр,әрине.
(200 сөз)
