Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
2017. Тексерілген Алгоритм ЕІ 30 Хирургия каз..docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
533.19 Кб
Скачать

15. Буындарды барынша бүгу арқылы артериалды қан кетуді уақытша тоқтату техникасы

Мақсаты:Қан ағуды уақытша тоқтату

Көрсеткіштері: Артериялық қан кетіп жатқан жара.

Керекті құралдар:

  • Бинт,

  • мақта,

  • таңу пакеті,

  • жастықша,

  • орамал немесе белдік.

  • ҚКҚ

Іс - әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты тыныштандырып, іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  2. Науқастың келісімін алу.

  3. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу, бір реттік қолғапты киіңіз.

  4. Залалсыздандырылмаған резеңкелі қолғапты кию.

  5. Науқасты қарау.

  6. Бұғана асты артериясынан қан ағуды тоқтату үшін : иықты артқа қарай максималды тартып, орамалмен немесе белдікпен шынтақ буынының үстінен қатты байлап тастау.

  7. Иық артериясынан қан ағуды тоқтату жолдары:білекті шынтақ буынынан максималды бүгу, білек пен тоқпан жілікті 3/1 бөлігінің тұсынан белдікпен немесе орамалмен бекіту

  8. Тізе артындағы артериядан қан ағуды тоқтату: тізе буынын максимальді бүгіп орамалмен немесе белдікпен байлайды.

  9. Сан артериясынан қан ағуды тоқтату үшін: жамбас буынын шат аймағында

максималды бүгіп, белдікпен немесе орамалмен байлау керек.

  1. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.

  2. Қолымызды жуып, кептіру.

Ескерту: Буынды барынша бүгу кезінде бүгілген буынға жастықша қойылу керек.

Негіздену:

  1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

  2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

  3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

  4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы

16. Жараны алғашқы хирургиялық өндеу техникасы

Көрсеткіштері: Жұмсақ тіндердің жаралануы

Қарсы көрсеткіштері:Шок, қан жоғалту, коллапс(талықсу), жараның іріндеуі

Керекті құралдар:

  • Ота жаймасы

  • Залалсыздандырылған резеңкелі қолғаптар

  • Таңғыш және тігін материалдары

  • Жайма қысқышы.

  • Скальпелдер

  • Корнцанг

  • Ине ұстағыш

  • Хирургиялық және анатомиялық пинцет

  • Кохер және Бильрот қысқышы

  • Жара кеңейткіштер: Тісті және Фарабеф

  • Повидон , 70% этил спирті 0,5-0,25% новокаин ерітіндісі,3% сутек асқын тотығы,0,9% натрий хлорид ерітіндісі.

  • ЖҚЗ

  • ҚКҚ

Іс-әрекет алгоритмі:

  1. Науқасты идентификациялау (Паспорттық мәліметтер)

  2. Науқасқа іс-шараның мақсатын және жүргізілуін түсіндіру

  3. Науқастың келісімін алу.

  4. Қолды антисептикпен гигиеналық деңгейде өңдеу

  5. Залалсыздандырылған резеңкелі қолғапты кию, ЖҚЗ.

  6. Пинцетпен тампонды 10% повидон ерітіндісіне малып 3 рет,жара айналасындағы теріні өңдеу орталықтан сыртқа қарай.

  7. Операциялық аймақты залалсыздырылған жапқышпен жабамыз

  8. Сосын жараның өзін перикіске(фурацилин) матырылған шарикмен жуамыз, жарадағы бөгде заттарды алып тастаймыз .

  9. Ауру сезімін басу 0,25 н/се 0,5 % новокаин ерітіндісімен.

  10. Скальпельмен жараны кеңейту.

  11. Жараның шеттерін,қабырғаларын,түбін өлі еттенген тіңдерден сылып алып тастау

  12. Қолғаптарды алмастырып алу

  13. Жараны залалсыздандырылған жаймамен шекаралау

  14. Инструменттерді алмастырып алу

  15. Қан тамырларды тігіп, байлау

  16. Тігіс салу мәселесін шешу:а)біріншілік тігіс салу(жараны тігу,жара шеттерін жақындату, жіпті байлау); б) біріншілік-кешіктірілген тігіс салу(жараны тігу,жара шеттерін жақындатпау,тігісті байламау,антисептиктермен таңу салу)

  17. Операция алаңды йоданат ерітіндісімен өңдеу.

  18. Асептикалық құрғақ таңғыш салу.

  19. Қолданылған құралдарды және таңғыш материалдарын дезинфекцирлеуші ерітінділері бар әр түрлі ыдыстарға салу.

  20. Қолғапты шешу, ҚКҚ тастау.

  21. Науқастың жағдайын сұрау.

Ескерту:Егер жара жыртылған,кір,тістелген болса немесе жара алған уақыты 24 сағаттан асса, онда тігіс жараға салынбайды,тек дренаж еңгізіледі.

Негіздену:

    1. Қазақстан Республикасының Кодексі 18 қыркүйек 2009ж.

    2. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 23 сәуір 2013ж. №111бұйрығы

    3. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 24.02.2015ж. №127 бұйрығы

    4. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау Министрлігінің 28.02.2015ж. №176 бұйрығы