Добавил:
Upload Опубликованный материал нарушает ваши авторские права? Сообщите нам.
Вуз: Предмет: Файл:
кукык КР1.docx
Скачиваний:
0
Добавлен:
01.07.2025
Размер:
90.93 Кб
Скачать

26.Азаматтылықты алу және тоқтату.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:        1) тууы бойынша;        2) Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау нәтижесінде;        3) Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарында көзделген негiздер мен тәртiп бойынша;        4) осы Заңда көзделген өзге де негіздер бойынша алынады. 

Қазақстан Республикасының азаматтығына:        1) Қазақстан Республикасының аумағында заңды негізде кемінде бес жыл тұрақты тұратын не Қазақстан Республикасының азаматтарымен кемінде үш жыл некеде тұратын адамдар қабылданатын болады.        Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдаған кезде кәмелетке толмағандардан, әрекетке қабiлетсіз және Қазақстан Республикасы алдында ерекше еңбек сiңiрген адамдардан не Қазақстан Республикасының Президентi белгiлейтiн тiзбе бойынша кәсiптерге ие және талаптарға сай келетiн адамдардан және олардың отбасы мүшелерiнен осы тармақшаның бiрiншi абзацында көзделген шарттардың болуы талап етiлмейдi;       2) Қазақстан Республикасы азаматтарының iшiнде жақын туыстарының бiрi - баласы (оның iшiнде асырап алған баласы), жұбайы (зайыбы) және ата-анасының бiреуi (асырап алушысы), апа-қарындасы, аға-iнiсi, атасы немесе әжесi бар, Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатымен келген, бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары, Қазақстан Республикасында тұру мерзiмiне қарамастан, қабылданатын болады.        Әскери қызмет атқарып жүрген және Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан әскери қызметшiлердiң азаматтығы мәселелерi Қазақстан Республикасының мемлекетаралық шарттарымен белгiленедi. 

 Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығуға адамның осы Заңда  белгіленген тәртіппен жасаған өтініші негізінде рұқсат етіледі.        Егер шығу туралы өтініш жасаушы адамның Қазақстан Республикасы алдындағы міндеттемелерінің немесе мүліктік міндеттемелерінің орындалмағандары болып, олармен азаматтардың немесе Қазақстан Республикасы территориясында орналасқан кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың, қоғамдық бірлестіктердің елеулі мүдделері байланысты болса, Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығарудан бас тартылуы мүмкін.        Егер шығу туралы өтінішхат берген адамға қатысты күдіктінің іс-әрекетін саралау туралы қаулы жария етілсе не ол заңды күшіне енген соттың үкімі бойынша жазасын өтеп жүрсе немесе адамның Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуы Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігінің мүдделеріне қайшы келсе, Қазақстан Республикасының азаматтығынан шығуға жол берілмейді.

27.ҚР-дағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы.

Шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы Қазақстан Республикасының заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және соған сәйкес шетелдiктердiң негiзгi құқықтары мен мiндеттерiн, олардың Қазақстан Республикасына келуiнiң, аумағында болуының, жүрiп-тұруының және Қазақстан Республикасынан кетуiнiң тәртiбiн айқындайды.        Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы туралы заңдар осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актiлерiнен тұрады.        Қазақстан Республикасындағы шетелдiктердiң құқықтық жағдайы, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарымен де анықтала алады.        Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгiленсе, онда халықаралық шарттың ережелерi қолданылады.

Қазақстан Республикасының азаматтығы:        1) Қазақстан Республикасы азаматтығынан шығу;        2) Қазақстан Республикасы азаматтығынан айырылу салдарынан тоқтатылады.

28.ҚР-ның азаматтықты сақтау,азаматтықты қалпына келтіру,қабылдау сұрақтары бойынша өкілеттілігі.

Бұрын Қазақстан Республикасының азаматы болған адамның өтiнiшi бойынша Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес оның Қазақстан Республикасының азаматтығы қалпына келтiрiлуi мүмкiн.

Шетелдіктер және азаматтығы жоқ адамдар олардың өтініштері бойынша осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасы азаматтығына қабылдануы мүмкін.        Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтініштер бойынша шешімді Қазақстан Республикасының Президенті қабылдайды. 

29.ҚР-ның конституциялық құрылымының түсінігі.

ҚР конституциялық құрылымы  Конституциялық құрлым – бұл мемлекетті құқыққа бағындыруды қамтамасыз ететін және оны конституциялық мемлекет ретінде сипаттайтын мемлекетті ұйымдастыру формасы.  Демократиялық конституциялық мемлекетте қоғам бір уақытта мемлекетті басқарушы ретінде және өзін реттеуші жүйе ретінде өзін реттеуші азаматтық қоғам мен оның қажеттілігінен тәуелді болады.  Әрекет ететін Қазақстан Конституцияда ҚР Конституциялық құрлысының концепциясының негізіне Конституцияның 2 бөлімінің 1 бабаында бекітілген негізгі принцип гуманистік идея қойылған: қоғамдық келісім және саяси тұрақтылық, бүкіл халық игілігіне экономикалық даму, қазақстандық патриотизм, мемлекеттік өмірдің маңызды сұрақтарын шешуде демократиялық әдістер қолдану бұған референдумда және Парламентте дауыс беру де кіреді.  ҚР Конституциялық құрлысына қоғамда қалыптасқан қоғамдық қатынастың бүкіл жүйесі кіреді. Оның нығаюында Қазақстан Республикасының бүкіл құқық саласы мен заңдары қатысады.  Қазақстан Республикасының конституциялық құрлысын реттеуде құқықтау нормалардың ішінде жетекші орынды ҚР Конституциялық нормалары алады. Бұл Конституцияның жоғарғы заңдық күшке ие және ағымдағы заңдардың базасы болатындығынан туындайды.

30.ҚР-егеменді,демократиялық,құқықтық,зайырлы және әлеуметтік мемлекет.