- •1.Құқық негіздерінің басқа қоғамдық ғылымдармен өзара әрекет етуі мен өзара қатынасы.
- •2.Мемлекеттік түсінігі және негізгі белгілері.
- •3.Мемлекеттің пайда болуының негізгі теориялары.
- •4.Мемлекеттің механизмі және аппараты.
- •5.Мемлекеттің ішкі және сыртқы қызметтері.
- •6.Мемлекет нысаны.
- •7.Құқықтық мемлекеттің түсінігі және белгілері.
- •8.Құқықтық мемлекет пен азаматтық қоғамның арақатынасы және өзара әрекет етуі.
- •9.Құқықтың негізгі белгілері және анықтамасы.
- •10.Құқықтың пайда болуы.
- •11.Қоғам өміріндегі құқықтың рөлі.
- •12.Құқықтың қайнар көздері.
- •13.Құқықты салаға,саларалыққа және институтқа бөлу.
- •14.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
- •15.Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет.
- •16.Құқық бұзушылықтың түсінігі мен түрлері.
- •17.Заңды жауапкершілік түсінігі мен түрелрі.
- •19.Конституциялық-құқықтық нормалар және олардық түрлері.
- •26.Азаматтылықты алу және тоқтату.
- •31.Басқарудың республикалық нысаны.
12.Құқықтың қайнар көздері.
Құқықтың қайнар көздері – құқық қалыптастыратын әлеуметтік факторлардың жиынтығы (мемлекет, таптар, идеологиялар және т.б.) , оған құқықтық сипат беруге қажетті мемлекеттік еріктің көріну нысаны (заң, жарлық, қаулы,декрет және т.б.). Құқықтың бастауы болып тек құқықтық мәні бар актілер ғана танылады.
Құқықтық норманың құрылымы – оның құрылысы, элементтері: гипотеза, диспозиция және санкция.
Құқықтың ең алғашқы тарихи қайнар көздерінің бірі бұл құқықтық дәстүр. Адамдардың үнемі қолдануының барысында әдетке айналған, сақталуы мемлекеттік мәжбүрлеумен қамтамасыз етілетін, мінез-құлық ережелерінің жиынтығын құқықтық дәстүр деп атаймыз.
Әкімшілік немесе сот прецеденті - соттың және әкімшілік органның нақты бір істі - мәселені қарап, реттеп шешуге негізгі норма бола алады.
Құқықтық мемлекеттің ұлы мұраты мемлекет өз органдарының әрекеті үшін жауап беретін, ал азаматтар мемлекет алындағы жауапкершілік сезімін толық сезінетінмемлекет пен жеке адамның арасындғы өзара міндеткерлік болып табылады. Құқықтық мемлекетте заңдар мен басқа да нормативтік жүзеге асыру барысындағы пәрменді қадағалау мен бақылаудың маңызы зор. Заңдардың бұрмалануына ешқандай да жол берілмеуі керек.
13.Құқықты салаға,саларалыққа және институтқа бөлу.
14.Құқықтық қатынастардың түсінігі және түрлері.
Құқықтық қатынас»категориясы құқықтың жалпы теориясында негізгі, орталық категориялардың бірі болып табылады және адамдардың жүріс-тұрысына құқықтың қандай жолмен әсер ететінін түсінуге мүмкіндік береді. Құқықтық қатынас – бұл қатысушылары субъективтік құқықтар мен заңды міндеттерді иеленетін, құқық нормаларымен реттелген қоғамдық қатынас.
Қоғамдық қатынастар әртүрлі болады: саяси, моральдық, экономикалық, әлеуметтік, ұлттық, діни т.б. байланыстар. Бұл байланыс — қатынастар моральдық, әдет-ғұрып, діни, құқықтық нормалармен реттеледі. Мысалы, отбасы қатынастардың көпшілігі дәстүр, діни нормалармен реттеліп жатады.
15.Құқықтық сана мен құқықтық мәдениет.
Құқықтық сана – мемлекет пен құқық және криминология теориясының категориясы. Құқықтық сана құқықтық мәні бар құбылыстардың көрінісімен және құқықтық мәні бар құндылықтармен, құқықтық пайыммен, парыздық құқықтық тәртіппен байланысты қоғамдық, топтық, жеке сана аясын қамтиды. Құқықтық сана қоғамдық өмірдің әлеуметтік-экономикалық жағдайларымен, оның мәдени-құқықтық, демократиялық не авторитарлық дәстүрлерімен айқындалады.
Құқықтық мәдениет – белгілі бір мемлекеттік діни, этникалық қауым мүшелері қабылдаған, олардың қызметін реттеу үшін пайдаланылатын құндылықтар,құқықтық идеялар, сенім-нанымдар, мінез-құлық қалыптары, құқықтық дәстүрлер жүйесі. Бір мемлекет шеңберінде бірнеше құқықтық мәдениет болуы мүмкін. Әсіресе бұл көп ұлтты, көп дінді қоғамдарға тән. Көп ұлтты Қазақстанда қазақы әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеттен басқа орыстардың, т.б. ұлттардың әдет-ғұрыптық, салт-дәстүрлік құқықтық мәдениеті, мұсылмандық, христиандық, т.б. діни құқықтық мәдениет қалыптасқан.
